Материалдар / Кәсіби білім беруде коммуникативті, құзыретті маман даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіби білім беруде коммуникативті, құзыретті маман даярлаудың психологиялық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындауда оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2023
232
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәсіби білім беруде коммуникативті, құзыретті маман даярлаудың психологиялық ерекшеліктері


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру үшін және оны қалыптастыру барысындағы процесті тиімді басқару үшін бұл процестің табиғатын толыққанды біліуіміз қажет. Таңдап алынған обьектіні жан – жақты білудің негізінде ғана оқу- тәрбие жұмысының тиімді жоспарын жасауға, процес барысында дұрыс ықпал етуге, қажетті шаралар жүйесін ыңғайлы ұйымдастыруға көмектеседі.

Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін оқу процесін құраушы негізгі тұлғалардан яғни оқытушы мен білім алушыдан талап етілетін параметрлерді айқындап алу қажет.

1. ХХІ ғасыр студенті қандай болу керек?

2. ХХІ ғасыр оқытушысы қандай болу керек? деген сауалдарға жауап іздейміз.


Педагогикалық процестің құраушы бөлігінің бірі - білім алушылар яғни, студенттер.

Студенттер деп жоғары және кәсіби, арнайы оқу орындарында оқып жүрген 17-18 бен 25-26 жас аралығындағы ұл-қыздардың әлеуметтік қоғамдастығын айтамыз.

Студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері

17-18 бен 25-26 жас аралығын психологияда екінші жастық шақ деп атайды, ересек адамдардың әлеміне кіру шағы. Студент үшін бұл шақ – тұлға әрі жоғары маман иесі болып қалыптасу кезеңі.

Психолог Б.Г.Ананьев студенттік жасты былай сипаттайды: Бұл жаста ахлақтық және эстетикалық сезімдер белсенді дамиды, ересек адамға тән азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбектік функциялардың пайда болып, нығаюы байқалады, мектеп жасынан студенттік жасқа өту уақытында интелектуалды, физикалық күштердің дамып жетілуіне байланысты студенттің сұранысы артады. Бірақ, осы сұраныстарын жүзеге асыру жолында уақыттың, әрі экономикалық мүмкіндіктердің жетіспеуі қайшылықтарды туғызады. Студенттік шақта жастар осы жасқа тән өздеріне деген сенімділігі мен алб ырттықпен көптеген қоғам қабылдаған құндылықтарды, қатып қалған ережелерді, өмір сүру қағидаларын сынай  бастайды. Бұрын күдік туғызбаған мәселелрдің бәрін қайтадан, басынан сын көзбсн қарастыру - студенттерге тән ерекшеліктердің бірі болып табылады. Студенттің білімін терендететін ақпарттың көптігі және бұл ақпаратты игеруге уақыттың жетіспеуі — өз өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге білім мен ойлау ісіндегі үстірттілікке әкеледі.

Заман ағымына сай, уақыт өте келе осы оқытушылардың білім беріп, тәрбиелейтін білім алушыларда заманға сай өзгеріс бар. Ол өзгеріс бізге заманның талабымен, әлемдік ағыспен келіп жетті. Қазргі таңда біз білім беріп жатқан жастар кімдер, қандай ерекшіліктері бар? деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Бұл сұраққа жауап беру үшін «ұрпақтар теориясын» талдап көрейк. Бұл теорияны америкалық ғалымдар Нейл Хоув пен Вильям Штраус 1991 жылы ойлап тапқан. Хоув пен Штраус теориясы әрбір буынның психологиясы, болмысы, қоғамдық, саяси көзқарастарына өз заманының құндылықтары, тәрбиесі, үй ішіндегі тәрбиесі әсер етеді деп пайымдайды. Себебі әрбір буынға, ұрпаққа сай көзқарастар мен құндылықтар жиынтығы сай келеді. Әр заманның өз модасы, әдебиеті, мәдениеті бар. Осы теорияға салатын болсақ, бүгінгі Қазақстанда бірнеше ұрпақ өкілі ғұмыр кешіп жатыр:

Үнсіз ұрпақ (1923-1943 жылы туғандар).

Бэби-бумерлер ұрпағы (1943-1963 жылы туғандар)
Х-ұрпақ немесе Белгісіз ұрпақ (1963-1983 жылдары туғандар)
Ү-ұрпақ немесе Желі ұрпағы немесе Миллениумдер (1983-2003 жылы туғандар)

Z-ұрпақ (2003-2023 жылдар арасында дүниеге келгендер)

Біздің колледждің студенттерінің жас мөлшерлері Ү- ұрпақ өкілдеріне сәйкес келеді. Ү-ұрпақ немесе Желі ұрпағы немесе Миллениумдер (1983-2003 жылы туғандар).

Ұялы телефондар мен интернет бұл буын үшін күнделікті, үйреншікті дүние. Басты ерекшелік – бұл ақпараттың қолжетімділігі. Ақпараттар ағыны мен оның қайнар көздерінің саны, санауға мүмкін болатын мөлшерден асып кетті.
Миллениалдарға ақпараттық технологияларды дамуы және жаппай ақпаратқа қолжетімділік, оның ішінде музыка, фильмдер мен кітаптар, сондай-ақ дүниенің кез келген бұрышынан келген адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі ерекше әсер етті. Олардың ерекше белгісі – өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Жұмыста және оқуда Y ұрпағының өкілдеріне икемді жұмыс кестесі мен креативтілік маңызды. Миллениалдар кәсіби өсуді төменгі сатылардан бастап бірнеше жыл өсуді күтуге машықтанбаған. Миллениалдар жұмысты өмірге бейімдегіштер. Басты құндылықтары: Бұл ұрпақ үшін маңызды дүние бірден пайда көру, табысқа бірден ие болу. Бұлардың құндылықтары әлі де қалыптасып жатыр.

Олардың мақсатқа жету  мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Дегенмен бұл жетіспеушілікті ақтап алуға болады.  Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес. Y ұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен,  білімге деген ынтасымен ерекшеленді.

Тренинг:

Оқытушы

Жоғарғы және кәсіптік білім беретін оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, студенттер. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын.

Оқытушы информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, ізденуші, зерттеуші, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл, психолог, интелигент, көшбасшы болуы керек.

Қазіргі білім алушы жастардың жоғарыда айтып өткен өзіндік ерекшеліктерін ескерсек, оқытушы сапалы білім беру процесін тиімді ұйымдастыра алуы үшін қалай әрекет етуі керек?!Қалай оқыту керек?! Неге назар аудару қажет?!

Қазіргі біздің шәкірттер ақпараттық ғасырдың куәгерлері. Егер бұрын барлық сұрақтарға жауапты – жаялықтан бастап мектеп бағдарламасына дейін – әжелер білетін болса, қазір оның орнын Google иеленді. Ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік барда ол үшін кітапты ақтаруға тырыспайды да. Бұрынырақта еркелігі ұстаған балаға: «әдемі жаза алмасаң, ертең өскенде, дос­тарыңа хат жаза алмайтын боласың!» дейтін. Қазір мұндай тәрбиеге жол жоқ. Өйткені компьютер пернесін теретін ба­ла үшін әдемі жазудың қажеттілігі қалып бара жатыр. Болмаса кітап оқуға баулу. Мұнда да үйде ин­тернет тұрғанда, дүкеннен кітап алу - баланың басына сыймайды. Немесе суденттер конспект жасауға асықпайды себебі ол ақпараттың интернетте бар екенін біледі. Бұл да – оқыту мен тәрбиелеу формасын жаңа­лау қажеттігі туғанын көрсетеді.

Жалпы «ұрпақ теориясынан» бөлек бұл ерекшеліктерді адамның өскен ортасы, алған тәрбиесі мен мінезіндегі ерекшеліктер толықтырады.

Студенттерге терең сапалы білім беру үшін төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

  1. Оқытушы пәнді өзі жетік терең біліп, оны студенттерге жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

  2. оқытушы студенттердің жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр студенттің жүрегіне жол таба білуі қажет.

  3. Оқытушы әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.

  4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.

  5. студенттердің есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.

  6. сабақта студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.

Сонымен, болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге психологиялық мәселе. Сол себепті білім беру нәижелі болуы үшін оқытушы назар аудары тиіс маңызды психологиялық пункттер:

1) оқу материалдары адам психологиясына зор талап қояды. Себебі, шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет, сондықтан білім алушының жеке қабілетін ескеру маңызды.

2) оқытушы тарапынан жылылықты сезіну студенттің өзінің «керектігін», өмірдегі орнын, орнықтылықты сезінуіне мүмкіндік береді;

3) студенттерді оқу процесіне тартудың психологиялық жолы - оқытушының студенттермен байланыс орната білуінде;

Осы аталған, ережелерді, педагогикалық түрлі әдіс-тәсілдерді оқыту процесінде жүзеге асыру үшін оқытушының коммуникативтік құзыреттілігі жоғары болуы тиіс. Себебі барлық іс-әрекет, барлық сала адам аралық қатынастан, адамдардың бір-бірімен түсінісуінен тұрады.

Қарым - қатынас дегеніміз — екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нəтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара əрекеттесуі.

Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы  «competens»  белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде белсенді шешім шығара алады дегенді білдіреді»

«Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Eгер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды.

Коммуникативтік құзыреттілік (лат. соmpetere — «қол жеткізу», «сəйкес келу» сөзінен шыққан) — балалар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, міндеттердің тіл арқылы шеше білу, адамдармен тиімді қатынасты орната білу жəне өзін ұстай алу қабілеттілігі. Егер оқытушы білім алушылармен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мəдени дəстүріне сəйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені болып саналады.

Дəлірек айтқанда, коммуникативтік құзыреттіліктер келесідей компоненттерден тұрады:

  • коммуникативтік тəртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педагогика жəне психология, конфликтология, логика, риторика, мəдениет жəне сөйлеу аймағындағы білімі);

  • коммуникативтілік жəне ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты жəне жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау жəне түсіну негізінде психологиялық əсер ету, қоршаған ортамен жəне оқшауланған адамдармен біріккен іс-əрекет кезінде белсенді əрекет жасау);

  • эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу т.б.);

  • өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің жəне өзінің мінез-құлқын реттеу алу іскерлігі, əңгімелесушіні модельдей алу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым- қатынасты болжай алу);

  • вербалды жəне вербалды емес қарым-қатынас мəдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, дəлелдеу техникасын жəне келісім-шарттарды жүргізу, кəсіби педагогикалық əдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мəдениетін меңгеру, вербалды емес құралдарды қолдану).

Қазіргі білім алушылардың осал тұстары қарым-қатынастан, тілдесуден қалыс қалуы. Себеп белгілі, ата-ана, дос, туыс барлығы дерлік әлеуемттік желі әлемінде. Сондықтан олар да сол әлемге енуге мәжбүр болды. Қарым-қатынасты сол жақтан іздейді. Студенттік кезеңнің ерекшелігін еске түсірсек бұл жастағылар еліктегіш, икемді болып келеді. Егер оқытушы оқыту процесінде үнемі коммуникативтік құзыреттіліктің осы аталған компоненттерін басшылыққа алса білім алушылардан талап етілетін нәтижені көре алады. Сонымен қатар,

білім алушыларға үлгі болатын, тікелей байланыс

құратын негізгі тұлға

білім алушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап, оны оқыту процесінде тиімді әрі сәйкес қолдануды ұйымдастыра алатын


білім алушыларды қабілеттеріне сай топтастырып, олардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыра алатын


оқыту процесінде білім алушылардың өзара қарым-қатынас әрекеттестігін ұйымдастыра алатын


Қазіргі оқытушы:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Білімді, іскер, шебер болу керек;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Нәзік психолог.

Қазіргі студент:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Іздемпаз, талапты, шығармашыл;

  • Толерантты;

  • Өз алдына мақсат қоя білу керек

Біздің басты мақсатымыз – сапалы біліммен сусындаған білікті, құзыретті маман даярлау.

Олай болса бүгінгі айтылған ақпарат «Әдемі айтылған сөз емес, нәтижелі әрекетке айналсыншы» деген тілекпен мынадай челлендж ұсынғым келеді.

"Челлендж" деген не?

Челлендж (Challenge) ағылшын тілінен аударғанда біреуге үндеу тастау, белгілі бір іс-әрекетке шақыру дегенді білдіреді.

Әдетте виртуалды челлендждер бір адам жасаған іс-әрекетін видеоға түсіріп, көп халықтың назары шоғырланған платформаларға жүктеуі немесе бейнежазба соңынан өз достарын сол әрекетті қайталауға шақыруы арқылы іске асырылады. 

Мен бір студенттің (Еслаева Нурайна ГЭ11) оқу белсенділігін, үлгерімін өзгерту үшін студенттің неге қабілеті басым екендігін анықтап, сол арқылы оның топтаға дәрежесінін көтеруді жоспарладым.Алдымен жеке жауап алуға тырыстым, нәтижесі төмен. Топтық тапсырма мәтінді талдау, әркім өз пікірін білдіру керек деген тапсырма бердім, сол кезде де ол студенттің белсенділігі ораша болды. Келесі бір сабақта ол студент топтық тапсырма кезінде өзінің сурет салатын қабілеті бар екенін көрсетті. мен оның бұл қабілетіне таң қалып, мақтадым. Кейін сол қабілеті туралы жеке сөйлестік, сабақтарда мысал келтірдік. Келесі сабақта ол студент өзі сұранып сабақ айтты және әдеттегіден сенімдірек, жүйелі түрде өз ойын баяндай алды.Кейінгі сабақтарда өз еркімен сұранып, сабақ айтуға дағдыланды. (Қарым-қатынас құру және жеке қабілетін ескеру арқылы).







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ














Семинар-тренинг

(Колледішілік оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік семинары)


«Кәсіби білім беруде коммуникативті, құзыретті маман даярлаудың психологиялық ерекшеліктері»
















.

Құрастырған: педагог-психолог А.С.Муктарова








Орал қаласы, 2020 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!