Журналистика – көпсалалы бағыт
Әрбір мамандықтың атқаратын міндеттері мен функциялары көп жағдайда шекті болып келеді. Олар тек өз жұмысына қатысы бар жүктемелерді ғана орындауға қабілетті десек қате емес. Мысалы, дәрігерлердің арасындағы тар шеңберлі мамандықтарда: дерматолог, невролог, офтальмолог, т.с.с. бағыттағы мамандық иелерінің әрбіреуі тек бір істі атқара алады. Дерматолог – тек қана тері ауруларын емдей алса, офтальмолог – көз ауруларын емдеумен шектеліп, жалпы медицинаның қыр-сырын біле қоймайды. Яғни олар тек бір жүктемені істеуге даярланып, мамандандырылған.
Бірақ, ішінде жүргізуші де, репортер де, корреспондент те, оператор-мобилограф та, жалпы конвергентті бола алатын мамандардың бар екенін сіздер білуші ме едіңіздер? Иә, бұл – журналистика. Бір қараса, журналист – тек жүргізуші ғана секілді. Негізінен ол – ақпаратты дұрыс жинап, өңдеп, сараптап, оны қоғамға дұрыс жеткізе алатын әртүрлі салалар бойынша бөлінген, мамандандырылған біртұтас жұмыс. Олар журналистің өзі қызығушылығы бар салалар бойынша бөлінсе де, бәрібір әр салада отырған журналист жалпы журналистиканың негізін меңгерген, және барлық саланың ерекшелігін ажырата білетін универсалды тұлға.
Журналистиканың ең кең тараған салаларын айта кетелік. Әрқайсысы әртүрлі тематикада болса да, істейтін міндеттері бір болып табылады:
-
Ақпараттық журналистика
Бұл – барлық жерде ең танымал, ең көп байқалатын журналистиканың бір маңызды саласы десек болады. Бұның басты міндеті – ақпаратты барынша жедел түрде жеткізіп, бейтарап позицияда қала білу. Мысалы: апаттық жағдайлар, үкімет шешімдері, белгілі оқиға орнынан ақпарат. Яғни басты функция – хабарлау. Алайда бұл бағытта жүргендер тек хабарлаумен ғана шектеледі деген сөз емес.
-
Саяси журналистика
Осы саладағы журналистер мемлекеттік саясат, партиялар, үкімет қызметі, сайлау, мемлекетаралық қатынастар туралы ақпаратты бере алады және заңдарды түсіне отыра қоғамдық пікірді ескереді, жіне мемлекеттік істерге, саясаттануға қатысты тақырыптарға сараптама жасай алады. Мысалы: парламент отырыстарынан арнайы репортаждар, мемлекеттік орган қызметкерлерімен сұхбат.
-
Экономикалық журналистика
Экономикалық журналистер қаржы, бизнес, салық, нарық жағдайы туралы сөз қозғап, оны зерттей алады. Бұл да басқа салалар секілді өте тар бағдар. Яғни бұл журналист инфляция туралы жаңалық жаза алады, жаңа кәсіпкерлік бағдарлама жайлы жаңа ақпаратпен бөлісе алады, банк секторындағы өзгерістерді қоғамға ашып жеткізе алады. Басты жүктелген міндет – күрделі экономикалық, сандық тақырыптарды дұрыс жинақтап, оны халыққа қарапайым тілде жеткізу.
-
Құқықтық журналистика
Заң саласындағы өзгерістер, сот процестері, құқық қорғау органдарының қызметі – осы саланың өзегі. Мысалы: жоғарғы сот шешімін түсіндіру, қылмыстық істі жариялау, адвокаттар мен прокурорлардан, заң аясындағы барлық қызметкерлерден сұқбат ала білу. Міндеттері: заң саласын халыққа түсінікті тілде жеткізу, заң нормаларын дұрыс түсіну, құқықтық этика сақтау.
-
Халықаралық журналистика
Шетелдегі оқиғалар, халықаралық қатынастар, жаһандық үдерістер туралы сөз қозғау осы салаға жатады. Мысалы: Украинадағы соғыс туралы репортаж жұмысы, БҰҰ самиттерінен материал, халықаралық санкциялар мен олардың салдары. Басты міндет: әлемде болып жатқан үдерістерді қоғамға тарату.
-
Әлеуметтік журналистика
Бұл сала кез келген қоғамда орын алып жатқан барлық жағдаяттарды: кеделік, мүгедектік, әлеуметтік теңсіздік, ауыл мәселесі, гендер арасындағы теңсіздік деген сияқты өте көп ауқымды проблематикалық тақырыптарды қамтиды. Нақ осы саланың адам тағдырына тікелей қатысы бар. Және бұл саланы таңдаған журналист қоғамдағы әр адамның өмірін өз жауапкершілігіне алды деген сөз.
-
Деректі, зерттеу, және дата-журналистика
Деректі журналистика – өмірде орын алған шынайы оқиғаны зерттеп, баяндау. Зерттеу журналистикасы – сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылықты әшкерелеу. Дата-журналистика – деректермен жұмыс жасай отыра, визуализация құру, яғни графика, кестелер мен диаграммалар арқылы қоғамға сандық деректерді қарапайым жеткізу. Бұд салалар бір-біріне ұқсас және олар ортақ терең зерттеу, қоғамдық мәні бар тақырыптарды ұсынуды талап етеді, және ондай журналистке шыдамдылық, дәлдік, фактчекинг пен техникалық сауат қасиеттері ауадай аса қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Журналистика - көпсалалы бағыт

шағым қалдыра аласыз