Материалдар / Жыр алыбы - Жамбыл Жабаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жыр алыбы - Жамбыл Жабаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл Жабаевтың өмірбаяы, еңбектеріне шолу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
288
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Білім және ғылым министрлігінің

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК














БАЯНДАМА


Тақырыбы: Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев

Орындаған: Айқын Гүлдана

Тобы: 42

Жетекшісі: Байролова Б.Т.










Семей қ., 2021 ж.

Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады.

Ол шулы және көңілді тойлар мен көп адамды жиындарда жүргенді ұнатты. Бірақ, ол бәрінен де көп әндерді, қызықты және көңілді ертегілерді білетін малшылардың, асау тұлпарларды үйрететін жылқышылардың жанында жүргенді жақсы көретін. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірешілердің ру мен тайпалардың шығу тегі, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін тыңдап өсті. Бірақ, Жамбылдың ең жақын ата-бабаларының арасында ақындар да, әншілер де болмаған. Есесіне, оның анасы Ұлданның ағайы Қанадан танымал музыкашы және композитор болды.

Жамбыл домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Тіпті, кейін оны ақын-құрдастарының арасынан ерекшелей бастады. Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп батасын берген.

Жамбыл ауыл-ауылдарды өздігінен аралап, ақындық шеберлігін көрсете бастаған уақытта жиырма жаста болатын. Осылай ақындығын жер-жерге көрсетіп жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың бірінде Бұрым есімді танымал сұлуды кездестіреді. Сөйтіп жас ақын мен бұрымды қыз бір-бірін сүйіп қалады. Бірақ, бойжеткен салт-дәстүр бойынша басқа жігітке айттырылып қойған болып шығады. Ал салт-дәстүрден аттап кете алмаған Бұрым ата-анасы таңдаған жігітке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Бұл оқиға ақынның жүрегінде терең жарақат болып қалды.

1875 жылы Шапырашты руының ең ықпалды адамының бірі Сарыбайдың жылына орай берілген асқа көп халық жиналды. Ол жерге белгілі ақын Майкөт те келді.

Сарыбай Сүйінбай ақынның жақын туысы болған және қазақтың әдет-ғұрыпына сәйкес, Жамбыл Сарыбайдың кіші інісі Саржанмен бірде жиналған қалықты өздері қарсы алды. Ақын ретінде ол қонақтарды импровизация-өлеңдерімен қарсы алуы керек болды. Жамбыл Сарыбайдың жауға қарсы күрестегі батырлық әрекеті жайлы, Қоқан басқыншыларымен шайқаста ерлік көрсеткен Шапырашты руының айтулы батырлары туралы жырлады. Оның импровизациясы тарихи оқиғаға айналды. Бұл ақынның көпшілік алдында алғаш рет өнер көрсетуі болды. Тыңдаушылар оны атақты Сүйінбайдың таланттынан кем емес ақын деп атады.

Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін осы жерден таба аласыздар.

Ал танымал дала ақындары Жамбылды өздерімен теңдей, поэтикалық шеберліктегі дос пен серіктес ретінде көрді.

Жамбылдың шығармашылық өміріне терең із қалдырған өміріндегі маңызды оқиға – Шөже және Шашубай ақынмен кездесуі болды. Жамбыл олармен ұзақ уақыт бойы айырылыспады. Ол Шашубайдан көптеген Сары-Арқа ақындарының әндерін, XV ғасырдың ақыны және философы Асан Қайғы туралы көптеген аңыздарды естіп, білді.

Дәл Асан Қайғы туралы айтылған аңыздар кейінірек Жамбылға «Өтеген батыр» поэмасын шығаруға шабыт берді. Ол оны «Хикая» деп атады. Бұл туынды алғаш рет 1937 жылы жазылған және қазір оның шығармаларының барлық басылымдарына қосылған. Бұл поэмада, жер әлемді айналып, жер іздеп өз халқының бақытты үлесін іздейтін Өтеген батырдың жорықтары сипатталған.

Оның өлеңдерінен кеңестік биліктің басында отырған барлық билік өкілдерін кездестіруге болады. Жамбыл оларды эпикалық кейіпкерлер, аңызға айналған батырлар сияқты ерекшелеп, «Калинин ақсақалға», «Ежов батыр туралы ән», «Клим Батыр», «Біздің Киров» секілді тағы да басқа өлеңдер шығарды.

Жамбыл Жабаевтің шығармашылығында «Сұраншы батыр» поэмасы үлкен орын алады. Поэманың негізгі идеясы – Қоқан хандығының құлдығына және тонаушылығына қарсы күрес, Сұраншы батырдың орыстармен достығы. Жамбыл бұл туындысында 19-шы ғасырдың 50-60 жылдарындағы қазақ халқының Қоқан шапқыншылығына қарсы күресін бейнелі және жалпылама түрде көрсетті. Негізінен ақын Қоқан шапқыншылығының бір эпизодына тоқтайды. Және бұл поэмада тарихи деректерге толық сәйкес келетін оқиғалар баяндалады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы хабар Жамбыл жайлауда болған кезде келді. Сол жылдары Жамбыл Мәскеу мен Ленинград туралы ең жақсы өлеңдер жазды. 1941-1942 жылдары қыс мезгілінде Ленинград қоршауынан аман қалғандар 1941 жылдың қыркүйегінде Жамбылдың қала тұрғындарына жолдаған өлең жолдауын ешқашан ұмытпайды. Жамбылдың тіпті, орыс тіліне аударылған жолдауы Ленинградта радио арқылы таратылып, онда плакаттар түрінде жарияланды. Жамбылдың жолдауы үйлердің қабырғаларына және бүкіл қаланың дүкендерінің терезелеріне ілінді. Қазақ ақыны ол жолдауда ұлы қаланың қорғаушыларына сүйіспеншілікпен, алаңдаушылықпен батыл ынталандыру сөзін жеткізеді.

Жамбылдың Ленинград тұрғындарына арнаған үндеуі қалада үлкен патриоттық жігер тудырды. Оның шығармаларын орыстың көптеген ақындары аударған. Ал бұл аудармалар үлкен жұмыс атқарды. Олар оқырмандарды Жамбылдың шығармашылығына қызықтырып, қазақ ақынының бейнесі мен ойларын әлемнің ең алыс бұрыштарына жеткізді.

Жамбыл шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары шетелде де танымал болды. Оның еңбектері Қытайда, Чехословакияда, Англияда және басқа елдерде жарық көрді. Осылайша, қазақ жырауы әлемдегі барлық ұлттың сүйікті ақыны болды.

Оның өлеңдері КСРО-дағы шынайы өмірді дәріптеді және билік тарапынан кеңінен таратылды. Тоқсан жастағы Жамбылдың бейнесі жаңа құрылысты және оның халқын қуана қарсы алған, шығыстың ақсақалы ретінде бейнеленді. Ол Қазақстанның ең беделді ақынына айналды, ал оның әндері қазақ ауылының жаңа өмірінің бір бөлігі болды.

Жамбыл 1938 жылдан бастап Қазақ КСР Қарулы Күштерінің депутаты болды. Өлең-жырларымен көптеген елге танылып, артына баға жетпес асыл мұра қалдырып кеткен жыл алыбы Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда, 100 жасқа толуына бірнеше ай ғана қалғанда дүниеден озды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!