Кәсіби білім беру жолындағы
еңбек
Қазақстан
Республикасының болашағы зияткерлі тұлғаның заман талабына сай
болып қана қоймай озық дәрежеде болуына тікелей
байланысты.
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі
міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс
жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі
заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи
ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау
кезек күттірмейтін талап.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"
жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі "осы заманғы
білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа
технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге
басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту",-деп
көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси
және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық
мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі,
ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы
жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға
байланысты. Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман
даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның
құзіреттілігін дамыту.Қазіргі кезеңдегі оқытудың
негізгі мақсаты - болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға
тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана
білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті
мәселелерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда
өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға
игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты
талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары
интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осы орайда жеке
тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасының негізгі бағыты
баланы жан-жақты дамытуымен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай
қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды
қарастырады. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның
болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген студент
оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен
бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана
сапалы маман болатыны белгілі. Тараз сервис және технология
колледжінің «Шаштараз» маманының өндірістік оқыту шебері маманы
ретінде кәсіби қызмет жолындағы еңбегімде көптеген шәкірттер
тәрбиелеу жолында қызмет етудемін. Тараз сервис және технология
колледжі 1971 жылы құрылған бұл колледж болашағы зор даму үстіндегі
оқу орны. Қазіргі уақытта колледж заманауи еңбек нарығында үлкен
сұранысқа ие мамандар даярлайтын оқу орны болып табылады. Колледжде
оқумен қатар жеке тұлғаның үйлесімді дамуына және болашақ
аспаздардың, тігіншілердің, шаштараздардың, дәнекерлеуші мен
автокөлік жөндеуші слесардің әлеуетін іске асыруға ықпал ететін,
кәсіби деңгейін арттыратын жағдай жасалынған. Біздің колледж
студенттері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі кәсіби
шеберлік байқаулар мен спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.
Атап айтар болсам, Облыстық Жастар саясаты басқармасы жастар
ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен ПРОФИ-2018 байқауынан
колледж командасы бір бірінші орын, үш үшінші орын, және бір екінші
орын иеленіп, бағалы сыйлықтармен
марапатталды. Жалпы қорытындылай келе, заман
талабына сай жас ұрпаққа сапалы
білім беруде оқытудың ғана емес, мамандық бойынша бағыт
берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа
білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін,
бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып
отырсақ жұмысымыз өнімді болып, студенттердің ақпараттық
құзыреттіліктері жоғарлай түсер еді, деп
ойлаймын.
Өндірістік оқыту
шебері
Оразымбетова Балжан
Хайруллақызы