Журналист мамандығына арналған мақала

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Журналист мамандығына арналған мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Парасат майданы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рахимова Назым

«Парасат майданы» романындағы философиялық және психологиялық аспектілер

Аңдатпа. Бұл мақалада Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» романы философиялық және психологиялық қырынан талданады. Шығармада көтерілген адам санасындағы ішкі тартыс, моральдық дилеммалар, экзистенциалистік ойлар мен қоғам мен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар қарастырылады. Сонымен қатар, романның көркемдік ерекшеліктері мен автор қолданған психологиялық талдау әдістеріне назар аударылады. Зерттеу барысында шығарманың кейіпкер әлеміне терең үңіліп, оның ойлау жүйесі арқылы адам болмысының күрделілігі мен ішкі әлеміндегі қарама-қайшылықтар ашып көрсетіледі.

Кілт сөздер: философия, психология, адам санасы, моральдық дилемма, экзистенциализм, қоғам және жеке тұлға, көркемдік талдау, ішкі тартыс.

Аннотация. В данной статье роман Толена Абдика «Парасат майданы» рассматривается с философской и психологической точки зрения. Анализируются внутренние конфликты человеческого сознания, моральные дилеммы, экзистенциальные идеи, а также противоречия между обществом и личностью, поднятые в произведении. Кроме того, уделяется внимание художественным особенностям романа и использованным автором методам психологического анализа. В ходе исследования раскрывается сложность человеческой природы и внутренние противоречия через призму мыслительного процесса главного героя.

Ключевые слова: философия, психология, человеческое сознание, моральная дилемма, экзистенциализм, общество и личность, художественный анализ, внутренний конфликт

Abstract. This article examines Tоlen Abdik’s novel "Parassat Maidan" from a philosophical and psychological perspective. It analyzes the internal conflicts of human consciousness, moral dilemmas, existential ideas, and the contradictions between society and the individual presented in the novel. Additionally, attention is given to the artistic features of the work and the psychological analysis methods employed by the author. Through this study, the complexity of human nature and internal contradictions are explored through the protagonist’s thought process.

Key words: philosophy, psychology, human consciousness, moral dilemma, existentialism, society and individual, artistic analysis, internal conflict







Кіріспе

Төлен Әбдік-қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор үлес қосқан қаламгер,драмматург,қоғам қайраткері.Жазушының «Райхан» атты ең алғашқы шығармасы 1964 жылы «Таңғы шық» әңгімелер жинағында жарияланған.[1] Кейіннен «Ақиқат», «Біз үшеу едік», «Өліара», «Оң қол» туындылары жарық көріп,оқырман жүрегінен орын таба білді. Төлен Әбдіктің шығармалары философиялық ой-тереңдігімен,психологиялық талдауымен, әлеуметтік маңызды тақырыптарды көтеруімен ерекшеленеді.

Адам жанының екіге бөлінуі - психологияда диссоциативті ауытқу ретінде қарастырылатын күрделі феномен.Ол-адам санасындағы ішкі қақтығыс,моральдық құндылықтар мен шындықтың арасындағы тартыс.Бұл құбылыс қазақ және әлем әдебиетінде бұрыннан бері талқыланып келеді. Әсіресе,Төлен Әбдіктің ең танымал «Парасат майданы» атты повесінде бұл тақырыпты жан-жақты қарастырылады.

«Парасат майданы» - жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата білу,өмірден өз орныңды табу,ізгілік пен зұлымдық арасындағы байланысты анықтау секілді маңызды тақырыптарды қозғайтын қазақ әдебиетінен ерекше орын алатын туынды.

Әйгерім Әбдібаева жазғандай, автор ашық айта алмайтын әлеуметтік, саяси тақырыптарды тереңінен қозғау үшін кейіпкердің жан дүниесін ішкі тартысқа салады. Санасындағы қарама-қайшылықтар арқылы қоғамдағы әділетсіздік, рухани кемелдену мен өмірден өз орныңды іздеу, ақиқат пен жалған секілді маңызды мәселелерді ашып көрсетеді. [2]

Зерттеу әдісі

Тақырыпты жан-жақтан зерттеу үшін басқа туындылармен салыстырып,олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтадым.Аталмыш кітап жайлы оқырмандардың пікірлерін біліп,талдау жұмысын жүргіздім.

Негізгі бөлім

Шығармадағы басты кейіпкер ой-өрісі кең, терең ойлайтын, бірақ ішкі күйзеліске ұшыраған адам. Ол күнделік арқылы өз санасындағы белгісіз дауыспен пікірталас жүргізеді.Оның ішінде екі түрлі көзқарас өмір сүреді.Бірі ізгілікті жақтап, адами құндылықтарды сақтағысы келсе, екіншісі қоғамда болып жатқан әділетсіздік пен қатыгездікке мойынсынуды ұсынады.

Кітапта сюжеттің маңыздылығы жоқ әрі кейіпкер саны да көп емес.Басты кейіпкер ауруханада басынан өткен жағдай мен өмірден түйгенін, бейтаныс досымен таныстығы туралы күнделігіне жаза бастайды .Бейтаныс жанмен хат арқылы танысады. Әр хатты оқыған сайын қорқып, зұлымдықтың жеңгенін сезеді.Оған қоса, хаттың кімнен екенін,қайдан келгенін білмей қиналды. Хат иесін іздей бастайды.Дәл осы кезде,өзінің қаншалықты өмірге атүсті қарағанын.,қоршаған ортасын да дұрыс танымайтынын аңғарды.Расымен де, біз күйбең тіршілікпен айналамызға мән бере қоймаймыз.Қиындыққа тап болғанда ғана қоршаған орта мен жақындарымызға жаңа көзқараспен қарай бастаймыз.

Автор қоғамда болып жатқан жағдайларды да керемет суреттей алды. Мысалы, «...Баспасөз беттерінде жарияланып жүрген неше түрлі хабарлардан әлдебір жан түршігерлік рухани күйреудің нышандары сезіледі.Ал солардың бәріне адамдардың еттері үйреніп,тітіркенбеуі, шімірікпеуі, ештеңе болмағандай жайбарақат жүруі одан бетер зәремді алады...» жолдары менің ішкі жай-күйімді дәл жеткізді.

Шынымен де, бір топ ер адамның қатыгез әрекеттері, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлық туралы жаңалықтар қазірдің өзінде әлеуметтік желілер мен ақпарат порталдарында жиі кездеседі. Осыған қарамастан, қоғамның мұндай оқиғаларға бей-жай қарауы, олардың қалыпты жағдайға айналуы алаңдатады. Бұл-рухани күйреудің белгісі, ал оның салдары уақыт өте келе тереңдей түсуі мүмкін.

Төлен Әбдіктің пайымдауы бойынша,өмірдің мәні қарпайым ақиқаттан тұрады. Ал біз ақиқат заңдылықтарын түсіне алмай, ешкімге керегі жоқ ерліктерді жасап,өз өмірімізді қиындатамыз. Оған мысал ретінде, автор темекінің адам өміріне қалай әсер ететінін қарастырды.Темекі мен адамды ақыл ойынан адастыратын ащы судың денсаулыққа зиянын жұрттың бәрі біледі. Бұл ақиқатты мойындап, одан бас тарту үшін аса үлкен ерік-жігердің немесе ерекше батылдықтың қажеті жоқ сияқты – тек ішімдік ішпеу,темекі тартпау жеткілікті. Алайда, әлемде миллиондаған адам осы қарапайым қағиданы ұстана алмай, денсаулығына орны толмас зиян келтіріп жатыр.Кейде, жақсылық жасауға қарағанда,жамандықтан тартыну қиын.

«Оң қол» кітабымен салыстыру

Жазушы өз туындыларында психопаталогия, екұдайлық секілді тақырыптарды жиі көтереді. «Оң қол» атты шығарма да тақырыпқа байланысты жазылған.Туынды психиатрия ауруханасында жатқан Алма жайлы.Он жетті жасар қыз қалың ұйқыға кетсе болды,оң қолы тамағына жармасып,қылғындыра бастайды. Тәннің екіге бөлінуі жағынан екі шығарма ұқсас болғанымен, олардың берілу тәсілі мен оқырманға әсері әртүрлі. «Оң қол» мистикалық сипатқа ие, онда кейіпкердің денесін өзі билей алмайтын құбылыс арқылы адамның бейсаналық күйі зерттеледі. Ал «Парасат майданында» бас кейіпкер өз ойларымен саналы түрде күреседі, қоғам мен адам табиғаты туралы философиялық пайымдаулар жасайды.

«Оң қол» оқырманды белгісіз тылсым күштің алдында дәрменсіз қалған кейіпкердің тағдыры арқылы қорқынышқа бөлесе, «Парасат майданы» адамзаттың моральдық дағдарысы мен әділетсіздікті қалыпты нәрсеге айналдырып алған қоғамды сынайды. Біріншісі нақты оқиғаға құрылған, сюжеті қысқа әрі шегіне жеткен шиеленіспен аяқталса, екіншісі ішкі ой ағынына, кейіпкердің жан дүниесіндегі күрделі өзгерістерге негізделген. «Оң қол» адамның бейсаналық күйін зерттеуге басымдық берсе, «Парасат майданы» ақыл-ой, логика, сана деңгейіндегі күреске терең бойлайды.

Жазушы стилі

«Парасат майданы» 2002 жылы жарық көрді.Дегенмен, ондағы идеялар мен көтерілген мәселелер тек сол кезеңнің емес, жалпы адамзат қоғамының түйткілдерін көрсетеді. Төлен Әбдік кеңестік дәуірді көрген, сол жүйенің идеологиялық ықпалын сезінген жазушы. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезең адамдардың санасында үлкен өзгерістер әкелді. Бұрынғы идеология жоғалып, жаңа құндылықтар әлі орныға қоймаған кезде, адамдар рухани дағдарысқа ұшырады. Бұл роман сол кездегі қоғамның жаңа бағытқа бет алған өтпелі кезеңіндегі моральдық дилеммаларды бейнелейді.

Шынайы өмірден мысал

Жанның екіге жарылуы тек көркем әдебиетте ғана емес,шынайы өмірде де кездеседі.Мысалы, 1979 жылы АҚШ-тың Форт-Майерс қаласындағы қонақүйде егде жастағы әйел аса қатыгездікпен өлтірілді. Тергеу барысында күдік қонақүй қызметкері Хуанита Максвеллге түсті. [3] Максвелл өз кінәсін мойындамаса да, барлық айғақтар оның қылмысқа қатысы бар екенін көрсетті.Істі тереңірек зерттеу мақсатында полиция психиатр мамандарды шақырды. Мамандар Хуанита Максвеллдің диссоциативті тұлғалық бұзылыстан (DID) зардап шегетінін анықтады. Оның бойында алты түрлі жеке тұлға бар екені белгілі болды, ал қылмысты жасаған солардың бірі – Ванда Уэстон есімді агрессивті тұлға еді. Бұл дерекке сену қиын болғанымен, сот барысында адвокаттар мен психиатр мамандар Максвеллдің бойындағы басқа тұлғаны оятуға тырысты. Кейіннен, байсалды әрі тұйық Хуанитаның орнына мінберде агрессивті, дөрекі Ванда пайда болып, қылмыс жайлы ешқандай өкінішсіз егжей-тегжейлі баяндады. Нәтижесінде, сот үкімі бойынша Максвелл психиатриялық ауруханаға жіберілді.

Нәтиже

Талдау жұмысын жүргізу мақсатында аталмыш кітапты қатарластарымызға оқуға ұсынып, достарымызбен ойталқы ұйымдастырдық. Әркім өз әсерімен бөлісіп, шығарма көтерген мәселелердің тереңдігіне назар аударды. Кейбірі басты кейіпкердің ішкі күйзелісін өз өмірімен байланыстырып, оның ой толғаныстарын түсінуге тырысты.

«Парасат майданы» - тек жеке адамның ішкі жан күйзелісі туралы шығарма емес. Ол қоғамдағы моральдық құндылықтардың дағдарысын, билік пен идеологияның адам санасына әсерін, рухани еркіндіктің шектеулігін бейнелейді. Шығарма оқырманды ойландыратын, адам мен қоғамның арақатынасын терең түсінуге жетелейтін ерекше туынды.

Талқылау барысында «Шығарманың философиялық мағынасы өте терең. Оны әркім әрқалай қабылдайды, бірақ бәрімізді ойландыратыны анық» деген пікірлер айтылды. Сонымен қатар, «Кейіпкердің ішкі тартысы – біздің де күнделікті бетпе-бет келетін мәселелеріміз. Жақсылық пен жамандықтың, мораль мен шынайы өмірдің арасындағы шекараны анықтау оңай емес» деген ойлар да ортаға салынды.

Осы талқылау барысында шығарманың шын мәнінде тек көркем шығарма емес, өмірдің мәнін, адамның ішкі әлемін зерттеуге арналған терең туынды екеніне тағы бір көз жеткіздік.

Бұл кітапты ойға ой, санаға салмақ салғысы келетін, адам жанының күрделі табиғатын зерттеуге қызығатын оқырмандарға оқуға кеңес берер едім. Шығарма тек көркем мәтін ғана емес, адамгершілік пен ар-ождан, ішкі жан дүниенің күресі сияқты маңызды мәселелерді көтеретін философиялық туынды.

Сонымен қатар, өз өмірінде моральдық таңдаулармен жиі бетпе-бет келетін, айналасындағы қоғамға сын көзбен қарауды қалайтын жандар үшін де бұл кітап ерекше әсер қалдырады деп ойлаймын. Кейіпкердің толғаныстары арқылы әр оқырман өзін, өз ойларын, тіпті өмірлік ұстанымдарын қайта қарастыруы мүмкін.

Қорытынды

Осыған дейін сюжетке басымдық беріп, кітапты тез оқып шығуға тырысатынмын. Алайда, дәл осы шығарманы қолға алған кезде, әр сөйлемнің астарына үңіліп, автор жеткізгісі келген терең мағынаны түсінуге тырыстым. Бұл кітап мені тек оқырман ретінде емес, ойланатын, сұрақ қоятын адам ретінде де өзгертті. Бұл туындыны оқу барысында адамның ішкі әлеміндегі тартыстар, моральдық құндылықтар мен шынайы өмірдің күрделілігі туралы бұрын-соңды ойланбаған сұрақтар туындады.

Кітаптың оқырманға әсер ете алғаны соншалықты, шығарма желісі бойынша Гүлсина Мирғалиеваның бастауымен Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театр сахнасында қойылым сахналанды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.

  2. «Үркер» журналы, 2013 жылғы басылым

  3. https://runews24.ru/society/09/04/2021/b99d2bsc07222984b3443942b192e6eb

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі