
Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойына
орай сыныптан тыс іс-шара өткізілді
Қазақтың халық поэзиясының əйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл
Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық
ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының
мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға,
парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы
поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Бүгін де қазақ елі
жыр алыбының 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтуде. Сол іс-
шараның бір көрінісі Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №10 жалпы орта
мектебінде Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің
қазақ тілі мен қазақ əдебиеті пəні бірлестігінің əдіскері Измагамбетова
Аккүміс Жанабаевна мен қазақ тілі мен қазақ əдебиеті пəні мұғалімдері
Боранкулова Айгүл Қайырбекқызы, Умирова Гульмира Улыкпанқызының
ұйымдастыруымен "Жыр алыбы -Жамбыл" тақырыбында сыныптан тыс іс -
шара өткізілді. Осы мерейтойға арналған сыныптан тыс іс-шара қазақтың
күмбірлеген күйімен ашылды. Осыған орай өтізілген іс-шарада білім
алушылар қазақ əдебиеті мен мəдениетінде ерекше орын алатын, айтыскер-
ақынның əрбір туындысын мақтанышпен оқыды. Жамбыл – Сүйінбай
Аронұлының шəкірті. Менің пірім – Сүйінбай, сөз бастаман сыйынбай, -деп
ұстаз өсиетіне адал болған Жамбыл бабамыздың балалық шағы сахынада
көрініс тапты. Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық
өнерде де биік дəрежеге көтерілген болатын. Əсіресе оның Құлманбетпен,
Айкүміспен, Шашубаймен айтысы көпке жақсы мəлім. Солардың бірі
«Жамбыл мен Құлманбет» айтысы. Сол айтыстан білім алушылар сахынада
көрініс көрсетіп, сыныптан тыс іс-шара өз мəресіне жетті.
Сонымен заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр
алыбы-Жабыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара
жоғары деңгейде өткізілді.
№10 жалпы орта мектебі
Табылғанова Гульжан Шакеровна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жыр алыбы-Жамбыл Жабаев

Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойына
орай сыныптан тыс іс-шара өткізілді
Қазақтың халық поэзиясының əйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл
Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық
ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының
мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға,
парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы
поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Бүгін де қазақ елі
жыр алыбының 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтуде. Сол іс-
шараның бір көрінісі Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №10 жалпы орта
мектебінде Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің
қазақ тілі мен қазақ əдебиеті пəні бірлестігінің əдіскері Измагамбетова
Аккүміс Жанабаевна мен қазақ тілі мен қазақ əдебиеті пəні мұғалімдері
Боранкулова Айгүл Қайырбекқызы, Умирова Гульмира Улыкпанқызының
ұйымдастыруымен "Жыр алыбы -Жамбыл" тақырыбында сыныптан тыс іс -
шара өткізілді. Осы мерейтойға арналған сыныптан тыс іс-шара қазақтың
күмбірлеген күйімен ашылды. Осыған орай өтізілген іс-шарада білім
алушылар қазақ əдебиеті мен мəдениетінде ерекше орын алатын, айтыскер-
ақынның əрбір туындысын мақтанышпен оқыды. Жамбыл – Сүйінбай
Аронұлының шəкірті. Менің пірім – Сүйінбай, сөз бастаман сыйынбай, -деп
ұстаз өсиетіне адал болған Жамбыл бабамыздың балалық шағы сахынада
көрініс тапты. Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық
өнерде де биік дəрежеге көтерілген болатын. Əсіресе оның Құлманбетпен,
Айкүміспен, Шашубаймен айтысы көпке жақсы мəлім. Солардың бірі
«Жамбыл мен Құлманбет» айтысы. Сол айтыстан білім алушылар сахынада
көрініс көрсетіп, сыныптан тыс іс-шара өз мəресіне жетті.
Сонымен заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр
алыбы-Жабыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара
жоғары деңгейде өткізілді.
№10 жалпы орта мектебі
Табылғанова Гульжан Шакеровна
шағым қалдыра аласыз


