400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыр атасы -Әбілда

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбілда Тәжібаевтың өмір жайлы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жыр атасы –Әбілда

Мақсаты : Әбілда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ Отанымыз туралы жазылған шығармалар арқылы кең байтақ Отанымызың бір кішкене бөлігі- өзіміз өсіп-өніп жатқан Ә.Тәжібаев ауылының, оның осы өңірден шыққанын таныстыра отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.

Тәрбиелік : Туған жерді,елді сүюге,ынтымақтастыққа дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : слаид, кітап көрмесі

Барысы :

Кітапханашы: Қасиетті Сыр өңірі – ерте замандардан халқымыздың күнкөріс, тіршілігінің таусылмас көзі,белгілі мекен жайы. Бұл жер еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда халықтар әржақтан келіп қоныс теуіп паналайтын аймақ болған. Шалқып жатқан Сырдарияның өн бойын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді.

Сырдария өзені ықылым замандардан бері Тұран ойпатындағы бірден-бір өркеиет білгісі болып келеді. Мұнда ғұмыр кешіп, дүниеден өткен талай – талай қауымдар мен ұлыстардың кіндігін Сырдария кескен. Түрік тектес халықтарының ел болып ғұмыр кешуіне де шапағатын тигізген осы Сыр- ана.

Сырдария бойынша Анник дәуір авторларының көрсетуінше және археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша оның сол қанаты жағалауында біздің заманымызға дейінгі IV- III ғасырларда – ақ кент-қалашықтар бой көтере бастаған. Өткен заманның қай дәуірінде де болмасын бұл жерлерде елді мекеннің көп болғандығы тарихтан белгілі. Бұл өңірлерде жер бетінде бүгінге дейін сұлбасы сақталған қала орындары Сырдарияның оң жағалауын бойлай біріне – бірі жалғасып жатыр. Сырдария туралы әйгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев былайша ой толғайды:

Сырдария

Білем сені, сүйем сені,

Сырдың суы қарт анам,
Сенсің мені әлдилеген,

Туған сенен мен балаң

Сүйсе Гейне анам десе

Сүйген суы Рейнесін,

Сырдың суы туған ол да

Өз ақынын Гейнесін

Бұл өңір Тұран ойпатындағы әйгілі Қаратаудың бір баурайына, Сырдария өзенінің төменгі жағына орналасқан. Сырдарияның оң жақ жағалауын Қызылқұм алқабы алып жатса, оның сол жағында Қаратау жотасы шоқтанады.Таудың біткен шетінде Телікөл алқабына Арқадан Сарысу мен Шу өзендері келіп құяды.

Келесі кезекті мектеп оқушыларына берсек. 5-сынып оқушылары

  1. Тайбек Назерке

  2. Тайбек Ботагөз

  3. Асанханқызы Нұрай

  4. Пернебай Берік

  5. Қалболат Берік

Ә.Тәжібаев ауылы– Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округінің орталығы,аудан орталығының Шиелі кентінен солтүстік батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (2005). Ауыл 2000 жылға дейін Қызыл дихан деп аталған. 1975 – 96 ж. қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшарының орталығы болған. Қазіргі таңда бұл ауыл Әбділдә Тәжібаев атамыздың атымен аталады.

Келесі кезекті мектеп оқушыларына берсек. 6-сынып оқушылары

  1. Нұрлыбай Динара

  2. Қарқынбек Нұрсауле

  3. Тасболат Нұртілеу

  4. Әбсаттар Нұрсайд

  5. Төрехан Нұртілеу

Ә. Тәжібаев ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы. Бұл есім бүгінгі Тәуелсіз Елдердің Достығы қауымына, шет жұрт оқырмандарына да кеңінен таныс. Талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы Әбекеңнін – Ә. Тәжібаевтің қазақ әдебиетінің ғана емес мәдениетінің, жалпы ой санасының тарихынан орнықты орын алатынын баршамызға белгілі, әрине!

Келесі кезекті мектеп оқушыларына берсек. 6-сынып оқушылары

  1. Пернебай Диана

  2. Қунышбекқызы Роза

  3. Асхан Саят

  4. Жолдасбек Бекжан

Ә. Тәжібаев 1909 (4.2.1909 Қызылорда облысы – 23.9.1998 Алматы) жылы қасиетті Сыр бойында, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әкесінен алты жасында айырылған ол анасы Айманкүлдыің тәрбиесінде өседі. Кеіннен халық ақыны кейіннен халық ақыны атанып елге кеңінен танымал болған Айманкүл анамыз ескіше сауатты, араб тілдерін білетін адам болған. Әбекеңнің балалық шағының Қызылордаға жақын Қараөзекте Айманкүл анамыздың төркіндеріміздің ауылында өтуі – ақындық мектептің алғашқы баспалдағындай болды десек артык емес. Өйткені, болашақ ақынның нағашы атасы Далдабай табиғатында ақындыққа бейім ел аузындағы аңыз – әңгімелерді көп білетін шежірешіл адам болған. Сол кездегі Қараөзекте, сондай-ақ Сыр бойының атақты ақын жырауларының жиі бас қосып, жиналып отыруы сергек те сезімтал Әбілда ақынның жастайынан сөз өнеріне елтіп, сөз зергерлеріне еліктеп өсуіне негіз қалаған.

Алғашқы сауатын шешесі Айманкүлдің ашқан Әбекең 1922 жылы Қызылордада ашылған жетім балар мектебінің 3-класына қабылданады. Әбілда ақынның алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жариялана бастаған. Айта кетуіміз керк 70 жыл жырлаған шалқар шабыттың ақына Әбілданың алғашқы өлеңдерінен-ақ тұлпар тұяғының серпіні байқалады. Асылы талант не ғұрлым ірі болса, соғұрлым ерте нышан беріп, жемісін төге бастайтыны табиғи заңдылық болса керек.

Әбекеңнің шығармашылығын кезінде одақ ақындары Селвинский, Смеляков, Тихоновтар жоғары бағалап, бүкіл одаққа таныстырды. Әбекеңнің шығармашылығына ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезовтан бастап қазақ ғалымдырының барлығы дерлігі назар аударды. Мақалалар, зерттеу еңбектер жазылды. Ең бастысы, Әбекеңнін ақын, ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзінің халқынан, қазақ халқынан алған бағасы. Сырда туған Әбекең алты алашқа аты жайылған азамат, халқымыздың құрметті ұлы болып қалады.

Елім барда

осындай арман бар ма,

Елді сүй деп

айтамын қалғандарға

Кешті қорытындылау

 

Атақ дәрежелері:

Ә. Тәжібаев қоғамдық еңбектерге белсене араласуының арқасында Жоғарғы кеңес депутаты болды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

 

 

Ыбырайымбек Айнұр Қуанышбекқызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Әбдіғаппар ауылы

213 жалпы орта мектебі қазақ тілі пәні мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.12.2018
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі