Материалдар / Жусан –өсімдігінің ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жусан –өсімдігінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жусан –өсімдігінің ерекшеліктері" атты ғылыми жоба
Авторы:
21 Желтоқсан 2023
514
28 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Жусансай» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Жусан –өсімдігінің ерекшеліктері»


Авторы: 6 а - сынып оқушысы Абдулла Ерсаят Жаңабайұлы




Бағыты: Химия-биология

Секция: Жаратылыстану



Жетекшісі: Дарибаева Акнур Корганбаевна






2022-2023 оқу жылы


Мазмұны

1.Кіріспе.

1.1.Қысқаша сипаттама......................................................................... 1

1.2. Тарихы ................................................................................................2

2.Негізгі бөлімі. 

2.1. Түрлері..............................................................................................3-4

2.2. Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері.................................. 5-6

2.3.Жусанның адам үшін маңызы......................................................7

2.4.Жусанның биологиялық құрамы.................................................8

3.Қорытынды. ----------------------------------------------------------10

3.1.Тәжірибе жасау...................................................................................9

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................12



















Кіріспе

1.1.Қысқаша сипаттама


Табиғат адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған. Адам оны қорғап, терең зерттеп, көркейте алады , бірақ ол табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат дегеніміз - біз өмір сүретін жер, орман, өсімдіктер және жануарлар әлемі, бірақ сөзбен айтқанда бүкіл әлем.

Табиғат - тіршілік атауының құтты қоныс мекені. Алтын ұя, қоршаған ортасы. Табиғат байлығы - адамзат өмірінің баға жетпес байлығы. аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерепияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор. Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр деген халақ даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын ролі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Алғаш рет қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды. Ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар - ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырып, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп атайды. Ол- денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.


1.2. Тарихы

Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады.

Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жат жұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз да ақиқатты аңғартса керек.

Тұнып тұр ғой түз деген,                       

Жусан болып мың аңыз..                        

Сондықтан да біз деген

Жусан аңқып тұрамыз..

Темірхан Медетбек

Асқан батырлығымен Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымызды  алдырып ішкен деген тарихи деректер де сақталған.










Негізгі бөлім


2.1 түрлері


Жусан — күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі — тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дермененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан - құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.












- Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Жусан өсімдігі гүлдеп тұрған кезінде нағыз күшіне енеді. Осы кезде оны сабағымен кесіп алып қайнаған суға тұндырады. 10 литр суға 2-3 кг жусанды бұқтырады. Жусаннан жасалынған тұнбаны жеміс ағаштарына түсетін құрттарға қарсы қолданады. Әсіресе алма, алмұрт, құлпынай, бүлдіргендердің жемісі пісе бастаған кезде олардың бір шетін үңгіп жеген жәндіктерді көзіңіз шалмайды. Бірақ жемістер жартылай зақымдалып, тіпті жеуге жарамсыз болып қалады. Сол үшін де осы тұнбаны жемістер гүлдеп болып, түйін салған уақыттан бастап аптасына бір рет өсімдіктерге шашып тұрсаңыз еш зиян етпейді.

Жусан деп ел атаған,                                Шөлге берік өскелең.

Шөп ол бойы жатаған.                             Дәрі – түбір бұтағы,

Дауылға, желге көшпеген,                       Жусан – қырдың жұпары.

(Бағдат Айтмұқаева)

Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық сағыныш  сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға бала кезден сіңіп қалған салиқалы  еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар десеңізші!...

Қаптап қырда шығатын,                              Көп шөп демей, жусанды

Иісі мұрын жаратын,                                   Біліп ал, шын атын...

(І. Шұғаев)

Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Дүниежүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі, оның 81 түрі еліміздің далалы, шөлейтті және шөлді өңірлерінде өседі. Олардың сабақтарының биіктігі жеке түрлеріне сәйкес 10-60 см, кейде 1,5-2 метрден асады. Сабақтары көбіне тік, кей түрлерінің сабағы жерге жайылып өседі. Қауырсын пішінді жапырақтары сабақтарына кезектесіп орналасқан және олардың жиектері тілімденіп келеді. Кей түрлерінің жиектері біркелкі тұтас тілімденбеген. Ұсақ гүлдерінің түсі ақшыл, сарғыш.Тамыз- қыркүйек айларының аралығында гүлдейді.


2.2.Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері.

Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.

Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.

Ойыма ащы мұң салар                             

Қапаланып тұрсам бір-                            

Жусан – күй мен жусан - ән,

Жусан сөз бен жусан – жыр...

Темірхан Медетбек.

Мал қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от» деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым жасаған. «Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес.

Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.

Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деп есептеген.

Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. 
Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді.

Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.
Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады. 
Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.

«Ермен – жанға дәрмен», «Ермен жеген ер өлмес» деген нақыл сөздер дермене жусанының шипалық қасиетін  бірден-ақ аңғартып тұр.  Ертеде бабаларымыз дәрмене жусанын шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі.

Дермене жусанының шипалық қасиетінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы  Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып,  ішек құртын түсіруге қолданған.  Ол дүниежүзіне сантонин шығаратын бірден-бір зауыт болды. Кейін дерменеден эфир майы т.б. препараттар алына бастады.

Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген.

Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.






2.3.Жусанның адамдар үшін маңызы.

АҚШ-тың Калифорния шта­тындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады.

Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.

Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтықан. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жі­береді.

Тұтастай алғанда, зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының рак жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деген зерттеу авторлары.

Жусан туралы мақал-мәтелдер:

  • Жусан саттым, шөп саттым, шөп сатсам да, ұқсаттым.

  • Бір қозы туса, бір жусан артық шығады.

  • Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме.









2.4. Жусанның биологиялық құрамы

Ол улы шөп тамырларды аса сақтық пен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға шақыртқанда, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәрілерін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкізіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қажының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан Сартай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:

... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді, 
Құнекеңе шипалы ем тауып еді. 

Ажалдан Құнанбайды 
алып қалды, 
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді... 
Құнекен сыйға тартқан сол биені, 
Сусынға неше жылдай сауып еді. 
«Емші» өсімдіктер тарихынан

Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық қасиетіне желден біліп, пайдаланған.






3.1.Тәжірибе –зерттеу жұмысы.


Тәжірибе жасау барысында осы өңірде кездесетін «Ащы жусан» түріне тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргіздік, бұл жұмысты 2021 жылдың шілде айынан бастадық, өйткені тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді, сондықтан емдік қасиеті жойылады екен деген деректер бар. Теориялық мәліметтер біраз болғандықтан, адамның өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтағымыз келді. Сол себептен жусанның бұл түрі бізді өте қызықтырды. Гүлдемей тұрған кезде жапырақтарын жинадық.Зерттеу барысында біз иісіне де назар аудардық, өйткені иісі өте өткір болды.

Жусан жапырақтарын ұсақтап кесіп,оларды 2 жұмадай кептіріп, содан кейін этил спиртін қосып тұнба жасадық.Ол тұнба 1 ай тұрды. Үлкендер айтып жүретін тіземіз басқызбайды, нені ғана қолданбадық әртүрлі жақпалар жақсақ та, әсері тек бір ғана күнге ғана әсері бар деп. Бұл жусанды зерттеуге таға да бір түрткі болды. Әрине бұл зерттеу жұмысты үлкендердің көмегімен ғана іске асырдық.Содан кейін әжелерімізге ұсындық.Тізелеріне 2 айдай жағып отырдық. Желтоқсан-қаңтар айларында әжелеріміз өздерін бір шама жақсы сезінгендерін айта бастады. Қаңтар, ақпан қолданған жоқ, наурыз айынан тағы қолданды, сонда байқағанымыз емдік қасиеті 2 жұмада біліне бастады, осыдан нені байқауға болады? Тұнба неғұрлым көбірек тұрса, соғұрлым емдік қасиеті зор болады. Міне, жусан өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы бар екеніне тағы біл дәлел қосылды.


Жусанның ем боладын аурулары және қолданулуы.


Иммунитет көтеруде: 500гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек жаңғағымен араластырып ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1 ай ішу керек. Демікпеге жас жусанды езіп шырынын күніне үш рет әр ретте 5мг ішеді.


Қорытынды


Денсаулығымыз мықты болуы үшін батпаңдап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасын қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да ат салысамыз.

Міне, емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтайды. Дәрілік өсімдіктер жаңға шипа, дертке дауа болады.

Жусан әсемдігімен көздің нұрын алады. Гүлдеуі өте сирек. Бірақта жұмыс жасау барысында ұққаным өсімдік жұмысына байланысты сауалнама жүргіздім. Жусанды сыныптастырымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманның дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп, өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.


Қорытындылай келе, жусан өсімдігін зерттеу нәтижесінде ұсынарым:









Ұсыныстар


1.Жусан өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, олармен күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын.

2.Жусан өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістерімен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.

3.Жусан өсімдігінің емдік қасиетін ескере отырып, сауықтыру орындарында көптеп өсіру жүзеге асырылса.




















Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!