2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / кәсіпкерлік факторинг

кәсіпкерлік факторинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлік факторинг
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кәсіпкерлік факторинг


Қазіргі нарық жағдайында көптеген өзгерістер, ғылыми-техникалық дамудың бағыттарын анық байқасақ болады. Соның ішінде мемлекет шағын, орта бизнеске көп көңіл бөледі. Шағын-орта бизнесті қаржыландыру жөнінде мемлекетте бірнеше бағдарламалар, бағыттар бар. Бірақ тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар коммериялық жағдайынан да бизнеске көмек көрсетудің мәні зор. Шет мемлекеттердің банктік операцияларының аса тараған түрлерінің бірі – факторинг.

Яғни, факторинг сатып алушыларға төлемді уақытынан кешірек төлеуге мүмкіндік беретін қаржылық құрал деп те атауға болады. Факторингті қолдану арқылы табысты ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар клиенттік базаны кеңейтуге, жаңа нарықтарға шығуға болады.

Факторинг қызметтің бір түрі ретінде дебиторлық қарызды жеңілдету үшін қаржыландыру, сатып алушыларды тексеру (тәуекел-менеджмент), төлемді кейінге қалдыру жөніндегі мәмілелер кезінде туындайтын дебиторлық қарыздарды қадағалау қызметтерін және сатып алушылардың төлем дисциплинасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

Факторингті нарық жағдайында кәсіпорындарды, бизнесті қаржыландырудың  жаңа көзі ретінде қарастырсақ жөн. Біріншіден, бұл сатып алушыларға қарызды өзіне тиімді кезде төлеуге мүмкіншілік береді. Екіншіден, сатушы тауарын өткізіп қана қоймай, тауарының өтімділік қасиеті көтерілмек. Үшіншіден, банк сатып алушының төліп алу қасиетін растайды.

Қазақстан Республикасында факторинг қызметін құқықтық реттеу ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің 37-тарауы нормаларымен қамтамасыз етіледі. Факторинг – тауар беруші-клиенттің жеткізген тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде төлем мерзімдерінің сақталуына басты көңіл аударылады.Қазақстандық ғалым С.Б.Мақыштың пікірінше, факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады. Біріншіден, басқару үшін төлем, яғни өзінің жеке факторингтік қызмет көрсетуі үшін комиссия – есеп жүргізу, күмәнді қарыздардың пайда болуынан сақтандыру және т.б. Бұл төлемнің көлемі шот-фактура сомасынан пайыз ретінде есептеледі және оның шамасы жеткізушінің өндірістік қызметінің масштабы мен құрылымына, компанияның жұмыс көлемін бағалауына, несие тәуекелінің дәрежесіне, сатып алушылардың несиеге қабілеттілігіне, сондай-ақ қандай да бір елдің қаржылық қызмет көрсету рыногының спецификасы мен конъюктурасына қарай түрленіп отырады. Көпшілік елдерде ол 0,5-3,0 % көлемінде болады. Регресс болған жағдайда жеңілдік  жасалады. Шот-фактураларды есепке алу (дисконттау) үшін төлем тауар берушінің жылдық айналымының 0,1-1,0% құрайды. Екіншіден, берілетін борыштық талаптарды алдын-ала қаржыландыру үшін алынатын пайыз. Ол – факторинг компаниясы тауар берушіге талаптарды мерзімінен бұрын алу мен инкассациялау күні аралығындағы кезеңде мерзімінен бұрын ұсынылатын (пайдасына берілген қарыздық талаптардың алдын ала төлемі түрінде) қаражат сомасынан ұстап қалатын есеп операциялары үшін төлем. Оның пайыз мөлшерлемесі әдетте, қысқа мерзімді несиелеу кезінде қолданылатын банк ставкасынан  артық болады, бұл факторинг компаниясының қосымша шығындары мен тәуекелдерінің орнын толтырумен байланысты.

Факторинг – бұл кепілдік қаржыландырудың бір нысаны, себебі қаржыландыру көлемі факторингтік компанияға берілетін ақшалай талаптардың құнына, яғни тауар берушінің сатып алушыларының борышы көлеміне тікелей байланысты.

«Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг алғашқы кезде ХІХ ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ- та пайда болып, кейіннен өнеркəсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Əсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі жəне халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа — 56%, Америка — 30%, Азия жəне Тынық мұхит жағалауындағы елдер — 13%, Африка -1%.Шетелде факторинг – бұл ұсақ жəне орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді».

 «Сонымен, факторинг- сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы жəне ашық шот түрінде рəсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда- комиссиондық операциясының бір түрі. Бұлжердефакторингтік компания клиенттердіңшотын 90%-ға дейін төлеушартымен сатып алады. Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тəуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тəуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мəселелерді шешуге бағытталады.Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция. Факторинг– жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тəуекелге барады.Келісімшартқа сəйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дəл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды».

«Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

  • Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) – өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

  • Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен келісім-шарт жасасушы өнеркəсіптік немесе сауда фирмасы.

  • Кəсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы-фирма.

Факторинг мəмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кəсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық жəне қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кəсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына287 сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Əрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.»

Сурет 1. Факторинг жүйесі

«Əлемдік тəжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия жəне пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (əдетте, 1,5-2,5 %) деңгейінде белгіленеді. Мəміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2%-дай жоғары болып келеді.Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операциясының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мəліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сый ақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары жəне тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар».

Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) жəне шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Казіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар жəне сатып алушылармен Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі)  есеп айырысу, несиені сақтандыру жəне т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің əмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кəсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мəні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

«Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеужəнет.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен  тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент-сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісім-шартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді». Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркəсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нəтижесінде отындық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда».

«Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  • Аванс жəне несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;

  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.Факторингтік операциялар банктер жəне арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс.

Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;

  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;

  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кəсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

  • Кəсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша. Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді».

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады.Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес,тұтас тауарнарығына сәйкес келеді,әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады.Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

«Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  • халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;

  • ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;

  • нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция,облигация және т.б);

  • мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;

  • алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

 Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

Жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық-осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;

  • мақсатты-нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті,олардың ұдайы қозғалысын және тағы басқа қамтамасыз етеді.

  • ақпараттық-яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;

  • реттеуші-ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін,қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса,артықшылықтарды,бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;

  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;

  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;

  • инфляциялық емес негізде,яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ,ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталмалы;

  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;

  • биржалық және биржадан тыс;

  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;

  • кассалық және мерзімді нарықтар;

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды.»

Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған елдерде факторинг компаниялары немесе осындай қызметпен айналысатын коммерциялық банктер өз клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетулердің алуан түрлі жиынтығын ұсынады және мұны клиенттердің өз ақшалай талаптарын беруі ретінде қарастырады.Бүгінгі таңда факторинг негізінен қаржы агенті («фактор») мен тауарларды немесе қызметтерді сататын кәсіпорын («клиент») арасындағы құқықтық қатынас ретінде анықталады, оған сәйкес, фактор клиенттің дебиторлық қарызын сатып алады (клиентке кері талап қою құқығымен немесе онсыз) және осы қарызға байланысты ұсынылатын несиелерді бақылайды, сондай-ақ клиенттің сауда операцияларының бухгалтерлік есебін жүзеге асырады. Осылайша, факторинг мынадай негізгі қызметтерге ие: сәйкес бухгалтерлік операцияларды жүргізу; ұсынылған коммерциялық несиені, төлемдерді алуды қосқанда, қадағалау; несие тәуекелдерінен қорғау («айналымсыз» факторинг жағдайында); клиенттің ағымдағы жұмысын қаржыландыру.

«ТМД елдерінде факторингтік операцияларды коммерциялық банктер жүзеге асыра бастады. Коммерциялық банктердің факторинг бөлімшелерінің міндеті кәсіпорындар үшін келісім және ақылы негізде тауарлар мен қызметтер үшін есептесулерді тез арада аяқтаумен байланысты бірқатар несие-есеп операцияларын жүргізу болды. Банктік операциялардың жаңа дамып келе жатқан түрі заңды реттеуді талап етті.Факторингті дамыту тұрғысынан Еуропа елдерінің, дәлірек айтсақ, Еуропалық Одаққа мүше елдердің тәжірибесі қызығушылық тудырады. Еуропалық Одақ елдерінде факторинг, орташа алғанда, 27 жыл бұрын пайда болды (ЕО елдерінің рыноктарында алғашқы операция жүргізілген жыл – 1983). Факторинг операцияларын жүзеге асыруды бастаған алғашқы елдер – Германия мен Финляндия (1959 ж.). Осы рынокқашыққансоңғы ЕО елі – Мальта (2006 ж.). Факторинг рыногы дамудың негізгі екі сатысын өтті:60-жылдары рынокқа ірі еуропалық елдер шықты, ал 90-жылдары оларға ЕО-қа жаңа мүше елдер қосылды .ЕО-тың 16 елінде факторинг компанияларының ұлттық ассоциациясы бар, сонымен бірге кейбір елдерде ол лизинг компаниялары ассоциациясының бір бөлігі болып табылады.ЕО-тың бір еліндегі факторинг компанияларының орташа саны – 13, бұл көрсеткішті есептеу барысында ұлттық факторинг ассоциацияларына, сол елде мұндай ассоциация бар болса, мүше Факторлар ескерілді. Сонымен бір мезгілде 66 рыноктағы ойыншылар саны соңғы бес жыл ішінде тұрақты болып қалып отыр. ЕО елдеріндегі Факторлардың жалпы саны 2009-2010 жылдары 316-ны құрады. Факторинг компанияларының саны жағынан алда келе жатқан елдер:

  • Ұлыбритания – 57, Италия – 35, Франция – 31, Венгрия – 26, Испания – 21, Германия -21,ЕО-тың әр алуан елдеріндегі рынокқа қатысушылар санына қатысты бірқатар тенденциялар байқалады:

  • Жақын жылдары 11 елде рынокқа жаңа ойыншылардың шығуы күтілуде (Австрия, Кипр, Эстония, Германия, Греция, Латвия, Литва, Мальта, Словакия, Болгария, Румыния).

  • 5 елде қосылу және жұтылу формасындағы топтасулар және сәйкесінше Факторлар санының азаюы күтілуде (Франция, Венгрия, Италия, Голландия, Португалия).

  • Қалған 9 елде факторинг рыногына қатысушылар санының өзгермейді деген болжам бар».

«Рынокқа қатысушылардың шоғырлануы да біршама қызықты. Орташа алғанда, ЕО елдеріндегі факторинг рыногы бойынша негізгі қатысушылар арасындағы үлесті былайша білу байқалады: Көшбасшы — 48%, екінші ойыншы — 20%, үшінші ойыншы — 14%. Үш ірі ойыншының ортақ үлесі — 82%. Ойыншыларының шоғырлануы ең аз елдер: Германия — 47% (20% — 18% — 9%), Франция — 51% (24% — 14 % — 13 %), Ұлыбритания (бағалық мәні) — 53%. 9 елдерыноктың 100%-ғажуығынүшнемесеодан да аз қатысушыалады (Австрия, Бельгия, Кипр, Эстония, Латвия, Литва, Мальта, Словения, Болгария). ЕО елдеріндегі рынок көшбасшыларының арасында 78,5%-ы банктердің еншілес компаниялары болып табылады, 12,5% — банк бөлімшелері, 9% — дербес компаниялар. Рынокта банктік Факторлардың басымдығы анық байқалады. Факторингтік бизнес жүргізу үшін банктер өздерінің жеке еншілес компанияларын пайдаланғанды жөн көреді. Орташа алғанда, ЕО елдері бойынша факторингтің әр алуан түрлерінің факторингтік қызметтердің жалпы көлеміндегі үлесі мынадай түрде көрінеді: 40% — Инвойс Дискаунтинг (регрессті немесе регрессіз), 47% — Регрессті факторинг, 22% — Регрессіз факторинг, 2% — басқа қызметтер (Реверсивті факторинг, қарыздарды жинау). ЕО-тың әр алуан елдерінде әр түрлі факторингтік өнімдердің үлесін бөлуде үлкен айырмашылықтар бар. Мысалы, бірқатарелдерде инвойс дискаунтинг (Швеция, Ұлыбритания, Голландия, Кипр, Германия) басым. Басқаелдерде (Германия, Болгария, Дания) регрессіз факторинг басымтүсіпотыр. Португалияда, Австрияда, Венгрияда, керісінше, операциялардың 90%-ынадейінгісірегрессті факторинг үлесінетиеді. Бұлардыңарасында Испания ерекше орында тұр, ондағы рыноктың 38%-ы реверсивті факторингке тиесілі».

«2007 жылы ЕО елдеріндегі факторинг рыногының айналымы 653 миллиард еуроны құрады. Мынадайөте ірірыноктардыатап көрсетугеболады: Ұлыбритания — 226 миллиард еуро, Италия — 111 миллиард еуро, Франция — 89 миллиард еуро, Испания — 56 миллиард еуро, Германия — 55 миллиард еуро. Сонымен қатар дамып кележатқан рыноктар да бар: Мальта -0, Болгария — 20 миллион еуро, Словения — 223 миллион еуро, Румыния — 550 миллион еуро, Латвия — 737 миллион еуро, Словакия — 837 миллион еуро.ЕО-тың 27 елінде факторинг рыногының айналымының 69%-ы орташа және шағын бизнеске келеді, ал факторинг қызметін пайдаланушылардың 80%-ы орташа және шағын бизнес өкілдері болып табылады. Шындығына келсек, факторинг рыногына орташа және шағын бизнестің қатысу үлесі өте төмен бірқатар елдер де бар. Испанияда айналымның 40%-ы орташа және шағын бизнес кәсіпорындарына келеді. Германияда кәсіпорындардың бұл типіне факторинг рыногы айналымының бар-жоғы 20%-ы ғана тиесілі. ЕО елдерінде кем дегенде 100 000 компания факторингті пайдаланады. Бір клиенттің орташа айналымы 2 818 809 еуроны құрайды, осы жерде аталған көрсеткіш бойынша алда кележатқан елдерді атап өткен жөн: Германия — 10 миллион еуро, Финляндия — 8,9 миллион еуро, Голландия — 7,5 миллион еуро, Австрия — 7 миллион еуро, Ұлыбритания — 5 миллион еуро.Көрсеткішмәні төмен елдергеБолгарияны — 350 000 еуро, Словенияны — 370 000 еуро, Латвияны — 800 000 еуро, Эстонияны — 910 600 еуро жатқызуға болады. ЕО елдерінде 78% ішкі факторинг болса, ал 22% — халықаралық факторингқа келеді. Халықаралық факторинг бойынша көшбасшылар: Болгария — 90%, Румыния — 37%, Латвия — 36%, Литва — 32%, Словакия — 30%, Дания — 30%»

«Факторингті мемлекеттік реттеудің спецификалық ерекшеліктері бар. Тек 6 елде ғана факторингті мемлекет арнайы заң көмегімен немесе банк заңы шеңберінде (Австрия, Франция, Греция, Италия, Португалия, Испания). Мальтада және Болгарияда үкімет пен өзара әрекеттестіктің факторингті дамытуға бағытталған ерекше формасы бар. Бірнеше жағымсыз сәттерді есептемегенде (мәмілелер бойынша ҚҚС-ны мерзімін өткізіп қайтару және т.б.), факторингті дамыту үшін заң тұрғысынан кедергілер жоқ.» 

«Факторингті дамыту дәрежесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: ЕО елдерінің ІЖӨ (Еуростат деректері бойынша) 2007 жылы 10 947 миллиард еуро болды, ЕО елдерінің факторинг рыногының айналымы 653 миллиард еуроны құрады, ІЖӨ-дегі факторинг үлесі 5,96%-ды құрады. Факторингтің ену дәрежесі барынша жоғары елдер (факторингтің ЖІӨ-дегі үлесі бойынша): Кипр — 18,30%, Эстония — 12,56%, Ұлыбритания — 11,57%, Португалия — 11,50%, Литва — 7,95%, Италия — 7,84%, Швеция — 7,10%. Факторинг рыногы барынша әлсіз дамыған елдер: Мальта — 0%, Болгария — 0,09%, Румыния — 0,69%, Словения — 0,81%, Польша — 1,20%. Сарапшылардың көпшілігі рыноктың жыл сайын 10%-ға және одан жоғары өсуін болжайды. Дамушы рыноктарда өсуге инвойс дискаунтингтің дамуы негіз болып табылады. Бұл өнім клиент ең әуелі қаржыландырылуға мүдделі болған кезде өте оңтайлы өнім болып табылады. Бұл өнімнің тағы бір 67 артықшылығы – құпиялығы, ол сатып алушылар (дебиторлар) тарапынан факторингке жағымсыз көзқарас туу проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ активтермен қамсыздандырылған қаржыландыру (Asset Based Lending), реверсивті факторинг, Интернет-шешімдер және электрондық факторинг секілді өнімдердің өсу потенциалы өте жоғары.»

Осы жерде банктер мен факторинг компаниялары арасындағы қарама-қайшы қатынастарды атап кеткен жөн. Банктердің факторинг индустриясын дамытудағы ролі үнемі өсіп келеді. Банктер рынокта өздерінің еншілес компанияларының акционерлері ретінде қатысады немесе жеке факторинг компаниялары бар. Факторингтің өсіп келе жатқан рыногы банктердің назарын күннен-күнге көптеп аударуда. Екінші жағынан, көптеген елдерде банктер әр алуан өнімдер желісін ұсына отырып, факторингтің қызметтердің басты бәсекелесі ретінде шығып отыр. Факторинг рыногының өсуі көптеген жағдайда кәсіби біліктілік пен қызмет көрсету сапасының деңгейін жоғарылатудың арқасында жүзеге асырылып келеді. Құрамына қолайлы бағалы әр алуан қызметтер кіретін едәуір стандартты өнімдер факторингті басқа қаржылық қызмет көрсетулерден тиімді ерекшелейді. Жаңа әмбебап АТ шешімдердің пайда болуы факторинг үшін мықты бәсекелестік артықшылық жасап, шығындарды азайтуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Факторинг имиджі мен осы қызмет туралы хабардар болу деңгейін жақсарту қажет. Факторинг Еуропада 50 жылдан астам уақыт бойы белсенді дамып келеді, дегенмен бұл өнім туралы білу деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Факторингті жақтырмау және оған жағымсыз көзқарас біртіндеп жойылуда, бірақ көптеген адамдар оны осы кезге дейін «соңғы инстанциядағы кредитор» ретінде қабылдайды. Факторингке қарым-қатынас және қазіргі кездегі осы қызметтің мәнін жете түсінбеушілік факторингтің еуропалық елдерде одан әрі даму жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

«Құқықтық нормаларды бірыңғайлау факторингтің одан әрі дамуына түрткі болады. Қазіргі таңда факторингпен (ақша талаптарын пайдасына ұсыну, мерзімі өтіп кеткен қарыздарды алу, қауқарсыздық және т.б.) тікелей байланысты мәселелерді реттейтін және ЕО-тың әр түрлі елдерінде қабылданған құқықтық нормалар бір-бірінен қатты өзгешеленеді. Бұл факторингтің жалпыеуропалық рыногының одан әрі дамуы үшін үлкен қиындықтар келтіреді. ЕО-тың әр алуан елдеріндегі құқықтық нормаларды бірыңғайландыру үлкен жұмысты қажет ететін процедура болып табылады, бірақ егер оның ең болмағанда бір бөлігі жүзеге асса, бұл факторинг қызметтерінің сапалық дамуы үшін қосымша қуатты импульс береді. Мысалы, Ұлыбританияда факторинг азаматтық заңнама шеңберінде реттеледі және компаниялардың көпшілігі – арнайы факторинг компаниялары. Ал Германияда соңғы кезге дейін факторингтік операциялардың бір бөлігін тек банктер ғана жүргізе алатын болды және факторинг компанияларының мамандануының әр түрлі дәрежесі байқалды. Экономикалардың салыстырмалы қуаттары жағдайында Біріккен Корольдықтағы факторингтік операциялар саны немістікімен салыстырғанда бес есе үлкен. Егер факторингтік операциялар көлемінің ЖІӨ-ге қатынасын салыстыратын болсақ, ол Германиядағы 2%-ға қарсы Ұлыбританияда 11%»

«Мысалы, венгриялық факторинг рыногы (делдал арқылы өткізуді қаржыландыру) үлкен потенциалға ие. Еуропалық одаққа кіру және соңғы жылдары төмендей бастаған банктік пайыздық қойылым бұл потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл рыноктағы айналымдардың өсу көрсеткіші екі мәнді болады деп күтуге негіз бар. Үлкен капиталдары жоқ венгриялық шағын және орташа кәсіпорындар үшін факторинг өз өтімділігін жақсарту құралы болады. Венгриялық факторинг рыногы әлсіз дамыған, бірақ рыноктық көшбасшы ―Magyar Factor‖-дың есептеуінше, өсу келешегі бар. ЕО құралдарының көмегімен шағын және орташа кәсіпорындарды күшейтілген мемлекеттік қолдау сұраныстың артуына әкеледі. Бұған банктік пайыздық қойылымның төмендеуі қосылады. Венгриядағы факторингтік айналымның қуаты жылына 500 млрд венгрия форинтіне жетеді (шамамен 2,1 млрд еуро). Мысалы 2001 жыл ішінде айналымдар шамамен 50%-ға артты, бірақ бар-жоғы 500 млн еуроны құрады, сөйтіп қолда бар мүмкіндіктерден көп кейіндеп қалды. Венгриялық рынок көшбасшысы ―Magyar Factor‖, ―K and H Bank‖ біріккен кәсіпорны және ―Intermarket Bank AG of Austria‖, деректер бойынша, клиенттерден пайыздық қойылымды (қазіргі таңда ол 9 айға 7,66%-ды құрайды), оған қоса шот сомасынан 2 – 5 пайыздық пунктті және 0,5 – 1,0% болатын қосымша факторингтік алымды, сондай-ақ 0,2 – 0,25% сақтандыру алымын талап етеді. Сала мемлекет үкіметіне шағын және орташа кәсіпорындарды қолдау аясында факторингке пайыздарға субвенциялар беру ұсынысын жасады. Бұл мақсатқа жетуге бір бӛлігі банктік пайыздық қойылымды төмендету болып табылатын тұрақтылықтың орташамерзімдік саясаты көмектеседі. Қазіргі уақытта венгриялық Орталық банктің нақты пайыздық қойылымы өсіп келе жатқан қоғамдық бюджеттердің инфляциялық қысымын азайту үшін жасанды түрде жоғары деңгейде ұсталып тұр.»

«Осылайша, ЕО елдеріндегі факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторинг рыногы үшін, әсіресе, мемлекеттік реттеу және арнайы факторинг компанияларын құру тұрғысынан алғанда, толығымен қолайлы. Осыған орай, ЕО елдерінің, әсіресе Германия мен Ұлыбританияның факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторингтік рыногына, әсіресе мемлекеттік реттеу және арнайы факторингтік компаниялардың біліміне толығымен сай келеді. Мысалы, Қазақстан үшін мемлекеттік факторингтік реттеудің Австрия, Франция, Греция, Италия, Испания елдерінде қолданатын нұсқалары мүмкін болады және спецификалық ерекшелікке ие. Бұл елдерде факторинг тікелей арнайы заң көмегімен, мемлекетпен немесе банктік заңнама шегінде реттеліп отырады. Сонымен қатар, келесі өнімдердің, атап айтқанда реверсивтік факторингтің, интернет шешім және Қазақстан 68 банктеріндегі электронды факторингтің, факторингтік қызметті белсенді жүзеге асыруда өсу потенциалы өте жоғары. Факторинг және факторингтік операциялардың зерттелінген экономикалық артықшылықтары, сонымен қатар ЕО елдерінің тәжірибесі қазақстанның қаржылық нарығында мамандандырылған факторингтік компанияларды қажет етеді.Факторингтік операцияларды жүргізу кезінде,жеңілдетілген түрде,оған үш тұлға ғана қатысады: Клиент, Фактор, Дебитор. Олардың өзара әрекеттесу схемасы төмендегідей жүргізіледі.

  • Клиент пен Фактор факторинг шартын жасасады.

  • Фактор, қарыздары Клиенттен Факторға берілетін, клиенттің дебиторлары мен жеткізушілерін бағалайды. Соның нәтижесінде дебиторларға және клиентке белгіленетін лимит жасалады.

  • Клиент, Дебитор, Фактор ақшаны талап ету құқығының басқаға берілетіндігі туралы құжатқа қол қояды.

  • Клиент, Фактормен мақұлданған Дебиторларға өнімді жеткізеді.

  • Клиент жеткізу құжаттарының жинағын (шот-фактура,жүк құжаты) Факторға береді.

  • Фактор жеткізілім сомасының 100 % дейінгі көлемін Клиенттің есепшотына аударады.

  • Кешіктіріп төлеу мерзімі аяқталғаннан соң,Клиенттің дебиторлық қарызын басқаруға Фактордың тікелей қатысуымен,Дебитор Фактормен есеп айырысады.

  • Фактор қаражаттың қалған сомасын Клиентке аударады және қаржыландыру сомасын ұстап қалады.

  • Егер де Дебитор жеткізілімді төлемеген жағдайда,Фактор Дебиторға қарызды өндіртіп алу шарасын қолданады.»

«Өнімдерді жеткізу мен қызметтер көрсету саласында өз бизнесін жүргізетін компанияларға арналған. Факторингтік мәміле жасау келісім-шартта төлемнің мерзімін кейінге қалдыру, сондай-ақ жеткізілімдердің қызметтер көрсетудің қонымды тарихы болғанда ғана мүмкін болады. Негізгі тиімділіктер мен артықшылықтар:

  • Кепілсіз қаржыландыру

  • Сатылымдардың мөлшерінің өсу шарасы бойынша қаржыландыруды өсіру

  • Сатып алушыларға төлемнің мерзімін кейінге қалдыру есебінен клиенттік базаны өсіру мүмкіндігі

  • Өнімді үлкен көлемде жіберу мүмкіндігі

  • Шешімді және қаржыландыруды қабылдаудың аса жылдам мерзімі

  • Cash-flow жоспарлау (айналымда кассалық аралықтың болмауы)-

  • Тауардың/қызметтің алынған бөлігін уақытында төлеу жөнінде банктің дебиторлармен тұрақты жұмыс істеуі.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында төлем қабілітсіздігі проблемаларына жауап ретінде факторинг немесе ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты көмекке келеді. Ақшалай талапты беріп қаржыландырудың құқықтық реттелуі ҚР Азаматтық Кодексімен алғаш енгізілген азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі болып табылады. Факторигтік қатынастардың заңдық негізін міндеттемелік құқықта бұрыннан цессия ретінде белгілі ақшалай талапты беру құрамын құрайды. Алайда, факторнигтік қатынастардың сипаты жай цессияға қарағанда әлдеқайда күрделі, ол заем және несие қатынастарын біріктіре отырып қана қоймай, сондай-ақ өзге де қаржылық қызметтерді көрсету мүмкіндігін құрайды.

Жалпы факторнигтің кәсәпкерлік айналымда кең қолдануына қарамастан көптеген дамыған құқықтық тәртіптерде факторинг шарты бойынша арнайы нормалар жоқ, ал оның реттелуі үшін міндеттемелік құқықтың жалпы нормалары, бұл біріншіден, цессия қолданылады.»

«Факторинг механизмі аса күрделі емес және келесідей қысқа қадамдардан құралады:

  • тауар беруші мен сатып алушы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу- сату шартын жасасады;

  • факторингтік компания мен тауар беруші арасында факторинг шарты жасалады;

  • тауар беруші сатып алушыны факторинг шартын жасасқаны туралы хабарлайды. Тиісті құжаттарға қол қойылады, онда тауар беруші мен сатып алушы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу-сату шарты – негізгі шарт бойынша — төлемді сатып алушының факторингтік компания есебіне төлейтініне өз келісімдерін береді.

  • тауар беруші сатып алушыға тауар жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсетуді) жүзеге асырады және оны шот-фактурамен ресімдейді.

  • тауар беруші факторингтік компанияға шот-фактураның түпнұсқасын, яғни сатып алушының дебиторлық берешегін дәлелдейтін құжаттарды береді;

  • факторингтік компания тауар берушіні, тауар беруші берген сатып алушы дебиторлық берешегінің 90%-ға дейінгі көлемінде алғашқы (аванстық) қаржыландыруды жүзеге асырады;

  • сатып алушы тауар берушімен жасасқан негізгі шартта белгіленген мерзімде факторингтік компанияға оған жеткізілген тауарлар (жұмыс орындау, қызмет көрсету) құнының толық ақысын төлейді;

  • факторингтік компания тауар берушіге өзінің комиссиялық сыйақысын шегеріп, қалған соманы тауар берушіге төлейді».

«Ал Қазақстанда факторинг бизнеске арналған қаржы құралы ретінде енді ғана қаржылық қызмет көрсету нарығында өз еншісін иеленіп дамуда. Факторингтің азаматтық айналым қатысушысының мүліктік және қаржылық мүдделерін қорғау құралы ретінде аса ерекше құндылығы шетел мемлекеттерінде, мысалы, АҚШ-та жүз жылдан аса уақыт бұрын түсінілген. Соған сәйкес, Қазақстан бұл мәселеде Батыстың құқықтық тәжірибесін қолға алды деп толық сеніммен айтуға болады. Отандық сарапшылар факторинг елімізде өз дамуының бастапқы кезеңінде деп есептейді. Қазақстанда ішкі факторинг нарығы шамамен алғанда, 1,8 млрд. доллар көлемінде бағаланады және екі ірі факторингтік компаниялармен – «First Factoring Company» ЖШС және «KazcommerceFactor» ЖШС, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктермен танылған. Екінші деңгейдегі банктер көбіне факторингтік қызметтерді тек корпоративті клиенттеріне ғана ұсынады. Факторингтік компаниялардың қызметі лицензияланбайды, сондықтан компаниялардың ресми қаржылық есебі жарияланбайды. Қазақстанда «Бірінші факторингтік компания» ЖШС және «KazcommerceFactor» ЖШС International Factors Group халықаралық ұйымының мүшелері болып табылады және бұл оларға халықаралық факторинг бойынша мәмілелерді жүзеге асыруға мүмкіндік беред

10 Сәуір 2025
59
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі