Журналист болғым келеді
Әр адам өз арманына сай кәсіп жолын таңдайды. Сол істі жан-тәніммен сүйіп, қызығушылықпен орындайтындардың бірі – менмін. Менің арманым – журналист болу. Бұл тек ой емес, мен үшін нақты мақсат, өмірлік бағдар. Журналист болу – жай қызмет емес, қоғамға пайда тигізу, шындықты қорғау, адамдарға ақпарат жеткізу деген сөз. Бұл жолда әр әрекетің, әр сөзің жауапкершілікті арттырады.
Қазіргі таңда журналисттің рөлі аса маңызды. Ақпарат дәуірі дамыған сайын, қоғамдағы хабардарлық та маңыздырақ болады. Журналист әр жазбасына жауапкершілікпен қарауы керек, нақты дерек пен дәлелге сүйенуі қажет. Себебі оның еңбегі адамдардың ойына, пікіріне, шешіміне ықпал етеді. Бұл сала батылдық пен табандылықты, еңбекқорлықты талап етеді. Мен кедергілерден қорықпай, оларды еңсеруге дайынмын.
Мен өзіме үлгі тұтатын кәсіби тұлғалар туралы айтқым келеді. Олардың бірі – Дина Төлепберген. Оның орны мен үшін ерекше. Оның әр сөзі, кәсібилігі, батылдығы мені шабыттандырады. Мен де болашақта осы кісі сияқты өз ісіне адал, шындықты батыл жеткізе алатын маман болғым келеді. Журналисттік қызмет үнемі қозғалысты қажет етеді. Бір орында ұзақ отырып қалмай, түрлі адамдармен кездесіп, әртүрлі оқиғалардың ортасында болу – мен үшін ерекше тәжірибе. Әр күн жаңа әсер мен білім сыйлайды. Осындай белсенді өмір салты мені шабыттандырады.
Журналисттік жол тек жазу емес, зерттеу, сұхбат алу, ақпарат жинау арқылы толық көрініс табады. Бұл сала ізденіс, еңбекқорлық, табандылықты қажет етеді. Сонымен қатар қазіргі журналист заманауи технологияны меңгеруі тиіс. Ақпарат тек газет-журнал арқылы емес, радио, интернет сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы да таралады. Мен болашақта тек мақала жазып қана қоймай, подкаст жүргізіп, тікелей эфирге шығуды да қалаймын. Қазірден бастап кітап оқып, ойымды ашық жеткізуге дағдыланып жүрмін. Әр оқыған шығарма – ойымды кеңейтетін жаңа әлем, ой өрісін дамытатын құрал.
Кәсіби журналист оқиғаны біржақты емес, толық зерттеп, барлық тараптың пікірін көрсетуі керек. Мен де осы қағиданы берік ұстанғым келеді. Сонымен бірге, әр тақырыпты терең талдау арқылы адамдарға жаңа ой мен маңызды ақпарат ұсынуды көздеймін. Бұл жолда тек жазу емес, зерттеу, сұхбат жүргізу, нақты фактілерді жинау – басты дағдыларым болады.
Менің ойымша, журналист тек ақпарат таратушы ғана емес, қоғамдағы өзгерістерге әсер ететін тұлға. Әр материал, әр әңгіме адамдардың түсінігін кеңейтіп, білім деңгейін көтеруі мүмкін. Сол себептен болашақта мен өзімді тек жазушы ретінде емес, сонымен қатар қоғамдық мәселелерді көтеретін және шешімін табуға көмектесетін тұлға ретінде дамытқым келеді.
Қорытындылай келе, журналисттік қызмет – менің арманым және жүрек қалауым. Қазіргі таңда мен 11-сынып оқушысымын, ҰБТ-ға дайындалып жатырмын. Грантқа түсу – менің алғашқы нақты мақсатым. Бұл жұмысқа жауапкершілік ауыр екенін түсінемін, бірақ адал еңбек пен табандылық арқылы арманыма жетемін деп сенемін.
Менің өзім сияқты жастарға кеңесім – мамандық таңдағанда жүрек қалауыңа құлақ салыңдар. Біреудің сөзіне емес, өз арманыңа сүйеніп шешім қабылдаңдар. Егер таңдаған ісіңді жақсы көрсең, оның қиындығы саған ауыр болмайды. Керісінше, әр кедергі саған тәжірибе жинауға көмектеседі. Қателесу – әлсіздік емес, үйренудің бір бөлігі. Бәрі бірден бола қоймайды. Ең бастысы – алға қойған мақсаттан таймау. Өз-өзіңе сен, арманыңды жүзеге асыруға батыл бол, сонда міндетті түрде жетесің.
Маржан Садубай
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылы
Қ. Сартбаев атындағы орта мектебінің
11 сынып оқушысы
Байланыс тел.: 8705 727 89 31
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Журналист болғым келеді
Журналист болғым келеді
Әр адам өз арманына сай кәсіп жолын таңдайды. Сол істі жан-тәніммен сүйіп, қызығушылықпен орындайтындардың бірі – менмін. Менің арманым – журналист болу. Бұл тек ой емес, мен үшін нақты мақсат, өмірлік бағдар. Журналист болу – жай қызмет емес, қоғамға пайда тигізу, шындықты қорғау, адамдарға ақпарат жеткізу деген сөз. Бұл жолда әр әрекетің, әр сөзің жауапкершілікті арттырады.
Қазіргі таңда журналисттің рөлі аса маңызды. Ақпарат дәуірі дамыған сайын, қоғамдағы хабардарлық та маңыздырақ болады. Журналист әр жазбасына жауапкершілікпен қарауы керек, нақты дерек пен дәлелге сүйенуі қажет. Себебі оның еңбегі адамдардың ойына, пікіріне, шешіміне ықпал етеді. Бұл сала батылдық пен табандылықты, еңбекқорлықты талап етеді. Мен кедергілерден қорықпай, оларды еңсеруге дайынмын.
Мен өзіме үлгі тұтатын кәсіби тұлғалар туралы айтқым келеді. Олардың бірі – Дина Төлепберген. Оның орны мен үшін ерекше. Оның әр сөзі, кәсібилігі, батылдығы мені шабыттандырады. Мен де болашақта осы кісі сияқты өз ісіне адал, шындықты батыл жеткізе алатын маман болғым келеді. Журналисттік қызмет үнемі қозғалысты қажет етеді. Бір орында ұзақ отырып қалмай, түрлі адамдармен кездесіп, әртүрлі оқиғалардың ортасында болу – мен үшін ерекше тәжірибе. Әр күн жаңа әсер мен білім сыйлайды. Осындай белсенді өмір салты мені шабыттандырады.
Журналисттік жол тек жазу емес, зерттеу, сұхбат алу, ақпарат жинау арқылы толық көрініс табады. Бұл сала ізденіс, еңбекқорлық, табандылықты қажет етеді. Сонымен қатар қазіргі журналист заманауи технологияны меңгеруі тиіс. Ақпарат тек газет-журнал арқылы емес, радио, интернет сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы да таралады. Мен болашақта тек мақала жазып қана қоймай, подкаст жүргізіп, тікелей эфирге шығуды да қалаймын. Қазірден бастап кітап оқып, ойымды ашық жеткізуге дағдыланып жүрмін. Әр оқыған шығарма – ойымды кеңейтетін жаңа әлем, ой өрісін дамытатын құрал.
Кәсіби журналист оқиғаны біржақты емес, толық зерттеп, барлық тараптың пікірін көрсетуі керек. Мен де осы қағиданы берік ұстанғым келеді. Сонымен бірге, әр тақырыпты терең талдау арқылы адамдарға жаңа ой мен маңызды ақпарат ұсынуды көздеймін. Бұл жолда тек жазу емес, зерттеу, сұхбат жүргізу, нақты фактілерді жинау – басты дағдыларым болады.
Менің ойымша, журналист тек ақпарат таратушы ғана емес, қоғамдағы өзгерістерге әсер ететін тұлға. Әр материал, әр әңгіме адамдардың түсінігін кеңейтіп, білім деңгейін көтеруі мүмкін. Сол себептен болашақта мен өзімді тек жазушы ретінде емес, сонымен қатар қоғамдық мәселелерді көтеретін және шешімін табуға көмектесетін тұлға ретінде дамытқым келеді.
Қорытындылай келе, журналисттік қызмет – менің арманым және жүрек қалауым. Қазіргі таңда мен 11-сынып оқушысымын, ҰБТ-ға дайындалып жатырмын. Грантқа түсу – менің алғашқы нақты мақсатым. Бұл жұмысқа жауапкершілік ауыр екенін түсінемін, бірақ адал еңбек пен табандылық арқылы арманыма жетемін деп сенемін.
Менің өзім сияқты жастарға кеңесім – мамандық таңдағанда жүрек қалауыңа құлақ салыңдар. Біреудің сөзіне емес, өз арманыңа сүйеніп шешім қабылдаңдар. Егер таңдаған ісіңді жақсы көрсең, оның қиындығы саған ауыр болмайды. Керісінше, әр кедергі саған тәжірибе жинауға көмектеседі. Қателесу – әлсіздік емес, үйренудің бір бөлігі. Бәрі бірден бола қоймайды. Ең бастысы – алға қойған мақсаттан таймау. Өз-өзіңе сен, арманыңды жүзеге асыруға батыл бол, сонда міндетті түрде жетесің.
Маржан Садубай
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылы
Қ. Сартбаев атындағы орта мектебінің
11 сынып оқушысы
Байланыс тел.: 8705 727 89 31
шағым қалдыра аласыз


