О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі
«Келісілген» «Бекітемін»
Директордың ҒӘЖ Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
____Дыбысова Р.Т. ____ Р.Х.Қуатова
«___»___________2018ж. «___»_________ 2018ж.
«Арнайы пән сабақтарында қазіргі заманғы педогогикалық технологияларды тиімді пайдалану»
(әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі апталығындағы
ашық сабақ жоспары)
Тақырыбы: «Кәсіпкерлік және оның түрлері»
Пәні: Экономика негіздері
Мамандығы: 0510000-«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»
Біліктілігі: Хатшы-референт
Курс: ІІ
Дайындаған: Берниязова Айнұр Маратовна,
экономика негіздері пәні оқытушысы
2018 ж., ақпан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формала- рын ұғындыру.Білімділік дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыруда кәсіптік бағдар беру. Еңбекке баулу. Кәсіпкерліктің маңыздылығын ұғыну.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлік қызмет формасын ұғындыруда ой - өрісін қалыптастыру. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын ұғын- дыру.
Сабақтың
әдісі:
Баяндау, сұрақ-жауап, топпен
жұмыс, шығарма- шылық жұмыс, CТО
технологиясы
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, сызбалар, слайдтар, үлестірме және бейне материалдары.
Пәнаралық байланыс: Тарих, саясаттану және әлеуметтану негіздері
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Білім алушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.(Студенттер бір-біріне тілек айту арқылы жақсы көңіл-күй сыйлау)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Бинго ойыны» : ( студенттердің үй тапсырмасына дайындығын тексеру мақсатында, берілген сұрақтар бойынша ұтыс ойнату)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

VІ. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар:
-
Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні
-
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
-
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
Ой
қозғау
- Кәсіпкер, кәсіпкерлік ұғымын қалай түсінесіңдер?...
- Кәсіпкерлік дегеніміз не?
(бейнебаян)
1.Кәсіпкерліктің әлеуметтік - экономикалық мәні
Кәсіпкер – өнеркәсіп, сауда,
т. б. фирмалардың иесі, тиімді істерді ұйымдастыра білетін іскер
адам. Ақылмен қорыта алатын, тәуекелге бара алатын адамдар басқара
алады және қойған мақсатына жете алады. Бұларды кәсіпкер деп, ал іс
- әрекетін кәсіпкерлік деп атайды.
Кәсіпкерлік – экономикалық іс - әрекет, мақсаты – пайда табу,
табысқа ие болу. Кәсіпкерлік өз ынтасымен тәуекелге бел буа алатын,
жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып
табылады. Кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға болатын әрекет
түрі. Бірақ құқы бар барлық адам кәсіпкер болуы тиіс емес. Табысты
кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш - жігер,
жауапкершілік, табиғи дарын болуы
керек.
Кәсiпкерлiк - бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiпкерлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантильонның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі — сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
-
Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
-
Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды.
-
Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
-
Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн .Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар
Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
-
Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
-
Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
-
Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
-
Нарықтық қатынастарды дамыту;
-
Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
-
Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
-
Жаңа жұмыс орындарын ашу;
-
Нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету;
-
Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
-
Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
-
Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
-
Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
-
Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету.
Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке праволық заңдар т.б.
2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
-
Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, қаржылық және консультациялық.
-
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
-
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес: шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
-
өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;
-
коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;
-
каржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша, валюта, бағалы қағаздар жатады;
-
консультациялық (кеңестік) – бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні – консалтингтік жобалар. Бұл кәсіпкерлік түрі басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда өте табысты болып табылады.
Меншік түрлеріне негізделген формалары:
|
Формалар |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
|
Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам. |
|
|
|
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:
|
|
|
|
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. |
|
|
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішінде активтерінің жалпы құны 60000 еселік айлық көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
«Біз Қазақстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жаткан мемлекеттердің біріне айналдыру туралы алдымызға өршіл мақсат қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру аркылы ғана қол жеткізуге болады», — деп атап керсетті Президент.
3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерцияқ жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған. ХІІІ ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарында — мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау тәуелсіздік алғанннан кейін 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен "Бизнестің жол
картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын
және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын
іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты
экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің
тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар
жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс
орындарын құру болып табылады. (Бейнебаян:
«Бизнестің жол картасы 2020
бағдарламасы», «Жаңаөзенде кәсіпкерлікті дамыту шараларының жүзеге
асырылуы»)
Отандық кәсіпкерлікті дамыту, әртүрлі кәсіпкерлік салалардың құрылымын жетілдіру мен оларды тиімді пайдалану шаралары алдағы экономикасы тұрақты дамығн, индустриялы ел болуымызға жол ашпақ.
V. Бекіту бөлімі
Студенттерді төрт топқа бөлу (әр кезеңді доллармен бағалау):
1.Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады: I топ «Өндірістік»
2. Мұнда саудамен шұғылданады: II топ «Коммерциялық»
3. Ақша және құнды қағаздар сатылады және сатып алынады: III топ «Қаржылық»
4. Құқықтық кеңес беру, экономикалық кеңес
беру : IVтоп
«Кеңестік»
а) «Ғажайып шар» (шарларда жасырылған сұрақтарға жауап беру, әр сұрақтың жауабын смайликпен бағалау)
1.Кәсіпкерлік дегеніміз не?
2.Кәсіпкерлік ұғымының негізін қалаған батыс ғалымдарын атаңыз
3.Кәсіпкерлік ұғымы қай сөзден, қай тілден аударылған ?
4.Кәсіпкерліктің негізгі әлеуметтік міндеті қандай?
5.Кәсіпкерліктің экономикалық міндеттерін атаңыз
6.Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерлік түрлері
7.Меншік түрлері бойынша кәсіпкерліктің түрлерін атаңыз
8.Кәсіпкерлік көлеміне сәйкес қандай түрлерге бөлінеді?
9.Кәсіпкерліктің құқықтық жағдайын атаңыз?
10. «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау» туралы заң қашан енгізілді?
ә) «Кластер құру» ( төрт топқа жеке тапсырма)
I топ. «Кәсіпкер» сөзіне
II топ. «Жеке кәсіпкерліктің» артықшылықтар мен кемшіліктері
III топ. «Серіктестік» артықшылықтары мен кемшіліктері
IVтоп. «Акционерлік қоғам» артықшылықтары мен кемшіліктері
б) «Ойлан тап» (конвертте берілген жағдаяттық сұрақтарға жауап беру)
1.
Іске кіріскенде алғашқы
болашақ бұлдыр, оны болжап білу киын.
Шаруашылық қауіп – қатер кез - келген
кәсіпте бар. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды
қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны
немесе күткен конъюктура жайсыз болғаны
Сұрақ: Шаруашылық жүргізудегі кәсіпкерлікке тән сипат
2. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деиін баламалы құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Сұрақ: Жаңалық процесінің мұраты?
3. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Сұрақ: Тәуелсізділік қатынасында кәсіпкерге берілетін басты мүмкіндік?
4. Барынша көп табыс келтіру кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында үнемі белгілі бір өзгерістер болып тұрады.
Сұрақ: бұл жағдайда кәсіпкерлер өздеріне тиімді болу үшін және бәсекелестерінен артта қалып қоймас үшін не істейді?
в) «Егер мен кәсіпкер болсам» (шығармашылық жұмыс әр топалдын ала берілген тапсырма бойынша өз бизнес жобаларын қорғайды)
VI. Қорытындылау
Жастықта әр тараптың басын
шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға
салсаң,
Еңбегің еңбектенген зая
кетпес.
Мақсатқа бір жетерсің ойыңа
алған.
VII. Бағалау (әр топтың өз қорына жиналған евроның көлеміне қарай жеңімпаз топты анықтау)
VIII. Үйге тапсырма «Қазақстандағы қазіргі кәсіпкерліктің жай-күйі» туралы баяндама дайындау және бүгінгі тақырып бойынша берілген сөздіктерді орыс және ағылшын тілінде аударма жасау.
Термин сөздер
Кәсіпкер
Кәсіпкерлік
Сіріктестік
Акционерлік қоғам
Өндірістік
Коммерциялық
Қаржылық
Кеңес беру
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кәсіпкерлік қызмет негіздері ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз