2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Жырымен әлдилеген Ақ Жайығын" арнаулы курс бағдарламасы

"Жырымен әлдилеген Ақ Жайығын" арнаулы курс бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек құралы,10-сынып оқушылары үшін қосымша материал
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Түсінік хат

Мектептегі «Жырымен әлдилеген Ақ Жайығын» арнаулы курс бағдарламасы жерлес ақын, жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқып, үйренуге арналады.

Бұл бағдарламаны жасаудағы мақсат – Батыс Қазақстан облысынан шыққан ақын – жазушылардың шығармалары мен өнегелі өмірін сөз ете отырып, жас ұрпақты туған жерін сүюге тәрбиелеу, оқушының рухани – эстетикалық талғамын жетілдіру, шығармашылық қабілетін арттыру, көркем туындыларды оқытып, талдауға үйрету.

Бағдарламада алынған авторлардың шығармашылық тақырыбын, идеясын ашуға, талдауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру үшін қосымша тапсырмалар әр саблақ барысында жүзеге асырылып отырады. Мұғалім бағдарламаны басшылыққа ала отыоып, орқушылардың таным – белсенділігін арттыруға көңіл аудара алады.

«Жырымен әлдилеген Ақ Жайығын» арнаулы курс бағдарламасы 10 сынып оқушыларына арналып, аптасына 1 сағат, жылдық сағат саны 34 сағатқа жоспарланды.

Бағыты: Гуманитарлық

Курстың мақсаты:

Жерлес ақын, жазушылардың шығармаларымен таныстыра отырып, оқушылардың рухани дүниесін байыту, эстетикалық тәрбие беру, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту болып табылады.


Курстың міндеті:

  • Бағдарламаға сай жерлес қаламгерлердің шығармаларын толық оқу және игеру

  • Шығармаларды мәнерлеп оқи білуге дағдылану, оның идеясының – эстетикалық мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдау.

  • Көркем әдебиетті сүю

  • Жерлес ақын, жазушыларды мақтаныш ету

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру


Мамандыққа бағдарлау: Тіл маманы, әдебиетші, журналистика, кітапханашы.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, әдебиет, шешендік өнер, география.

Ұйымдастыру формалары:

Мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ән айту, кеш өткізу, іздену.





Курстың өзектілігі:

Жерлес қаламгердің шығармаларын оқыта отырып, олардың поэзиясын терең сезініп, прозасын оқып өскен жеткіншектердің көкейінде мақтаныш сезімі оянып, елжанды болары даусыз.

Оқушыға қойылатын талаптар:

  • Берілген шығармаларды өз бетімен талдап оқу және зерделеу.

  • Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта білу.

  • Шығармаларды құрылысына талдап үйрену, өзіндік пікірлерін қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Аталмыш курста жерлес қаламггерлердің шығармаларының табиғатын тану көрсетіледі.

  • Оқушылардың адамгершілік – эстетикалық мұраттарын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

  • Туған жерін сүйетін, жоғары парасатты адамдарды тәрбиелеу.




























«Жырымен әлдилеген Ақ Жайығын» арнаулы курс бағдарламасының күнтізбелік жоспары

Аптасына - 1 сағат, жылдық сағат саны – 34.



Сабақтың тақырыбы

Мамұны

Сабақ

түрі

Сағат

Саны


1

2

3

4

5


1

Кіріспе. Курстың мақсаттары, міндеттері

Курстың мақсатын түсіндіріп, оқушыларға қойылатын талаптармен таныстыру

Түсіндіру, таныстыру


1

2

Ел іші – өнер кеніші

Жерлес ақын, жазушылар туралы шолу

Дәріс



2

3

Хамза Есенжанов

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


2

4

«Ақ Жайық» трилогиясы

Қазақ жұртының жеке басқа табынушылық кезінде көрген қиындығы туралы мәлімет беру

Талдау, баяндау



2

5

Тайыр Жароков

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


2

6

«Тасқын» поэмасы

Поэмадағы жаңа адамдар бейнесі

Талдау



2

7

Сағынғали Сейітов

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


2

8

Жұбан Молдағалиев

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


2

9



«Мен - қазақпын» поэмасы

Поэманың образдық жүйесін талдау

Талдау







2

10

Шығарма жұмысы «Осындай елім бар!»


Шығармашылық жұмыс


2

11

Берқайыр Аманшин

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


1

12

Қадыр Мырза Әли

Өмірі мен шығармашылығы

«Ана» өлеңін талдау


2

13

Қадыр рухымен сырласу

Ақын өлеңдеріндегі адам өмірі, әлем тағдыры

Сұхбат сабақ


1

14

Жанғали Набиуллин

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


1

15

Қайрат Жұмағалиев

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


1

16

Қ.Жұмағалиевтың балаларға арналған өлеңдері

Халқымыздың перзентке деген махаббаты туралы

Мәнерлеп оқу сабағы


1

17

Сағат Әбдуғалиев

Өмірі мен шығармашылығы

Баяндау

1

18

Ақұштап Бақтыгереева

Өмірі мен шығармашылығы

Практика

лық


2

19

Ақ Жайық – Ақұштап – Ақ шағала

Шығармашылығына шолу

Поэзия кеші


1

20

Ақмаржан Таубаева

Өмірі мен шығармашылығы

Дәріс



2

21

Қорытынды сабақ

Жыл бойы өткенді қайталау

Тест



2










Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау


  1. Кіріспе. Атаулы курстың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру (1 сағат)

  2. «Ел іші – өнер кеніші» (2 сағат)

Жерлес ақын, жазушылармен таныстырып, олар туралы білетін деректермен ой бөлісу.

  1. Хамза Есенжанов (2 сағат)

Өмірінен мәлімет беру. Хамза шығармашылығының басты ерекшелігі.

Хамза Ихсанұлы Есенжанов 1908 жылы 25 желтоқанда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданы, Шалқар көлінің жағасында орта шаруа отбасында дүниеге келген. Х.Есенжанов өзінің жазушылық жолын 1930 жылдары өлең, әңгіме жазудан бастады.

  1. Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы (2 сағат)

«Ақ Жайық» трилогиясының 1 – кітабы 1957 жылы, 2-ші кітабы 1959 жылы, 3 – кітабы 1965 жылы жарияланды. Бұл романда Батыс Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жылдарындағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларын айту көзделген.

  1. Тайыр Жароков (2 сағат)

Т.Жароков (1908 - 1965) Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жетібай ауылында туған. Атасы қара сөзге шешен әрі ақын болған.

Кітаптары: «Жұлдыз жарығы», «Мотор жыры», «Күй тіл қатты», «Тасқын», «Тастағы жазу», т.б. Бірнеше ордендермен марапатталған.

  1. Т. Жароковтың «Тасқын» поэмасы (2 сағат)

Алматы қаласы маңындағы әйгілі Есік көлінің тасуын ақын шығармасының сюжеттік арқауына негіз етіп алған. Т.Жароков «Тасқын» поэмасында табиғат апатына қарсы замандастарымыздың қажырлы күресін алға тарта отырып, өмірдің түбегейлі мәселелерін жыр етеді.

  1. Сағынғали Сейітов (2 сағат)

С.Сейітов 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Өлеңті ауылында дүниеге келген. Ақын,сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының кандидаты. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерінің, медальдарымен марапатталған. 40-тан астам кітабы баспадан шыққан.

  1. Жұбан Молдағалиев (2 сағат)

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, бұрынғы Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде туған. Болашақ ақынның әдебиетке жасаған алғашқы талабы да Оралда басталады. Алғашқы жинағы «Жеңіс жырлары » (1949ж). Жұбан- лирик қана емес, талантты эпик ақын. Ж.Молдағалиев эпикалық жырларында қазақ поэзиясында бұрыннан қалыптасқан сөз өрнегіндегі бояуы қанық ұлттық нақышты, қазақ халқына тән поэтикалық ерекшелікті жаңа мазмұнмен байытып, еңсегі бір белеске көтерген ақын.


  1. Жұбан Молдағалиев «Мен -қазақпын» поэмасы(2 сағат)

Ж. Молдағалиевтің «Мен -қазақпын» поэмасында қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық –публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата жырлайды.

  1. Шығарма «Осындай елім бар» (2 сағат) Оқушыларға берілген тақырыпта шығарма жаздыру және талдау.

  2. Берқайыр Аманшин (1 сағат)

Б. Аманшин 1924 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ақын, драматург. Алғашқы өлеңдер жинағы 1954 жылы жарық көрді. «Жылқылы ауылда» (1954ж), «Бұтақтағы бұлбұлдар» (1958ж), «Жетісу-Жайық» (1961ж), «Ақбота» (1936ж), «Махамбеттің тағдыры» (1987ж)

  1. Қадыр Мырза – Әли (2 сағат)

1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде туған. Қадыр Мырза Әлидің негізгі тақырыбы адам оның тылсым табиғаты. Бұл мәңгілік тақырып Қадыр жырларында жаңаша сипат алады. Әсем өрнекпен, ақындық шабытпен, құпия сырмен айтылады. Әр шығармасынан тәлім мен тәрбиенің тамаша үлгісі танылады.

  1. Қадыр рухына сырласу. (1 сағат)

«Автор орындығы» арқылы сұхбат-сабақ жүргізу. Дарынды оқушылардың туындыларын тыңдау. Қадыр шығармашылығын басшылыққа ала отырып пікір-сайысөткізу.

  1. Жанғали Набиуллин (1сағат)

1936 жылы 13 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында «Жемісті» колхозында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас дәурен» ұжымдық жинаққа енді. Ақынның көркем туындылары «Ақ жаңбыр», «Қасқағым», «Жоғары кернеу», «Жетінші перне» т.б.

  1. Қайрат Жұмағалиев (1 сағат)

Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданының Жиенқұм ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» 1964 жылы жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып жеке кітап болып басылған. Шығармашылығы: «Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары т.б.

  1. Қайрат Жұмағалиевтің балаларға арналған өлеңдері. (1 сағат)

Қ. Жұмағалиев балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Таба нан», «Жампоз», «Соқыр қыран», «Кәмпит туралы баллада» т.б.

17. Сағат Әбдуғалиев (1 сағат)

1948 жылы 22 ақпанда Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген.

Алғашқы өлеңдері аудандық «Ленин жолы» газетінде 1963 жылы

жарияланды. 1980 жылы «Құлыншақ көктем», 1992 ж «Көзайым келешек»

атты жыр жинақтары жарық көрді.

18.Ақұштап Бақтыгереева (2 сағат)

1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. Қазақтың «Жайықтың ақ шағаласы» аталған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Құрмет орденінің иегері»

19. «Ақжайық –Ақұштап –Ақ шағала» (поэзия кеші 1 сағат)

А.Бақтыгерееваның шығармашылығымен толыққанды таныстыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, мәнерлеп оқу қабілеттерін шыңдау.

20. Ақмаржан Таубаева (2 сағат)

А.Таубаева 17 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында дүниеге келген. 2001 жылы « Жайықтың ақ саналы» тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі» жинақтары шыққан. Өлеңдері «Қазақстан әдебиеті -2000» байқауы бойынша «Күміс күйме» жинағына енгізілген.

21. Қорытынды сабақ (2 сағат)

Курс бойынша алған білімдерін жинақтап, тест тапсыру арқылы қорытындылау.

























Қадыр Мырза Әлі «Ана»



Мақсаты

Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы жайлы мәлімет беру. «Ана» өлеңінің мәнін оқушылардың өз бетімен түсінуіне ықпал ету. Ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Қадыр Мырза Әлі өмірі жайлы мәлімет алады.

  • Қадыр Мырза әлі шығармашылығы жөнінде дерек жинайды;

  • «Ана» өлеңінің мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіре біледі;

  • Ашық, жабық сұрақтар құрастыруға дағдыланады.

  • Ананы сыйлап, құрметтеуге үйренеді.

Негізгі идея

Қадыр Мырза Әлі өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет беріп, «Ана» өлеңін меңгерту.

Оқыту әдістері

Сындарлы оқыту технологиясы

Сабақтың типі

І. Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ кезеңдері. Кіріспе бөлімі


Тренинг «Менің анам» оқушылар шеңбер құрып тұрып, «Менің анам..» деп бастап есімін әрі қарай бір жақсы қасиетін атайды. Мысалы: «Менің анам Ақсамал, ол ақылды» Балалар гүлдердің суреттері (қызғалдақ раушан) арқылы топқа бөлінеді. Ол гүлдерді аналарына сыйлау үшін жинайды.

Үй тапсымасын тексеру.

  1. Ақжігіт есімді тарихи тұлға кім?

  2. Ақан серінің тазы иті?

  3. Мынау бір пырақ екен деген Күреңбай сыншының сөзі Ақан Құлагердің қандай ерекшелігіне байланысты айтылған?

  4. Ат үстінде ойын көрсеткен бала кім?

  5. Ас беру дегенді қалай түсінесің

  6. Ақанның мылқау баласы кім?

Негізгі бөлім






















Қорытынды бөлім

Үнтаспадан «Ана» туралы ән тыңдатылады.

  • Бұл ән кім туралы?

  • Бұл ән сендерге несімен ұнады?

І. Жаңа сабақ. Қадыр Мырза Әлі «Ана» өлеңі

Ізденіс жұмыс.

І топқа Қадыр Мырза Әлінің өмір жолы туралы мәлімет.

ІІ топ. Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы әр топқа өзі жинаған мәліметтерді сыныптастарына баяндайды.

Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды. Жұптасып түсіндіреді.

Ана туралы мақал-мәтел айтып, оқушылар топ болып сайысқа түседі.

Топтастыру стратегиясы


мShape1 Shape2 ейірім өмір

Shape3 Shape4 АНА

жShape5 ылылық жанашырлық

ақыл


«Сэнквуй» әдісі

Бес жолды өлең әдісі.

  1. Ана .

  2. Қайырымды, ақ жарқын.

  3. Өмірге сыйлайды, бағады, тәрбиелейді.

  4. Әлемге өмір сыйлаған-Ана.

  5. Ардақты адам.

Білімді бекіту.

Екі топ бір-біріне ашық және жабық сұрақтар қояды.

Бағалау.

Бағалау парағы бойынша топ басшылары мүшелерін алдын-ала дайындалған өлшемдер бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма: мәтін 196-197 бет, «Ана» туралы өлең жаттау.













Ақжайық –Ақұштап –Ақ Шағала


Мақсаты: қалың жұртшылықтың жүрегіне өнермен салмақты ой сала білген Ақұштаптай ақын апамыздың шығармашылығымен толыққанды таныстыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, мәнерлеп оқу қабілеттерін шыңдау.

Ортада әйелі мен күйеуі отырады.

Әйелі: - Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде екеуміз қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме сонайдан ерекшеленіп үлкен алма ағашы түсті. Бірақ, бір қызығы, ол ағашта алманың орнына том-том кітаптап ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып-қызыл алма көздің жауын адатындай болып тұр. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.

Отағасы (күліп):- Ай, тәңірі –ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып-қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том-том кітаптарды жазып қалдыратын ақын не болмаса талантын мойындата білген жазушы болатын сияқты. Мұны ішім сезеді...

Әйелі:- Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!

Кадрдан тыс дауыс:- Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан Ақ Жайықтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева – әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алған ұлдарымыз бен салмақты ой түйген саналы қыздарымыз Ақұштап Бақтыгереева шығармашылығы алдында тағзым етеді.

Фанфарлар ойнайды, сахнаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: -Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Қалың жұртшылыққа танымал ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына орай өткелі отырған «Ақжайық –Ақұштап-Ақ шағала» атты әдеби- монтажды кешімізге қош келіпсіздер!

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын –Алланың айрықша мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңв жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға ғып қалыптастырады.

Біздің өлкемізденшыққан дарын иелері де кем емес. Солардың бірі және бірегейі –Ақұштап Бақтыгереева.

Мен жайлы, келер ұрпақ, не білесің?

Тарихқа таңданатын көрінесің.

Мені іздесең ғарышқа алғаш ұшқан

Ізде Совет қызының шежіресін.

Алдымен Ақұштап апамыздың өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат тыңдап өтсек.

Жүргізуші:- Поэзия-ұлы Жаратушының ұлы махаббатынан нәр алған шын жүректің қуанышы, қайғысы, жан әлемінің уілі. Поэзия мәңгіліктің қасиетті әуеніне билеген сөз аруы, адамзаттың жан сусынын қандырған, таным көзі мен тылсым тұнған ой кәусары, жан сусары.

Поэзияның шырқау биігінде бүгінде Ақұштап апамыздың өз қолтаңбасы бар. Біртуар тұлға, жерлес ақынымыз, бар қазақтың Қадыры: «... Сұлу сезімді өлең-өмірге ала келген қыз –сол сұлу сезімді әлдилеген ақ анаға, сол сұлу сезімді әлдилеген ақ ана- осының бәрін өнер биігіне көтерген ақ әжеге дейін өсті. «Ақ жайық»-«Ақ желкенге», «Ақ желкен»-«Ақ Шағалаға» айналды»,-деген екен.

Ендігі кезекте ақын апамыздың бір ауыз есті сөзіне құлақ түрелік. Экранға назар аударыңыздар!

(Ақұштап Бақтыгерееваның жазбасы көрсетіледі)

Жүргізуші:- Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік бояу, ажары бар сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі дүйім жұртқа танымал ақынымыздың бір топ өлеңдерімен ортада 10-сынып оқушылары.

1-оқушы: «Білгің келсе»

2-оқушы: «Туған жер деп өлетін ала құмда»

3-оқушы: «Анаға сыр»

4 –оқушы: «Ризашылық»

5-оқушы: «Боз жусан дала»

Жүргізуші:-Өлең деген –құдірет қой, шынында.

Талант керек кейде оны ұғуға.

Ұлағат та, тіршіліктің сыры да-

Үңілсеңіз жатыр баба жырында.

Қызыл тілде алғаш кілті өнердің,

Жыр жолы боп елестейді келер күн.

Ең алғашқы әлдиі де ананың

Басталады ұйқасымен өлеңнің-

дейді ақын. Шынында да, өлеңнің құдіретін түсініп, ақын болу екінің бірінің басына түспейтін бақыт. Ендеше, осындай бақытқа ие Ақжайықтың ақберген қызы Дариға Мұштанова апамыздың алдыңғы буын апасы Ақұштап Бақтыгерееваға арнаған өлең жолдарына кезек берейік.

Көркем сөз. «Жайыққа»

Ән: «Жайықтың ерке самалы»

Жүргізуші:- Ақұштап ақынның жырлары автордың көп ойлауынан, қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан туған. Оның ойлары халықтың жарқын тіршілігі, адалдық, әсемдік туралы арман-мұратқа ұмтылады. Бірақ оған жетудің жолы оңай емес. Адам баласы өмір бойы осы ізгі арман үшін күресіп келеді. ақұштап ақын басына жиналған ой да, одан туындайтын мұң да осының жалғасы. Сондықтан ол өмірдің, адам жанының күрделілігін жырлайды, өзін налытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.

«Асыл арман» өлеңі.

Жүргізуші:-Ендігі кезекте сөз ауылдық кітапхана меңгерушісіне беріледі.

Жүргізуші:-Ақұштап апамыздың көп өлеңдері әйел тақырыбына арналған. Әйел психологиясын, қыз бала тағдырын, оның басындағы өмір сырларын көп біледі. Ол әйелге тән төзімді, өткір сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, көңілдің нәзіктігін, адал махаббатты тереңірек жырлайды. Күллі қазақ қызының тағдырына алаңдап, «Сіңіліге сыр» да айтады.

1-оқушы: «Сіңіліге сыр»

2-оқушы: «Бірақ, бірақ...»

3-оқушы: «Болашақ бойжеткендермен сырласу»

4-оқушы: «Ардақты ана айтқаны»

Жүргізуші: -Біреу мені айтып отыр, жаны жырға ғашық деп,

Біреу енді айтып отыр, қулығы жоқ жасық деп.

Амал қанша, есігі жоқ жүректің

Кез келгенге көрсететін ашып көп.

Ақұштап – биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жаралатыны да осыдан. Оның көңілін жайлаған әсемдік, адалдық, достық, жақсылықты үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.

Көркем сөз. «Досым едің».

Жүргізуші:-Ақ шағаланың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып, шабыттандыратыны рас. Бүгінде осы ауысым қатысушыларының арасында Ақұштап апамызға деген құрметтерін жыр жолдары арқылы жеткіземіз деген жас талаптарымызды ортаға шақырамыз.

Ән орындалады.

Жүргізуші:- Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, академик Зейнолла Қабдолов: «Мен Оралды үш қыз арқылы жақсы танимын. Біріншісі-аңызға айналған Қыз Жібек, екіншісі-батырға айналған Ер Мәншүк, үшіншісі-өзіндік мінезі мен үні бар ақын-Ақұштап. Ендеше, мен бұл елдің қыздарын мықты-ау деп ұғынам» -деген екен. Міне, достар, біз де талантын күллі қазақ халқы мойындаған апамыздың іні-сіңілілері екенімізді мақтанышпен айта отырып,өнегелі өлеңдерінің өміршең болуына септігімізді тигізейік!

Жағаға ұрар толқындар

Жайықтың қызы қайда?-деп.

Жас ұрпақ шырқар әнін де,

Сөз бе бұл айтар нан ұстап:

Ажырамастай мәңгіге

Ақ Жайық пенен Ақұштап!

Құрметті ұстаздар, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында ақындық әлемімен аты шыққан Ақжайығымыздың «Ақ шағаласы» Ақұштап апамыздың құрметіне арналған шағын кешіміз өз мәресіне жетті. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Қорытынды сабаққа беретін тест тапсырмаларының үлгісі


  1. Ж.Молдағалиевтың «Мен - қазақпын» шығармасы лирикалық кейіпкер кімнің атынан сөйлейтінін табыңыз.

  1. Өз атынан

  2. Тарих атынан

  3. Халық атынан

  4. Жастар атынан

  5. Ақынның өз атынан

  1. Қадыр Мырза Әли қай жылы дүниеге келген табыңыз:

  1. 1935ж

  2. 1931ж

  3. 1934ж

  4. 1932ж

  5. 1937ж

  1. Х.Есенжановтың қай жылы дүниеге келгенін табыңыз:

  1. 1905ж

  2. 1908ж

  3. 1911ж

  4. 1915ж

  5. 1918ж

  1. Ж.Молдағалиевтың «Мен - қазақпын» поэмасы арқылы ақынның қандай ерекшелігін байқалатының табыңыз

  1. Сыншыл ақын

  2. Романтикалық ақын

  3. Реалист ақын

  4. Лирик ақын

  5. Патриот ақын

  1. Үзінді кімнің шығармасынан алынғанын табыңыз:

Қыранша өмір сүргенің –

Қандай бақыт!

Қандай бақыт –

Қыранша өле білген

  1. Ә.Тәжібаев

  2. Қадыр Мырза Әли

  3. Ж.Молдағалиев

  4. Т.Жароков

  5. С.Сейітов

  1. Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясының кейіпкерлерін атаңыз.

  1. Хәкім, Әлібек, Әділбек

  2. Базаралы, Дәркембай, Бөжей

  3. Әбдірахман, Ғали, Оспан

  4. Ахмет, Нұрым, Омар

  5. Шернияз, Мамырбай, Балташ

  1. С.Сейітовтың «Өлең өлкесінде» атты жыр жинағы қай жылы жарық көргенін белгілеңіз:

  1. 1960ж

  2. 1980ж

  3. 1984ж

  4. 1986ж

  5. 1971ж

  1. Берқайыр Аманшин қай жылы дүниеге келгенін белгілеңіз.

  1. 1924ж 11 қараша

  2. 1921ж 12 желтоқсан

  3. 1918ж 6 қазан

  4. 1931ж 17 қаңтар

  5. 1925ж 15 тамыз

  1. Б.Аманшиннің жыр жинағын белгілеңіз:

  1. «Байқоңыр баспалдақтары»

  2. «Жұлдыз жарығы»

  3. «Мотор жыры»

  4. «Құлыншақ көктем»

  5. «Жылқылы ауылда»

  1. Т.Жароковтың туған жерін белгілеңіз:

  1. Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылы

  2. Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы

  3. Жәнібек ауданы, Жетібай ауылы

  4. Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы

  5. Ақжайық ауданы, Өлеңті ауылы

  1. С.Сейітовтың өлеңін белгілеңіз:

  1. «Тастағы жазу»

  2. «Қолтаңба»

  3. «Ана»

  4. «Жылқышы ауылда»

  5. «Күйші»

  1. Т.Жароковтың «Тасқын» поэмасында арқау болған оқиғаны белгілеңіз:

  1. Желтоқсан оқиғасы

  2. Ұлы Отан соғысы

  3. Есік көлінің толуы

  4. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

  5. Ұлт – азаттық қозғалыс

  1. Ж.Набиуллиннің қай өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз:

Сезімдердің тұрғанда көзінде күз,

Сәл кідірсек, оны жай төзім деңіз.

Ескерткішке алмақпыз қоштасарда,

Екі бөліп өмірдің өзін де біз.

  1. «Тең бөліс»

  2. «Сурет»

  3. «Орынсыз өтініш»

  4. «Жер мен көк»

  5. «Алғашқы әңгіме»

  1. Үзіндінің кімнің өлеңінен алынғанын табыңыз:

Тудырып пікір таласын,

Жайым жоқ елді екшемек

Бөлмеймін қазақ даласын,

Жетісу, Жайық, Көкше - деп

  1. С.Әбуғалиев «Кіндік жұрт - Қазақстаным»

  2. Қ.Жұмағалиев «Беймаза бақыт»

  3. А.Бақтыгереева «Сүмбіле»

  4. Қадыр Мырза – Әли «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

  5. Ж.Молдағалиев «Мен - қазақпын»

  1. «Ақ жаңбыр», «Қасқағым» кімнің туындылары екенін белгілеңіз:

  1. Ж.Молдағалиев

  2. Х.Есенжанов

  3. Қадыр Мырза Әли

  4. Қ.Жұмағалиев

  5. Ж.Набиуллин

  1. Қ.Жұмағалиевтың алғашқы өлеңдер жинағы қашан жарық көргенін табыңыз.

  1. 1964ж

  2. 1968ж

  3. 1970ж

  4. 1975ж

  5. 1980ж

  1. Қ.Жұмағалиевтың балаларға арналған өлеңдерін айтыңыз:

  1. «Дос құшағы»

  2. «Журналист»

  3. «Соқыр қыран»

  4. «Ана»

  5. «Шалкөде жайлауы»

  1. Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз:

Пенде емес малын санап, жатар шөгіп,

Жез таңдай ән мен жырды қатар төгіп

Сыймаған бір ауылға сері Мұхит

Жиірек кетеді екен сапар шегіп.

  1. А.Бақтыгереева «Айнамкөз»

  2. Қ.Жұмағалиев «Беймада бақыт»

  3. Ж.Набиуллин «Ақ жаңбыр»

  4. Қадыр Мырза – Әли «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

  5. Ж.Молдағалиев «Ар – ұят туралы»

  1. Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз:

Жайығым, саған келем мен,

Өзіңдей мөлдір өлеңмен.

Қуанышыңмен және де

Мұңыммен жырға бөленген.

  1. Б. Аманшин «Жылқылы ауылда»

  2. Қадыр Мырза Әли «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

  3. А. Таубаева «Жайығым, саған келем мен»

  4. Т.Жароков «Күз»

  5. Қ. Жұмағалиев «Дос құшағы»

  1. «Жайықтың ақ шағаласы» атанған қазақ ақын қызы кім?

  1. А. Таубаева

  2. А. Бақтыгереева

  3. Ф. Оңғарсынова

  4. К.Ахметова

  5. Ж.Мусина






























Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. С. Қирабаев «Жайық жыршысы». 2-том. Алматы-1992ж

  2. Б. Базарбаев, Ж. Молдағалиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. 9-том. Алматы,2005ж.

  3. Қ. Жұмағалиев «Жүрегімнің бөлшегі». Өлеңдер жинағы. Алматы, 2004 ж

  4. Қадыр Мырза Әли «Еңіреп өткен ерлер-ай». Өлеңдер жинағы. Алматы, 2004ж.

  5. Қадыр Мырза Әли «Мәңгі майдан». Алматы, «Жазушы» 2001ж

  6. А. Таубаева «Жайықтың ақ самалы». Алматы «Жас Қазақ» 2001ж

  7. А. Таубаева «Нұр апасы Жайықтың». Орал, 1998ж.

  8. Гүлнар Айсағалиқызы «Сағындық –ау Сағатты». «Орал өңірі» газеті.

2003 ж 22 ақпан.

  1. Т.Жароков Таңдамалы шығармалары.

  2. А. Нәріков «Өлеңмен өткен өмір». «Орал өңірі» 25 қыркүйек, 2008 жыл

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2006ж №9.

21


30 Қаңтар 2019
956
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі