Материалдар / "Кабельдік жүйе және оның түрлері" тақырыбында дәріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кабельдік жүйе және оның түрлері" тақырыбында дәріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Кабельдік жүйе және оның түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2020
906
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс №5


Пән: Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар

Сабақтың тақырыбы: Кабельдік жүйе және оның түрлері


  1. Кабельдік жүйе

Қазір компьютерлік желілердің басым бөлігі кабельді қолданады. Олар компьютерлер арасындағы сигналдарды беру жұмысын атқарады.

Көпшілік желілерде кабельдің 4 негізгі түрі қолданылады:

  1. коаксиалды кабель;

  2. экрандалмаған ;

  3. экрандалған ;

  4. оптикалық талшықты.



Коаксиалды кабель.

Коаксиалды кабель кабельдің көп тараған түрі. Бұл екі түрлі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол қымбат емес, жеңіл, иілгіш және қолдануға қолайлы. Екіншіден, коаксиалдық кабельдің кең тараған себебі оны орнату кезіндегі қауіпсіздігінің қарапайымдылығында.

Коаксиалды кабель мыс жіптен, оны қоршаған ортасынан оқшаулау, металды орау мен сыртқы қап түріндегі экранннан тұрады. (№1 сурет)


Сурет 1. Коаксиалды кабельдің құрылымы

Өткізілетін жіп (жила) және металды орау бір біріне тимеуі тиіс, әйтпесе айқас тұйықталу (замыкание) болады, кедергілер жіпке еніп, мәліметтер бұзылады. Кабель сыртынан резинамен, тефлонмен немесе пластикамен өткізбейтін қабатпен жабылған. Коаксиалды кабель кедергілерге қарсы тұра алады, онда сигналдардың өшуі бұралған жұпқа қарағанда аздау.

Өрілген орау қабығы сыртқы электромагниттік сигналдарды жіп бойынша беріліп жатқан мәліметтерге әсер етуге мүмкіндік бермей сіңіреді, сондықтан коаксиалды кабельді алыс қашықтыққа беруде қолдануға болады.

Коаксиалды кабельдердің екі типі бар:

  1. жіңішке коаксиалды кабель;

  2. жуан коаксиалды кабель.

Қандай да болмасын кабель типін таңдау нақты желінің қажеттілігіне байланысты.

Жіңішке коаксиалды кабель

Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см иілгіш кабель. Ол пайдалануда қарапайым, ол компьютердің желілік адаптер платасына тікелей қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель сигналды қашықтығы 185 м дейін бере алады.(сурет №2)

Сурет 2. Жіңішке коаксиалды кабель

Жуан коаксиалды кабель

Қалың коаксиалды кабель диаметрі шамамен 1 см қатты кабель. Кейде оны «стандартты Enternet» деп атайды, өйткені ол Enternet желілік сәулетінде қолданылатын алғашқы кабельдің типі болды. Осы кабельдің мыс жібі жіңішке коаксиалды кабельмен салыстырғанда қалыңдау.

Кабельдің жібі қанша үлкен болса, сонша ара қашықты сигнал игеруге қабілетті. Яғни, жуан коаксиалды кабель жіңішкелерден гөрі сигналды алысқа бере алады, 500-м дейін, сондықтан кейде жуан коаксиалды кабельді магистрал ретінде пайдаланады. (Сурет №3)


    1. Сурет №3. Жуан коаксиалды кабель


          1. Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру

Кабель қанша жуан болса, онымен жұмыс істеу соншама қиын болатыны заңдылық. Жіңішке коаксиалды кабель иілгіш, орнатуы да қарапайым және қымбат емес. Жуан кабельді иіу қиын және осыған сәйкес оны орнату да қиындау. Жуан каоксиалды кабель жіңішке кабельден қымбатырақ, бірақ ол сигналдарды алыс қашықтыққа береді.

                  1. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық

Жіңішке каоксиалды кабельдерді компьютерлерге қосу үшін BNC-коннектор қолданылады. Бұл конекторларының бірнеше түрлері бар:

  1. BNC-коннектор. BNC-коннектор кабель соңында қысылады.

  2. BNC Т-коннектор. Т-коннектор желілік кабель мен комьютердің желілік платасын қосады.(сурет №4)

ВNC- конектор ВNC Т - конектор

    1. 4 сурет. Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық


Экрандалмаған кабель

Экрандалмаған кабельдер қазіргі таңда кең қолданылатын кабельдің түрі, максималды ұзындығы 100 м құрайды. Бұл кабельдер әсіресе ғимараттардың ішкі бөлігінде тартылатын кабельдің түрі(сурет№ 5).

Сурет №5. Экрандалмаған кабель


Экрандалған кабель

Экрандалған кабельдердің ішкі бөлігінде мыс орауы бар, сонымен қатар өткізгіштер жұбы фольгамен оралған. Экрандалған кабельдер берілетін мәліметтерді сыртқы бөгеуілдерден қорғайтын тамаша оқшаулауыштарға иеленеді. Бұл кабельдер көбіне ғимараттардың сыртқы бөлігінде және бір ғимарат пен екінші ғимараттарды қосуға өте ыңғайлы (сурет№6).

Сурет 6. Экрандалған кабель


Кабель жүйесінің компоненттері

Қосқыштар (connectors). Конекторлардың ең көп таралған мынадай түрлері бар, олар RJ -11, RJ-12, RJ-45. Экрандалған және экрандалмаған кабельдерді компьютерге қосу үшін RJ-45 коннекторлары пайдаланылады, олардың сегіз қатынасы бар, ал RJ-11, RJ-12 конекторлары телефон желілері үшін пайдаланылатын түрі. RJ конекторларының толық аталуы Registered Jac - қабылдау ұясы деген мағына береді (сурет 7).

Сурет 7. RJ-45 конекторы


Оптикалық талшықты кабель.

Оптикалық талшықты кабель қымбатырақ, олар шыныталшықты кабель деп те аталады. Олар арқылы мәліметтердің таратылу жылдамдығы секундына бірнеше гигабитке жетеді. Мәліметтерді жіберу мүмкіндігі 50 км. астам. Бөгеуілдердің сыртқы әсері жоқ деуге болады. Қазіргі уақытта бұл жергілікті желіге қосылу үшін ең қымбат тұратын кабель түрі. Оптикалық талшықты сызықтар үлкен көлемді мәліметтердің өте жоғары жылдамдықта жылжуына арналған, өйткені олардағы сигналдар өшпейді және бүлінбейді. Оптикалық талшықты кабельді пластикадан жасайды.

Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды тек бір бағытта береді, сондықтан кабель жеке коннекторлары бар екі талшықтан тұрады. Олардың біреуі беру үшін, ал басқасы – қабылдау үшін қызмет етеді.

Егер мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен ара қашықтарға және сенімді орта бойынша жөнелту жоспарланып отырса, оптикалық талшықты кабельді пайдалану керек (сурет №8).

8сурет. Оптикалық талшықты кабель



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!