КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамның басты мәселесі - халқымыздың тағылымды тәрбиесі мен әлемдік озық тәжірибеге негізделген, тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған жаңа мазмұндағы білім беру стратегиясына көшу. Елбасымыздың сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу».
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі ұстаздардың алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Қазіргі қоғамның басты мәселесі - халқымыздың тағылымды тәрбиесі мен әлемдік озық тәжірибеге негізделген, тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған жаңа мазмұндағы білім беру стратегиясына көшу. Елбасымыздың сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу».

Егеменді еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем етіп, оны әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамытатын бүгінгі бала - ертеңгі азамат деп сенім артатындықтан білімді, саналы азамат тәрбиелеу ұлттық білім беру жүйесінің алдында тұрған ұлы міндет. Сапалы білім - ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті қоғам болуға апаратын бірден-бір жол. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары, жаңа педагогикалық технологиялары бар. Осы жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру және оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру - мұғалімдерге қойылар басты міндеттердің бірі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу туралы жақсы айтылған.

Жаңа технологияны оку-тәрбие үрдісінде қолдануды «Инновация» дейді. «Инновация» латыншадан аударылғанда «жаңа, жаңалық, жаңарту» дегенді білдіреді. Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ғалымдардын көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Қазақ тілінде алғаш анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек кызметі», - деп жазады. Жаңа технологияның басты ерекшелігі мақсатқа жетуге мүмкіндік беруі, оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті, оқушынын даму процесі негізінде анықталган накты мақсаты ғана педагогикалык технология құрылымын түсінудің кілті бола алады. Ал, оның басты проблемасы - мұғалімнің мақсатына жетуі үшін тиімді тәсілдерді таңдай білуі.

Қазіргі сабақтың, әсіресе, дәстүрден тыс сабақтардың түрі де, әдіс-тәсілдері де көп. Оның қайсысын таңдап алсақ та, сабақ үрдісінде педагогика ғылымының даму тарихында дәлелденген дидактикалық негізгі талаптары мен сабақтың құрылымы қатаң сақталуы керек. Ең бастысы, күнделікті сабақта бор мен тақтаны, оқулықты пайдалану арқылы да, оқушы көркем мәтінді жанымен, жүрегімен сезіне алатындай дәрежеде сабақ өткізгенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі - тек стандартта берілген білімді меңгерту ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы қалыптастыруға, шығармашылық қажеттіліктерін толықтыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы.

Бұл технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: оқушыларға ізгілік тұрғысынан қарау, окыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі болып табылады.

Жаңа технология әдістерін қолданудан шығатын нәтиже:

  • оқушының окуға деген қызығушылығы артады;

  • өзіне деген сенімі қалыптасады;

  • оқушы мен оқытушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;

  • өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктейді;

  • мақсатқа өз бетімен ұмтылады;

  • ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекеті қалыптасады;

  • өз білімін бағалай біледі;

  • іскерлік дағдысы дамиды.

Бұдан шығар қорытынды: жаңа технология тек білім негіздерін беріп қана қоймай, оқушыны замана жүгін арқалауға қабілетті тұлға ретінде дайындайды.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен, қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленеді. Айталық, сатылай комплексті талдау грамматикалық материалды терең меңгертіп, лекцияның мол байлығын, сөз өрнектерінің сан қилы сырын әр сөздің астарын ашып көрсете отырып, өмірдегі әр алуан мәселелерге барлай-бағдарлай қарап, өз бетімен шешуге тәрбиелесе, деңгейлеп саралап оқыту технологиясында мықтылар өз қабілеті мен икемін бекіте түссе, әлсіздер өзіне сын көзімен қарауға дағдыланып, сенімсіздіктен арылып белсенділігі арта түседі. Сол әдіс-тәсілдерді іріктеп алуда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деген пікіріне сүйенген жөн деп ойлаймын. Өйткені, әр әдіс-тәсілді қолдануда ескерілер жайттар да жоқ емес. Олар:

1. Мемлекттік стандарт талаптары;

2. Білімнің түпкі нәтижесі;

3. Оқушының жас ерекшелігі;

4. Оқушының қабілеті;

5. Оқушының қабылдау деңгейі;

6. Оқушының білім деңгейі;

7. Оқу материалы мен оку үрдісіндегі үйлесімділік;

8. Жүйелілік.

Осыларды ескере отырып оқытудың жаңа технологиясын пайдалануда кәсіби дамуды былайша жүйелегенді жөн санадым:

  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу, жоғары мәдениетті және білімді болу;

  • өз мамандығын педагогикалық тұрғыда толық меңгеру, ғылыми-практикалық дайындықпен келу;

  • өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді қолдана білу;

  • оқытуды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау;

  • оқытудың жаңа әдістерін зерттеп, сабақта қажеттісін білім және тәрбие беру тұрғысынан дұрыс таңдау;

  • оқушыға айтқанға жүретін «объект» деп қарамай, бойындағы күш-қуатын, барша қасиетін шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мән беру;

Ойымды аяқтай келе қазақ тілі мен әдебиетін жаңа технологиямен оқыту мәселесіне байланысты мынадай ұсыныстар айтқым келеді: оқытудың тиімді әдістемелері, оқытудың жаңа технологиялары бойынша жасалған зерттеулер, пайдалы ұсыныстар баспа беттерінде кеңінен жарияланса; осы пәндер бойынша тереңдетілген кластарға жаңа технологияны енгізе отырып арнайы бағдарламалар жасалса.

Егер әрбір педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда жақсы нәтижеге жетері анық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
381
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі