Т А Н Ы С У
Мақсаты:
-
Балаларда танымдық құзыреттілікті қалыптастыру, өз денсаулығына және салауатты өмір салтының негіздеріне деген саналы қатынасты тәрбиелеу
Сабақ түрі: тренинг
Көрнекілігі: айна, доп
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы
І. «Танысу» жаттығуы
Кәне, балалар, бәріміз ортаға шығайық. Бір-бірімізге қарап жымиып, өз атымызды айтып «Бұл мен - ........» танысайық деп қолымыздағы допты келесі балаға ұсынамыз. Допты алған бала «Бұл мен - ........» танысайық деп қолындағы допты келесі балаға ұсынады
ІІ. Таныстықты жалғастыру
Біз бір-бірімізбен таныстық, енді өзімізбен, өзіміздің дене мүшелерімізбен де танысайық. Таныстықты жалғастыру үшін «Сезім мүшелері» ойынын ойнаймыз
«Сезім мүшелері»
Мақсаты: зейінді дамыту, адамның сезім мүшелері туралы білімдерін толықтыру.
Барысы: Балалар шеңбер құрып тұрады, психолог балаларға адамның сезім мүшелерін атап, түрлі нұсқау береді. Балалар жауап ретінде соған сәйкес сезім мүшелеріне қолдарын тигізу керек. Мысалы, «құлақ» десе, балалар құлақтарын ұстайды. Психолог алдымен тапсырмаларды балалармен бірлесіп орындайды, содан кейін әдейі қателер жібереді. ал балалар мұқият болып, қате жібермеуі керек.
Балалар, сендер бұл ойынды өте жақсы орындадыңдар. Келесі ойында сендер өздеріңнің ойлап тапқан қимыл-қозғалыстарыңды көрсетесіңдер, басқалар оны қайталайды. Сондықтан бір-біріңді дұрыс тыңдап, түсінуге тырысыңдар.
ІІІ. Қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту
«Қайтала» ойыны
Мақсаты: қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту.
Барысы: Психолог балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды.
ІV. Рефлексия
-
Бүгінгі сабақта сендерге қандай ойын ұнады?
-
Келесі сабақта тағы да осы сияқты ойындар ойнағыларың келе ме?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кәне, танысайық!
Кәне, танысайық!
Т А Н Ы С У
Мақсаты:
-
Балаларда танымдық құзыреттілікті қалыптастыру, өз денсаулығына және салауатты өмір салтының негіздеріне деген саналы қатынасты тәрбиелеу
Сабақ түрі: тренинг
Көрнекілігі: айна, доп
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы
І. «Танысу» жаттығуы
Кәне, балалар, бәріміз ортаға шығайық. Бір-бірімізге қарап жымиып, өз атымызды айтып «Бұл мен - ........» танысайық деп қолымыздағы допты келесі балаға ұсынамыз. Допты алған бала «Бұл мен - ........» танысайық деп қолындағы допты келесі балаға ұсынады
ІІ. Таныстықты жалғастыру
Біз бір-бірімізбен таныстық, енді өзімізбен, өзіміздің дене мүшелерімізбен де танысайық. Таныстықты жалғастыру үшін «Сезім мүшелері» ойынын ойнаймыз
«Сезім мүшелері»
Мақсаты: зейінді дамыту, адамның сезім мүшелері туралы білімдерін толықтыру.
Барысы: Балалар шеңбер құрып тұрады, психолог балаларға адамның сезім мүшелерін атап, түрлі нұсқау береді. Балалар жауап ретінде соған сәйкес сезім мүшелеріне қолдарын тигізу керек. Мысалы, «құлақ» десе, балалар құлақтарын ұстайды. Психолог алдымен тапсырмаларды балалармен бірлесіп орындайды, содан кейін әдейі қателер жібереді. ал балалар мұқият болып, қате жібермеуі керек.
Балалар, сендер бұл ойынды өте жақсы орындадыңдар. Келесі ойында сендер өздеріңнің ойлап тапқан қимыл-қозғалыстарыңды көрсетесіңдер, басқалар оны қайталайды. Сондықтан бір-біріңді дұрыс тыңдап, түсінуге тырысыңдар.
ІІІ. Қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту
«Қайтала» ойыны
Мақсаты: қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту.
Барысы: Психолог балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды.
ІV. Рефлексия
-
Бүгінгі сабақта сендерге қандай ойын ұнады?
-
Келесі сабақта тағы да осы сияқты ойындар ойнағыларың келе ме?
шағым қалдыра аласыз













