Журналистика ақпарат одағы
Қоғамның айнасы деп атауымыздың өзіндік сыры бар. Күнделікті
тіршілікте болып жатқан хабарларды журналист ой елегінен өткізіп, қалың
бұқараға ұсынады. Соның нəтижесінде айналада орын алып жатқан күллі
жəйттерден ел хабардар болады. Жалпы, сарапшылар журналистика 46
мамандықтың басында тұр деген пікірді айтады. Бұл басқалардан артық
дегенді білдірмейді. Қайта тілшілер қосынының қалам тербемейтін саласы
жоқ дегенді аңғартады. Журналистика адамзат баласының мына дүние
жайлы ойын қалыптастыратын ақпарат құралы деп айтсақ, артық
айтпағандық болар еді. Арқалағаны алтын жандардың қанаты талмасын,
көпшілікке сапалы əрі ашық ақпаратты жеткізіп, қоғам мен елдің
мүддесіне қызмет ете бергей.Журналистика - біз бен сіз. Мұны жəй
қарамау керек. Ұлттың рухани бағытын айқындауға пайдасы зор.
Басқаларға аса қажетті болмауы мүмкін. Жалпы, əлемдегі ең қауіпті
мамандық дер едім. Десе де, қоршаған əлем журналистерге үшін маңызды.
Сонымен қатар, тағы бір қосып кететін мағынасы терең ой бар. Ол ұлттық құндылық. Біздер сөз майданының айналасында жүргеннен кейін,
патриот болғанымыз абзал. Өз туған жеріміздің қадір-қасиетін сезініп,
оны терең сезінген жөн. Қазіргі таңда біздерге ең қажеттісі тəжірибе мен
ұлттық тəрбиенің мағынасын түсіну маңызды болып тұр. Ол үшін
əрбіріміз өз шежіреміздің ешкімнен кем еместігін ұғына алсақ, алға
ілгерілегеніміз. Əсіресе, жас журналистер ілім мен ғылымды қазақы ойлау
жүйесі арқылы өздеріне сіңіре білсе, онда одан нағыз журналист шығады.
Ең бастысы, шеберлікті шыңдауды тоқтатпаған дұрыс. Дүниежүзіндегі
барша мамандықтардың ішінде маңдайы жарқырап, жұртқа сапалы
ақпарат жеткізетін ерекше мамандық. Былайша айтқанда, алтын көпір. Ал
ақпарат көздерін анықтай отырып зерделеу əрі оны оқырман қауымға
дұрыс жеткізу журналистің тікелей міндеті деп айтсақ, артық емес. Ең
бастысы, журналистерге керегі ішкі рухтың мықтылығы. Мықты адам
болсын, журналист, өзге саланың майталманы болсын, рухы, ерік-жігері
мықты болса, биікті бағындырады.Егер ит адамды қапса, жаңалық емес.
Ал адам итті қапса, онда сенсация. Үнемі ойланып жүресің. Ылғи ақпарат
көздерін назарда ұстайсың. Соңында мақаланы баспаға беріп, нəтижесін
көргенде бір марқаямыз. Міне, бұл тілшілер қауымының жетістігі. Əр
газет, сайт, телеарнаның өзіндік асханасы болады. Журналист ғаламда
біреу ғана. Ол бөлшектенбейді. Дегенмен əркімнің өзіне лайық стилі бар.
Онысы жөн. Негізі бəрі тəжірибемен жетеді. Сол себепті қаламды қару
еткендер зерек болғаны абзал. Қарапайым халықтың, кəрісінен бастап,
кішкентай балаға дейінгі əрбір қоғам мүшесінің қолында бүгінде бір бір
ұялы телефонды байқауға болады. Ол телефонның ішіндегі түрлі
қосымшаларды да көз ілмей өте алмаймыз. Ойын қосымшаларынан
басстып, əлеуметтік желі қосымшаларына дейін күнделікті бір ақпаратты,
хабарламаны адамдарға дереу жеткізіп отыратыны анық. Бұдан бөлек ол
ақпараттар актуалды немесе белгілі бір өтіп кеткен жаңалықтарға
байланысты, əлді бірі медецина мен техникаларға байланысы, яғни айта
кететін болсақ əлеуметтік желілер белгілі бір тақырыпты таңдамай, кез
келген түрде, жанрда, түрлі тақырыптарда жазыла беріп, халықа оңай қол
жетімді болады. Бұл журналисттерге істің бір жеңілдетілген тұрғысы
десек те қателеспейміз. Алайда осы қосымшалардың ақпаратты тез
жеткізуі, жақсы жағынан қарастырылса, қоғамға кері тұсы, кейбір
ақпараттардың фактілері жоқ, дəлел, дəйектерінің болмай жалған болып
шығуы.