"Картадағы биіктік пен терендікті бейнелеуі" сабақ жоспары 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Картадағы биіктік пен терендікті бейнелеуі" сабақ жоспары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Картадағы биіктік пен терендікті бейнелеуі

Мақсаты:

Білімділік: Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардыңой-өрісін, өткен тақырыптардан жинаған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Ұсақ масштабты карталарда бейнелену әдістерімен таныса келе география пәніне деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топтық ,практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.


Сабақтың кезеңдері: 

 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі 

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Көңілді смайликтер арқылы топқа бөлу. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

Топқа бөліну.Сабаққа дайындалу.  

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

3. Миға шабуыл

Бортты журнал әдісі (3 мин) Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар,

Ағашы жоқ ормандар,

Суы жоқ  теңіздер,

Бұл не?                           (карта)

Үй жұмысы бойынша тест тапсырмасын алу:

1. Карта дегеніміз не?

А) суретВ) табақС) глобус

2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді:

А) 2 В) 3 С) 4

3. Тақырыптық карталарды тап:

А) топографиялық карталар

В) дүниежүзінің климат картасы

4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді?

А) 3В) 4 С) 5

5. Ірі масштабты картаны тап:

А) 1: 90.000В) 1: 200.000С) 1: 150.000

6. Қандай картаның дәлдігі нақтырақ?

А) топографиялық шолуВ) топографиялық

7. Қандай карталар ұшқыштарға арналған?

А) шолуВ) топографиялықС) топографиялық шолу

                        Карта  туралы бұрыннан не білеміз?


Болжам   Жаңа ақпарат

Оқушылар дәптерлеріне  сосын тақтаға бірінші бағанын толтырады.

4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

Автордың орындығы әдісі.

(20 мин)

2-ші бағанды толтыру үшін топтарға тақырыпшаларды бөліп беру. Оқушылар дәптерлеріне жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара  пікір алмасады, бірге талқылап, оларды түсіндіреді. 

 

Әр топтан бала шығып өз жазғанын автор ретінде сынып алдында оқиды.

4. Рефлексия

 

(5 мин) Атлас пен карталарды пайдаланып

1 топ- Каспий маңы ойпатының биіктігін анықтау

2 топ- Сарыарқаның биіктігін анықтау

3 топ- Солт.мұзды мұхитының Еуразия жағалауындағы тереңдігін анықтау

4топ- Каспий теңізінің тереңдігін анықтау Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. 

5. Сабақты қорытындылау кезеңі 

(2 мин) Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

- Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет?

- Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз?

- Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады?

- Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. 

6. Бағалау кезеңі

(2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай  бағалау парағы бойынша бағалау. Өздеріне лайықты бағаларын қояды. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин) §  13 оқу. 39-40 бет Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі