Кәсіби бағдар беру жұмысы - білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі- білім екендігі дау тудырмайды. Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бүкіл Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының алдында әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез- келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды.
Қазіргі жоғарғы оқу орындарын бітіргендердің 4, 3 бөлігі заңгер, экономист, кеденші мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларға қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша оқу бітіргендердің жұмыс тауып, тұрақты жұмысқа орналасуы екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда, немесе көлік жуу станцияларында жұмыс жасап жүргендері қаншама. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да жақсылап ойланғаны жөн. Әр адам өз мамандығының шебері болу керек.
Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа.
Бүгінгі таңда қай мамандық иелері артылып жатыр? Ешқандай.Егер маман барлық салада жеткілікті болса «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы керек емес болып қалар еді. Бір ғана мысал, 1 С бухгалтер мамандығы бойынша кадр іздеп жатқан фирма, кәсіпорындар көп.
Қазіргі дамыған елдердің соңына түсіп жүрер болсақ, оларды қуып жете алмаймыз.Ол үшін нанотехнология саласын дамыту қажет.Бұл саланың дамуы химиялық, биологиялық,биотехнология сынды ғылымның тармақтарымен өлшенеді.Елімізде осы салаларға мамандарды баулу жұмыстары басталған.Елімізде техникалық мамандығы бар кадрлар тапшы. Мысалы: облыстардағы комбинаттар мен заводтар 5400 орта буынды маманға зәру екен. Сол сияқты ауылшаруашылығының мамандары да аса қажет.Жеке өнеркәсіпті меңгерген адам ешқашан далада қалмайды. Ет өндіретін завод,оған өнімін әкелетін малшы,ал малын емдейтін мал дәрігері, еттің сапасын анықтайтын мекемелер бар. Мұражай ісіне де сұраныс көп.Мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарына да өзіміздің ұлттан шыққан жетік мамандар аса қажет. Химиялық тамақ өнеркәсібінің болашағы да өте зор.Себебі бұл мамандықтарды меңгерген әрбір азаматтың келешекте өзінің жеке өнеркәсібін ашуға мүмкіндіктері мол болмақ. Сондықтан , мектеп бітіруші түлектермен емес, кәсіби бағдар беруде мамандық таңдау бағытын 7- сыныптан бастаған жөн. Әр оқушы «Қандай кәсіп иесі болғанда елге пайдам тиеді?» деген сауал төңірегінде бүгіннен ойланып, қабілетіне сай сапалы маман болуды көздеп, мақсатқа жету бағытын көздесе нәтижелі болады. Кез- келген ұлтты жою атом бомбасын немесе үлкен радиусты зымыранды талап етпейді. Бар болғаны білім сапасын төмендетсе жеткілікті. Сол кезде пациенттер біліксіз дәрігерлер қолынан өледі, ғимараттар біліксіз инженерлер кесірінен құлайды. Әділдік біліксіз соттардың қолынан жоғалады. Білімнің күйреуі- ұлттың күйреуі екені үшін барлық мамандар жауаптымыз.Қазіргі қоғамда кәсіби бағдар беру – жас ұрпақтың өмірлік жолын дұрыс таңдауға бағытталған маңызды үрдіс. Әрбір оқушының болашақ мамандығын саналы түрде анықтауы оның жеке қабілеті мен қызығушылығына, қоғам сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіби бағдар беру жұмысы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.Ендеше, сапалы мамандар даярлау бағытында жанды жұмыстарды қолға алайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кәсіби бағдар беру жұмысы - білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі, мақала

шағым қалдыра аласыз