400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Журналистің жауапкершілігі: сөз бостандығы мен этиканың шекарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Журналистің жауапкершілігі – ақпаратты тарату кезінде ақиқатқа сай болу, адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу және жалған ақпараттан аулақ болу. Сөз бостандығы бар, бірақ этикалық шекара осы принциптермен шектеледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Журналистің жауапкершілігі: сөз бостандығы мен этиканың шекарасы

Қазіргі ақпаратты қоғамда журналистің орны ерекше. Ол қоғам мен билік арасындағы көпір. Журналист- халықтың үнін тыңдап,шындықты жеткізуші тұлға. Себебі, әрбір айтылған сөз бен жазылған жол қоғамға, адам тағдырына әсер етеді. Журналистерідің өзіндік сөз мәнері, ал,редакцияның жазудағы бір демі бар. Атап өтсек, әр журналистің қандай екенін, оның мақаласына қарап біле аламыз. Дегенмен, медиа саласындағы өзін өзі ұстау журналистің басты міндеті. Осы тұста, сөз бостандығы мен этиканың шекарасын сақтау- ең маңызды мәселелердің бірі. Осы мәселелерді толыққанды ашып, ұғымдармен таныстырып өтейін.

Медиа саласындағы журналистке қойылған талап: дауыс мәнері, ырғағы, сөйлеу мәдениеті. Міне,осыларға байланысты журналистика саласындағы этиканың заңнамалары барын білеміз. Этиканың мазмұны, маманның адамдармен қарым-қатынасы және басқа журналистермен байланысы. Этикалық шекараларда мәселелермен қиындықтар қатар жүреді. Этиканың өзіндік негізі бірнеше принциптері бар. Олар, біріншіден әлеуметтік жауапкершілік. Яғни, қоғам алдында тілші өз сөзіне нық,әрі нақты жауап беруін жатқызамыз. Екіншіден, шынайылық- журналистің ұсынған ақпаратының қоғам үшін дұрыс екендігі. Үшіншіден, әділдік пен адалдық- маман үшін ең маңызды қасиет.Адамның ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу, тексерілмеген ақпаратты таратпау, жеке өміріне қол сұқпауы маңызды. Ендігі кезекте, сөз бостандығына тоқталсақ. Ол- демократиялық қоғамның негізгі құндылығы. БАҚ өкілі ойын еркін айтып, билікті сынап, қоғамдағы мәселені ашық көтере алуы тиіс. Егер, сөз бостандығы болмаса, халық жалған ақпаратпен өмір сүреді. Қоғам айнасының еркіндігі- халықтың дамуы мен шын ақпаратты естуіне мүмкіндік береді. Алайды, еркіндік шексіз емес. Себебі, еркіндіктің қасында қатарласып жауапкершілік жүреді. Бүгінгі күні әлеуметтік желілердің дамуы журналистің жауапкершілігін одан әрі арттырды. Ақпарат өте жылдам таралады, ал жалған немесе дәлелсіз мәлімет бір сәтте мыңдаған адамға жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда журналист асығыстыққа жол бермей, дереккөздерді мұқият тексеруі тиіс. «Алдымен жариялау» емес, «алдымен шындықты анықтау» принципі маңызды болуы керек.

Қорытындылай келе,журналистің жауапкершілігі – сөз бостандығы мен этиканың арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Еркіндік пен жауапкершілік бір-бірінен бөлек ұғымдар емес. Керісінше, бірін-бірі толықтыратын құндылықтар. Шынайы журналист шындықты айту арқылы қоғамға қызмет етеді. Ал, этиканы сақтау арқылы адамгершілік пен сенімділікті жоғалтпайды. Сондықтан журналист үшін ең бастысы – сенсация емес, шындық пен ар-ожданға адал болу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі