|
|
|
«К Ә С І П О Р Ы Н Э К О Н О М И К А С Ы»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ББК 65.49
А 44
Құрастырушылар: М.Қ.Қалжанова
Кәсіпорын кез келген елдің халық шаруашылық кешенінде орталық орнынға ие. Бұл қоғамдық еңбек бөлінісінің бірінші звеносы. Халықтық табыс осы жерде құрылады. Кәсіпорын өндіруші ретінде құрылып, өз шығынын өтей алу және дербестігіне негізделе отырып, өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаншалықты тиімді қызмет етуі оның қаржылық жағдайын барлық экономиканың тиімділігіне тәуелді және ол мемлекеттің индустриялық күші болып табылады.
«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік бағдарлама «Экономикалық» пәндер бірлестігі отырысында қаралған
Хаттама № «____» ____ 20___г. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген
Оқу жұмыс жоспары
«Кәсіпорын экономикасы» пәннің мазмұны
1) Жалпы мәлімет
(титулды парақтың мазмұны).

Пәнді оқытудың мақсаты: шаруашылықтың нарықтық түрі шартында кәсіпорынның қызмет етуі, экономикалық механизмді оқып үйренуге негізделген, студенттердің экономикалық ойлау қабілеттілігін арттыру.
1.2 Міндеттері:
Пәнді оқыту міндеттері келесілер:
-
Кәсіпорынды шаруашылықтың объектісі ретінде танып білу, ұлттық экономика жүйесіндегі атқаратын орны мен ролімен танысу;
-
Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеумен бірге кәсіпорынға нарықтық экономиканың агенті ретінде мінездеме беру;
-
Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызмет түрінің қаржылық нәтижесін меңгеру.
1.3 Пререквизиттері:
«Кәсіпорын экономикасы» пәнін нақты меңгеру үшін «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» «Менеджмент негіздері», және т.б. сияқты пәндердің негізгі білімдерін білу қажет. Сонымен қатар бұл пән «Бухгалтерлік есеп», «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі», «Маркетинг негіздері», «Статистика», «Өндірісті ұйымдастыру», сияқты пәндермен де тығыз байланысты.
2) «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мазмұны»
|
№ |
Тақырыптың атауы |
Пәннің мазмұны |
|
|
Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу |
Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы және даму шарттары Нарық экономиканың құрылымы және факторлары Болашақ іс үшін кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтау |
|
|
Тақырып 2. Кәсіпорын -шаруашылық обьектісі ретінде |
Кәсіпкерліктің мәні және негізгі белгілері Кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілері және түрлері Кәсіпкерлікті таңдау және ұйымдастыру мәселелері Кәсіпкерлік іс-әрекетті тіркеу және лицензиялау |
|
|
Тақырып 3. Өндірістік кәсіпорын-экономиканың негізгі звеносы |
Нарықты экономика жүйесіндегі кәсіпорын және оның түрлері Қазақстан Республикасының кәсіпорын ұйымдастыру –құқықтық нысандары Кәсіпорын іс- әрекетін ұйымдастыру, әдісі , принциптері және оның даму стратегиясы |
|
|
Тақырып 4. Өндірістік процесс және оны ұйымдастыру принциптері |
Өндірістік процестің сипаттамасы және оның түрлері Кәсіпорынның өндірістік құрылымы Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары |
|
|
Тақырып 5. Шикізат базасы және оның құрамдас бөліктері |
Шикізат –материалды техникалық базаның негізгі элементі және жабдықтаужүйесі Материалдық ресурстарды тиімді қолдану кәсіпорын экономикасының дамуының күрделі шарты. |
|
|
Тақырып 6. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі |
Нарықты экономика жүйесінде жоспарлаудың маңызы және принциптері Жоспардың түрлері және сипаттамасы Кәсіпорын іс-әрекетін жоспарлау, маңызы және қағидалары |
|
|
Тақырып 7. Кәсіпорынның негізгі капиталы, маңызы және міндеті
|
Негізгі қор құрамы және құрылымы Негізгі қорды бағалаудың түрлері. Негізгі қордың тозуы және амортизациясы Негізгі қордың пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер |
|
|
Тақырып 8 Кәсіпорынның айналым қоры және айналым қаржысы |
Кәсіпорынның айналым қоры және оның құрылымы. Кәсіпорынның айналым қорын мөлшерлеу әдістері Айналым қор айналым уақыты және оны қысқарту жолдары |
|
|
Тақырып 9. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі
|
Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның құрамы мен құрылымы Еңбек өнімділігінің мәні және міндеттері Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің өсу резервтері мен факторлары |
|
|
Тақырып 10. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
|
Инвестиция түсінігі және оның түрлері Инвестициялық жоба тиімділігі Инвестицияның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі. Лизинг және олардың түрлері |
|
|
Тақырып 11. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары |
Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік Өндірістік шығындардың жіктелуі Кәсіпорын материалдың ресурстарын үнемдеуінің өнімінің өзіндік құнға әсері |
|
|
Тақырып 12. Өнімнің сапасы түсінігі, көрсеткіштері және өнімнің бәсеке қабілеттілігі. |
Тауар түсінігі және оның қасиеттері. Өнім сапасы түсінігі және көрсеткіштері Стандартизация және өнім сертификациясы. |
|
|
Тақырып 13. Кәсіпорын қаржысы және пайдасы |
Өндірістік кәсіпорын қаржысы және оның қағидаттары. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын қаржысының құралу көздері. Кәсіпорын қаржысының қалыптасуы Өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау тәсілдері. |
|
|
Тақырып 14. Табыс және пайда. Мекемедегі тәуекелділік |
Кәсіпорын табысы мәні мен түрлері Тәуекел мәні мен түрлері Банкроттық мәні мен түрлері |
Бағалау шаралары
Аттестациялық бақылаудың бағалау формалары. Студент өз таңдауымен білімінің көрсеткішін аттестациялық бақылау үшін төмендегі өзіндік жұмыстарды орындауы керек. Жазбаша жұмысын дайындау барысында тек қана Қазақстандық тәжірибе негіздерін, яғни статистикалық көрсеткіштер мен әкімшілік-құқықтық құжаттардың ақпараттарын қолдану қажет.
Өзіндік жұмыс тақырыптары
|
1-ші тапсырма |
Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекғеттік реттеу |
|
2-ші тапсырма |
Тақырып 2. Нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпкерлік |
|
3-ші тапсырма |
Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі |
|
4-ші тапсырма |
Тақырып 4. Кәсіпорынның негізгі капиталы, маңызы және міндеті
|
|
5-ші тапсырма |

6-ші тапсырма |
Тақырып 6. Кәсіпорынның айналым қоры және айналым қаржысы |
|
7-ші тапсырма |
Тақырып 7. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі
|
|
8-ші тапсырма |
Тақырып 8. Кәсіпорынның еңбек өнімділігіжәне еңбекақы төлеу |
|
9-ші тапсырма |
Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
|
|
10-ші тапсырма |
Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары |
|
11-ші тапсырма |
Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі |
|
12-ші тапсырма |

13-ші тапсырма |
Тақырып 13 Табыс және өндіріс рентабельділігі |
|
14-ші тапсырма |
Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы және пайдасы |
Оқу пәннің саясаты
Пәнді оқу күнтізбелік – тақырыптық жоспар сәйкесінше жүзеге асырылады.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) студенттер лайықты пәні бойынша тақырыптарды және сұрақтарды өздігімен оқуды ұсынады және келесі жұмыс түрлерінен тұрады: рефераттар, эссе және бақылау жұмысы. Өздігінен жұмыс және тапсырмаларды уақытында орындауы әр орындалған жұмыс үшін қосымша баллдармен есептелінеді.
Оқу пәннің саясаты:
-
Сабаққа кешікпеу;
-
Сабақ уақытында ұялы телефондарды сөндіру;
-
Сабаққа белсенді қатысу, сұраққа қанағатсыз жауап болса штраф санкциялар салынады
Теоретикалық материал
ТАҚЫРЫП 1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
1.1. Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы және даму шарттары
Экономика термині гректің эйкос шаруашылық және комос (заң) деген екі сөз тіркестерінен құралғандығы белгілі. Яғни бұл терминдердің аудармасы шаруашылықты жүргізудің заңдылықтары деген мағынаны береді. Басқаша айтқанда экономика - бұл қоғамның материалдық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты барлық іс-әрекет түрлерін айтады. Өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты адам еңбегі – экономикалық ғылымдардың зерттеу зерзаты болып табылады. Алайда, адам қажеттілігінің жиынтығы орасан зор, сондай-ақ ол үздіксіз күрделеніп, ұлғайып отырады. Ал екінші жағынан, осы қажеттіліктерді қанағаттандырушы ресурстар көлемі шектеулі екендігін ескергеніміз жөн. Осы жағдайға байланысты шаруашылық іс-әрекетте шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және ұлғаймалы қажеттіліктерді ең жоғары қанағаттандыру мақсатында осы процесті реттеу мәселесі туындайды. Күні бүгінге дейін адамзат тарихында қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіндігінің сәйкессіздігі орын алады.
Ресурстардың шектеулілігі жалпы барлық экономикалық жүйеге тән қасиет. Өндірістік ресурстар тапшылығы жалпы мемлекет экономикасына ғана емес, жеке экономикалық субъектілері үшін де тән, себебі жер оның табиғи байлығы, ғимараттар мен жабдықтар түріндегі өндіріс ресурстары әрқашан шектеулі. Осылайша, егер барлық қоғам мүшелерінің қалаған тауар мен қызметті иелену мүмкіндігі болар болса, қоғамда тауар мен қызметтердің толық тапшылығы орын алар еді. Яғни, ресурстардың шектеулілігі мәселелерін тауар мен қызметке деген қажеттілік пен осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әрекеттер (құралдар) арасындағы теңсіздік ретінде сипаттауға болады. Қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерінің арасындағы қашықтық, қоғамнан осы мүмкіншіліктерді ұлғайту жолдарын ізденуді талап етеді, себебі, нақты мәселе адам мен оның интеллектуалдық мүмкіндіктерінің дамуы үшін маңызды ынталандырушы күш болып табылады. Осы негізде, қоғам мүшелерінің теориялық білім, тәжірибе жинақтау процесі, ғылым мен техникалық прогрессті туындатады және қарқындылығымен дами түседі. Осындай процесс адамға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін ұлғайтуға, яғни, қолда бар ресурстар мен қажеттіліктерді барынша жоғары қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Алайда, бұл процесте жоғарыда айтылған қажеттілік пен оны қанағаттандыру деңгейінің арасындағы алшақтықты айтарлықтай жақындатқанымен, толық жоя алмайды. Себебі адамдардың білімі, іскерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз молайып, жинақталып отырғанымен сол уақытқа қол жеткізілген адамзат интелектісінің, ғылым мен техниканың даму деңгейімен шектеліп қалмақ. Осылайша, жоғарыда айтылған жеңілдетуші факторларға қарамастан, бірінші ретті табиғи және басқада ресурстардың шектеулілік проблемасы (мәселесі) қала бермек. Ресурстардың шектеулілігі қандайда бір қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тартуды талап етеді, осыдан келе таңдау мәселесі туындайды. Бұл мәселенің қиындығы, өндірістік ресурстардың шектеулілігіне байланысты үнемі таңдау қажеттілігі тұратындығына негізделген. Яғни, біз ресурстарды қалай тиімді пайдаланудың немесе өндіру қажет және қаншалықты көлемде деген сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет. Қорыта келгенде, таңдау дегеніміз – белгілі бір мүмкін мөлшерліктерден бас тартып, неғұрлым тиімді деп саналатын нұсқасын таңдап алу туралы шешім қабылдау. Алайда, таңдау процесстерінің екінші бір қыры бар. Ол жағы мынаған негізделген, адамдардың белгілі бір қажеттігін бірнеше әдістер арқылы қанағаттандыруға болады. Сондықтан қажеттілігін таңдау осы әдістердің ішіндегі тиімдісін таңдап алуға негізделген.
Қарапайым мысал: жеке шаруаның егіс алқабының көлемі шектеулі болғандықтан, ол сол егіс алқабын неғұрлым тиімді пайдалану үшін қандай түрін көбірек отырғызып, қайсысынан бас тартуы қажет деген мәселе туындайды, яғни ол таңдау жасау үшін белгілі бір шешімге келуі қажет.
Жалпы қоғам, оның экономикалық жүйесінің алдында таңдау мәселесі туындап отыр, себебі өндіріс ресурстары мемлекет, аймақ шегінде де шектеулі. Сондықтанда қоғам алдында да, ресурстардың шектеулі көлемін жеке өндіріс сферасының, қызмет көрсету сферасының, нарықтық инфрақұрылымының арасында да үлестіру мәселесі тұр. Бұл жағдайда бір бағыттағы тауар өндіріс көлемінің ұлғаюы басқа бағыттардағы (мақсаттағы) тауар мен қызмет өндірісін шектейді.
Осылайша, таңдау мәселесі (проблемасы) ресурстардың шектеулілігі жағдайында мынандай негізгі сұрақтарға жауап талап етеді:
- не өндіру қажет (тауар мен қызметтің қай түрін)?
- таңдап алынған тауар түрін қалай өндіру керек?
- өндірілген өнімді қалайша өткізу мүмкін?
- Ресурстардың қаншалықты бөлігін ағымда тұтынуға, ал қаншалықты бөлігі қор жинауға пайдалану мүмкіншілігі?
Жоғарғы сауалдарға жауап қайтару үшін, біз алдымен тиімді (пайдалы) жағын ескеретініміз ақиқат. Бұл кез-келген шаруашылық әрекетін қозғау күші болып табылады. Экономика ғылымдарының негізін қалаушыларының бірі А.Смит нарықтық механизмдердің туындау кезін былайша сипаттаған болатын: “барлық адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тұрақты ұмтылысы” - бұл қоғамдық, ұлттық және де жеке байланыстың бастауы, (негізгі қайнар көзі).
Дәл осы тұлғалардың пайдаға деген ұмтылысы және объективті еңбек нәтижелерімен айырбас заңдылықтары нарықтық механизмдердің құрылу негізінде жатыр. Нарықтың көптеген анықтамалары бар, оларды жинақтап ойымызды тұжырымдар болсақ, нарыққа төмендегідей анықтама беруге болады. Қазіргі кезде “сұраным” “баға” және “ұсыным” болып табылатын дербес экономикалық элементтері қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі “нарық” түсінігімен аталады. Егер осыған экономиканың негізгі екі өндірістік және тұтыну саласын қоссақ, онда нарық түсінігі кеңие түседі, де нарықтық экономика деген ұғым пайда болады. Сонымен нарықты экономика дегеніміз экономиканың реттеу механизімін құрайтын маңызды факторлардың өзара қатынастар формасының және жеке шаруашылық субъектілерінің арасындағы байланыстар жиынтығы. Нарықтық экономикада сатушы мен сатып алушы ретіндегі өзара әрекеттесуі айырбас процесін туындатады, яғни сатушыларға өз тауарын (қызмет) сату мүмкіндігі туса, ал алушыларға қажетті товарларын сатып алу мүмкіндігі туындайды.Сонымен нарық дегеніміз өндіріс пен тауар айырбасына байланысты өзара қатынастар жиынтығы, деп айтуға болады.
Нарық шаруашылығы бүгінгі экономикалық жүйенің дамуы – құндылықтарды және әрбір тауарды бағалаусыз мүмкін емес. Сондықтан бағаның атқарымы – бір жағынан таңдау мәселесін, не сатып алу керек екенін, екінші жақтан, өндірушілерге не өндіру қажет деген сұраққа жауап екенін анықтауға және ресурстарды нақты қайда жұмсау мәселесін шешу.
Сөздің кең мағнасында алғанда тауарларды өндіру айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ субъектілердің сатып алушылар мен сатушыларды таңдауға, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігіне тән сипат болатын ақша қаражатының қозғалысы барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі .Бұл орайда, мемлекеттің рөлі тепе-тең макроэкономикалық үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған тақырыптарға реттеуші шараларды белгілеп, қолданумен шектеледі.
Сөздің тар мағнасын алғанда нарық (рынок) тауарлармен капиталдардың еркін айналысының сондай-ақ жұмыс күші қозғалысының, өндірістің басқа факторларының аясы дегенді білдіреді. Осыған байланысты тауарлар, көрсетелетін қызметтер, капиталдар, жұмыс күші, идеялалар, ақпараттар т.б. нарықтар түріне бөлінеді. Нарық экономикасының негізгі күші өндірушілермен алушылардың өз күштерін барлық экономиканың тиімді дамуына әсер етуі болып табылады.
1.2. Нарық экономиканың құрылымы және факторлары
Нарық кең көлемдегі бөлшектерден, элементтерден тұратын, күрделі ұйымдастырылған зерзат. Оның құрамдас бөліктерінің күрделілігі және әр элементтердің қызмет ету ерекшілігі, нарықтың атқаратын негізгі қызметін көрсетеді:
- нарық, сатушылармен сатып алушылар арасында байланыс құралы болып табылады. Сатушыларға өндірушілер, кәсіпорындар, тауар мен қызмет етушілер жатады. Сатып алушыларға сол тауар мен қызметті тұтынушылар жатады;
- сатушылармен сатып алушылардың өзара әрекеттерінің нәтижесінде, нарық тауардың бағасын белгілейді;
- нарық, сатушылармен сатып алушылардың өзара әрекеттерін, өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, тұтынушының талғамы, игіліктің бағасы туралы ақпарат таратады. Және де нарықтың нақты географиялық орнын бөлу шарт емес. Тауар мен қызметтің сатылу- сатып алынуы туралы ақпарат таратудың кез-келген көзі, осы тауардың нарығын құрайды;
- нарықтағы жағдайдың (суреттегі ұсыныстың өзгерісі және т.б.) өзгерісі туралы жаңа ақпараттың айырбасын қамтамасыз ете отырып, нарықтың өз қатысушыларына осы өзгерістерге тез арада бейімделіп сәйкес әрекет жасауға (жүзеге асыруға) мүмкіндік береді.
Жалпы нарықты күрделі және тармақталған құрылым ретінде сипаттайды және оны түрлі белгілері бойынша топтастыруға болады.Ол белгілеріне мыналар жатады;
-
инфрақұрылым элементтері;
-
нарықтық қатынастар зерзатының экономикалық бағытталуы;
-
географиялық жағдайы, масштабы (көлемі), шекарасы; бәсекенішектедеңгейі; -өндіріспенқызметсферасыныңсалалары;
-
өнімнің сатылу көлемі мен сипаты.
Нарықты жіктеудің бірінші белгісі бойынша, жалпы үш негізгі элеметтерді бөліп көрсетеуге болады:
-
тауар мен қызмет нарығы;
-
өндіріс факторларының нарығы;
-
қаржы нарығы.
Тауар және қызмет нарығының құрамына орасан зор көлемдегі арнайы сатып алу және сату нарығы кіреді, сондай-ақ тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауданы ұйымдастыру, маркетингтік және делдалдық ұйымдар сияқты құрылымдық бөлімдері қызмет етеді.
Нарықты экономиканың дамып жетілуіне бірнеше факторлар әсер етеді десек соның негізгілері өндіріс факторы, әлеуметтік фактор және т.б.Келесі өндіріс факторларының бірі-еңбек, ол барлық жұмысшылардың (жұмысшылар, басқару персоналы, жеке кәсіпкер және т.б.) қызметін пайдалануды білдіреді. Еңбек нарығының маңызды құралы – еңбек биржасы Еңбек биржасында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Сондай-ақ еңбек биржасының маңызды функциясының бірі-жұмыс күшінің резервін құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау (ең алдымен жұмыссыздарды), тұрғындардың жұмыс бастылығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Капитал түріндегі өндіріс факторларының құрамына ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары, сондай-ақ ақша қаражаттары түріндегі барлық өндіріс құралдары кіреді.Кейбір жағдайда, жеке өндіріс факторы ретінде қандайда бір тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастырушы, оны басқару бойынша шешім қабылдаушы адам бойындағы кәсіпкерлік қабілетті (таланты) де көрсетеді.
Қаржы нарығы-ақша, облигация, акция, банктік міндеттемелер және т.б. қаржы құралдарының сатылу, сатып алыну процесстерін қамтиды. Бұл нарықтағы негізгі тауар-ақша немесе бағалы қағаз болып табылады. Бұл тауарлардың негізгі қасиеті – қажет жағдайда оны өндіріс факторының кезкелген түріне айналдыруға болатындығына негізделген. Көп жағдайда қаржы нарығында қор және валюта брокерлері қызмет етеді. Жоғарыда аталған барлық нарық инфрақұрылымының элементтері өзара байланысты. Егер олар тепе-теңдік жағдайда болса, онда экономикада да жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды, нарық элементтерін жіктеудің екінші белгісі – неғұрлым ұсақ нарық сегменттерін бөліп көрсетеді, олар төмендегідей түрде болмақ:
- тұтыну тауарлар мен қызмет нарығы;
- өндірістік мақсаттағы тауар нарығы;
- жаңа жобалар (ноу-хау), технологиялар, идеялар нарығы
- шикізат нарығы;
- еңбек нарығы;
- бағалы қағаздар нарығы;
- екінші ретті шикізат және тағы басқалар нарығы.
Географиялық жағдайы мен шекарасы бойынша нарық төмендегі түрлерге жіктеледі:
- жергілікті (аймақтық) нарық;
- ұлттық (мемлекет шегіндегі) нарық;
- әлемдік нарық.
Бәсекені шектеу деңгейі бойынша:
- еркін нарық;
- монополиялық бәсеке нарығы;
- олиголопия нарық;
- таза монополия, болып жіктеледі.
Бәсекені шектеу деңгейі, кәсіпорынның өз өнімінің сатылу жағдайына әсер ете алуына, ең алдымен бағасына әсер ету деңгейімен анықталады.
Өз өнімі сатылатын нарыққа жеке кәсіпорынның әсері неғұрлым төмен деңгейде болатын болса, соғұрлым нарықтық бәсекелестік деңгейі жоғары деп есептеледі. Бәсекенің ең жоғарғы деңгейі жетілген бәсеке (еркін нарық) нарығына тән.
Өндіріс және қызмет аясының салалары бойынша экономиканың әр саласын сипаттайтын көптеген басқа нарықты бөліп көрсетуге болады:
- отын нарығы (көмір, мұнай, газ және тағы басқа);
- автокөлік нарығы (жүк, жеңіл және тағы басқа автокөліктер);
- компьютер нарығы;
- нан өнімі және тағы сол сияқты нарықтар.
Өнімнің сатылу көлемі мен сипаты бойынша:
- көтерме нарық;
-бөлшек нарық деп жіктеледі.
1.3. Болашақ іс үшін кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтау
Нарықты анықтау кезінде, нарық құрылымның параметрлерін ескере отырып, үш сауалға жауап беруі қажет:
- кәсіпорынның мекен-жайын қалай анықтау;
- кәсіпорын үшін коммерциялық аймақ көлемін анықтау;
- өнімді сатудан түсетін болашақтағы пайданы қалай бағалау;
Егер кәсіпорынның мамандану саласы – өндіріс болса, онда оның орналасуы (мекен-жайы) ең алдымен өндіріс пен өнімді өткізудің факторлары мен шығындарына тәуелді болады (шикізат пен материалдар көзіне дейінгі қашықтық, өнімді тасымалдау, сақтау мүмкіндігі, коммуналдық қызмет көрсету мен басқа да инфрақұрылыммен, электроэнергиямен, сумен қамтамасыз етілуі, қажетті өндірістік ғимараттардың, жұмыс күшінің бар болуы және т.с.с.). Егер кәсіпорынның болашақтағы мамандану саласы – қызмет көрсету аясы болса, онда оны орталықтарда, тұтынушылардың орналасу тығыздығы жоғары мекендерде орналастырған жөн.
Көптеген кәсіпорын үшін, әсіресе бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар үшін, мекен-жайды (орналасу орнын) таңдау мәселесі, бастаған ісінің табысты болуына немесе күйреуіне зор әсер етеді. Кәсіпорынның орналасу мәселесі мынадай ақпараттарға негізделуі қажет: тұтынушылар көлемі, олардың табыс деңгейі және сіздің өніміңізге деген сұраныс көлемі, халықтың болашақ кезеңіндегі сандық және сапалық құрамының, табысының өзгерістері. Тұрақты сатыпалушы басқа кәсіпорынның орналасу орнын таңдау кезінде (бәсекелес кәсіпорынның қызмет көрсету деңгейі, болашақта пайда болуы мүмкін жаңа бәсекелестер және т.б.) сондай-ақ физико-географиялық факторлардың (жол сапасы, автокөліктер қозғалысының жиілігі және т.б.) маңыздылығы зор.
Кәсіпорын мекен-жайын таңдау кезінде кәсіпкер болашақ коммерциялық аймақ көлемін бағалауы қажет. Бөлшек сауда дүкені немесе сауда орталықтары үшін мұндай аймақ, табыстың негізгі бөлігі түсетін, географиялық аудан болып табылады. Сауда аймағы, дүкен мен сауда орталықтарының көлеміне, тауарлардың ассортиментіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, көкөніс дүкені, негізінен екі-үш көршілес аймақ тұтынушыларын тартса, ал киім-кешек сатумен айналысатын сауда орталықтары шалғай аудан тұтынушыларын тарта алады. Сауда аймағының көлемін анықтаушы қосымша факторлар: біріншіден, тұтынушы жолындағы бөгеттер (өзен, көл, автотрасса, теміржол және т.с.с.); екіншіден, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің деңгейі; үшіншіден, алмастырушы тауар өндіруші бәсекелестер саны болып табылады.
Нарықтың әлеуетті қаржы параметрлерін анықтау үшін, әлеуетті тұтынушылар туралы ақпараттардың болуы қажет, дәлірек атап өтер болсақ:
- сауда аймағының ауданындағы пәтерлер немесе үйлер саны туралы;
- осы кварталдағы немесе үйлердегі отбасының орташа табысы туралы;
- нақты тауарларға жұмсалатын әр жылғы шығын соммасының көлемі туралы және т.с.с.
Кәсіпорынның жеке бағыты мен нарықтағы орны анықталған соң, негізгі мәселенің бірі - ол кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландыру.Кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландыру-бұл кәсіпкерліктің дамуының және қызмет етуінің маңызды кезеңдерінің бірі, болып саналады.Кәсіпкерліктің мамандану саласына байланысты, бұл мәселеге қатысты, әдетте екі сауал туындайды:
- кәсіпкерлік істі бастау үшін қажетті ақша қаражаттарына деген қажеттілікті қалай бағалауға болады?
- осы қажетті ақша қаражатына қалай қол жеткізуге болады?
Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру барысында ақша қаражаттарына деген қажеттілікті анықтау кезінде, әдетте төмендегі қаржы ақпараттары қолданылады:
- болжамдалған табыс туралы;
- болжамдалған баланстық есеп берушілер туралы;
- кассалық бюджет туралы.
Жаңа кәсіпорындардың болжамды табысымен баланстық есеп беруін құру кезінде есептеушілер, мамандану аясының (сферасы) ортақ істегі сәйкес кәсіпорындардың қаржы көрсеткіштерін алдын-ала зерделеп шығуы тиіс. Табыс туралы есеп берушілер, әдетте маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді (кәсіпорынның негізгі шығындары туралы және т.с.с.). Болжамды табыс туралы есеп берушілер кәсіпкерлік істің пайдалық деңгейін және оның өмір сүру қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Егер есеп беру жобасы, кәсіпорынның рентабельді болатындығын көрсетсе, онда кәсіпкердің банктік несие алуына негіз бар деп есептелінеді. Табыс туралы есеп беру жобасын құру, жұмыс істеу барысында алғашқы екі жыл ішінде барлық өнімді өткізуден түсетін болжамды қаржы түсімдерін бағалаудан басталады. Алғашқы жылға, біртіндеп әр ай сайын түсетін табысты ұлғайту (көбейту) жоспарланады. Кәсіпорынның жобаланған жылдық табыс деңгейі, шетел тәжірибесі көрсеткендей, екінші жылдың соңына қарай қол жеткізіледі. Кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландырудың негізгі көзі коммерциялық банктердің ссудалық капиталы болып табылады. Бұл кәсіпкерлікті қаржыландырудың ең кең тараған түрі болып есептелінеді. Банк несие ұсынар алдында, негізгі үш критериге сүйенеді:
- несие алушы өзін капиталды кәсіби және үнемді түрде басқаруға қабілетті, сенімді кәсіпкер екендігін көрсете білу керек;
- несие алушы жағынан, кәсіпорынның ісі нәтижелі, табысты екендігін куәландыратын құжаттар ұсынылуы қажет. Бұл ең алдымен бизнес-жоспар, қаржы құжаттарының жобасы болып табылады. Қажет жағдайларда, банк, кәсіпорын және оның басқарушыларының қатысуымен экспертиза (тексеру) жұмыстарын ұйымдастыруы мүмкін;
- несие алушының жалға қою кепілдігі болуы қажет. Кепілдік кәсіпкер активті түрінде немесе жеке кепілдік түрінде болады. Жеке кепілдік түрінде кәсіпкердің жеке үйі, сақтандыру полисі немесе бағалы қағаздары жатады.
ТАҚЫРЫП 2.
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
2.1. Кәсіпкерліктің мәні және негізгі белгілері
Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың құрамдас және негізгі бөлігі болып табылады. Нарықтық экономиканы кәсіпкерліксіз, кәсіпкерлікті нарықтық экономикасыз елестету мүмкін емес. Дәл осы текті өзара байланыс кәсіпкерлікпен бәсеке арасында да болады, деп тұжырымдаған жөн. Себебі кәсіпкерлік пен бәсекені біртұтас деп қарастырады және олардың жеке дара дамуы мүмкін емес.
Кәсіпкерлік іс-әрекет деп – тұлғалардың пайда табуға немесе жеке табысына бағытталған және өзінің атынан мүліктік жауапкершілігіне немесе заңды тұлғалардың (кәсіпорынның) мүліктік жауапкершілігіне тәуекел негізінде жүзеге асырылатын, іс-әрекетін айтамыз. Кәсіпкерлік іс-әрекет бағытында мыналарды бөліп көрсетуге болады: жеке ісінің (табыстылығы), шығын мен баға арасындағы нақты қатынасты қамтамасыз ету; бәсекелестік күрес негізінде пайда табу; және бір уақытта түскен пайдаға ең төменгі тәуелділікке ұмтылу.
Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты ең жоғары пайда табу болғанымен, бастаған ісін сақтап қалу, яғни кәсіпорынның өміршеңдік циклын неғұрлым ұзақ мерзімге ұзарту, нарықта тұрақтап қалу маңыздылығы, болып табылады.
Кәсіпкерліктің мәнін, оның негізгі белгілері неғұрлым нақтырақ көрсетеді:
Бірінші белгісі – шаруашылық субъектісінің тәуелсіздігі және олардың экономикалық еркіндігі. Не, Қалай және кім үшін өндіру қажет, деген мәселелерге қатысты өндірістік еркіндік, экономикалық тиімділікпен нарықтық жағдайға байланысты шешіледі. Коммерциялық еркіндік өз өнімін сату әдісі мен жолын, серіктестіктерін таңдау еркіндігіне негізделген. Мұндай экономикалық байланыстар келісімшарттармен бекітіледі. Өндірістік және коммерциялық баға құруға қатысты еркіндікпен байланысты. Алайда, кәсіпкерлік еркіндігі шексіз емес, себебі, ол нарықтан еркін емес.
Екінші белгісі – жеке экономикалық мүдде. Кәсіпкер максималды пайда табуға ұмтылады. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектісі бір уақытта, өз мүддесін көздей отырып, "көрінбейтін қол арқылы" қоғамдық мүддеге бағытталады, яғни қоғамдық мүддеге сәйкес жұмыс атқарады. Осылайша, жеке және қоғамдық мүдде өзара үйлеседі.
Кәсіпкерліктің үшінші белгісі – кәсіпкерлік іс-әрекет нәтижесіне жеке жауап-кершілікте болуы. Қаржылық және экономикалық жауапкершілік жоғарғы органдарға емес, нақты кәсіпкерге жүктеледі. Сондықтан шығындар мен өндіріс нәтижелерінің арасындағы өзара тығыз байланыс туындайды. Себебі, нарық жағдайында артық шығын шығару тоқырауға әкеп соғатындықтан, өндіріс нәтижесі барлық шығын түрлерінің жиынтығынан көп болуы қажет.
Төртінші белгісі – жаңашылдық және ғылыми қатынас. Кәсіпкерлік іс-әрекет шаруашылық субъектісінің әлеуетті мүмкіндігін ашумен үздіксіз байланысты.
Бәсекелестік күресте кәсіпкер үшін, тек өнім бағасы емес, оның сапасы мен жаңартылуының маңыздылығы жоғары. Ал бұл үшін, жаңа техника мен технология, еңбекті ұйымдастырудың, өндіріс пен басқарудың жаңа нысандары, дәстүрлі емес шешімдер, қалыптасқан жағдайды шығармашылық тұрғыда бағалай алу қажет. Осыған байланысты кәсіпкерлік әрекеттің екі үлгісін ұсынуға болады: классикалық және инновациялық (жаңашылдық). Соңғы үлгінің болашағы зор деп бағалауға болады, себебі ол өндірісті дамытудың жаңа жолдарын іздестіруге негізделген. Бұл үлгінің негізгі белгісі ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, өнім сапасы мен сенімділігі. Кәсіпкерліктің бесінші белгісі - шаруашылық (немесе кәсіпкерлік) тәуекел. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты кәсіпкерлік іс-әрекетті экономикалық ортаның үздіксіз өзгерісі және белгісіздігі жағдайында жүзеге асыруға тура келеді, яғни, соңғы нәтижеге байланысты анықсыздық және сенімсіздік туындайды.
2.2. Кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілері және түрлері
Кәсіпкер ретінде кез-келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қоғам құрып, ұйымға бірлескен (серіктестікке) бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Кәсіпорын мүлкіне иелік жүргізуді, оның шаруашылық қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруды немесе басқаруды жүзеге асырушы-бұл кәсіпкер.
Кәсіпкерлік субъектісі резиденттермен қатар, резиденттер емес, шетел азаматтары да бола алады. Ал, мемлекеттік басқару және билік ұйымдарында, прокуратурада, сотта қызмет ететін лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысуға тыйым салынған. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің төмендегідей нысандарын атап өтуге болады: жеке кәсіпкерлік, жеке меншік негізінде жүзеге асырылады; ұжымдық меншік негізінде жүзеге асырылатын ұжымдық кәсіпкерлік; ұжымдық кәсіпкерліктің ұйымдастыру құқықтық нысандарына: акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, сондай-ақ жалға берілген, бірлескен, кооперативтік кәсіпорындар жатады. Кәсіпкерлік заңды тұлға болып құрылу немесе құрылмау арқылы, жалдамалы еңбек күшін пайдалану немесе пайдаланбау арқылы да жүзеге асырыла береді.
Кәсіпкер статусы заңдылықтар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу арқылы беріледі. Ал заңды тұлға құрылмаған жағдайда, кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу олардың мекен жайы бойынша аудандық, қалалық салық комитеттері арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу негізі: кәсіпкер арызы (өтініші). Лицензия (егер нақты іс-әрекет түрі лицензиялауға жататын болса) және кәсіпкерді кәсіптілігін дәлелдейтін құжаттар (егер оның іс-әрекеті адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса).
Нарықтық қатынаста кәсіпкерлік, біріншіден экономика, саясат, техника, заң, психология, этика негізінде, екіншіден осы құрамдас бөліктердің өзара тәуелділік жүйесінде жүзеге асырылады. Кәсіпкер өз іс-әрекетін белгілі бір сыртқы ортада жүзеге асырады және осыған байланысты бірқатар сыртқы серіктестері (партнер) болады, оның ішінде: мемлекеттік коммерциялық емес құрылымдарды, комитеттер мен ведомстваларды, өндірістің әлеуметтік инфрақұрылымын, табиғи ресурстар мен жер иеленушілерді, ұлттық тұтыну тауарларын, жұмыс күшін, қаржы, ақпарат, банктерді, мемлекеттік кәсіпорындарды, одақтарды, кәсіпкерлер ассоциациясын, кәсіби одақтарды, атап өтуге болады.
Нарықтық қатынас жүйесінде орталық орынды негізгі тұлға кәсіпкер алып отырғандықтан, ол міндетті түрде мыналарды білуі қажет: кәсіпкерліктің ұйымдастыру - құқықтық негізін, негізгі заңдар мен өзінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін; шаруашылық заңдылықтар шегінен аспайтын, мемлекет тарапынан кепілдік берілген кәсіпкерлік еркіндігін; кәсіпкерлік іс-әрекет жағдайларына және қабылдаған шешімдердің нәтижесіне болжам жасай білуі және ортада қалыптасқан жағдайды бағалай білу қажет; нарықта кәсіпкерлік іс-әрекетті мақсатты ұйымдастыра және бақылау жүргізе алу үшін тиімді даму стратегиясын және ағымдағы іс-әрекетті жүргізу тактикасын құра білу қажет;
Сонымен қатар, кәсіпкер заңды негізде төмендегідей құқықтарды иеленеді: меншік пен шаруашылықты жүргізу нысанын таңдау еркіндігі; заңда тыйым салынбаған, кез-келген шаруашылық іс-әрекет түрімен айналысу құқығы; заңдарға қайшы келмейтін кез-келген кәсіпорынды ұйымдастыру кұқығы; келісімшарт негізінде, кәсіпкерлік іс-әрекетті жүргізу үшін, ақша қаражаттарын, басқа тұлғалар, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке мүліктік құқықтарын (оның ішінде шетел заңды және жеке тұлғаларының) тарту құқығы; өз мүлкімен басқа шаруашылық субъектінің іс-әрекетіне қатысу құқығы; өз қалауынша шаруашылық іс-әрекет бағдарламасын құру, өнімдерін тасымалдаушылар мен тұтынушыларын таңдау, өнімге баға мен тарифтерді белгілеу құқығы; заңдылықтар мен еңбек келісімшартына сәйкес, өз бетінше жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату құқығы; жалдамалы жұмысшылардың еңбекақы жүйесін, нысанын және еңбекақы көлемін белгілеу құқығы; банктерде ақша қаражаттарын сақтау, есепайырысулардың кез-келген түрін жүргізу, несие және кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін шот ашу құқығы; салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден қалған кәсіпкерлік іс-әрекеттен түскен пайданы еркін пайдалану құқығы; көлемі жағынан шектелмеген кез-келген жеке табысты алу құқығы; мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесін пайдалану құқығы; заңдылықтарға сәйкес, өз бетінше сыртқы экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыру құқығы; заңда тыйым салынбаған басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру құқығы.
Кәсіпкер құқықтары оның міндеттері мен жауапкершіліктерімен сабақтасады. Ең алдымен кәсіпкер, отырған келісім шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті. Себебі, нарықтың қадағалануы тиіс негізгі шарттарының бірі – «келісімдер, орындалуы тиіс» принципі. Кәсіпкер жалдамалы жұмысшылардың өз мүддесін қорғау мақсатында кәсіби одақтарға бірігуіне, тыйым салуға белгіленген минималды еңбекақы деңгейінен төмен еңбекақы төлеуге, басқа да әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерді бұзуға құқығы жоқ. Кәсіпкер заңда белгіленген тәртіп негізінде жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік сақтандыру аударымдарын мемлекеттік қорғауға аударып тұруға міндетті.
Заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік әрекетін жүзеге асырушы кәсіпкер, өз міндеттері бойынша, жеке меншік мүлкімен жауапкершілік атқарады және кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі келісімшарт құжаттарында көрсетіледі.
Кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі төмендегідей жағдайда туындайды: заңдылықтар бұзылған жағдайда; келісімшарттарды орындамаған жағдайда; басқа субъектінің құқығын бұзған жағдайда; қоршаған ортаны ластаған жағдайда; тауар сапасына, пайдалану әдісіне қатысты тұтынушыларды алдаған жағдайда немесе жалған ақпарат ұсынған жағдайда; бәсекелестері туралы жалған ақпарат таратқан жағдайда; басқа тауар өндірушілердің логотиптерін, яғни тауар белгісін немесе өндірістік маркасын рұқсатсыз өз өнімі үшін пайдаланған жағдайда; бәсекелестіктің коммерциялық құпиясын заңсыз жолмен анықтау немесе оны жариялау жағдайында; міндеттемелерін атқара алмайтындығын біле тұра, келісімшарттарға отырған жағдайда және т.с.с.
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда, сот мүдделі жақтың талаптарын толық қанағаттандырады.
Кәсіпкерлік іс-әрекет мақсаттарының орындалуына, кепілдік кәсіпкердің жеке қасиеттері болып табылады. Ең алдымен кәсіпкердің жеке қасиеттері, біліктілікке, жоғарғы кәсіби біліктілікке, нарықтық қатынастар туралы біліміне негізделген. Іс жүзінде бұл кәсіпкердің, кәсіпкерліктің даму барысын болжамдай алуға; өндірісті тиімділікпен салаға бағыттай алуына; экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, өзгерістер мен жаңалықтар енгізуге ұмтылысын көрсете отырып, тәуекелге баруға; кәсіпкерлік іс-әрекетке қатысты тиімді шешімдер қабылдауға; жұмысшыларына, серіктестіктеріне, тұтынушыларына, бәсекелестіктеріне, достық, сыпайылық, сыйластық қарым-қатынаста болуға; тәуелсіз және сенімді іс-әрекет жүргізуге; дәстүрлі емес шешімдер пайдалануға және білім жинақтауға; кәсіби этиканы, адамгершілік қасиеттерді және нарықтық жалпы қабылданған тәртіптерін қадағалауға даяр екендігін білдіреді.
2.З. Кәсіпкерлікті таңдау және ұйымдастыру мәселелері
Жеке өз ісін ұйымдастыру барысы төрт кезеңнен тұрады: кәсіпкерлік аясын таңдау, нарықты анықтау, кәсіпкерлік құрылымының қызмет етуі және қаржыландырылуы. Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру төмендегі бес қағидаға келіп тіреледі:
Ең
алдымен өз ісін бастау үшін капитал қажет. Сондай-ақ ол капитал
кәсіпкерлікті дамыту және жалғастыру үшін де қажет. Яғни,
кәсіпкер
пайдалы іс-әрекетті жүзеге асыруда пайдасының айтарлықтай бөлігін
өз ісін дамыту мақсатында пайдалана алса, онда ол іскер кәсіпкер
деп танылады.
Кәсіпкерлік тиімді әрі пайдалы болуы үшін, онымен кәсіби түрде айналысу қажет. Яғни, кәсіпкер не, қалай өндіру қажет, сондай-ақ өңделген өнімді қалайша пайдалы әрі жылдам өткізуге болатындығын білуі қажет.
Кәсіпкер әрқашан өз бәсекелестіктерінің өнімінен сапалық және сандық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін жаңа тауар өндіруге ұмтылуға тиісті. Бәсекелестік заңы – кәсіпкердің ең жоғарғы қағидасы. Себебі, ол арқылы сұранысты қанағаттандыру бойынша нарықтық қатынастар механизмі қамтамасыз етіледі.
Кәсіпкер
ұдайы-тұтынушы (сатып алушы): адам, ұйым, басқа кәсіпорын немесе
корпорация екендігін әрдайым есте ұстануы қажет. Нарық-
бұл кәсіпкерліктің даму және қызмет ету ортасы. Нарықтық
қатынастар
тұрақтылығы; біріншіден, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуімен
екіншіден, тұтынушы мүддесіне және кәсіпкерліктің нарықтық
бәсеке
қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған бағаны, несиені,
салықты
мемлекеттік реттеу нәтижесімен
анықталады.
Соңғы
қағиданы, прогресс пен табыстылықтың дилеммасы деп
атауға болады. Бір жағынан, бүгінгі таңдағы, жоғары дамыған
кәсіпкерлік
жаңа технологияға сүйене отырып еңбек өнімділігін арттыруға
ұмтылса,
(жұмыс күшінің ең төменгі шығынымен ең жоғарғы тауар
өндіру)
екінші жағынан, өндірістің жаңа түрлерін ашу, қызмет көрсету
сферасын кеңейте отырып, ол (кәсіпкерлік) үнемі ұлғаймалы
көлемде
және неғұрлым жоғары білікті маманды жаңа жұмыс күшін тартады.
Кәсіпкер тұтынушылық сұраныстың максималды өсіміне мүдделі,
себебі
сол арқылы өндірілген тауарды тиімді өткізуге болады. Яғни,
тұтынушының әлеуметтік жағдайының артуы кәсіпкерліктің дамуының
негізгі шарты болып табылады.
Болашақ кәсіпкер кәсіпкерлік іс-әрекет аясын таңдау барысында төмендегі сауалдарға жауап беруі қажет:
- кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар ма?
-
кәсіпкерлік істің нақты қай түрін таңдау қажет?
-
қайсысы тиімдірек - жаңа фирма ашу ма, әлде істегі кәсіпорынды сатып
алу ма?
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың неғұрлым тиімді нысанын анықтау, үшін сіз кәсіпорын басқару және кәсіпкерлік істі жүргізу қабілеті бар іскер адамдар типіне қатыстылығыңыз бар екендігін анықтау үшін өзіңіздің барлық әлсіз және күшті жақтарыңызды объективті түрде бағалап алуыңыз қажет, себебі кәсіпорынның бағалы қызметкері тек өзіңіз болмақсыз. Кәсіпкер болмас бұрын, адам өзінің әрекет ету бағытын анықтап алуы қажет. Нақты мәселе бойынша шешім қабылдау барысында үш маңызды факторды ескергені жөн:
- жеке әлеует пен тәжірибе. Бұл жағдайда кәсіпкердің білімі, жұмыс істеу тәжірибесі ескеріледі.
-
тұтынушының бүгінгі таңдағы және болашақтағы қажеттіліктері.
Тұтынушылар басқа экономикалық жағдайда да, ұзақ уақыт ағымында,
сіздің өніміңізді тұтынуды жалғастыра бере ме, әлде басқа өнімді
таңдайдыма, сол себепті анықтап тұтынушының масштабын бағалауыңыз
қажет.
- Бәсекелестік деңгейі. Оны анықтау бәсекелес кәсіпорындардың өнім және қызмет көрсету саласын объективті түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалаулар нәтижесі, сізге болашақтағы бәсеке жағдайына болжамдар жасауыңызға ықпалын тигізеді.
Кәсіпкерлік істің бастамасына дейін, осы үш фактордан басқа, өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды анықтап алудың маңыздылығы зор. Мысалы: адамның техникалық білім жағынан күштірек болғанымен, қаржы және бухгалтерлік есеп жағынан кәсіпкерлік білімі мен қабілеті болмауы мүмкін. Әрі қарай өз кемшіліктеріңізді және басқа да факторлар нәтижесін ескере отырып, сенімді серіктестіктер іздестіруіңіз қажет.
Бастапқы кезеңде, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық нысанын таңдау ісіне зор көңіл бөлу қажет. Ол үшін, мамандандырылған экономистер мен заңгерлерден кеңес алған жөн. Болашақ кәсіпкер, ұйымдастыру нысанын таңдап алғаннан кейін, болашақ бәсекелестерінің экономикалық жағдайын түбегейлі зерттеп алуы, тауар (қызмет) бағасы мен оның сапасы, сұраныс пен ұсыныс көлемі, ұйымдастыру нысанын анықтауы қажет. Барлық ақпараттар негізінде-жаңа істі бастау немесе істегі кәсіпорындарды сатып алу мәселесіне қатысты шешім қабылдау қажет.
Кәсіпкерлік іс-әрекетінің тиімділігін қалайша дұрыс бағалаған жөн? Көп жағдайларда, кәсіпкерлер, меншік иесі мен менеджер (басқарушы) қызметін бірге алып жүреді, ал қажет жағдайларда келісімшарт негізінде менеджмент, маркетинг, қаржы облысынан жалдамалы жұмысшыларды қабылдау мүмкіндігін де пайдалануға болады. Өндіріске қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу кезінде, әрдайым тұтынушылар талғамын ескерген жөн.
Бағаны анықтау үшін келесі факторларды ескеру шарт: шығын деңгейі, сұраныс көлемі, бәсекелестер саны, тауардың бағасы. Өнім бағасын тым көтермеу (немесе төмендетпеу) үшін, кәсіпорын шығындарын бәсекелестерінің шығындарымен салыстыруы қажет. Сонымен қатар, түрлі қаржы коэффициенттері де қолданылады (пайда көрсеткіші, тұрақты, айнымалы, жалпы шығындар көрсеткіштері және т.б.). Бастапқы бағада, талғамдардың өзгеру қоймадағы қосалқы тауарлардың жинақталып қалу ықтималдылығынан, бағалардың төмендеп кету мүмкіндігін ескерген жөн.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі - баға, болғанымен ең алдымен баға құру мәселесіне емес, ұйымдастыру-функционалдық мәселелеріне зор көңіл бөлу керек. Себебі, олардың шешімі, кәсіпорындардың қаржы жағдайларына тікелей әсер етеді. Бұл ең алдымен өндіріске қажетті шикізат пен материалдардың нақты көлемін анықтау. Сондай-ақ шикізат пен материалдарды тасымалдау, сақтау мәселесінде шешіп алған жөн. Кәсіпкер үшін, сондай-ақ тауарды жарнамалау, өнімді өткізуді ұйымдастыру және де кадрларды іріктеу, оларды даярлау мәселелерініңде маңыздылығы зор.
2.4. Кәсіпкерлік іс-әрекетті тіркеу және лицензиялау
Әрбір қайта құрылған шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуге алынады. Мемелекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап кәсіпорын құрылған болып саналады және мемлекеттік кодекске сәйкес заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Мемлекеттік тіркеу үшін кәсіпкерлік әрекеттің кез-келген субъектісі орындаушы биліктің сәйкесінше ұйымына келесідей құжаттар өткізуі тиіс:
- кәсіпорынды тіркеу туралы өтінішті қамтитын мәлімдеме. Мәлімдемеге кәсіпорын басқарушысы қол қояды;
- құрылтайшылық келісім шарт немесе кәсіпорынды құру туралы шешімі;
-
басқарушымен расталған, кәсіпорын жарғысы; кәсіпорын жарғысында
міндетті түрде әрекет түрі көрсетілуі тиіс;
-
кәсіпорынды құру туралы шешімде көрсетілген кәсіпорынның
жарғылық
капитал өлшемінің 50 пайыздан кем емес төленгенін растайтын
құжат;
- тіркеу жарналарын төлегені туралы куәлік;
- сәйкес монополияға қарсы комитеттердің кәсіпорынның құрылу туралы келісімін растайтын құжаттары.
Егер шағын кәсіпорынның жеке орны болмаса тіркеу мәлімдемесіне жалға берушінің кәсіпорынға орынды берілетін ауданның өлшемі мен оның толық күресің көрсетумен жалға алу шарттарда беруге міндетті хаты қосылады (енгізіледі). Айта кететіні, аталған құжаттардан бөлек басқа да құжаттарды талап ету заңсыз болып табылады. Кез-келген қосымша құжаттар (мысалы, шағын кәсіпорынның қоғамдық ауқатттануынан жұмысшылардың денсаулығының жағдайы туралы анықтамалар және тағы сол сияқтылар) тіркеуден кейін беріле береді.
Мемлекетті реттеу құжатын өткізу сәтінен бастап 3 күн ішінде немесе талап етілген басқарма құжаттарының жіберілген туралы түбіртекте көрсетілген пошталық жіберу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде іске асырылуы тиіс.
Кәсіпорынға түсетін құжаттардың тіркеу журналында кезекті нөмір беріледі, жарғының бірінші бетінде тіркеу ұйымының атының көрсетілуінен нөмірі және тіркеу уақыты көрсетілген арнайы жазба көрсетіледі. Жазба мөрмен және тіркеу үшін жауапты тұлғаның қолымен бекітіледі. Әрі қарай тіркеу органы он күн ішінде кәсіпорынның орналасқан жері бойынша оның тіркелгені туралы (тіркелген кәсіпорынды) орталық мемлекеттік тізімге кіргізу үшін салық ұйымыны хабар береді. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім кәсіпорынмен қалыпты және арбитражды сотпен шағымдалуы мүмкін.
Шағын кәсіпорынның тіркеу процедурасында маңызды орынды оның салық ұйымдарында есепке тұруы саналады. Атап кеткен он күн ішінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап шағын кәсіпорын өзінің тұрған жері бойынша есепке тұруы қажет. Бұл үшін кәсіпорын салық ұйымына басқарма құжаттарының көшірмесі мен мәлімдемені береді. Келесі бес күн ішінде салық ұйымына кәсіпорынды енді оның барлық құжаттарында көрсетіліп отыратын (жеке) идентификациялық салық нөмірін беруге міндетті. Салық төлеуді кәсіпорын бір уақытта салық төлеушінің ортақ мемлекеттік регистріне жатқызылады. Келесі кезең-банкте шот ашу. Кәсіпорын коммерциялық банктерде есептік, ағымды, арнайы, валюталық, бюджеттік, депозиттік және тағы басқа да шоттар аша алады. Маңызды банк шоты болып кәсіпорын үшін есептік шот табылады. Ол шағын кәсіпорындардың жұмсауы бойынша ағымды төлемдерді жүзеге асыруға арналған және оның мекен-жайына ақша құралдарының түсімдерін есептеу үшін арналған. Бұл шотқа келесілерді жатқызуға болады: өнімді өткізуден түскен түсім, қызмет көрсету, алынған несиелер және басқа түсімдер. Осы шотты жеткізушілермен есепайырысулар, салықтар бойынша және оларға теңестірілген төлемдер бойынша, олардан пайыздар бойынша банктермен есеп айырысулар да іске асырылады.
Ағымды шоттар заңды тұлғалар болып табылмайтын шағын кәсіпорындар үшін ашылады. Қатаң мақсатты белгіленген құралдарды сақтау үшін арнайы шоттар қолданылады. Шетелдік валютада есептесулер валюталық шоттарды қолданумен жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпке сәйкес бастапқыда транзитті шот ашылады және оған алдын-ала валюталық түсім аударылады. Осы шоттан шағын кәсіпорын валюталық түсімдердің 75 пайызға жуығын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк бекіткен бағамы бойынша сатуға міндетті және соның қалдығы ғана кәсіпорынның валюталық шотына аударылады. Бюджеттен мақсатқа сай, көзделген құралдар алатын кәсіпорындар бюджетті шот аша алады. Шағын кәсіпорындар уақытша бос ақша құралдарынан сақтау үшін банкте депозиттік шоттар ашады. Кәсіпорындар депозиттік шоттар бойынша нақты пайыздар алып отырады. Шағын кәсіпорынның қызмет етуінің маңызды жағдайы болып лицензиялау табылады. Ол белгілі заң жолдарымен іске асырылады. Лицензия шағын кәсіпорынға әрекеттердің нақты бір түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әрекеттердің лицензияланатын түріне жататындар: өндіріс, дәрі-дәрмек құралдарын сақтау және көтерме сауда өткізу, медициналық көзделген бұйымдар, жүкті автомобильді тасымалдау, орта, жоғарғы оқудан кейінгі профессионалды және сәйкес қосымша білім беру аумағында қызмет көрсету, лизингтік компанияның әрекеті, заң қызметкерлері, халықаралық туризм ұйымдары және тағы басқалар. Лицензия әрекетінің әрбір лицензияланатын түріне белгілі бір мерзімге беріледі және ол кем дегенде үш жыл болуы тиіс. Лицензия жарамдылық мерзімі заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің өтінші бойынша ұзартылуы мүмкін. Лицензия алу үшін оны қажет етуші органдарға қажетті құжаттар өткізеді. Лицензияны беру немесе бермеу туралы шешім барлық қажетті құжаттармен өтінішті алған күннен отыз күн ішінде қабылданады.
Заңды тұлғалардың қандай да бір қайта құрылуында (оның атының өзгеруі кезінде, орын ауысуы кезінде және тағы сол сияқты) лицензияны дереу құжатты қайта толтыру туралы өтінішпен мәлімдеме жасауға мідетті.
ТАҚЫРЫП 3.
ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫН – ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЗВЕНОСЫ
3.1. Нарықты экономика жүйесіндегі кәсіпорын және оның түрлері
Әр мемлекеттің халық шаруашылығының негізгі бөлімшесі-кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорындарда тауар өндіріледі, қызмет көрсетіледі, халықтың белсенді бөлігінің жұмысбастылығына тікелей әсер ететін қосымша жұмыс орындарын ашады және тұтынушылық сұранысты қанағаттандырады. Сондай-ақ кәсіпорын мемлекеттік және жергілікті бюджеттің табыс бөлігін толықтырушысы болып табылады.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі ұлттың бақуаттылығының және мемлекеттің гүлденуінің маңызды шарты. Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетін заңдар мен мөлшерлік(нормативтік) құжаттар арқылы реттеп отырады. Шаруашылық субъектілері функциясының (қызмет етуінің) жүзеге асыруының екі негізгі моделі бар:
-директивті
-әлеуметтік нарықтық экономика
Екі модель бойынша кәсіпорынның қызмет ету ерекшеліктері мынаған негізделген: орталықтандырылған директивті жүйедегі кәсіпорын еңбек ұжымын пайдалану негізінде (тауар, қызмет) өндіруші және сатушы заңды тұлға болғанымен, ол шаруашылық есеп негізінде жұмыс істейтін, яғни жоспар бойынша дамиды.
Әлеуметтік-нарықтың экономикадағы кәсіпорынның негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын кәсіпкерлік іс-әрекетін тәуекел және өзінің мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асыратын жеке шаруашылық субъектісі болып табылады. Келтірілген анықтамаларда үш негізгі айырмашылықты байқауға болады:
-кәсіпкерлік еркіндік-нарықтық экономикада толық болғанымен директивті жүйеде шектеулі.
-кәсіпорын мақсаты нарықтық ортада пайдалы жұмыс істеу және мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған жүйеде өнім шығару.
-кәсіпорын меншігінің мүліктік жауапкершілігі әлеуметтік нарықтың экономикада мемлекеттік мүлкінен айырылу тәуекелділігі және директивті экономикада мемлекеттік бюджеттегі дотациялар есебінен шығындарды жабу мүмкіншілігі.
Нарықтық экономикадағы кәсіпорындарды түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Меншік формасы бойынша кәсіпорындар мемлекеттік және жеке болып жіктеледі. Егер шаруашылық субъектінің жарғылық қорында (капиталында) мемлекеттік және жеке меншік үлесі болған жағдайда, онда олар меншіктің аралас формасы деп аталады. Ал коммуналдық және республикалық дегеніміз – бұл мемлекеттік меншік формасының түрлері. Сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктер меншігі бар. Осы текті меншік нысанындағы кәсіпорындардың негізгі мақсаты пайда табу және капиталды ұлғайту емес, шаруашылық одақтардың, және осы текті құрылымдардың жарғылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық формасы (түрі) бойынша-акционерлік қоғамдар (ААҚ және ЖАҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, унитарлы кәсіпорындар, жалдамалы кәсіпорын, кооперативтер, толық серіктестік, коммандитті серіктестік және т.б болып жіктеледі..
Жалдамалы кәсіпорындардың қызмет ету ерекшелігі, жалға беруші мен меншікті жалға алушы арасындағы келісімшартта көрсетіледі. Кооперативтегі еңбек кооператив мүшелерінің бірлесіп қатысуына негізделген. Шаруашылық формасының (нысанының) неғұрлым кең тараған түрі акционерлік қоғамдар немесе серіктестіктер болып табылады. Мүлікті құру қоғам мүшелерінің арасында жауапкершілік пен пайданы үлестіру тәртібі - кәсіпорын жарғысында бекітіледі. Кәсіпорын күйреген жағдайда, үшінші тұлға шеккен зардабының орнын толықтыру, жарғылық қордағы меншік үлесінің негізінде жүзеге асырылады. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер арасындағы негізгі айырмашылық мынада: егер акционерлік қоғам мүшелеріне жарғылық капиталдағы үлесіне қарай акциялар шығарылып, олар меншік иесіне таратылатын болса, ал серіктестіктерде меншік иелерінің үлестік салымы пайыздық қатынаста белгіленеді.
Кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып топтастырылады. Кәсіпорынды көрсетілген топтардың біріне топтастыру белгісі – заңдылық актілерде көрсетіледі. Шағын кәсіпорындардың нығаюына және дамуына ықпал ететін салықтық жеңілдіктер немесе басқа да ынталандырушы механизмдер түріндегі ынталандыру шаралары жиі қолданылады.
Шетел капиталының қатысуы бойынша кәсіпорындар бірлескен және шетелдік болып жіктеледі. Бірлескен кәсіпорындар мемлекет территориясына орналасады және жарғылық капиталда шетел инвесторының үлесі болады. Шетелдік кәсіпорындар жарғылық капиталының жүз пайызы дерлік басқа мемлекеттің заңды және жеке тұлғасына тиесілі бола
Салалық белгісі бойынша кәсіпорындарды материалдық өндіріс саласына (денсаулық сақтау, білім беру, сауда, ғылым, мәдениет және т.б) жатқызуға болады, өз кезегінде әр сала бірнеше құрылымдық салаларға жіктеледі. Мысалы: өндірісте шикізат сипатына немесе дайын өнімнің пайдалану мақсатына қарай көмір, энергетика, металлургия, машина жасау, химиялық, жеңіл және тамақ өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі сияқты көптеген салалық бөлімшелерін бөліп көрсетуге болады. Машина жасау саласының өзі станок жасау, автокөлік жасау, трактор жасау, прибор жасау және т.с.с. болып жіктеледі. Салалық жіктеу кәсіпорын құрылымын және оның іс-әрекетінің көрсеткіштерін статистикалық сипаттау үшін қолданылады.
Бірлестіктердің түрлері бойынша кәсіпорындар өндірістік, республикалық, аймақтық, ұлттық немесе трансұлттық компаниялардың құрамына кіреді. Сондай-ақ концерн, консорциум, холдинг деген түрлерін атап өтуге болады. Концерннің құрамына бір (немесе бірнеше) салаға жататын кәсіпорындар кіреді. Концорциум құрамына кәсіпорындардан басқа банк, қаржы, сақтандыру құрылымдары кіреді. Ал холдинг кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін басқару мақсатында меншік иелерімен құрылады. Қаржы-өндірістік топтарға өндірістік және банктік капитал біріктіріледі.
Кәсіпкерлік іс-әрекет мақсаты бойынша кәсіпорындар коммерциялық (пайда мен капиталды ұлғайтуға бағытталған), коммерциялық емес басқа да жарғылық қызметтерді (міндеттерді) жүзеге асыруға бағытталған немесе аралас болып жіктеледі.
3.2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын ұйымдастыру-құқықтың нысандары
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сай елімізде кәсіпкерлік іс-әрекетінің келесідей ұйымдық құқықтық формалары жасалуда: шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, өндірістік кооперативтер мемлекеттік және муниципалды унитарлы кәсіпорындар. Шаруашылық серіктестіктер тұтас серіктестік және сенімді серіктестік формасында жасалынуы мүмкін. Тұтас әрекетін жүргізу үшін кәсіпорынды кұру туралы өзара келісім шарт жасалуы керек.
Тұтас серіктестіктің мүлігінің қалыптасуының қайнар көзі болып оның қатысушыларының, қалыптасу салымдары табылады. Тұтас серіктестікке жарғы қажет болмайды. Ол оның қатысушыларының барлығымен қол қойылған келісім шарт негізінде жасалынады және іске асады. Ол келісім шартта серіктестіктің аты, оның орналасқан жері, оның іс-әрекетін басқару тәртібі, серіктестіктің жарғылық капиталының өлшемі мен құрамы, оның әрбір қатысушылар үлесінің өзгеру тәртібі және тағы басқа көрсетіледі. Сонымен қатар мұнда тұтас серіктестіктің қатысушыларының салымдарды кіргізу бойынша міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы мәліметтер және тағы басқалар қамтылады. Тұтас серіктестіктің пайдасы мен шығыстары оның қатысушылары арасында олардың жарғылық капиталындағы үлесіне пропорционалды бөлінеді. Салықтардың өлшемін анықтау үшін әрбір қатысушы өзінің пайдасының үлесін онда бар болатын табысқа қосып осы саладан салықтарды төлейді. Тұтас серіктестік қатысушылары серіктесін міндеттемелері бойынша өз мүлігімен әрдайым жауапты болады. Аралас серіктестікке жағдай бірнеше және өзгеше. Мұнда серіктестік міндеттері бойынша өз мүлігімен жауап беретін немесе серіктестік атынан кәсіпкерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын қатысушылармен қатар, бір немесе бірнеше салым салушы қатысушылар (командиттік) бар болады және олар өздері салған салымдарының сомалары негізінде серіктестік іс-әрекетімен байланысты шығындарын (тоқырауға) тәуекел етеді.
Сенімділік серіктестігінде де жарғы болмайды. Ол барлық қатысушылар қол қойған келісім шарт негізінде іске асады.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның келесі тобы-шаруашылық қоғамдар: шектеулі жауапкершілікті серіктестік (ЖШС), косымша жауапкершілікті қоғам (ҚЖҚ), акционерлік қоғам (АҚ), тәуелді қоғам (ТҚ).
Қазақстан экономикасының келесі бір тобы-шаруашылық қоғамдар: шектеулі жауапкершілікті серіктестік ( ЖШС), қосымша қоғам.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы сатысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кең етек жайды. (ЖШС). Азаматтық кодекспен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі принциптері: ЖШС қоғамы формасында сақталған. Мұндай қоғам бір немесе бірнеше тұлғалармен басқарылады. Оның жарғылық капиталы басқарушының құжатымен анықталған үлестерге бөлінген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді және олармен салынған салымдардың құндарының шегінде қоғам әрекетімен байланысты болатын шығындарын тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қоғамына қарағанда қосымша жауапкершілікті қоғам қатысушылары оның міндеттері бойынша қоғамның басқарушылық құжаттарымен анықталған, олардың салымдарының құнына барлығы үшін біркелкі қысқа өлшемде өзінің мүлігімен жауап береді.
Қатысушылардың біреуі банкрот болған жағдайда қоғам міндеттері бойынша оның жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерліктің етек жайған
формасы болып
Акционерлік қоғам (АҚ) табылады. Олар көпшілігі мемлекеттік
және
муниципалды кәсіпорындардың жекешелендіру жолымен құрылған.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акцияның анықталған санына
бөлінген. Оның қатысушылары (акционерлер) қоғам міндеттері бойынша
жауап бермейді және де оларға тиесілі акция құнының шегінде. Оның
әрекетімен байланысты болатын шығындарға тәуекел етеді. Акционерлік
қоғамдар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық акционерлік қоғам - акционерлер тек соның басқарушыларымен алдын-ала анықталған тұлғалар арасында ғана бөлінеді. Мұндай қоғам олармен шығарылатын акцияларға ашық қол қоюды жүргізуге құқығы жоқ. Жабық акционерлік қоғам акционерлері басқа акционерлермен сатылған акцияларды иемденуіне құқығы бар.
Ашық акционерлік қоғам - қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды қалған акционерлердің келісімінсіз жұмсай алады. Мұндай акционерлік қоғам - олармен шығарылатын акцияларға ашық қол қоюды жүргізе алады және оларды еркін сата алады. Сонымен қоса ол жыл сайын қоғамның назарына жылдық есеп беруді бухгалтерлік балансты пайда мен шығыс шоттардан шығарып отыруға міндетті.
Ашық және жабық акционерлік қоғамның басқарушылық құжаты болып жарғы табылады және ол басқарушымен бекітіледі. Онда жалпы мәліметтерден тыс қоғаммен шығарылатын акцияның категориялары жайлы шарттар номиналды құны мен саны туралы, акционерлердің құқықтары туралы, қоғамды басқару ұйымдарының құрамы мен компетенциялары туралы және олармен шешімдер қабылдау тәртібі туралы және тағы басқалар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Ерекше экономикалық статусқа тәуелді шаруашылық қоғамы ие. Тәуелді деп – келесі қатысушы қоғам акционерлік қоғамның дауыс беруші акциясы 20 пайыздан көп болатын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық қоғамның 20 пайызынан астамы жарғылық капиталы болатын шаруашылық қоғамды айтады.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның ерекше ұғымдық-құқықтық формасы болып өндірістік кооперативтер табылады. Өндірістік кооперативтер немесе артель болып олардың жеке еңбекті немесе басқа да қатысуымен негізделген біріккен өндірістік немесе басқа да шаруашылық әрекеттер үшін азаматтардың ерікті бірігуі табылады.
Өндірістік кооперативте оның мүшесінің мүліктің үлестік салымдары біріктіріледі. Мұндай кооперативтердің әрекет ортасы болып өндірістен тыс ауылшаруашылық, өнеркәсіптік немесе басқа да өнімдердің қайта өндеуі, жұмысшылардың орындауы, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулер табылады.
Өндірістік кооперативтердің басқарушылық құжаты болып – оның мүшелерінің ортақ жиналысымен бекітілген жарғы табылады. Өндірістік кооперативтердің маңызды ерекшелігі ол акциялар шығаруға құқықсыз және сонымен қатар жалпы жиналыспен қабылдау кезінде оның әр мүшесі бір дауысқа тиесілі кәсіпкершілік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары арасында ерекше орындағысы мемлекеттік және муниципалды-унитарлы кәсіпорындар. Унитарлы кәсіпорындардың астарында мүлікке меншік құқығы жоқ коммерциялық ұйым түсіндіріледі. Унитарлы кәсіпорын мүлігі бөлінбейді және кәсіпорын жұмысшылары және тағы басқа тұлғалар арасында үлестерге бөліндірілмейді.
Унитарлы формасында тек қана мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар ғана құрыла алады. Мұндай кәсіпорындардың мүлігі сәйкесінше мемлекеттік және муниципалды меншікте болады және оларға оперативті басқару немесе шаруашылық жүргізу құқында беріледі. Оперативті басқару құқына негізделген унитарлы кәсіпорын федералды қазыналық кәсіпорын деп аталады.
Меншіктің түрлі формадағы кәсіпорындардың өзара байланысы 2.1-кестеде берілген. Бұл кестеден көріп отырғандай 12096,0 мың кәсіпорындардан көп үлес салмаққа акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер ие-74,2 пайыз. Жеке кәсіпорындар үлесі 22,2 пайыз құрайды, ал өндірістік кооперативтер тек қана 36 пайызды құрайды. Мұндай сәйкестілік батыстың кәсіпорындарымен контрактіленеді, онда да индивидуалды кәсіпорындар ерекше болып табылады.
Кесте 3.1
Қазақстан кәсіпорындарының ұйымдық құқықтық формалары бойынша жіктелуі.
|
Кәсіпорындар формасы |
Кәсіпорындар саны, мың. |
Пайыз есебімен |
|
Жеке кәсіпорындар |
2611 |
22,2 |
|
Өндірістік кооперативтер |
431 |
3,6 |
|
Серіктестіктер, (АҚ) |
8944 |
74,2 |
|
Сонымен ішінде: ААҚ ЖАҚ |
512 6633 |
4,4 57,0 |
|
Аралас достастық |
104 |
0,9 |
|
Толық достастық |
29 |
0,3 |
|
Барлығы |
12056 |
100,0 |
АҚШ-да кәсіпкерлік әрекеттерді ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бизнестің ұйымдық-құқықтық формалары ішінде АҚШ-та ең жақсы дамығаны бірауызды кәсіпорындар. Мұндай форманы негізінен шағын кәсіпорындар алады. Мұндай кәсіпкерліктің жауапкершілігі шексіз болып табылады. Сот шағымы оның барлық мүлігіне жасалуы мүмкін. Бірауызды кәсіпорындар ең алдымен көтерме сауда аймағында қызметтер сферасында әрекет етеді. Ең жалғыз заңды құжаты – салықты декларация. Қаржылық жазбалар міндетті түрде емес оларды кіргізу ең алдымен салықтық мақсаттарда ғана қажет. Сонымен қоса әрекеттердің кейбір түрлерімен айналысу үшін сәйкес сипаттамалардың әкімшілікті ұйымдардың лицензиялары талап етіледі.
АҚШ-да жеткілікті кең жайылған бизнестің ұйымдық формасы.
Жалпы серіктестік немесе жай серіктестіктер туралы заң негізінде және серіктестіктер арасындағы келісім шарт негізінде қызмет етеді. Серіктестіктер серіктестік мүлігіне және басқаруда тең құқылы. Бірауызды кәсіпорындағыдай серіктестіктер кәсіпкерлері серіктестік міндеттері бойынша шектеусіз жауапкершіліктер артады. Айта кететін бір жайт жалпы серіктестік 1914 жылы қабылданған және 44 штатта іске асатын серіктестіктер туралы біртекті заңмен реттеліп отырады. Серіктестікті құру үшін минимум бір толық және бір шектеулі серіктес қажет. Серіктестіктерді құру кейбір заңдылықтарды орындауды талап етеді. Серіктестіктер штат секретарына олармен қол қойылған сертификатты өткізуі тиіс, онда серіктестік әрекетінің түрі туралы мәліметтер, оның мүшелері туралы мәліметтер, капитал құрылымы және тағы басқа туралы мәліметтер қамтылады.
Қорытындылай келе АҚШ-да соңғы жылдары елеулі дәрежеге ие болып келе жатқан бизнестердің ұйымдық-құқықтық формасы. Жауапкершілігі шектеулі компаниялар. Бұл өзіне корпорациялар мен серіктестіктердің қажеттілігін, қасиетін қосатын гибритті немесе құқықтық құрама құрылымы.
3.3. Кәсіпорын іс-әрекеттерін ұйымдастыру, әдісі, принциптері және оның даму стратегиясы
Кәсіпорын шаруашылық субъектісі ретінде өзінің қызмет ету барысында өмір сүру циклінің түрлі сатыларынан өтеді. Бірінші сатысы кәсіпорын іс-әрекетін ұйымдастыру. Шаруашылық субъектісінің пайда болуын куәландыратын алғашқы қадам – атқарушы билік органдарында тіркеу құжаты болып табылады.
Тіркеудің екі әдісі бар: рұқсат беруші (разрешительный) және (уведомительный) ескертуші.
Ұйымдастыру барысында кәсіпорынның құрылуы, өсуі, дамуы, күйреуі, қайта құрылуы немесе санация, банкротқа ұшырауы және жойылуы сияқты сатылардан өтеді.
Бірінші саты-кәсіпорынның құрылуы (ұйымдастырылуы). Шаруашылық субъектілерінің пайда болуын тиісті атқарушы билік органдарындағы тіркеу құжаты куәландырады. Бұл сатыда кәсіпорындардың атқаратын (айналысатын) негізгі іс-әрекеті, мақсаты, стратегиясы, өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы қажетті персонал құрамы анықталады, сондай-ақ қажетті жабдықтар (негізгі қоры), шикізаттар сатып алынады, өнім ( қызмет) өндіріс және кәсіпорынды басқару ұйымдастырылады. Өсу (кеңею) сатысы кәсіпорын нарықтағы өз үлесін толық иеленеді, яғни кәсіпорынның рентабельді (пайдалы) жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесі жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары
Даму сатысы (тиімді қызмет ету кезеңі)
Жаңа қадам

Күйреу сатысы
Қайта құру (қайта ұйымдастыру)
|
Ұлғаю, өсу сатысы |
Кәсіпорынды құру |
|
Банкротқа ұшырау |
|
Жаңа қадам |
|
Санация (жарақтану) |
|
Кәсіпорынның жойылуы |
Сызба 3.1 .
Кәсіпорынның тиімді қызмет ету сатысы – кәсіпкерлік іс-әрекеттің ақырғы нәтижесі ұтымды (тиімді) ұйымдастырылған өндіріс кәсіпорындарды басқарудың прогрессивті әдістерін пайдалану белсенді маркетингтік шаралар негізінде қол жеткізілген жоғарғы тиімділік деңгейімен сипатталады.
Егер кәсіпорын сыртқы орта өзгерістеріне жылдам бейімделетін нарық қажеттіліктерін уақтылы қадағалай отырып қанағаттандыра алатын болса, онда ол ұзақ жылдар бойы тиімді қызмет ете алады. Егер де кәсіпорын уақтылы нарық талаптарына жауап бере алмаса, онда күйреу банкротқа ұшырау қаупі туындайтындығы анық. Алайда кәсіпорындардың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, яғни банкротқа ұшырау (күйреу) қаупін төмендететін біраз жағдайлар бар:
Маркетинг бойынша:
- нақты мақсатты көздейтін сапалы жоспарды құру және жүзеге асыру ;
-қаржы ағымы бойынша жүйелі болжамдар жасап беру;
-іс-әрекетті нарық талаптарына сәйкес ұйымдастырып отыру;
-қауіп тудыратын жағдайларды алдын-ала анықтай білу және тиісті шаралар қолдану.
Кәсіпорын басқарушылары (менеджерлері) сыртқы ортаның кез-келген өзгерістеріне назар аударуы қажет. Банкроттыққа ұшырау жолын алмастыратын басқа альтернативасы (мүмкіншілігі) бар - ол кәсіпорынды қайта ұйымдастыру. Бұл жағдайда бірігу (қосылу), жіктелу, ұйымдық-құқықтық формасын (нысанын) өзгерту және т.с.с. шаралардан тұратын дағдарыстан шығу жоспары құрылады және жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастырудың ерекше формасы (нысаны) - кәсіпорындағы басқаруды тиімді ұйымдастыру, өндіріс тиімділігі мен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату, өндіріс шығындарын төмендету, қаржы-экономикалық нәтижелерді жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыратын болып табылады.
Кәсіпорынның іс-әрекетінің нәтижесі күйреу қаупін тудырған жағдайда кәсіпорын санациясы жүргізілуі ықтимал. Санация – бұл кәсіпорынның жойылу қаупін алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы. Бұл шаралар (сот шешімі бойынша) кәсіпорын басқару қызметін мемлекеттік органға немесе кредиторлар кеңесіне беруге негізделген.
Санация процедурасын жүзеге асыру төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:кәсіпорынның қайта өмір сүруін қамтамасыз ету; жауапқа тартылушылар мен кредиторлар арасындағы бейбіт келісімге отыру; кәсіпорын активтерін ұтымды сатуға қол жеткізу;
Санация ұйымдастырушылық және қаржылық әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, кәсіпорынның басқару (администрация) аппаратында өзгерістер жүргізіледі, яғни рентабельділігі төмен құрылымдық бөлімшелер жойылады немесе қысқартылады. Екінші жағдайда, ақша капиталын оңтайландыру үшін жаңа акциялар (немесе облигациялар) шығару, банк несиелерін көбейту және бюджттік субсидиялар ұсыну, акциялар бойынша дивиденттерді азайту, оларды төлеу мерзімін ұзарту, қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімдіге алмастыру шараларынан тұрады.
Егер санация нәтижесі күткен нәтижеге әкелмесе банкроттық жарияланады. Кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауының негізгі белгісі – ағымдағы төлемдердің тоқтап қалуы болып табылады. Мұндай жағдайда кәсіпорын кредиторлары сотқа шағымдану құқығы бар, тіпті қарыздар кәсіпорынның өзі сотқа банкроттыққа жариялау туралы өтінішімен бара алады.
Кәсіпорынның жойылуы, яғни банкротқа ұшырау себебі бойынша іс-әрекетін доғару меншік иесінің немесе сот шешімінің шешімі бойынша жүргізіледі.
«Стратегия» сөзі гректің strategos сөзінен шыққан, алғашқыда бұл термин әскери терминологияда пайдаланылған және әскери операцияларды жоспарлау өнері деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі таңда бұл термин бизнесте кеңінен қолданылады.
Стратегия анықтамасын көздеген мақсатқа жету үшін қажетті шаралар жиынтығы деп қорытындылауға да болады. Алайда, бірыңғай стратегия қалыптасқан деген ұғым қате болмақ, себебі бизнестің теориясы мен тәжірибесі кәсіпкерлік істі жүргізудің бірнеше стратегиялық типтері бар екендігін куәландырады. Кәсіпорын стратегиясының негізгі типтері төмендегі сызбанұсқада көрсетілген.
Бизнес әлемінде кездесетін барлық стратегия типтерін үш топқа
біріктіруге болады;басқыншылық стратегиясы; қорғаныс стратегиясы; бизнес түрін алмастыру стратегиясы
Стратегия принциптері
|
Кәсіпорынның іскер стратегиясы |
|
Өнімнің сатылу көлемі мен пайда динамикасы бойынша классификациялау |
|
Басқыншылық стратегиясы |
|
Өсім стратегиясы |
|
Нарыққа терең ену стратегиясы |
|
Көп мақсатты стратегия |
|
Қорғаныс стратегиясы |
|
Мамандандыру стратегиясы |
|
Бизнес түрінің алмастыру стратегиясы |
|
Бәсекелестік артықшылықтарды реализациялау |
|
Өндірістің төмен шығындар стратегиясы |
|
Нарықтың даму стратегиясы (жаңа тауарлар) |
|
Жаңа нарықтарды жылдам игеру стратегиясы |
Сызба 3.2. .
Әр кәсіпорын күрделі көп жүйелі жүйе болып табылады, сондықтан кәсіпорын стратегиясын жеке құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер алдында тұрған нақты жолдары ретінде бөлшектеп көрсетуге болады. Яғни, стратегияны жеке жүйелік стратегия ретінде сипаттау. Әр жүйелік стратегияның бағытталған нақты объектісі бар. Олар маркетинг стратегиясы;
қаржы стратегиясы; инновация стратегиясы;өндіріс стратегиясы; ұйымдастырушылық даму стратегиясы және т.б.
Маркетинг стратегиясы - нарыққа неғұрлым терең енудің ең тиімді жолдарын ұйымдастыру, яғни маркетингтік шараларды (тауар, баға, жарнама және т.б.) ұтымды пайдалану нәтижесінде көздеген мақсатқа жету.
Қаржы стратегиясы - кәсіпорын қаржысын басқаруда көздеген мақсатқа жету үшін шаралар жиынтығын ұйымдастыру. Нақты стратегия бойынша кәсіпорынның көздейтін негізгі мақсаты - өте аз шығын арқылы пайданы барынша көтеру кәсіпорын активтерін оңтайландыру, болашақ кезеңде кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның инновациялық стратегиясы - кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, өзара байланысты техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық шаралар жиынтығынан тұрады.
Өндіріс стратегиясы - кәсіпорынның тұрақты, тиімді дамуына мүмкіндік беретін (қызмет) түрін, технологиясын және өндірісті ұйымдастыру әдісін таңдау бойынша өзара байланысты шаралар жиынтығынан тұрады.
Ұйымдастырушылық даму стратегиясы - бұл кәсіпорынның ұмтылатын болашақ кезеңдегі келбеті.
ТАҚЫРЫП 4.
ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ПРИНЦИПТЕРІ
4.1. Өндірістік процестің сипаттамасы және оның түрлері
Өндірістік процесс дегеніміз – тапсырыс берілген сала, сан, түрлер бойынша және белгіленген мерзімде тауар дайындауға бағытталған еңбек және табиғи процесстердің кешені.
Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге қажет нәрсені дайын күйіне бере қоймайды. Осындайда да адамдар өздерінің күш-жігерін өздеріне қажет заттар жасауға, яғни өндіруге тиісті. Мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды негізгі саласы ретінде көрінеді.
Өндіріс процесі кезінде адамдар табиғатпен қарым-қатынасқа түседі. Бір жағынан алып қарағанда бұл қатынастар адам табиғатының бір бөлігі болғандықтан табиғат ішіндегі ресурстар ретінде сипатталады. Бірақ екінші жағынан бұлар жануарлар әлемінің өзге барлық өнімдеріне қарағанда табиғатпен қарым-қатынастары айтарлықтай өзгешеліктері бар.
Сонымен өндіріс дегеніміз – адамдардың табиғатпен қарым-қатынасына, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттерін қанағаттандыру үшін өнімдер алуын білдіретін ерекше процесс.
Өндірісті сызба сызық түріне «кірер жағы» және «шығар жағы» болып тік төртбұрыш ретінде бейнелеуге болады.
|
Кірер жағы (ресурстар) |
ӨНДІРІС
Шығар жағы (игілік)

«Кірер жағында» өндіріс ресурстары тұр. Олар адамның өндірістік қызметінің қажетті шартын құрайды. Қоғамның өз дамуынның сол кезіндегі күш-қуаты мүмкіндіктерінің көрінісі.
Өндіріс процесі шеңберінде ресурстар материалдық игіліктерді жасаған кезде белгілі қызмет атқарып «өндіріс факторларына» айналады. Демек өндіріс факторларын бұл қимыл әрекетіне келтірілген ресурстар.
Әрбір өндірістік процесс көптеген жекелеген процестерден тұрады, оларды орындау нәтижесінде тауардың жекелеген құрамдас бөліктері жасалады. Жекелеген процестер негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші бөліктерге бөлінеді. Негізгі процестер дегеніміз – нәтижесінде еңбектің түрлері немесе көлемі, оның ішкі қасиеттері, сыртқы жағдайы, құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін процестер.
Көмекші процестерге еңбек құралдарымен тікелей жанаспайтын, негізгі процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге қызмет ететін процестер жатады. Мысалы: өз қажеттілігі үшін құрал-саймандар дайындау, өз қажеттілігі үшін әр түрлі энергия түрлерін дайындау, негізгі қорларды жөндеу, еңбек құралдарының сапасын бақылау. Қызмет көрсетуші процестерге зауыттың ішкі тасымалдау – қоймаға жинау сияқты т.б. жатады.
Өндірістік процесстер деп алғашқы шикізатты дайын өнімге айналдыруы бойынша әр түрлі, бірақ өзара тығыз байланысқан жұмыстар түрлерінің жиынтығын айтамыз. Өндірістік процестің мазмұны кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы, мамандар құрамы, көптеген технико-экономикалық көрсеткіштерге тәуелді. Оларға өңделетін өнім түрі, қолданған технология, жабдықтар құрамы жатады. Өндірістік процестердің негізгі элементтеріне еңбек, еңбек заттары және құралдары жатады. Еңбек процесі кезінде адам еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарына әсер етіп соңғыларды дайын өнімге айналдырады.
Белгілі жұмыс орнында бір немесе бірнеше топ орындаушыларымен іске асырылатын өндірістік процестің бөлігі «операция » деп аталады.
Кесте 4.1 .
Өндірістік процестерді белгілі бір сипаты бойынша келесі түрде жіктейміз
|
Жіктеу белгілері |
Өндірістік процесс |
|
1. Өнімді өндірудегі алатын орны |
1.негізгі 2.көмекші 3.қызмет етуші |
|
2.Өнімді жасау |
1. қарапайым 2. күрделі 3. жинақтау |
|
3.Дайындау сатысына байланысты |
1.дайындайтын 2.өңдейтін |
|
4.Үздіксіздік дәрежесіне байланысты |
1.үзілісті 2.үздіксіз |
|
5.Қолданылатын техниканың дәрежесіне сәйкес |
1.қолмен 2.машинамен 3.кешенді механикандырылған 4.автоматтандырылған |
|
6.Құрал-жабдықтың қолдану ерекшеліктеріне байланысты |
1.аппаратуралық (агрегеттық) 2.дискреттік |
Өндіріс түрі дегеніміз – өнім шығару топтамасы, масштабы, және тұрақтылығына негізделген өндірісті ұйымдастыру факторлары мен элементтерінің үйлесуін ұйымдастыру. Сонымен қатар техникалық және экономикалық сипаты мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Өз кезегінде шығарылатын өнімнің топтамасы мен масштабы өндірістің шоғырлану, мамандану, бірігу және біріктіру деңгейін анықтайды.
Өндірісті ұйымдастыру мен оның элементтерінің жоғарыда аталған түрлерінің өзара үйлесуіне байланысты өндірістің мынадай түрлері болады: жекелеген, сериялы (кіші сериялы, сериялы, ірі сериялы) және жаппай. Әрбір өндіріс түрі жұмыс орындарының белгілі дәрежеде жүктеуі мен жұмысшылардың деңгейімен, технологиялық жарақтануымен сипатталады.
Жеке дара өндіріс-шығарылатын өнімнің кең топтамасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Жекелеген өндіріс жағдайында жұмыс орындарына бекітілген операциялар болмайды, олар белгісіз уақыт аралығында, белгісіз кезек алмасусыз түрлі операциялармен жүктеледі.
Сериялы өндіріс-жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың топтамасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және топтамалық айырымына байланысты сериялы, орта сериялы және ірі сериялы өнідіріс болып бөлінеді.
Сериялық процестерде жұмыс орындары белгілі бір кезекпен атқаратын, оларға бекітілген бірнеше операциялармен жүктеледі.
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі топтамалық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайтын өндіріс. Жаппай өндірісте жұмыс орындары нақты бөлшектерді орындау жөніндегі белгілі бір операцияларды орындаумен жүктеледі. Өндіріс түрі оны ұйымдастыру әдісін айқындайды, өндірісті ұйымдастырудың ағымдық, партиалық, және жекелеген әдістері болады. Шикі материал дайын өнім болу үшін бірнеше операциялардан өтеді, осы операциялардың жиынтығын - өндірістік цикл деп атаймыз Өндірістік цикл ұзақтығы жұмыс уақыты мен үзілістер уақытынан тұрады.Өндірістік процестердің ұзақтығын қысқартудың негізгі факторлары мыналар:
- бұйымның конструкциясын жеңілдету мен сериялық бұйымдар үшін блоктық деңгейді және жаппай өндірісті арттыру;
- бұйымдар жасаудың технологиялық процестерін жеңілдету және жетілдіру
- бөлшектік, технологиялық және функционалдық мамандандыруды тереңдету;
- механикалық өңделетін бөлшектердің үлес салмағын қысқарту.
- өндірістік процестерді тиімді ұйымдастырудың қағидаттары арасындағы байланыстылықты сақтау және талдау;
- уақытты бақылау және көліктік қоймалық операцияларды есептеуді механикаландыру және автоматтандыру;
- тиісті технологиялық операциялармен алмастыру арқылы табиғи процестер уақытын қысқарту;
- операциялар арасындағы үзілістерді қысқарту;
- техникалық негізделген уақыт мөлшерінің, қызмет көрсету мөлшерінің, ресурстар шығынының мөлшерінің үлес салмағын арттыру.
4.2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Өндірістік кәсіпорын – өндірісті жоспарлау мен ұйымдастырудың бастапқы буыны. Өндірістік процестің дұрыс орындалуына негізінен тікелей өндірушілердің өндіріс құралдарымен байланысуы әсерін тигізеді. Осындай байланыстың жоғарғы /сатысына/ формасына өндірістік кәсіпорын жатады.
Өндірістік кәсіпорынның негізгі мақсаты-адамдардың өскелең материалдық және рухани талаптарын толығымен қамтамасыз ету.
Жеңіл өнеркәсіптің салаларының құрамына, соның ішінде тері және былғары өнеркәсібінің құрамына көптеген ірі өндірістік бірлестіктер мен бірқатар жекелеген кәсіпорындар кіреді. Өндірістік бірлестіктер құрамына кіретін кәсіпорындар өндірістік бірлестіктер деп аталады.
Кәсіпорын және концерндер, ассоциациялар, салааралық мемлекеттік бірлестіктер және басқа да ұйымдастыру құрылымдары, соның ішінде кооперативтердің қатысуымен және де шетел мемлекетінің фирмаларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құра алады.
Өнеркәсіп кәсіпорындары оның бастапқы саласы болып саналады, сөйтіп ол оның үш жағының бірлесуінен анықталады: өндірістік-техникалық, ұйымдастырушылық, және шаруашылық. Кәсіпорын өндірістік-техникалық жағы жекелеген аумақта кәсіпорынның өнімді өндіруге пайдаланатын өндіріс құралдарының топтастыруымен анықталады. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық қабілеті құрал-жабдықтарға деген жеке меншікпен, жұмысшылар ұжымының барымен және сыртқы экономикалық байланысымен қарастырылады. Кәсіпорын жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды, олардың жұмысын ұйымдастырады және оған ақы төлейді, сонымен бірге құрал-жабдықтар жөнінде-тұтынушы, шығарылған тауарлар жөнінде-сатушы болады, басқа кәсіпорындармен, мекемелермен және мемлекетпен өндірістік шаруашылық байланыс жасайды. Кірістер мен шығындарын түзеп отырады. Кәсіпорынның бұл жағы оның жарғы және жарғылық қоры мен мерзімімен және /жарғылық қоры мен/ мемлекеттік кәсіпорын жөніндегі заңмен жүзеге асырылады.
4.3. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
Негізгі өндірісті ұйымдастыру келесі құрама бөліктерден тұрады:өндірісті ағымды ұйымдастыру; өндірістің ағымдық әдістерін енгізуге дайындық; негізгі өндірістің процестерін реттеуді және бақылауды ұйымдастыру
Ағымдық әдістерді енгізуге дайындық технологиялық варианты таңдаудан, өндірістік мөлшерлеуді жасаудан, ағымның құрылымын жобалаудан тұрады.
Технологиялық вариантты таңдау олардың әр-қайсысын қолдану тиімділігін салыстырмалы есептеулермен негіздейді. Тиімділікті көрсеткіштердің жиынтығын анықтайды, олардың ішінде маңыздысы болып: өнімді дайындау сыйымдылығының азаюы, өндірістік цикл ұзақтығының қысқаруы, өндірістік қуаттылықты өсіру, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету және т.б жатады. Бұл көрсеткіштер технологиялық варианттың экономикалық тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар олар тек өнімнің жаңа түрлерін меңгеру кезінде емес, технологияны жетілдіруде, құрал-жабдықтардық жаңалануы кезінде және т.б жағдайда қолданылады.
Вариант таңдалғаннан кейін, бөлшектік процестердің саны және олардың операцияларын құрайтындар, орнатылған жабдықтар түрі анықталынады және әрбір жұмыс орнында өндірістік ауданның өлшемдері табылады. Жұмыс орындары бойынша еңбек заттарының қозғалысын жобалауға өтеді, ол үшін машиналарды қолданудың прогрессивті технико-экономикалық мөлшерлері, шикізаттар мен материалдар шығындарының технико-экономикалық мөлшерлері, дайын өнімді және өндірістік қалдықтарды шығару мөлшерлері, барлық бөлшектік процестерге жұмыс уақытының мөлшері және оларды құрайтын өндірістік операциялар керек.
Негізгі өндірісті енгізуге дайындықтан кейін өндірістік ағымды ұйымдастыруға болады. Өндірісті ағымды ұйымдастыру келесі көрсеткіштерден тұрады:
- ағымның алдынғы қатарлы машиналарын жүктеуді есептеу;
- ағымның жұмыс орнында өндірістік тапсырманы орындау;
- ағымның жұмыс орындары бойынша еңбек құралдарының қозғалуын жобалау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамту қажет:
- өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
- кейбір бөлісулердің өндіріс учаскілері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
- өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарлыстығы;
- өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жолының анықталуы;
- өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
ТАҚЫРЫП 5.
ШИКІЗАТ БАЗАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
5.1. Шикізат –материалды техникалық базаның негізгі элементі және жабдықтау жүйесі
Шикізат – материалды – техникалық базасының негізгі элементі. Шикізат базасы және оның құрамдас бөліктерін сызба түрінде төмендегідей көрсетуге болады.

Сызба нұсқа 5.1
Сызбанұсқада көрсетілгендей шикізат базасы жіктеу ерекшеліктеріне байланысты әлеуетті, қолданыстағы, биологилық, литосфералық, гидрологиялық, атмосфералық, минералдық, биохимиялық, бірінші реттік, екінші реттік, отандық және шетелдік шикізат және де қысқа, орташа ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Әлеуетті шикізат базасына – қоршаған орта ресурстары, қазба байлықтары жатады. Оның құрамына өндірістік, қоғамдық жеке пайдалану қалдықтары да кіреді.
Биохимиялық шикізат базасына ауыл шаруашылығының барлық шаруашылығының табиғи шикізаттарының барлық түрлері және өнімдері кіреді.
Рудалық және рудалық емес пайдалы қазбалар литосфералық шикізат базасын құрайды. Жоғары қабаттағы, ішкі және теңіз сулары, сондай-ақ ауа және оның компаненттері минералдық шикізат базасының құрамына кіреді. Шығу тегіне байланысты базасына бірінші және екінші реттік болып бөлінеді.
Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жүйесі, кәсіпорын өндіріске қажет материалдар мен дер кезінде қамтамасыз ету және кәсіпорындар ара қатынасын жақсартуы, материалдық ресурстарды тиімді, үнемді қолдану жағдайын жасауы қажет. Кәсіпорын экономикасының технико-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің өзгерту мәселесі, осы кәсіпорынның жұмысын жақсартып, ішкі резервтердің анықтауға өзіндік құнына әсерін тигізетін факторды анықтауға және есепсіз шығындар жасаудан тартынуына, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруына көмектеседі. Ал кәсіпорында материалдық ресурстармен үздіксіз қамтамасыз ету осы негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Материалдық ресурстармен жабдықтау шаруашылық қатынастарда басымдылығын қамтамасыз ету керек, материалдық ресурстардың теңесуін көтеру үшін жағдайлар жасауы қажет шығындарды төмендету және өнімнің тұтынушылық қасиеттерін көтеру мақсатында өндіріс және тұтынуға әсер етуі керек. Материалды-техникалық жабдықтаудағы болашақты бағалау және пайдаланбаған резервтерді анықтау, тиімділікті көтеру мақсатымен жабдықтау сату бөлімдерінің, ұйымдарының жұмысын зерттеу.
Материалды-техникалық жабдықтау ұйымдарының шаруашылығын талдау айналым шығындарын төмендетуге, өндірістен тыс шығындарды және жоғалтуларды болдырмауға, еңбек, материал және қаражат ресурстарын пайдалануда үнемдеу тәртібін сақтауға келісім міндеттемелерін және еңбек ақы, пайда және табыстылық бойынша жоспарлауды орындауға көмектеседі.
Кәсіпорындарда нарық жүйесіндегі экономикалық талдау, жоспарлауда, басқаруда, бақылауда және шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жетуде маңызды құрал болып табылады.
Материалды-техникалық жабдықтаудың болашақтағы технико-экономикалық көрсеткіштердің негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады.
- жабдықтау – сату ұйымдарының шаруашылық қызметінің барлық жабдықтарын зерттеудің кешенді сипаты;
- құрамына жүйелі келу негізінде талдаудың оперативті, алғашқы шаруашылық-аралық, салыстырмалы түрлерін интенсивті дамыту;
- тереңгі резервті анықтау, оларды іске асыру шаруашылықты ұтымды жүргізу, қолдағы ресурстарды жан-жақты пайдалану үшін қажет.
Материалды – техникалық жабдықтауды болашақтағы технико-экономикалық жоспарлардың міндеттері шикізаттары сатып алу және материалды ресурстарды пайдалану; шикізат материалды сатып алу және олардың өзіндік құнының жоспарын орындауды анықтау; кәсіпорынның шикізат, материалдар және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуі дәрежесін анықтау; жеткізулер шарттарының және мерзімдерінің орындалуын тексеру; материалдық ресурстар қосалқыларын және шығындау мөлшерін сақтауды тексеру; кәсіпорынға керек емес материалдық құндылықтарды анықтау.
Материалдық ресурстарды үнемді пайдалану өнім өндірісіне мүмкіндігінше аз мөлшердегі шикізат пен материалдар жұмсауға негізделген. Сонымен қатар, материалды пайдаланудың тиімді құрылымын жасай отырып, өндірістік процесте төменгі шығынмен өнімнің тұтынушылық қасиеттерін жоғарлатуға мүмкіндік беретін шикізат пен материалды қолдануды және осы мақсатқа сәйкес кәсіпорында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып материалдық ресурстарды үнемдеу бойынша шаралар ұйымдастыруы қажет. Бұл шараларды жүзеге асыру кезінде, ақырғы нәтиже, өнімнің бір данасына кететін шикізат пен материалдар шығынын төмендетіп қана қоймай, өнімнің нарықтағы сұранысына сандық және сапалық жағынан сәйкес келуін қамтамассыз етілуі тиіс.
Шикізат пен материалдың үнемділігін қамтамасыз ететін жағдайларды атап өтер болсақ, оларға мыналар жатады:
-
оларды максималды пайдалану;
-
қайта өңдеу процесінде пайдаланылатын әдістердің жоғарғы деңгейіндегі прогрессивтілігін қамтамассыз ету және т.с.с.
Материалдық ресурстарды үнемдеу жолдары өте көп. Олардың негізгі бағыттарын төмендегідей көрсетуге болады:
-
қалдық пен шығынды қысқарту;
-
ақауы бар өнімдерді жою;
-
шикізат, материал және олардың алмастырушылардың жаңа түрлерін қолдану:
-
жаңа технология еңгізу;
-
екінші реттік шикізатты пайдалану.
Үнемдеу резервтерін шоғырландыруға ең көп жерді материалды – шикізаттық және энергетикалық ресурстарға бағалардың өзгеруін көрсетеді.
Үнемдеу резервтерінің көп түрлігін 2 түрге бөлуге болады: біріншіге, өндіріс технологиясын және пайдалануды жетілдіремеуден болатын энергия материалдар, шикізаттын тікелей шығындарын және қалдықтарын жатқызуға болады. Оған жаңа өндірістік тұтыну қалдықтарын қосамыз. Үнемдеу резервтерінің бұл түрінің анықтаушы ерекшелігі болып мынау табылады, қалдықтардың қалыптасуы-қазіргі өндірістің технологиясына және тікелей айналым және тұтыну аймақтарына байланысты.
Демек, олардың көлемдерін қалдық қалыптасу көрсеткіштерінің үлестіру арқылы есептеуге болады.
Үнемдеу резервтерінің екінші түріне материалдық шығындарды қысқартудың көрінбейтін мүмкіндіктері жатады, олар белгілі шаралар кезінде ғана кезде түседі. Мысалы, өнімнің бір түрін материалды өз қажет ететін өніммен алмастыру.
Үнемдеудің әлеуетті резервтерін мөлшерлік бағалау кезінде ресурстарды сақтаудың негізгі бағыттары ішінен келесілерді айрықша көрсету қажет:
-
Материалдық ресурстарды пайдалану коэффициентін көрсетуге әкелетін, ұйымдастыру және ғылыми-техникалық шаралар арасында шикізат, материалдар, энергиясын қалдықтарының және қамтамассыз шығындарының болуын қысқарту;
-
Көлемді өсіру және екіншілік материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру (соның ішінде жаңа өнімді жасау бойынша шаралар арқасында);
-
Шикізат және материалдар запастарын оларды оптималдау және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және энергетикалық қалыпты түрлерін едәуір тиімділерін алмастыру арқасында қысқарту;
-
Шикізат, материалдар және энергияның қалыпты түрлерін едәуір тиімділерінен алмастыру;
-
Өндірісті кеңейту және шикізат материалдардың жаңа прогрессивті (соның ішінде жасанды) түрлерін пайдалану;
-
Ұзақ уақыт пайдалану өнім сапасын көтеру есебінен тұтынушылық құнның қосалқысына есептегенде шикізат, материалдар және энергияға қажеттілікті қысқарту және тағы басқалары материалдық ресурстарды тиімді пайдалану, шешу, мүмкіншілікті іздеу және үнемдеу жолдарын анықтау, әрі жұмысшылардың еңбек ақы қорын көбейту мәселесі, ресурстарды жұмыс орындарында үнемдеумен байланысын анықтап, кәсіпорын табыстылығын өсіруіне әсерін анықтайды. Нәтижесінде кәсіпорын өндірісті материалдық ресурстармен дер кезінде қамтамасыз етуі және қосалқы қажеттілігі, айналым қордың айналым уақытының қысқарту жолдары анықталады. Сонымен қатар қаржы мәселесі де шешіледі.
-
. Материалдық ресурстарды тиімді қолдану кәсіпорын экономикасының
дамуының күрделі шарты.
Тамақ өндірісінің құрылымындағы материалдық ресурстары жеке салмақты иеленеді. Сол себептен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өңделуі үшін материалдық ресурстардың экономикалық режимі мағынаны білдіреді.
Материалдық ресурстарды тиімді қолдану өндірістік тұтыну құрамы сияқты, шикізатпен материалдардың шығын деңгейімен анықталынады. Сол сияқты материалды тұтыну құрылымының ұтымды құрылуы өндірістік процесте, материалдарды және шикізаттарды қолдану қажет. Бұл мақсатпен кәсіпорындарда өндіріс ерекшелігінің есеп беруіндегі материалдық ресурстардың тиімділігі біршама шаруаларды өңдеу болып табылады. Сонымен қатар олардың жүзеге асырылуы материалдардың және шикізаттардың шығындарын төмендетүді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге олардың ішіндегі өндірілген өнімдердің нарықтағы саны және сапасы біршама сәйкес келуі болып табылады. Одан басқа мұндай тиімділік бірлік уақытының көлеміне немесе ағымдағы өндірістердің ұсталымдарына әкеліп соқтырмауы болып табылады.
Материалды және шикізаттарды тиімді қамтамасыз ету шарттарын төмендегілерден көре аламыз:
-
нақты мақсатқа сәйкес келетін материалдардың таңдалуы және олардың қолданылуы;
-
олардың максималды пайдаланылуы;
-
процестегі еңбек құралдарының қайта өңделуін және техникалық әдістерді қолданылуы деңгейінің жоғарылығы;
-
жұмысшылардың материалды көз қарасымен және квалификация деңгейінің сәйкес келуі;
өнім бірлігіндегі шикізат шығынының төмендеуіндегі экономикалық тиімділік келесілерде қолданылады:
-
материалдық ресурстарды қолдану қасиеті және толық қолдану мен сипатталады.
-
өнімнің нормативтігін және өндіріс көлемін қамтамасыз ететін шикізат қорларының көлемі бойынша қолайлығын құру.
-
өндірістегі қосымша өнім көлемі үшін материалдық ресурстардың және оларды қолданудағы кеткен шығындардың қысқаруы, материалдармен немесе шикізаттардың өзіндік құнның төмендеуі.
Материалды ресурстарды тиімді пайдалануы жолын қандайда – бір кестеге кіргізу өте қиын. Іс-жүзінде асырылмайтындар үшін жалпы нұсқауы жалпы нұсқауы кәсіпорын мінездемесіне байланысты болады. Бірақ та (АПК) ауыл шаруашылығы кешеніндегі кәсіпорыны үшін негізгі бағыттарды көрсетуге болады:
-
қалдықтардың қысқаруы.
-
ақауларды жою;
-
материалдың және шикізаттың шығындық әдістерін прогресивті түрде өңдеу;
-
шикізаттың, материалдың жаңа түрін қолдану;
-
жаңа технологияның енгізуі;
-
екінші сурыпты шикізатты қолдану.
Экономикалық құрамдардың күрделілігі болып нормативтік құралдардың және прогрессивті мөлшерлерді өңдеу болып табылады.
ТАҚЫРЫП 6.
КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІ
6.1. Нарықты экономика жүйесінде жоспарлаудың маңызы және принциптері
Нарықты экономика жүйесінде әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың жұмыс істеу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай (шарт) құрылған. Әрбір кәсіпорын өз жұмысын бастай отырып, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарға қажеттілігін, сонымен қоса кәсіпорынға өндірісте бар қаржыны жақсы пайдалану үшін болашаққа болжам жасайды.
Егер өзінің өндірістік шаруашылық жұмыстарын және өз болашақтары мен мүмкіндіктері туралы экономикалық ақпараттың жүйелі жоспарсыз, нарықтық экономикада меншік иелері табысқа жете алмайды.
Жоспарлаумен байланысты кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі (жұмысы) кез келген бизнес үшін маңызды мәселе болып табылады. Елде жүргізілген экономикалық реформа мәліметі бойынша 90-шы жылдың басында экономикалық әдебиеттерде ғалымдармен айтылған экономикалық жүйе ретінде жоспар рөлін мойындамау негізсіз болды.
Көптеген мамандар мен ғалымдар жоспарды реттеу туралы мақсатты бағдарлама айтуда. Қазіргі экономикада жоспарлы бастама тұрақты анық қалыптасқан ортада ғана емес, сонымен қоса ең төменгі жағдайында анық емес және нашар жоспарланған ортада экономикалық төмендігін дүниежүзілік тәжірибе көрсетеді.
Нарық кезінде нарықты реттеушілердің салалық, бәсекелестік, саяси, әлеуметтік сияқты ортаның қажеттіліктерінің өзгеруін қажеттілік пен мүмкіндіктерді алдын ала байқауды тек жоспарлаумен байланыстыру мүмкін.
Нарықтық экономика дамыған елдерде мамлекеттік реттеудің негізгі (басты) міндеті болып, экономика жағдайының теңдігін қолдау, экономикалық өсім мен халықтың өмір сүру деңгейін жоспарлаумен қамтамасыз ету табылады. Мұнда кәсіпорын өндірістік шаруашылық қызметінің жоспарлы реттелген негізгі субъектісі болып табылады. Еркін нарықтық қатынасқа, сұраныс пен ұсыныстың теңесуіне негізделген мемлекеттік реттеу мен шаруашылық ішіндегі жоспарлаудың арасында өзара әрекеттің экономикалық механизмі бар. Ұсыныс пен сұраныстың әрекетінде нарықтың өзін-өзі реттеу жүйесі құрылған, ол экономикалық дамуды кәсіпорын деңгейінде жоспарлау.
Нарықтық экономикада әрбір тауар өндеуші негізінен шығарылатын бұйым құрылымы мен көлемін өз бетімен реттейді, оларды ішкі және сыртқы нарықта сатуды есептей отырып, сату бағасын бекітеді. Ол үшін кәсіпорынға келесі сұраныстарға жауап таба алатын кәсіби маркетингтік қызмет керек:
-
кәсіпорын өзінің бәсекелесінен төмен бағада тауар шығарып
немесе
қызмет көрсете алады ма? Егер оны орындай алмаса, онда қандай
факторлар
әсер
етеді:
-
кәсіпорынның жаңа материалдық ресурстарға қандай мүмкіндігі бар,
ол
бір ғана жеткізіп берушіге байланысты ма, немесе олардың саны
шектеулі ма?
-
бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін кәсіпорын қандай негізгі
құралдармен қамтылған?
- өндірістік шығынды
төмендетуге материалдар мен шикізаттар
сатып
алу және тапсырысты сату
уақыты есептелген бе, кіріп жатқан материалдар
мен шығарылып жатқан
бұйымдарды бақылау қызметі қалай
қойылған?
-
нарық сегментері жоқ өнім шығаруға өндіріс процесі оптималды
жоспарланған және жобаланғандығы сонша өнімде бәсекелес жоқ
болса,
нарық сегменті қалай қызмет көрсетеді?
Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың мүмкіндігі бар шешімін жүргізу үшін бизнес-жоспар пайдаланылады. Стандартты бизнес-жоспарға әдетте келесі бөлімдер кіреді: жалпы мәлімет, маркетинг-жоспар, өндірістік жоспар, қаржылық жоспар және т.б.
Демек, шаруашылық әрекеттің жеке нәтижесінің табысы үшін берілген кәсіпорынның даму тенденциясы, пропорциясы, үш элементті анықталатын жоспарлау жиынтығы саңдық көрсеткіштер жүйесін ғылыми негізде өңдеумен қорытылды.
Кәсіпорынға жоспарлау өндірісті басқарудың басты функциясы болып табылады. Қазіргі менеджментте қолданылып жүрген басқару функциясының жалпы жіктелуі Ф.Тейлор, А.Файол, Г.Эмерсондер қалыптастырған және оның ізімен ұйымдастыру басқару функциясының жүйесі көрсетіледі, әрбір функция шаруашылық субъектісінің жоспарлы қызметіне жатады: мақсатқа негізделу, стратегияны өңдеу, жұмысты, бағаны және нәтижелерді бақылауды, мақсатты өңдеу және жоспарды нақтылау.
Нарық жағдайын кәсіпорын ішіндегі жоспарлау бірыңғай бүтін жүйе ретінде бір уақытта көптеген өзара байланысы бар экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, инвестициялық, басқарушылық және басқа
да проблемаларды қарастыруға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпорынға жоспарлау басқарушылық шешім қабылдау және орындау үшін мөлшерлік базаға қызмет ететін өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға негіз болып табылады.
Кәсіпорын деңгейінде жоспарлау жеке функцияларды әлеуметтік экономикалық дамудың бірыңғай кешенді жүйесіне біріктіреді және синтез ретінде алға шығады нәтижесінде кез келген орта болжамға беріледі. Оңтайлы жоспарда кең және толық кәсіпорын мақсаты, функциясы мен қасиетін көрсетеді, болашақта жоспарланған шешім жүйесін өткізуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, шаруашылык ішіндегі қызметтерді нарықтық жоспарлау кәсіпорынға олардың даму, процестерді ұйымдастыру, тауарлар мен қызмет көрсетудің көлемі мен шығарылған мерзімі, шектеулі өндірістік ресурстарды бөлу мен тұтыну кезінде белгілі нәтижелерге жету мақсаты тұрған ғылыми негізде қорытылады.
6.2 Жоспардың түрлері және сипаттамасы
Нарықты экономика жүйесінде, кәсіпорын экономикасын жоспарлау мемлекеттің экономикалық процестерді реттеу саласына сәйкес жүргізіледі. Бұл жағдайда әрбір кәсіпорын өз жұмысын тиімді жүргізіп, көбірек пайда табу үшін жасалынады, әрі оған жоғарыдан жоспарлау міндеті қойылмайды, бірақ салық жүйесі арқылы, кәсіпорын жұмысы бақыланып отырылады. Әрбір өндірістік кәсіпорын жоспардың бірнеше түрін қолдану арқылы, өнеркәсіптің даму стратегиясын, болжамдарын жасай алады. Жоспар жасау арқылы, өнімді өндіру, сату көлемдері, қажет шикізат пен техника қажеттіліктері анықталады. Осындай бағыттарды анықтау үшін жасалған жоспар бірнеше түрде жіктеледі.
Олар: жоспар жасау түріне қарай – стратегиялық, индикативтік және тактикалық болып; уақытымен байланысты – ұзақ қысқа, орта мерзімді болып; жоспар зерзатына байланысты – кәсіпорын, цех, бөлім, бригадалық, жұмыс орны жоспары болып; құжат түріне қарай – жоспар, бағдарлама, жоба, болжау, тапсырма, т.б. болып; жоспарлау әдіс бойынша – баланстық, мөлшерлік, сызбалық, экономика – математикалық болып бөлінеді.
Әртүрлі мерзімдегі жоспар

Сызба 6.2.
-
Стратегия – жоспарлау кешені, кәсіпорындар оны жасау кезінде нарыққа толық кіруді қарастырады.
-
Стратегиялық – жоспар – 3-5 ж мерзімге арналып жасалынады.
Кәсіпорынның негізгі өнімінің топтамалары нарықтағы ұзақ жылдық мақсатты көздейді. Стратегиялық жоспар жыл сайын түзеліп отырады.
-
Жылдық жоспар – алдағы жылдық барлық қаржылай көрсеткіштерінің өндірістік экономикалық және қаржылай көрсеткіштерінің жұмыстары жатады. Көрсеткіштерінің мазмұндамасы стратегиялық жоспарға сай келуі тиіс.
-
Тоқсандық және айлық жоспар - өндірістік жылдық есеппен мерзімдік ауытқуы бар.
Ұзақ мерзімді жоспарлау стратегиялық жоспарлаудың негізгі түрі болып есептелінеді. Жоспарлауды орындаушы басшылары нақты бизнестің саласына жауап береді. Олар өз функцияларының мақсатын біледі.
Егер кәсіпорын стратегиясы болашақтағы орны мен рөлін анықтау болса, стратегиялық жоспарлау сол жағдайдағы жетудің нақты жолын көрсету болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың қамтитын кезеңі, әдетте 10-15 жылды құрайды. Стратегиялық жоспарлау жасау деіңгейіне, саласына байланысты негізінде алдағы 3-5 жылға есептеледі. Мысалы: Жабдықтарды сатып алу және пайдалану, кадр саясаты, өнім ассортиментін анықтау және т.с.с осы кезеңде жоспарлайды. Осы жоспар негізінде, қысқа мерзімдері жоспарлау жасалынады. Бұл 1-3 жылға дейінгі аралықты қамтитын кәсіпорын дамуын жоспарлау. Бұл жағдайда кәсіпорынның жарты жылдық және жылдық қадамдары нақты көрсетілуі тиіс. Мысал: шикізат, материалды жоспарлау және т.с.с. Ал ағымдағы жоспарлау, әдетте бір жылға жүргізіледі. Мұндағы көрсеткіштер тоқсанға бөлінеді. Ағымдағы жоспар стратегиялық жоспар негізінде бір жылға жасалынады және кәсіпорынның техника экономикалық көрсеткіштерін тиімді пайдалану және табыс табу жолдары қарастырылады.
Нарықтағы жоспарлау талаптары келесі түрімен айқындалады:
-
маркетингтің бағдарламаларының жоспарлаудағы байланысы.
-
Қазақстан Республикасының дамудағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың ұйымдық процесіндегі жоспарлау есебімен іске асыруды әзірлеу.
-
Кәсіпорынның негізгі индикативті жоспарын әзірлеу
-
Индикативті жоспардың орындалуын бақылау
-
Қойылған мәселелерді орындау үшін қажетті кәсіпорындар өндірістік бөлімдерін жоспарлау процесі.
Кәсіпорындағы жоғары деңгейдегі ұйымдастырудың жалпы қойылған мәселелерінен кейін барлық өндірістік салаларда нақты жұмыс түрлері анықталады, онда орындалуы мерзімі, қажетті шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, және т.б. Сол себептен, кәсіпорындардың барлық жұмыстарының жоспары осыған байланысты бағытта жүреді.
Жоспар құру кезінде ең басты қойылған талаптардың бірі – мамандардың ақпараттық, қамтамасыз етілуі, сонымен қатар, маркетингті мәліметтердің ішкі мәліметтерді болжамдау. Оларға кіретіндер:
-
Нақты өндірістік күштің құрылымы.
-
Ұжым саны және олардың мамандарылған деңгейі
-
Қаржылары
-
Нақты айналым құралындағы қажеттілік.
-
Жаңа бұйымдар шығару бойынша ғылыми-техникалық өңдеуді иелену.
- Талдау, өңдеу, ақпарат жиыны болып – жоспарды өңдеудегі құралы болып табылатын маманның алдын-ала жоспарлау жұмысы болып табылады.
- Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің жоспарын құру жоспардың негізгі бөлімдерінің бөлімшелерін дайындаудан тұрады, оларға кіретіндер:
-
Өндірістік жоспардағы өнімнің сатылуы;
-
Материалдық – техника жоспарын қамтамассыз ету;
-
Еңбек ақы төлемі және еңбек бойынша жоспар;
-
Жаңа техника және инвестиция бойынша жоспар;
-
Қаржылық жоспар.
Кәсіпорындағы өндірісті жоспарлау өндірістік бөлімшелер бойынша оперативтік өңдеу жоспары жолымен іске асады.
Ағымдағы жоспардың көмегімен соңғы қорытындыны көруге болады, яғни өндіріс табыстылығы және пайданың көлемі. Өндіріс жоспарындағы өнімді сату ағымдағы жоспардың негізгі бөлімі болып саналады, ал қалған бөлімдері соның негізінде өңделеді.

Сызба 6.3.
Кәсіпорындағы шаруашылық қызмет жоспарының құрылымының нығайтылуы
Кәсіпорын жоспарының бөлімдері, оның құрылымы өндіріс масштабына байланысты болады. Бұл бөлімде өндірістің сатылу көлемі көрсетіледі. Жоспардағы бөлімдердің құрған қорытындысы бойынша, кәсіпорындағы шаруашылық қызметтің жоспарының теңестіруіне жету болып табылады немесе басқа сөзбен айтқанда өндірістік, техникалық, экономикалық, әкімшілік мекемелер және әлеуметтік іс шаралар динамикалық жүйесімен байланысты.
Жоспардағы өзіндік құн бөлімдері, экономикадағы өндірістік бөлімдермен, өндірістік тапсырманы тәртіп бойынша орындалуды қалыптастырады. Өндірістік операциялардың құрылымы орындалу мерзімі, жұмысы, қызмет түрлері көрсетіледі, сонымен бірге, қаржыландыру көзі және көлемі қарастырылады.
Мекеменің құрған жоспарының жалпы талабы өндіріс құралдарын тиімді қолдану және сапалы өнім шығаруды жоспарлау, өндірістік шығынды төмендету болып табылады.

Сызба 6.4. Кәсіпорын жоспарының орындалу барысы
Ішкі өндірістегі бригадалардың, цехтардың бөлімшелерінің жоспарлау жұмыстары толық жұмысты жоспарлау маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайдың болуының себебі, кәсіпорындағы өндірістік бөлімшелер заңды тұлға болып табылмайды. Сол себептен, олар тауар сатуда басқа да кәсіпорындармен қарым-қатынас жасай алмайды.
Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар ағымдағы жоспарлаудың маңызды бөлімдерінде келесі жоспарлау көрсеткіштерін және мөлшерін көрсетеді:
-
номенклатура және өндірілген жұмыстың саны, тоқсан, ай, тәулік, ауысым;
-
шикізатты жұмсаудағы мөлшерді, материалдар, отын, энергия және т.б;
-
өнім сапасын белгілейтін көрсеткіштер;
-
еңбекақы қоры;
-
өнімнің есептік бағасының жоспары;
-
рентабелділік есептілік.
Көптеген кәсіпорындарда тоқтамсыз есеп және өндірістік процесті бақылау жүреді. Ол басшыларға жоспардың ауытқуын әр ауысымнан кейін мәлімдеп отырады. Оны алғаннан кейін, оны қалпына келтіру шаралары қарастырылып отырады.
Мемлекеттің қазіргі нарықтық экономикалық шарты өзінің жеке меншік қызметін жоспарлай алады, яғни олар келесідегідей заңды және жеке тұлғалардың сол арқылы алатын табыстарының және салықтардың құрылуынан, мемлекеттік апараттың маңыздылығына кеткен бюджеттік шығындардың іске асырылуы, мемлекет үшін өнімді сатып алу және аймақтарда, салаларда қажеттіліктің құрылуы, сонымен бірге бірыңғай категориялы азаматтарға көмек көрсету. Сонда ғана қоғамның мұндай жоспарлануы өз алдына макроэкономикалық жоспарлау болып табылады.
Бағдар негізінде, мемлекеттік мекемелердің іс-әрекетімен және мемлекеттік емес мекемелердің экономикалық басқаруын оңтайландыру осы саланың экономиасымен, келісімді құрылымдық техникалық сұрағын шеше алады. Ол әр түрлі саладағы шаруашылық субъектілерінің мекемелік-құқықтық формасы индикативтік жоспарлаудың құрылымдық түрлерінің дамуы болып келеді.
Индикативтік жоспар мемлекеттік айналымдағы шаралардың және әкімшіліктің орындау іс-әрекетінің бағдарын әлеуметтік экономикалық дамуына қол жеткізуінің көрсеткішінің күрделі, маңызды құжаты болып табылады.
Индикатор түсінігі - жүйені немесе өзіндік құнның күрделі мінездемесінің зерзаты ретінде түсіндіріледі, яғни олардың негізгі параметрлерінің
жағдайын қалыптастыру түрінде көрсету және әр түрлі уақыттағы жүйенің қалыптасуында оптималды нұсқаны таңдау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаудың функциясы - бюджеттік-жоспарлық, ақша-
несиелік комплекстік жолмен қолданатын экономикалық конъюнктураның жақсаруы болып табылады. 60-жылдың ағымында Францияда және Жапонияда индикативтік жоспарлау қолданылды. Өзінің құрылымдық формасы бойынша ол макро жоспарымен және ішкі кәсіпорын жоспарымен, кәсіпорынның қызығушылығымен сонымен бірге, экономикалық секторлардың және салалардың мемлекеттік саясат құрылымының аймақтағы қатынасындағы алып сатушыны қамтамассыз ету. Жоспарлау мынадай түрмен тарайды: макро-микроэкономикалық деңгеймен және мемлекеттік экономикалық саясаттың ұзақ уақыттағы алып сатарын және мекемедегі өңдеу сапасының қолайлы өнім шығаруымен.
Индикативтік жоспарлаудың жүйесі әлеуметтік-экономикалық есеп берудің жалғастыру шешімінен тұрады: стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау, орта мерзімді жоспарлау және жылдық (ағымдағы) жоспар.
Нарықтық қатынастағы әрбір кәсіпорынның шарты ұзақ мерзімді жоспардың дамуынан көп көңіл бөлінеді. Мұндай жоспарлау, ағымдағы 10-15 жылды қамтып, ұзақ мерзімді белгілейді. Сонымен бірге, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалык саясаттың жалпы бағдарына және алып сатар сатысына, сонымен бірге экономикалық дамуының есеп беруі болып табылады.
Ұзақ мерзімді жоспарлау ағымдағы жоспарлаудың экономикалық мәселесін және қол жеткізілген мақсаттар бойынша мемлекеттегі әлеуметтік экономикалық саясаттарының бағдарындағы негізгі шешімді қабылдауға көмектеседі, яғни ағымдағы жоспарлауда келесілер бойынша көре аламыз:
- макроэкономикалық
саясат (ақша-несиелік, салық салымы,
бюджеттік
саясат);
-
институционалды құрылымның қайта жетілуі (жеке меншік
қатынасының өзгеруі, нарықтың дамуы және нарықтың
инфрақұрылымы,
кәсіпкерліктің
дамуы);
- сырткы экономикалық саясат;
- экономиканы басқару;
- инвестициялық саясат;
- ғылыми-техникалық саясат;
- материалдық өндіріс салаларының күрделі дамуы және олардың инфрақұрылымы;
- әлеуметтік саясат;
- экологиялық саясат;
Нақты көрсеткіш құрамы Қазақстан Республикасының үкіметінің байланысындағы жоспарланған ағымның негізінен және процесті болжау макроэкономикалық сипатының күрделі негізіне байланысты анықталынады. Олар арқылы барлық өндірістік салаларының дамуына бағытталған болашақ бағыт-бағдар іске асады. Бағдар негізінде орта мерзімдік жоспар өңделеді, яғни (3-5 жылға) мемлекеттік бағдармен және ағымдағы жоспардың әлеуметтік сферасы және экономикада барлық кешендік іс-шаралар көрініс табады.
Жылдық (ағымдағы) жоспар макроэкономикалық баланстың ағымдық шешіміндегі бағдарының өңделу жолымен іске асады, сонымен бірге түзету арқылы экономикалық реттеу үшін және басқа да орта мерзімдік жоспардың шараларымен анықталады. Күрделі индикатор – көрсеткіш әлеуметтік экономикалық даму бөлімінде өңделеді.
Нарықтық келісім-шартта ішкі зауыттардың жоспарлаудың жаңа қағидалары бар. Не дегенмен, қажеттілік, оны өндіріс масштабынан, қоржындық тапсырыстың қалыптасуынан және өндірістік басқарудағы маңыздылығының сапасы үлкен маңызға ие.
6.3. Кәсіпорын іс-әрекетін жоспарлау, маңызы және қағидалары
Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне көптеген жағдайлар әсер етеді. Оның ішінде: қандай өнімді (немесе қызметті) қаншалықты көлемде, қай уақытқа өндіру қажет екендігін, сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, анықтау, өндірісті ұйымдастырудың тиімді жолын таңдау, уақтылы ресурстармен қамтамасыз ету, негізгі және айналым капиталдарының деңгейін анықтау, өнімді сатудың әдістері мен сатудың формалары және т.с.с. Сондықтан, кез-келген кәсіпорын нәтижелері қызмет ету үшін жоғарыда аталған факторларды тиімді үйлестіре алуға ұмтылуы қажет, яғни оларды ішінара байланыстырудың қандай да бір әдістері мен формалары пайдаланатын қажеттілігі туады. Ондай әдіс кәсіпорындардың өндірістік және шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау болып табылады. Әсіресе, нарық пен бәсеке жағдайында кәсіптік іс-әрекетті жоспарлау экономикалық өсімділік, өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылмақ.
Жоспар төмендегі талаптарға жауап беруі қажет:
- біріншіден, жоспар не? Қашан? Қалай? жүзеге асырылады? Деген сауалдарға жауап беруі;
- екіншіден, жоспар бүгінгі күннің негізінде құрылуы;
- үшіншіден, жоспарды жүзеге асыруға қажетті ресурстар көлемі анықталуы;
- төртіншіден, жоспар кәсіпорынның рентабельділігін қамтамасыз ете алуы;
- бесіншіден, жоспардың қысқа және ұзақ мерзімділігі анықталуы;
Осы талаптарды орындай отырып жоспарлауды жүзеге асырылу процесінде төмендегі қағидаларға сүйенуі міндетті. Олар:
- сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістері кезінде жоспарға өзгерістер енгізу, яғни кәсіпорындардың қызмет ету ортасының өзгерістеріне бейімделіп кетуі:
- үздіксіздік
- комммуникабельділік (өзара байланыстылық пен өзара тәуелділік)
- (комплекстілік) кешенділік
- көпварианттілік
Мұндағы көрсеткіштер тоқсанға және ай, күнге бөлінеді.
ТАҚЫРЫП 7.
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ
7.1. Негізгі қор құрамы және құрылымы
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күшімен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты, өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
- еңбек заты (шикізат, материалдық ресурстар) еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп, дайын өнімге айналатын заттар;
- құрал-жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек заттары өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық негізі болып табылады. Өндірістік қор негізгі және айналым қоры болып екі топқа бөлінеді. Бұлай бөліну себептері олардың өндіріс саласында атқаратын қызымет сипатын және өз құндарын дайын өнімге аудару түріне байланысты.
Негізгі қор деп – өндірістік процесске көп жыл қатарынан, бірнеше қайтара қатыса отырып, өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге, тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес зерзаттар кіреді. Біріншіге жататындар – өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және де басқа материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорға – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған қор жатады. Негізгі қорды ажыратуда түрі, өндірістік процестегі ролі, құрылымдық ерекшеліктері, тегі және басқа ерекшеліктері, белгілері орын алады. Негізгі қордың түрлері, олардың жұмыс істеу ұзақтығы және көпшіліктің қолданылуы орталықтан бекітілген бүтіндей натуралдық заттық жүктеуді қажет етеді. Бұл топтастырылу есепке алудың негізін, негізгі қордың экономикалық сипаттамасын, амортизациясын, негізгі қордың жіктеу бірлігі болып, белгілі бір қызметтерді атқаруға арналған, құрылымдық ерекшелінген зат ретінде түсіндірілетін зерзат немесе жекеленген заттардың белгілі бір жұмысты орындайтын ерекшелінген жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі негізгі қордың типтік жіктелуі, төмендегідей болып келеді:
- ғимараттар – еңбек етуге, тұруға, тұрғындарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге, материалдық құндылықтарды сақтауға жағдай жасайтын саулеткерлік зерзаттар.
- құрылыстар – еңбек құралының өзгеруіне байланысты емес, техникалық қызметтерді орындау арқылы өндіріс процесін жүзеге асыру үшін жағдай туғызатын, инженерлік құрылыстық зерзаттар.
- зерзаттан зерзатқа жылу және механикалық, электрлік энергия беруге жағдай жасайтын тасымалдаушы құрылғылар;
- энергия, материалдар және ақпаратты түрлендіретін машиналар мен қондырғылар;
- энергияны бір түрден екінші түрге ауыстыратын күш беретін машиналар;
- еңбек затына тікелей әсер ететін немесе өнім өндіруге технологиялық процестердегі қатысатын жұмысшы машиналары және қондырғылар;
- өлшеуіш және түзетуші приборлар, құрылғылар және лабораториялық жабдықтар;
- есептеуіш техника;
- көлік құралдар – адам және жүк тасымалдауға арналған құралдар;
- жалпы пайдалануға арналған құралдар – бір жылдан аса қолданылатын және жүз минималды жалақыдан асатын механикаландырылған қол еңбегінің құралдары;
- өндірістік және шаруашылық инвентарь – еңбекті қорғау, өндірістік операцияларды жеңілдету және материалдарды сақтауға арналған құралдар;
- жұмысшы және өнім беретін мал /жұмыс малы – аттар, өгіздер, түйелер және басқалары, өнім беретін малдар – сиырлар және т.б./
- көп жылдық егістер – жасына байланысты емес көп жылдық егістер;
басқа негізгі қорлар – жоғарыдағы топтардың біреуіне де кірмеген кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, зоопарктердегі жануарлар әлемі экспонаттары;
Негізгі қор топтастыру әдістемесі көмегімен кешенді экономикалық категория ретінде жан-жақты сипатталады.
Негізгі қордың өндіріс процесіндегі қызметін сипаттау процесінде оларды белсенді және енжар деп бөлудің маңызы жоғары. Белсенді қорға жұмысшы және күш беретін машинар, жабдықтар және өндіріс процесін бақылаушы, еңбек құралына әсер етуші кез келген еңбек құралы – өлшеуіш және түзетуші құрылғылар мен приборлар, өндіріс құрал-жабдықтары, транспорттық құралдар, құрылыстың бөлек түрлері /мысалы, элеваторлар, қонақ үйлер, туризмде/ жатады.
Еңбек етуге жағдай жасайтын, бірақ оның нәтижесіне белсенді әсер етпейтін негізгі қорлар енжар бөлікке жатады / ғимараттар, құрылыстар т.б./.
Негізгі қордың активтік бөлігі үлесінің жалпы көлемде ұлғаюы, өндіріс потенциалының қарқындауын көрсетеді.
Негізгі қордың аймақтар бойынша топтастыру сол ауданда шоғырланған олардың өндірістік потенциалын және ұлттық байлықтың сипаттамасын белгілеу үшін қолданылады.
Экономикалық қызмет, өндіріс және қызмет көрсету түрлерінің жалпы Қазақстандық қызмет пен салаларға, жіктеу жүзеге асырылады. Бұл жіктеу экономика салаларының потенциалдық мүмкіндіктерін сипаттауда қолданылады, ал өндірістік қызметінің нәтижелерінің көрсеткіштерін салыстыруда қордың қайтарымы мен қордың сиымдылығының көрсеткіштерін есептеуге, яғни негізгі қордың қолданылу тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жіктеу келесі қызмет түрлері мен салаларды қамтиды.
- ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы;
- балық аулау;
- тау-кен өнеркәсібі;
- өңдеу өнеркәсібі;
- электроэнергетика, газ және сумен қамтамасыз ету;
- құрылыс;
- көтерме және жеке (бөлшек) сауда;
-қонақ үйлер және мейманханалар;
-көлік, қойма шаруашылығы, байланыс;
- қаржылық делдалдық;
-қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау іс-әрекеттері;
-мемлекетті басқару және қорғау;
-білім беру;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету;
- коммуналдық қызмет көрсету іс-әрекеті;
- дербес шаруашылықтар жүргізу іс-әрекеті;
Негізгі қордың көрсеткіштерін экономика секторлары бойынша ұлттық есептер жүйесінің әдістемесіне сәйкес жасау, отандық тәжірибеде жаңа бағыт болып табылады және талдау үшін қосымша мәлімет береді. Жүргізіліп жатқан реформалар негізгі қорларды ұлттық байлықтың маңызды бөлігі тұрғысынан әр түрлі ерекшеліктер арасындағы меншіктің түлері бойынша жіктеудің үлкен мәні бар.
Қазақстан Республикасының негізгі қорлары меншіктің түрлері бойынша:
- мемлекеттік меншік;
- жеке меншік;
- жергілікті меншік;
- аралас меншік /шет елдердің қатысуынсыз/;
-шет елдердің қатысуымен, яғни Қазақстан меншігінің шетелдік меншікпен аралас меншігі;
- шет елдік меншік деп жіктеледі;
Бұл жіктеу меншіктің әр түрлеріне ие кәсіпорындар мен ұйымдардың іс әрекеттерінің нәтижелерімен бірге, меншіктің түрлерінің тиімділігін бағалауға, әр түрлі меншікке ие кәсіпорындардың әлеуетін өндірістік мүмкіндіктерін және техникалық жабдықталуын анықтауға мүмкіндік береді.
7.2. Негізгі қорды бағалаудың түрлері.
Негізі қор ұзақ уақыт іс-әрекет етуіне байланысты, оларды бір мезгілде бағалаудың бірнеше түрі келесі факторлардың жиынтығымен анықталады: іске асырылу жылы, инфляциялық процестер, табиғи және сапаның тозуы, технологияның және өндіріс құнының өзгеруі және т.б.
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
- толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал-жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.
- толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.
- тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.
- тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.
Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.
Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Кеңейтілген өндіріс үшін өнімді өндіруге кететін шығындарды дұрыс есептеуге, шаруашылық іс-әрекет нәтижесін анықтау үшін негізгі қордың біртекті бағасы қажет болады. Нәтижесінде негізгі қордың бастапқы және қалпына келтіру құндарының арасында алшақтық орын алады. Негізгі қорды қайта бағалау мен көлемін сәйкестендіру қалпына келтіру құнының негізінде жүргізілгені тиімді.
7.3. Негізгі қордың тозуы және амортизациясы
Негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу – деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың матералдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың, көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар, басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы /физикалық тозуы/ оларды ұзақ пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесіне кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуын - олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі – өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді /арзандайды/. Сөйтіп, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Шаруашылық субъектілерде өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық /моральдық/ тозуына әкеліп соқтырады. Барлық шаруашылық субъектілер қандай меншіктің болса да /мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік, тағы басқалары/ өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескеретін жағдай, негізгі құралдардың ішінде мына төменгі аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді: жерге, кітапхана қорына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер ескерткіштеріне, өнімді малдарға, музейлік заттарға, көлік жолына.
Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятындығын білдіреді. Сондықтан негізгі қорды, әсіресе олардың белсенді бөлігін дүркін-дүркін ауыстырып отыру қажеттілігі туады.
Негізгі қордың табиғи және сапалық тозуы олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен амортизация – бұл шығарылған өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол қаражаттың қорлануы мақсатында негізгі қордың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады.
Жылдық амортизациялық аударымы мөлшері (%) төмендегі формула бойынша есептелінеді:
![]()
Мұндағы
– жылдық амортизация мөлшері
– негізгі қорлардың бастапқы
құны, тенге
– негізгі қордың мөлшері қызмет
ету мерзімі, жыл.
Айталық, станоктың бастапқы құны 40 мың тенге делік, оны тиімді пайдалану мерзімі 5 жыл, онда жылдық амортизация мөлшері тең болады;
![]()
Ал, амортизациялық аударымның жылдық сомасы (теңге) тең болады:
![]()
Жоғарыда ұсынылған әдіс амортизациялық аударымдарды есептеудің қарапайым әдісі, оның тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірнеше әдісі бар: олар, кемімелі қалдық бойынша есептеу әдісі, сызықтық әдіс және т.б.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:
-
құнды бірқалыпты /тура жолда/ есептен шығару әдісі.
-
Құнды орындалған жұмыстың /өндірілген өнімнің/ көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі /өндірістік әдіс/
-
Жылдамдатып есептен шығару әдістері:
А/ қалдық құнының кемуі /қалдықты азайту әдісі/;
Ә/ сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару /коммулятивтік әдіс/ әдісі.
Құнды бірқалыпты /тура жолда/ есептен шығару әдісі бойынша зерзаттың амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана зерзаттық жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген және әр есеп беретін жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизацялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацяланатын сомасын, яғни басапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады яғни, құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Мысалы: станоктың бастапқы құны бір миллион /1 600 000/ теңге, ал қалдық құны төрт жүз мың теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімі бес /5/ жыл деп алып осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол екіжүз қырық мың /240 000/ теңгені құрайды. Яғни
1 600 000 –400 000 = 1200 000 1200 000 / 5 = 240 000
Кесте 7.1
Станоққа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден болады.
|
|
Станоктың бастапқы құны |
1 жылдық амортизациялық аударым сомасы |
Жинақталған тозу сомасы |
Станоктың қалдық құны |
|
Сатып алған кездегі |
1600 000 |
- |
- |
1600 000 |
|
1-жылдың соңында |
1 600 000 |
240 000 |
240 000 |
1360 000 |
|
2-жылдың соңында |
1 600 000 |
240 000 |
480 000 |
1120 000 |
|
3-жылдың соңында |
1 600 000 |
240 000 |
720 000 |
880 000 |
|
4-жылдың соңында |
1 600 000 |
240 000 |
960 000 |
640 000 |
|
5-жылдың соңында |
1 600 000 |
240 000 |
1200 000 |
400 000 |
Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады:
1.
негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 жыл бойы
оған
есептелетін
амортизациялық аударым сомасы бірдей
/тұрақты.
2. жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп /көбейіп/ отырады.
-
негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.
Құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептен шығару әдісі / өндірістік әдіс/ зерзаттың пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 жыл ішінде пайдаланылатын уақыты аралығында 1 миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді /тепе-тең, пропорционалды/ мөлшерде есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі.
ккк Кесте 7.2
|
|
Бастапқы құны /тг/ |
өндірілген өнім көлемі /дана/ |
1 жылдық амортиз-қ аударым сомасы /тг/ |
Жинақталған тозу сомасы /тг/ |
Қалдық құны /тг/ |
|
Сатып алынған кездегі |
1 600 000 |
- |
- |
- |
1 600 000 |
|
1 -жылдың соңында |
1 600 000 |
3 000 000 |
360 000 |
360 000 |
1240 000 |
|
2-жылдың соңында |
1 600 000 |
3 000 000 |
360 000 |
720 000 |
880 000 |
|
3-жылдың соңында |
1 600 000 |
2 000 000 |
240 000 |
960 000 |
640 000 |
|
4-жылдың соңында |
! 600 000 |
1 000 000 |
120 000 |
1080 000 |
520 000 |
|
5-жылдың соңында |
I 600 000 |
1 000 000 |
120 000 |
1200 000 |
400 000 |
Бұл әдісті /өндірістік әдісті/ қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің - яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді /пропорционалды/ түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті зерзеттық пайдаланылу кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Жеделдетіп есептен шығару әдісі.
Жеделдетілген амортизациялык аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептен шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланылатын жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдаланылу, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай - негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Оларды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастауы.
Коммулятивтік әдісі.
Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп аталуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің
пайдаланылатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады. Мысалы: станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл деп қарастыратын болсақ, онда станоктың пайдаланылатын жыл сандарының қосындысы 15-ке тең, яғни /1+2+3+4+5/. Бұл 15 саны - коммулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни осы мысалымызда:
|
Бірінші жылы |
5/15 |
|
Екінші жылы |
4/15 |
|
Үшінші жылы |
3/15 |
|
Төртінші жылы |
2/15 |
|
Бесінші жылы |
1/15-ке тең болады. |
Станоктың бастапқы құны 1 600 000 теңге, қалдық құны 400 000 теңге болағн жағдайда оның амортизицияланатын аударым мөлшері 900 000 теңгені құрайды /1 600 000 - 400 000/. Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:
1 жыл АА = 5/15 х /1600 000 - 400 000/ = 400 000тг 2жыл АА = 4/15 х /1600 000 - 400 000/ = 426 000тг.
Жоғарыда айтылған мысалымызға сай сандар жиынтығы бойынша құнын есептен шыгару әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі.
Кесте 7.4 Қалдық құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі.
|
|
Негізгі құралдардың бастапқы құны /тг/ |
Жылдық амортиз-қ аударым сомасы /тг/ |
Жинақтал -ған тозу сомасы /тг/ |
Негізгі құралдардың қалдық құны /тг/ |
|
Сатып алған кездегі |
1 600 000 |
- |
- |
1 600 000 |
|
1 -жылдың соңында |
1 600 000 |
5/15x900000-400000 |
400000 |
1200000 |
|
2-жылдың соңында |
1 600 000 |
4/15x900000-426000 |
826000 |
774000 |
|
3-жылдың соңында |
1 600 000 |
3/15x900000-240000 |
1066000 |
534000 |
|
4-жылдың соңында |
! 600 000 |
2/15x900000-160000 |
1226000 |
374000 |
|
5-жылдың соңында |
1 600 000 |
1/15x900000-80000 |
1306000 |
294000 |
Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бірқалыпты /тура жолды/ есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланылатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның проценті анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған процент мөлшері /100% бөлінген пайдаланылатын жылы/ екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
Осыған дейінгі әдістерде, мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл, сондықтан бірқалыпты /тура жолды/ есептен шығару әдісі бойынша бір жылдық амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал қалдық кұнының кемуі әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 40 % болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің проценті негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнына көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектелініп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялык аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.
Кесте -7.5 Қалдық құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі.

Жылдық амортиз-к аударым сомасы /тг/ |
Жинақталған тозу сомасы /тг/ |
Негізгі құралдардың қалдық құны /тг/ |
|
Сатып алған кездегі |
1 600 000 |
- |
- |
1 600 000 |
|
1 -жылдың соңында |
1 600 000 |
40% х 160000=640000 |
640000 |
640000 |
|
2-жылдың соңында |
1 600 000 |
40%х/1600000-1024000/=230400 |
1024000 |
960000 |
|
3-жылдың соңында |
1 600 000 |
40% х/1000000-640000/= 144000 |
1254400 |
576000 |
|
4-жылдың соңыкда |
1 600 000 |
40% х/1600000-1254400/=138240 |
1392240 |
345600 |
|
5-жылдың соңында |
1 600 000 |
345600-138240=89944 |
1475184 |
207360 |
Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына осылайша белгіленген процент арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай етіліп, шектелініп алынады. Негізгі құралдардың қалдық құнының мөлшері 207360 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 89944 теңгемен ғана шектелген.
ТАҚЫРЫП 8.
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚОРЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ ҚАРЖЫСЫ
8.1. Кәсіпорынның айналым қоры және оның құрылымы.
Кәсіпорынның айналым қоры – өндіріс қорының бір бөлігі, әр өндірістік процессте толығымен тұтынылады, құрылатын дайын өнімге толығымен өз құнын аударады және өндіріс процессінде өзінің бастапқы түрін өзгертіп отырады.
Айналым қордың заттай құрамы болып еңбек заты табылады. Өндіріс процесінде еңбек затын дайын өнімге айналдыруға еңбек құралдары әсер етеді. Дайын өнім деп барлық технологиялық өңдеудің дәрежесінен, сапаны бақылаудан өткен, буылған және қоймаға беріліп толығымен аяқталған өнімді айтады.
Кәсіпорын айналым қоры еңбек затының қозғалысын кәсіпорын қоймасына түсу сәтінен және оны дайын өнімге айналдыруға дейінгі аймақты қамтиды. Ал өнімді қоймаға бергеннен кейін ол айналым қорының элементі ретінде жүре отыра, айналым өрісіне түседі.
Өндірістік процесс әдетте үздіксіз болып табылады, өнімнің шығарылуы үздіксіз жүріп отырады, сондықтан өндіріс өрісінде дайындықтың әр сатысында болатын айналым қорларының анықталған бір бөлігі үнемі қызмет жасайды. Айналым қордың құрамынан келесі салыстырмалы біртекті топтарды бөліп көрсетуге болады:
– Өндірістік қосалқылар;
– Айналым қордың негізгі бөлігі және оның құрамы: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, сатып алынатын және кешенді бұйымдар, осы негізгі өндірістік қорларды жөндеу үшін қосалқы бөлшектер;
– Аяқталмаған өнім, оған аяқталмаған өнім түріндегі еңбек заттары және де кәсіпорын дайындайтын жартылай өңделген өнімдер жатады. Аяқталмаған өндіріс (АӨ) айналым қорының екінші мәліметі болып табылады.
Аяқталмаған өндіріс бұл өндірісте әртүрлі сатыдағы технологиялық процесске байланысты жұмыс орындарында аяқталмаған және материалдарды өндіріске жіберуден бұрын немесе толығымен аяқталған өнімді тапсырыс берушіге беруге дейінгі әртүрлі дәрежеде болатын өнім. Кәсіпорындағы аяқталмаған өндіріс бар болуы оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады. Әртүрлі кәсіпорындар үшін жалпы өнімнің көлемі аяқталмаған өндіріс және әртүрлі көптеген өндіріс факторларына тәуелді: өндіріс, өнімнің шығарылу көлемі, өндірістік циклдың және басқа да факторлардың ұзақтығы.
Кәсіпорындарда өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін аяқталмаған өндіріс шамасын қажетті ең төменгі мөлшерде жоспарлайды. Нақты тұтынудың шамасын төмендету кезінде кәсіпорында өндіріс процесін бәсеңдету және кәсіпорынның жиі тоқталысында көрініс табатын жағымсыз жағдай қалыптасады. Бұл өндіріс циклының ұзақтығының көбеюіне және айналым қаржылары ретінде сәйкесінше айналым ұзақтығына әкеледі.Ол өз кезегінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын кәсіпорында аяқталмаған өндіріс қажеттілігінің жоғарылауында өндірістік қосалқыларды қалыптастыруға және өнімді жоғарылатуға қажеттілік туады. Бұдан кәсіпорындағы жалпы шығындардың өсуі, айналым қаржыларының бірте-бірте жойылуы және де кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы байқалады.
Айналым қаржысының құрылымы – ол жоғарыда көрсетілген элементтердің ара қатынасы, бұл қатынастар өнеркәсіп салаларының технологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өндірісінде, өндірістік қосалқылардың үлесі 5-20 пайызды құрайды. Электр қуатын өндейтін өндірісте аяқталмаған өнім жоқ болады. Ал машина жасау өндірісінде, өнім шығаруға өндірістік циклдің ұзақтығына байланысты айналым қордың жартысы аяқталмаған өндірісте сақталады.
Тері былғары, мех өндірісінде, өндірістік қосалқы ретінде айналым қордың 50-60 пайызы сақталады, себебі шығарылған өнім маусымды, тек күз, қыс айларында сатылады, сондықтан өндірістің осы саласында уақыты ұзақ болып кәсіпорын қаржысының айналымға түсуін кешіктіреді.
Сонымен өнеркәсіпте барлығы өндірістік қосалқы 20-50 пайызды құрайды, ал аяқталмаған өндіріс 25 пайыз болып келеді.
Сонымен айналым қаржылар құрамына мыналар кіреді:
- дайын өнім;
- өнім, алушыға жіберілген жолдағы өнім;
- есеп шоттағы ақша, құнды қағаз, т.б.
- кассадағы ақша
- дебиторлық, кредиторлық қарыздар
Кәсіпорын айналым қор құрамы.
Айналым қор |
|
Өндірістік айналым қор |
|
Айналымдағы қаржы |
|
Мөлшерленетін айналым қор |
|
Мөлшерленбейтін айналым қор |

Сызба 8.1
Айналым қаржының қалыптасуының негізгі көзі болып кәсіпорын өз қаржысы және қарыз алған қаржылары табылады. Өз айналым қаржысы кәсіпорынның қалыптасу сәтінде құрылады (өндірістік қорларды, аяқталмаған өндірістерді, дайын өнімді және басқаларды құру үшін) жалпы алғанда кәсіпорын айналым қорын екі топқа бөлуге болады: мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым қоры.
Қарызға алынған айналым қаржылары кәсіпорын оларда уақытша қажеттілігін қанағаттандыру үшін банктердің қысқа мерзімді несиелері және инвестиция түрінде қарастырылады.
8.2. Кәсіпорынның айналым қорын мөлшерлеу әдістері
Кәсіпорын айналым қорын мөлшерлеу мақсаты – айналым өндірістік қорына және айналым қоры экономикалық ресурстардың өнімдерін қарызға беруде өнімнің үздіксіз процесін және өткізілуін қамтамасыз ету.
Айналым қорын мөлшерлеу келесі элементтер бойынша іске асырылады, негізгі және көмекші материалдар, сатып алынатын жартылай өнделген өнімдер, кешенді бұйымдар, жанармай, арзан және тез тозатын заттар, аяқталмаған өндіріс, айналым қорларын мөлшерлеу процесі мөлшер мен нормативтерді есептеуден тұрады.
Айналым қорының мөлшері бағалы құндылықтардың, қосалқылардың, кәсіпорынның анықталған жұмыс орнына қатысты көрсеткіш.Айналым қорының мөлшері есептеу үшін сандық көрсеткіш болып табылады. Айналым қорының мөлшері - кәсіпорынға минималды қажетті қаржылардың құнының ақшалай көрінісі.
Айналым қорды мөлшерлеудің келесі негізгі әдістері бар:
- әр элемент бойынша айналым қаржыларының анықталуын қарастыратын тікелей қаржылар әдісі;
- талдау әдісі;
- коэффициентік әдіс;
- экономикалық-математикалық әдістер;
8.3. Айналым қор айналым уақыты және оны қысқарту жолдары
Кәсіпорынның айналым қаржылары бұл кезкелген кәсіпорында өндірістің үздіксіз шарты, ол қордың айналым түрінде жүретін өндіріс қаржыларының үздіксіз онына келтіріп отырылуы.
Өндірістік қордың заттай түрі-бұл еңбек құралы мен еңбек заты. Айналым қорды – ақшалай қаражаттармен бірге дайын өнім құрайды. Өндірістік және айналым қоры кәсіпорында ұдайы өндіріс циклының шегінде айналымның үш сатысынан өтеді:
1 саты – кәсіпорында материалды және техникалық ресурстармен қамтамасыз ету және ұйымдастыру процесі;
2 саты - өндірістік құралдарды пайдалану және дайын өнімді жасау;
3 саты – дайын өнімді өткізу;
Үш сатының барысын сызба түрінде былай көрсетуге болады.
Кәсіпорының айналым қор түрде анықталған және алынған несиенің бар болуына байланысты іске асырылды, оны теорияда және тәжірибеде айналым қаржысы деп атайды.
Кәсіпорын қаржысы – бұл айналым үздіксіздігін қамтамасыз ететін және оны соңында нәтижелі түрде келтіру үшін қажетті айналым қорының айналыстағы түріне, жоспарлы қаржы ретінде айналым процесінде ие болатын және қарызға алынған ақшалай түрдегі құн.
Айналым қаржылары мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
-
өндіріс процесінің үздіксіздігін және өнімді өткізу;
-
кәсіпорын міндеттері бойынша барлық төлемдерді уақытша іске асыру;
-
жаңа қорларды құру.
Айналым қор айналым уақытының жылдамдығы – кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру деңгейінің кешенді көрсеткіші.
Жыл бойында айналым санының кобеюі өндіріс уақытын және айналым қордың айналым уақытын қысқарту арқылы қол жеткізіледі.
Өндіріс уақытын, алдыңғы қатарлы техника мен технологияның пайдалану арқылы, жұмысшылардың біліктілігін арттыру арқылы қысқартуға болады. Ол өнімнің тікелей көп шығаруына әсер ететін маңызды фактор болып есептеледі. Айналым уақытының қысқаруы, шығарылған өнімнің сапасын жоғары, бағасы нарықтағы сұранымға сәйкес болған және маркетингті жете игерген немесе нарықтың басқа жүйесін қолданған жағдайда болады.
Кәсіпорын экономикасындағы әрбір элементінің айналымның жиынтығы айналым қордың жалпы жиынтығын құрайды.
ТАҚЫРЫП 9.
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ
9.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның құрамы мен құрылымы
Кәсіпорынның еңбек ресурстары әр кәсіпорынның негізгі ресурстарының бірі болып табылады, себебі кадрды іріктеу сапасы мен пайдалану тиімділігі, өндірістік іс-әрекеттің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Бір кәсіпорын деңгейінде " еңбек ресурстары" терминінің орнына көп жағдайда "кадр" және "персонал" терминдері қолданылады.
Кәсіпорын кадры- деп негізгі жұмысшылар (штаттық) құрамын айтады. Атқаратын қызметіне байланысты кәсіпорын кадрлары төмендегі категорияларға жіктеледі: негізгі және көмекші жұмысшылар; басқарушылар; мамандар; қызметшілер. Атап өтілген жұмысшылар (өндірістік кәсіпорындарда) кәсіпорынның өндірістік персоналын құрайды.
Жұмысшылардың өз құрамында, бірқатар топ мамандарынан тұратын бұл өндірістің қандайда бір саласында белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті теоретикалық білім мен тәжірибелік іскерліктің жиынтығы.
Кәсіпкерлік білім беру немесе кәсіби білім беру. Бұл қандай да бір күрделі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік іскерлік (алғырлық) жиынтығы. Кәсіпкерлік деңгейіне қарай жұмысшыларды төмендегідей жіктеуге болады: кәсіптілігі жоқ, кәсіптілігі төмен, кәсіпті және жоғары кәсіпті.
Басқарушылар басқару құрылымы мен басқару буыны бойынша бөлінеді. Басқару құрылымы бойынша басқарушылар сызықтық және функционалдық ал басқару буыны бойынша- жоғарғы, ортақты және төменгі буын болып жіктеледі. Мамандар - бұл инженерлік -техникалық, экономикалық жұмыстармен айналысушы жұмысшылар; инженер; экономистер, бухгалтер, кеңес беруші және т.с.с. Қызметшілер - бұл шаруашылық қызмет көрсетуді, тіркеуді және бақылауды, құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырушы жұмысшылар; іс жүргізушілер, кассирлер,тіркеушілер және т.с.с. Атап өтілген жұмысшылар категорияларының жалпы санына қатынасы кадр құрылымы деп аталады. Сондай-ақ кадр құрылымында жасы, жынысы, білім деңгейі, жұмыс істеу стажы, кәсіптілігі және басқа да белгілері бойынша сипаттауға болады. Кадрды тіркеу және жоспарлау нәтижесінде нақты, тізімдік және орташа тізімдік құралымын ажыратады. Нақты құрамы- бұл белгіленген мерзімде арнайы міндеттерді атқару үшін әркүн саиын жұмысқа келуі қажет, ең төменгі жұмысшылар саны.
Тізімдік құрамы-бұл кәсіпорын тіркеуіндегі тұрақты және уақытша жұмысшылар, сондай-ақ бұл құрамға демалыстағы, іс сапардағы және т.б жұмысшылар да кіреді. Орташа тізімдік құрамы- демалыс және мейрам күндерін қоса есептей отырып, кезеңнің барлық күнтізбелік күндеріндегі жұмысшылардың тізімдік құрамын қосып, жиынтық қосындыны күнтізбелінің толық күн санына бөлу арқылы анықталады.
Кәсіпорын кадры тұрақты деңгейде болмайды, себебі, бір жұмысшы жұмысқа қабылданып жатса, екіншісі жұмыстан шығарылып жатады. Осыған байланысты кадр ағымының индексін (Ік) анықталады:
![]()
мұндағы: Жтс- белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстан шығарылған жұмысшылар саны, адам;
Жтс сол кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны , адам;
Әдетте, кадр ағымының индексі бір жылға есептеледі, ал кейбір жағдайда маусымдық ауытқуларды ескере отырып, кварталдық индексте есептелінеді. Кадр тұрақтылығы- кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуінің (атқаруының) кепілі, және табыс көзі болып саналады.
Кәсіпорын жұмысшылары үшін жалақы түріндегі еңбекақысы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекеттеріне қосқан жеке үлесіне сәйкес алатын, жеке табысы болып табылады. Еңбекақының номиналды және шынайы түрін ажыратуға болады. Номиналды еңбекақы- бұл белгілі бір уақыт ішінде жұмысшының өз еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Шынайы еңбекақы- бұл сол кезеңдегі баға деңгейі бойынша еңбекақыға келетін тұтыну және қызмет көрсету заттарының саны. Кез-келген кәсіпорынның еңбекақысын төлеуді ұйымдастыру негізінде-еңбекақы қоры; тарифтік жүйе: еңбекақы жүйесі мен нысаны алынады.
Еңбекақы қоры- жалақы мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді төлеуге арналған қаржы көзі. Ол жұмысшылардың орташа тізімдік санын бір жұмысшының орташа еңбекақысына көбейту арқылы немесе жалпы өндірілген өнім құнын еңбекақы нормативіне , яғни, өндірілген өнімнің 1 теңгесіне көбейту арқылы есептеледі. Тарифтік жүйе- еңбекақыны, сала жэне жұмысшы категориясы бойынша жіктеуге арналған. Ол үш элементтен тұрады: тарифтік ставка, тарифтік сетка, тарифті- кәсіптілік анықтама.
Тарифтік ставка- уақыт бірлігіне (сағат, күн, ай) төленетін еңбекақы көлемін анықтайды. Тарифтік ставка (мөлшеріне), жұмыстың ауырлығына, зияндылығына және оның жиілігіне байланысты белгіленеді. Тариф ставкасын анықтау үшін негізгі мемлекет белгіленген минималды еңбекақы деңгейі алынады.
Тарифтік ставка- жұмысшы кәсіптілігіне байланысты еңбекақы қатынасын көрсетеді. Көптеген өндірістік кәсіпорындарда кәсіптілікке байланысты барлық жұмысшылар және алты тарифтік разрядқа жіктеледі. Тарифті- кәсіптілік анықтамалар жұмыс түрлерін олардың күрделілігіне байланысты жіктейді. Анықтамада сәйкес кәсіптілік разрядтағы жұмысшылардың білуі және атқара алуы қажет, сипаттамалар беріледі. Еңбекақы жүйесі мен нысаны- кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын басқару негізі болып табылады. Еңбекақының екі негізгі нысаны (формасы) бар: мерзімдік және келісімді. Олар еңбекақы жүйесі деп аталынатын бірнеше құрылымынан тұрады.
Еңбекақының келісімді нысаны кезінде -еңбекақы орындалған жұмыстың немесе өндірілген өнімнің әр бірлігіне байланысты анықталады.
Еңбекақы төлеудің бұл нысаны- жұмысшының кәсіптілік дәрежесін арттыруға ынталандыру және оның еңбек өнімділігінің өсіміне мүдделілігін қамтамасыз етеді. Алайда келісімді еңбекақы төлеу жағдайында, өнім сапасының төмендеу, технологиялық прцесстер режимінің бұзылу, қауіпсіздік техника талаптарының қадағаланбауы, материалдық ресурстарды артық жұмсау қаупі туындауы мүмкін.
Келісімді еңбекақы төлеу
нысанының төмендегі жүйесі бар: тікелей келісімді, прогрессивті-
келісімді, сыйақылық келісімді, аккордтық, жанама-келісімді және
т.б. Тікелей келісімді жүйе кезінде- жалақы, өндірілген өнім санын
белгіленген ставкаға көбейту арқылы анықталады. Орындалған жұмыс
немесе өндірілген өнім бірлігіне көбейтілген ставка төмендегі
формула бойынша анықталады:
немесе ![]()
мұндағы: т- сағаттық тарифтік ставка, теңге.
Ем - сағаттық орындалған жұмыс мөлшері.
Ум - өнім (жұмыс) бірлігіне уақыт мөлшері, сағат.
Прогрессивті- келісімді еңбекақы жағдайында-мөлшерден артық (тыс) орындалған жұмысқа қосымша еңбекақы төленеді.
Сыйақылық-келісімді еңбекақы жағдайында, жұмысшыға негізгі еңбекақысына қосымша, оның сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша қол жеткізген жетістіктеріне байланысты сыйақы түріндегі еңбекақы беріледі.
Жанама-келісімді еңбекақы жағдайында — жұмысшылардың еңбекақысы қызмет көрсету нәтижесіне тәуелді. Аккордтық жүйе жағдайында-еңбекақы көлемі барлық орындалған жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер де, әдетте мерзімдік еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Мерзімдік еңбекақы төлеу нысаны бойынша жұмысшылардың еңбекақысы, өндірістегі іс жүзінде атқарған жұмыс уақытына байланысты белгіленеді. Оның неғұрлым кең тараған екі жүйесі бар: жай мерзімдік және сыйақылық-мерзімдік. Жай мерзімдік жүйе жағдайында- жұмысшы жеке міндетін 100 пайыздық орындаған жағдайда толық тарифтік ставкасын алады. Тапсырылған жұмыс толық орындалмаған жағдайда, еңбекақы көлемі сәйкесінше қысқарады, алайда ол минималды еңбекақы деңгейінен төмен бола алмайды.
Сыйақылық- мерзімдік жүйе жағдайында- жұмысшыға атқарған жұмыс уақытысына төленетін жалақысына қосымша, қол жеткізген сандық және сапалық жетістіктері үшін тағы да сыйақы түріндегі еңбекақы төленеді.
9. 2 Еңбек өнімділігінің мәні және міндеттері
Еңбек өнімділігі – бұл нақты еңбектің өнімділігі, жемістілігі, ол шығарылған өнім санымен есептеледі немесе бір дана өнімді өндіруге кеткен уақыт есебімен есептеледі. Еңбек өнімділігі жұмысшылардың еңбек іс-әрекетінің өнімділігін анықтау үшін қажетті маңызды экономикалық көрсеткіш болып табылады. Ол жеке жұмысшылардың, сондай-ақ кәсіпорын ұжымының еңбек тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігінің экономикалық мәнін зерттеу кезінде мынаған мән беру қажет еңбек бұл қандай да бір өнім өндірісіне жұмсалатын, тірі еңбек күшінен тұрады.
Тірі нақты еңбек күші - тек жаңа құн тудыру емес, сондай-ақ өндірістің материалдық –заттай элементтерін жаңа өнімге айналдыру болып табылады. Сондықтан нақты еңбектің өнімділік күші оның қажетті саладағы жаңа тұтыну құнын тудыра білу қабілетімен сипатталады. Еңбек өнімділігі сондай-ақ тірі еңбек күшінің тиімді пайдалану деңгейін және өндіріс элементтерінің тиімді пайдасын көрсетеді. Осыған байланысты мынадай түсініктерді ажыратып алу қажет: жекелеген және жалпы еңбек өнімділігінің өсімі. Өспелі еңбек өнімділігінің жалпы өсу тенденциясын мынадан көруге болады: өнімдегі жеке еңбек үлесі қысқарады, ал жалпы еңбек күші ( шикізат, материал, отын) аммортизациялық аударымдар түрінде өседі, бірақ бір дана өнімдегі жалпы еңбек құны қысқарады. Жалпы еңбек өнімділігінің мәні де осыған негізделген. Тірі және заттай еңбек шығындары арасындағы қатынас әртүрлі, ол өндірістік күштің даму деңгейіне байланысты. Қол еңбегінен механизацияландырылған еңбек түріне өткен кезде, өнімдердің бір данасына кететін тірі еңбек шығындары күрт төмендейді. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғарғы сатысында, өнімнің бір данасына кететін тірі және заттай еңбек шығындары төмендеуде, алайда тірі еңбек шығындары да айтарлықтай деңгейде төмендеуде.
Жалпы еңбек өнімділігінің өсімін төмендегі негізгі формалармен көрсетуге болады:
- материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеуге әсер ететін еңбек шығындарын, өндіріліп жатқан тұтыну құнының бірлігіне қатысты қысқартуда;
- шығындарға емес, еңбек нәтижесінде көрініс табатын тұтыну құны массасының өсімі;
- жиынтық еңбек шығындарын қысқарта отырып тірі және заттай еңбек арасындағы қатынасты өзгерту;
- қосымша өнімнің мөлшері мен массасының ұлғаюы.
Еңбек өнімділігінің өсімі шексіз болуы мүмкін емес. Еңбек өнімділігінің шекті өсімі, тұтынушылық құн массасы мен өнім сапасын жетілдіруді ұлғайтуға байланысты. Осы екі факторға көңіл бөлмеген жағдайда, жұмыс уақытын үнемдеудің мәні жоқ. Кейбір жағдайда жұмыс күшін қысқарту есебінен еңбек өнімділігін өсіреміз деген әрекет, керісінше өндіріп жатқан өнімнің сапасы мен көлемінің қысқаруына әкеліп соққан. Әр нақты өндірістегі еңбек өнімділігі өсімінің объективті шегі бар, яғни өндірістің техникалық ұйымдастырушылық деңгейі. Осы шектен кейінгі еңбек өнімділігін өсіру болашағы – қайта жөндеу (реконструкция), өндіріс модернизациясы, өнім сапасын жоғарылату мен байланысты болуы қажет.
Еңбек өнімділігін жоғарылату ел экономикасын дамытуда шешуші роль атқарады. Бүгінгі таңда экономиканы интенсивті дамыту жолына түсірумен байланысты оның маңыздылығы арта түсуде. Еңбек өнімділігін өсімі- объективті экономикалық заңдылық, ол кез-келген экономикалық формацияларда әрекет ете береді. Яғни, еңбек өнімділігін жоғарылату шаруашылықтың кез-келген жүйесі үшін экономикалық қажеттілік болып табылады. Шаруашылықта қазіргі жағдайда еңбек өнімділігін жоғарылату экономикалық өсімділіктің бірден-бір көзі болып табылады. Себебі, өндіріліп жатқан өнім көлемі мен ұлттық табыс екі фактордың әсерінің нәтижесінде ұлғаяды, еңбек өнімділігін жоғарылату және жұмысшылар санын көбейту. Алайда, бүгінгі таңда еңбекке жарамды жұмысшылар санын көбейту мүмкіншілігі шектеулі. Бұл мүмкіншілік болған жағдайда экстенсивті даму жолы бүгінгі даму кезеңінде тиімсіз болып табылады. Сондықтан еңбек өнімділік өсімі өндіріс көлемі мен ұлттық табысты жоғарылатудың негізгі қайнар көзі болып отыр. Еңбек өнімділігінің өсімі жұмысшылардың еңбекақысының жоғарылауына әсер етеді. Бұл процестің маңызды ерекшелігі еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығын, еңбекақы мен еңбекшілердің шынайы табысының ұлғаю қарқындылығымен салыстырғандағы озу жылдамдығы.
Осы шынайы табыс пен еңбекақы арасындағы қатынас, яғни шынайы табыстан еңбекақысының жоғары болуы, елде қордың жинақталуына әсер етеді. Ол өз кезегінде, өндірісті дамытудың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етеді.
9.3 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің өсу резервтері мен факторлары.
Бүгінгі таңдағы өзін-өзі қаржыландыру, жалға беру жағдайында еңбек өнімділігінің жоғарылауына қандай факторлар тиімді әсер ететіндігін, қайсысы кедергі болатындығын, өсудің қандай жолдары мен резервтері бар екендігін біліп алу қажет. Сондықтан еңбек өнімділігінің қарастырар кезінде, факторлар жиынтығы толық қарастырылуы тиіс.
Еңбек өнімділігі өсімінің факторлары- бұл оның деңгейлік өзгерісіне әсер ететін қозғаушы күш. Еңбек өнімділігінің өсіміне әсер ететін факторларға мыналар жатады: техникалық прогресс, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, басқару мен еңбекті тиімді ұйымдастыру, жалға беру және тағы сол сияқты қатынастарды дамыту және тағы басқалар. Осы текті еңбек өнімділігін дамытуға әсер ететін факторлардың көптігі, оларды жіктеуді қажет етеді. Еңбек өнімділігінің өсіміне әсер ететін факторлардың әрекеті табиғи, қоғамдық, экологиялық және материалдық жағдайға тәуелді. Табиғи жағдай топырақтың құнарлығын, ауданның климаттық ерекшеліктерін, табиғи ресурстар байлығымен және т.с.с. сипатталады;
Қоғамдық жағдай әлеуметтік құрылымын, шаруашылық механизмінің дамуымен сипатталады; экологиялық жағдай табиғатты қорғау әрекетімен, еңбек ету жағдайымен сипатталады. Сонымен бірге еңбек өнімділігіне әсер тигізетін факторларды төмендегідей жіктеуге болады:
- материалды- техникалық фактор (ғылыми-техникалық прогресстің дамып жетілуіне тәуелді;
- ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық фактор; - қоғамдық өндірістің ұйымдастырушылық формасының даму деңгейіне тәуелді;
- қоғамдық өндірістегі адамдардың роліне байланысты әлеуметтік-психологиялық фактор.
Факторларды зерттеу еңбек өнімділігін арттырудағы жетістіктерді толық зерттеуге мүмкіндік береді. Ол жетістік қандай факторлардың әсерінен құралғандығын білмей жатып, оны бағалау қиынға соғады. Сондай-ақ түрлі факторлар оларды іске қосу үшін түрлі шығындарды қажет етеді және еңбек өнімділігін арттыруға әр түрлі әсер етеді, бірі тұрақты өсімді қамтамасыз етсе, екіншісінің әсері өтпелі болып келеді. Сондықтан еңбек өнімділігінің жоғарылауы ненің есебенен болатындығын білу өте маңызды. Факторлар жиынтығын қарастыра отырып, оның ішінен негізгі буынын бөліп көрсету қажет. Негізгі буынға – ғылыми техникалық прогресс жатады. Ғылыми- техникалық прогрессті жылдамдату үшін құрылымдық және инвестициялық түбегейлі өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер ең алдымен, істегі өндірістің қайта құру мен техникалық қайта жабдықталуға жаңа техника мен алдыңғы қатарлы(прогрессивті) технология енгізуге бағытталуы қажет. Бұл қол еңбегін күрт төмендетіп, еңбек өнімділігінің өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін арттыруға басқа факторлар жоғарыда аталған өзгерістерден кейін немесе солармен бір уақытта іске қосылады.
Ғылыми-техникалық прогресс еңбек өнімділігін арттыруға әсер етудің негізгі жолдары болып табылады: өндірісті автоматтандыру, прогрессивті технология мен жаңа техника енгізу; істегі құрал-жабдықтар негізінде технологиялық процесстерді жетілдіру, бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен конструкциясын өзгерту: шикізат, материалдар, отын мен энергияны тиімді пайдалану. Еңбек өнімділігін арттыруда экономикалық ұйымдастырушылық факторлар маңызды роль атқарады. Бұл факторлар тобына мыналар жатады:
-қоғамдық өндірісті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру;
-еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
-еңбектегі жаңа әдістерді пайдалану;
-еңбекті мөлшерлеуді тиімді ұйымдастыру:
-еңбекке ынталандыру мен еңбекақының жаңа түрлерін енгізу;
-өндірісті басқаруды жетілдіру және шаруашылық механизмін дамыту (өндіріс пен басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымдарды жетілдіру, баға құрылымы және жоспарлау);
-өзін-өзі қаржыландыру мен ақылы қызмет көрсеткіштерін енгізу;
Бүгінгі таңда адам мен техника арасындағы байланысты көрсететін, әлеуметтік-психологиялық факторлардың рөлі артуда. Бұл факторлар тобына мыналарды жатқызуға болады:
-жұмысшылардың квалификациясын жоғарылату,
-еңбек жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру,
-қызмет көрсету сферасын дамыту;
-еңбек ұжымдағы психологиялық климатты жақсарту;
-ұжымдық өзін-өзі басқаруды дамыту жолы арқылы еңбек белсенділігін арттыру;
-бос уақытын тиімді пайдалану және т.б. Осының барлығы еңбек етушінің белсенділігін арттыруға, мүмкіншілігін, қабілетін жетілдіруге ықпал етеді.
Еңбек өнімділігін арттыру резервтері - бұл анықталғанымен түрлі себептер бойынша қолданысқа түспеген, қоғамдық еңбекті үнемдеу мүмкіндіктері, яғни техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және т.с.с.-ды жетілдірудің пайданылмаған мүмкіншілігі болып табылады. Факторлар мен резервтердің өзара әрекеттесуі мынаған негізделген, яғни, факторлар деңгейінің өзгеруіне әсер ететін қозғаушы күш болса, онда резервтерді пайдалану факторлады іске асыру процесі болып табылады.
Сонымен қатар резервтерді іске қосу-үздіксіз процесс, себебі резервтер ғылым мен техниканың дамуына, басқарудың жетілдіруіне, өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуына байланысты туындайды. Резервтерді пайдалану деңгей нақты кәсіпорындардағы немесе саладағы еңбек өнімділігінің деңгейін анықтайды. Өндірістің даму мүмкіншіліктерін іс жүзіндегі процестерге, айналдыру, резервтерді пайдаланудың негізгі мағынасын құрайды. Сондықтан қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуді қамтамасыз ететін барлық ұйымдастырушылық, шаруашылық және техникалық шаралар, резервтерді пайдалану бойынша шаралар болып табылады. Резервтердің көптүрлілігі оларды түрлі белгілері бойынша топтастыруды қажет етеді.
Еңбек өнімділігі- жеке жұмысшылардың, сондай-ақ жалпы кәсіпорын ұжымының еңбек шығынын сипаттайтын, маңызды экономикалық көрсеткіш. Кәсіпорын деңгейінде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші еңбек сыйымдылығы болып табылады. Өнім көлемінің өлшем бірлігіне байланысты еңбек өнімділігін өлшеудің үш әдісі қолданылады: натуралдық, еңбектік және құндық. Еңбек өнімділігін өлшеудің натуралдық әдісі- жұмыс уақытының бірлігінде өндірілген өнімді натуралды формада (нысанда) сипаттайды. Еңбек өнімділігінің натуралды көрсеткішіне килограмм, метр, дана және т.с.с. жатады.
Егер кәсіпорын біртекті өнімдердің бірнеше түрін шығаратын болса, онда шығарылған өнім көлемі натуралды бірлікпен есептеледі. Натуралды көрсеткіштер мұнай, газ, көмір, орман және басқа да өндірістік кәсіпорындар да қолданылады. Еңбек өнімділігін өлшеудің еңбектік әдісі-жұмыс уақытының мөлшерлі шығынының іс жүзіндегі шығындарына қатынасын сипаттайды. Еңбектік әдіс жұмысшылар еңбегінің мөлшермен салыстырғандағы пайдалану тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Еңбек өнімділігін өлшеудің еңбектік әдісі әртекті өнім өндіретін кәсіпорындарда кеңінен қолданылады, себебі ол әр текті өнім түрлерін бірыңғай өлшем бірлігіне келтіру арқылы бағалауға мүмкіндік береді. Құндық әдіс бойынша бір адам-сағатта, бір адам-күнде, тоқсан, ай немесе жылда өндірілген өнім көлемін құндық сипатта көрсетеді. Кәсіпорынның маңызды міндеттерінің бірі еңбек өнімділігін жоғарылату резервтерін іздестіру және оны жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі өсімінің резервтерін төмендегідей үлгі бойынша топтастыруға болады: өндірісті автоматизациялау нәтижесінде өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату;
жабдықтардың және технологиялық процестерінің жаңа түрлерін енгізу;
конструкциялық қасиеттерін жақсарту; шикізат пен материал сапасын арттыру, еңбек мөлшерін жоғарылату және қызмет көрсету аумағын кеңейту арқылы еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, басқаруды жетілдіру;
жауапсыз, квалификациясы төмен (жоқ) жұмысшылар санын қысқарту: өндірісті мамандандыру деңгейін жоғарылату: өндірістегі құрылымдық өзгерістерді тиімді жүргізу.
Еңбек өнімділігінің деңгейін өлшеу кезінде өнімнің және жұмыс уақытының қандай бірлікті көрсететін білу қажет. Кәсіп орында шығарылған өнімдердің бір аттас және біркелкілігіне қарай еңбек өнімділігінің деңгейін натуралды түрде анықтауға болады. Егер шығарылатын бір-аттас өнімдер белгілеріне қарай бөлінетін болса, онда еңбек өнімділігінің деңгейі натуралды шартты бірлікпен өлшенеді.
Еңбек өнімділігін, кәсіпорын деңгейін де негізгі екі көрсеткіштер арқылы есептеп көрсетуге болады. Бірінші өнім, екінші еңбек сиымдылығы. Өнім дегеніміз әрбір жұмысшының белгілі жұмыс уақытында өндірген өнім көлемі, ол төмендегідей формуламен есептелінеді.

Ө = ;
мұнда Ө- өнімді өндіру (выработка)
Өк- өндірілген өнім көлемі осы өнімді өндіруге кеткен жұмыс уақыт.
Еңбек сиымдылығы – бұл еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш. Оны жұмыс уақытын, өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы табады, ол әрбір өнімді өндіруге кеткен уақыт шығынын көрсетеді. Еңбек өнімділігін есептеудің мұндай әдістемесі жалпы өнім құнының бұрынғы еңбек үлесінің өзгеруіне әсерін жою мақсатында қолданылады.
Еңбек өнімділігін өлшеу кезінде жұмыс уақытының бірлігі ретінде өткерілген адам-сағат, адам-күш болып көрсетіледі. Жұмыс уақытының бұл бірліктері орташа сағаттық, орташа-күндік және орташа айлық жылдық тоқсандық болып есептеледі.Бұл көрсеткіштер мағынасы жағынан әртүрлі болып келеді.
Орташа сағаттық өнімділік – бір сағат ішінде таза жұмыс уақытын және өндірілген өнім көлемін бөлу арқыры қандай да бір кезең ішіндегі нақты түрдегі адам-сағат арқылы еңбек өнімділігін анықтайды.
Орташа күндік өнімділік - қандай да бір кезең ішіндегі өндірілген өнім көлемін бөлу арқылы атқарылған еңбектің адам-күнмен есептелуі. Атқарылған жұмыс уақыты бұл нақты күрделі өткерілген сағат қана емес, сонымен қатар жұмыс күні ішіндегі атқарылмаған уақыты да қосылады, сондықтан орташа күндік өндіру орташа сағаттық өндіру деңгейімен және жұмыс күнінің нақты түрде жалғасумен байланысты болады.
Орташа айлық (тоқсан, жылдық) өнімділік бұл зерттелетін кезең ішіндегі өндірілген өнімнің көлемін бөлу арқылы жұмысшылардың орташа саны және орташа күндік өндірумен байланысты, сонымен қатар бір адамға шаққандағы орташа жұмыс күнімен есептеледі.
ТАҚЫРЫП 10.
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
10.1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері
Инвестиция – бұл капиталды ұлғайтуға немесе қалпына келтіруге бағытталған салымдар. Инвестициялау дегеніміз өз кезегінде ертеңгі күнге қадам басу деп ұғынған жөн, себебі бұл қадам өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға бағытталады. Өндірістің ұлғаюы және жаңартылуы тікелей табыстың ұлғаюына әсер етеді. Осы максималды пайда инвесторлар үшін ынталандырушы күш болып табылады. Ұтымды инвестициялау процессі өндіріс мүмкіндіктерін кеңейтуге , қосымша жұмыс орныдарын ашуға, жаңа жұмыс күшін тартуға мүмкіндік береді.
Инвестиция –бұл капитал салымы, оның негізгі екі түрі бар: тікелей (немесе шынайы) инвестиция және портфельдік инвестиция. Тікелей инвестиция кәсіпорындарды өндіріс факторларымен қамтамасыз етуге бағытталса, портвельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталады. Мұнда өндіріске бағытталған тікелей инвестицияның маңыздылығы зор. Тікелей инвестицияларды түрлі критерилер бойынша жіктеуге болады. Неғұрлым кең тараған жіктеу - өндіріс сферасындағы инвестициялардың мақсатты бағытталуы, бойынша болып табылады: олар, өндірістің жаңа қорын құруға, өндірістің қолда бар қорларын кеңейтуге , өндіріс жаңалықтарына, сондай-ақ өндірістің тұтынылған қорларын қалпына келтіруге бағытталған инвестициялар. Жоғарыда айтылғандарды сызбанұсқа түрінде төмендегідей көрсетуге болады.

Сызба нұсқа 10.1.
Қаржыландыру көзі бойынша төмендегідей жіктеленеді: мемлекеттік, муниципалдық, сапалық, жеке және аралас инвестициялар.
Бағытталуы бойынша - өндірістік инвестициялар (өндірістік сфера), әлеуметтік бағыттағы инвестициялар (әлеуметтік сфера), табиғатты қорғау және экологиялық бағыттағы инвестициялар (экологиялық сфера) деп бөлінеді. Мерзімі бойынша, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестицияның қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздер болуы мүмкін: Оларға жатады:
-инвестордың жеке қаржысы және ішкі шаруашылық резервтері-табыс, амортизациялық аударымдар және т.б.
-банк несиелері, облигациялық зайымдар, ұзақ мерзімді зайымдар, бюджет несиелері
-бюджеттен тыс қорлар қаржысы
-қайтарымсыз негізде ұсынылған мемлекеттік бюджет қаржылары
-шетел инвесторларының қаржысы.
10.2. Инвестициялық жоба тиімділігі
Жобаны алдын-ала сараптама жасаудың мақсаты - өміршеңді немесе сапалы жобаны таңдап алып, одан әрі оның тімділігін анықтап, негіздеу. Алдын-ала жүргізілген сараптамалық жобаның экономикалық тиімділігінің есебімен жалғасады. Оған жобаның негізін сапалы талдау және оның концепциясы, ішкі және сыртқы тиімділігін бағалау жатады. Сонымен қатар осы сараптаманың нәтижесінде экологиялық, саясаттық мәні әлеуметтік бағдары арқылы және т.б. экономикалық тиімділік белгілері арқылы таңдалып алынады. Жобаны бағалау әдісі мен сызбасын таңдау екі түрлі бағыттан тұрады. Бірінші шешім қабылдаушы кісіден: меншік иесі, өз өндірісінің тиімділігін сапалы , тереңірек бағаланғанын қалайды, ал кредитор, инвестор тек қана өз қаржысының тез қайтуына және пайыздың жоғары болуын, кепілдікке қойылған мүліктің өтімді болуын, несие алушының несие алуға қаржылық мүмкіншілігінің барлығын қадағалайды және қалайды. Екінші жобаның ерекшелігінен, қиындығынан, қауіпті тәуекелді болуынан, сұранған несие көлемінен тұрады. Жобаның тұжырымдамасы төмендегі ой, пікірлерге негізделген:
- шикізат базасын қалыптастыруға;
- жаңа технологияны пайдалануға, жаңа өнімді шығаруға;
- шикізатты кешенді өңдеуге ;
- нарықтағы өсіп-кеміп жатқан сұранымды қамтамасыз ету және сыртқы ішкі немесе әлемдік нарықта қызмет көрсетуге;
- шығынды үнемдеу мақсатында өнім шығару көлемін көбейтуге;
Жобаны алдын-ала сараптама жасау, жобаның инженерлік сараптамасы, оның техникалық кеңістіктерін анықтау арқылы, ой пікірдің орындалу мүмкіншілігін анықтау арқылы жүргізледі. Барлық жағдайда қаржыландыру (инвестиция бөлу) туралы шешім қабылдау мамандардың жүргізген талдауы негізінде қабылданады, мамандар әр уақытта жобаның мүмкін болатын ерекшелігін, артықшылығын көрсетуі керек.
10.3 Инвестицияның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі.
Инвестициялық жобаға қатысушылар әр түрлі жағдайда, алдын –ала жасалған талдаумен шектелмей, экономикалық көрсеткіштердің тиімділігін есептеулері қажет. Инвестицияның экономикалық көрсеткіштерінің тиімділігін төрт түрлі жолмен есептеуге болады. Бұл көрсеткіштер арқылы әлемде инвестицияның тиімділігін анықтайды. Оған мыналар жатады:
1) қайтарым уақыты – бұл таза
пайдадан алынған инвестицияны қайтару уақыты. Қайтарым уақыты:
Т=![]()
2)инвестицияның табыстылық
коэффициенті: Ди=![]()
мысалы: егер сіздің дүкеніңіз
100,0 мың теңгеге тауар болса, оны 130 мың теңгеге сатса, онда:
Ди=![]()
Егер тауар алуға 100 долл. несие қажет болса , несие банк пайызымен беріледі. Сонда 100+15=115долл. несие беріледі, банк пайызы 15%. Банктен алынатын несиенің бағасы 115 долл., бұл жағдайда жоба экономикалық тиімді болып есептелінеді де, оны қаржыландыру тиімді деп танылады.
3.Таза дисконттық табыстың көрсеткіші:

мұндағы Т-жобаның толық өміршеңдік уақыты
U-инвестиция
N-дисконт мөлшері
Егер жобаның өміршеңдік уақтындағы күтілген дисконттық таза табыс, қажет инвестицияның құнынан көп болса, онда оған инвестиция құюға болады деп саналады. Осы жобаның тиімділік көрсеткіштерін пайдалану, күтілген таза пайданың және қажет инвестицияның көмегімен ғана байланысты емес, сонымен бірге, қабылданған дисконт мөлшеріне де байланысты.
Инвестицияның қайтарым уақыты қаржының бағалық қасиетінің уақытпен байланысын есептемейді, сол себептен қайтарым уақыты дисконттық коэффициент арқылы есептелуі қажет.
КДt=1(1+К)t
Мұнда КДt-белгілі жылғы дисконттық коэффициенті
К-ақшаның құнының өзгеру қарқыны
t-инвестиция басталған уақыттан жыл нөмірі
Мысалы: қайтарым уақытын аталған формула арқылы есептеп көрсетеміз, егер банк пайызы 10% болса, онда КД=1/(1+0,1)1=0,9091
КД=1/(1+0,1)2=0,9264
КД= 1/(1+0,1)3= 0,7513
КД= 1/(1+0,1)4=0,6830
Осы коэффициенттер арқылы дисконттық табысты есептеп шығарамыз.
1 жыл: 25000х0,9091=22728 тг
2 жыл: 35000х0,8264=28924 тг
3 жыл: 48000х0,7513=36063 тг
4 жыл: 52000х0,6830=35516 тг
Алынған инвестиция сомасы 120,0 мың тг.
3 жылға дисконттық табыс – 87715 тг., 32285 тг жетпейді. Осыған байланысты төртінші жылдың ішінде қанша уақытта қалған соманы жабуға болатынын есептеп шығарамыз: 32285/35516=0,91 жыл 11ай. Сонымен қайтарым уақыты 3 жыл 11ай.
-
Ақшаның ағымдық көрсеткіші.
-
Ақшаның түсімі әр уақытта, шығыннан артық болуы керек, осы жағдайда жобаның ең негізгі өтімділік көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны және жобаны инвестициялық талдау мемлекеттік деңгейде де жүргізілуі мүмкін, оның барлығында жоғарыда көрсетілген әдістер қолданылады.
10.4. Лизинг және олардың түрлері
Инвестициялық қаржыландырудың прогрессивті формаларының бірі болып лизинг табылады. Лизинг – бұл жалға алу үшін жалға берушімен сатып алынған машиналарды, жабдықтарды және басқа да инвестициялық көзделген тауарларды ұзақ мерзімді жалға беруі.
Қаржылық және оперативтік лизинг бөлінеді. Қаржылық лизинг деп – лизингтік компанияның делдалдылығымен жабдықталады, жабдықтарды алуды қаржыландыру формасын айтамыз, және ол оны өзінің және келтірілген құралдарына меншікке сатып алады, содан кейін лизинг алушы кәсіпорынға белгілі бір мерзімге пайдалануға өткізеді. Лизингтік компания лизинг алушы көрсеткен (ұсынған) жеткізушіден және сол жабдықтарды алуға тиісті. Қаржылық лизинг кезінде лизинг алушы жабдықты ереже бойынша лизинг келісім шарты мерзімінің соңына сатып алады. Келісім шарттары оның әрекеттерінің бар мерзімі бойынша өзгермейді. Оперативті лизинг кезінде лизинг жабдығының жалға беру мерзімі лизингке берілетін жабдықтардың қызметті мерзімінен әлдеқайда төмен. Экономикалық тұрғыда алып қарағанда лизингтің сатып алуға берілетін жабдықтардың несиесімен нақты ұқсастығы бар сияқты. Басқаша айтқанда егер лизингті мүлікті тығыз қайтарым және төлемдік шартқа уақытша пайдалануға берілетін ретінде қарастырсақ, онда оның негізгі қорларға тауарлы несие ретінде жіктеуге болады. Бірақта, лизинг дәстүрлі банктік несиелендіруге қарағанда әлдеқайда тартымды, әсіресе тез дамитын шағын және орта кәсіпорындар үшін, несиелік және лизингтік механизмнің ерекшеліктері кестеде көрсетілген.
Кесте-10.1
Несие және лизингтік механизм ерекшеліктері.
|
Несие |
Лизинг |
|
Қаржы құралдары кез-келген кәсіпкерлік құралға, әрекетке бағытталады. |
Қаржы құралдары өндірістік әрекет активизациясына бағытталады. (негізінен оның модернизациясына) |
|
Құралдардың мақсатты шығындалуына бақылау, оларды пайда процесінде бақылаудың әрекет құрал-саймандарының жоқ болуынан қиындайды. |
Лизингке нақты келісілген жабдық берілетіндіктен құралдарды мақсатты пайдалануына бақылау кепілденген. |
|
Оны пайдаланғаны үшін несиеге пайыздарды қайтарудың жүз (100 %) пайыздық кепілі талап етіледі. |
Кепілдік өлшемі лизингке берілетін жабдықтардың құнының шамасына төмендейді, өйткені оның өзі кепілдік болады. |
|
Алынған жабдық кәсіпорын балансынан көрінеді, оған амортизация есептелінеді. |
Жабдық кәсіпорын балансында көрінбейді, амортизация есептелінбейді, оған салық төленбейді. |
|
Несие үшін төлем өзі құралдарынан жабылатындықтан кәсіпорынға табыс алу керек және оған барлық салықтар есептелінеді |
Лизингтік төлемдер өзіндік құнға негізделеді және бұл өзінің артынан салық салу базасынан төмендетеді және де өндірістің дамуын жылдамдатады. |
Лизингтік компания, лизинг беруші бұл – мамандандырылған мекеме және ол кәсіпорынға жалға жабдықтар ұсынып отырады, жеке тұлғаларға сирек ұсынады. Лизингтік компаниялардың тапсырмасы ол өзінің клиенттеріне, оларға қажетті заттарды (бұйымдарды) алу және оларды алдын-ала келісілген мерзімге нақты төлемдерде жалға беру. Материалдық құндылықтың жалға беруін аяқтауда жалға алған кәсіпорын оларды лизинг компаниясына қайтарады немесе келесі шартты келесі бір мерзімге ұзартады (жеңілдік есебінде) немесе мүлікті қалдықты құнмен сатып алады. Лизинг пайдалылығы жалға алушының жаңа техникалар алу үшін көп ақша жұмсамайтындығында. Жалдықтың аталған түрі орта және шағын кәсіпорындар үшін тартымды. Олар үшін шектеулі шығындарда өндірісті қайта құрылымдауды жүргізу мүмкін болады.
Лизинг – тұтынушыға ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне прогрессивті технологияларға жол ашады. Жойылу немесе лизинг объектісін пайдалану мүмкін болған жағдайда лизинг алушы қарызды өтеу міндетінен басталмайды. Жалға беру мен лизингтік қатынастың өзара байланысы мен айырмалары кестеде көрсетілген.
Кесте-9.2
Жалдық және лизингтік қатынаст өзара байланыстары мен айырмалары
|
Негізгі параметрлер |
Жалдық |
Лизингтік |
|
Қатынас субъектілері |
Жалға беруші мен жалгер |
Мүлік дайындаушы, |
|
Қатынас субъектілері |
Кез-келген мүлік, табиғи объектілерді қосқанда |
Кәсіпкерлік әрекеттер үшін пайдаланатын мүлік, табиғи объектілерді қоспағанда |
|
Екі жақтың құқықтық қатынастары. |
Мүлік сапасы үшін |
Лизинг беруші мүлік |
|
Жалға берушінің міндеттері |
Мүлік меншігі ретінде |
Лизингтік келісім шарттың инвестициялануы. |
|
Сатушының мүлікті алу мақсаты туралы |
Өндірілмейді |
Лизинг беруші нақты лизинг алушыға лизинге затты беру мақсатын көрсетеді. |
|
Мүлікке меншік құқығы, оның құнын жабудан кейін |
Егер қарастырылып жатса, онда сату, сатып алу формасында |
Әдетте аукцион өткізіледі |
|
Мүліктің күтпеген жайылым тәуекелі. |
Жалға беруші жауапты. |
Лизинг алушы жауапты. |
|
Келісім шарт пайдалану кінәсінан бұзылу. |
Жылдық төлемнің тоқтатылуы. |
Лизинг алушы қарызды толық жабудан босатылмайды |
|
Мүліктің ұсынысы мен сұранысы. |
Мүлікті пайдалануға есептесу ескеріледі. |
Мүлік бағасы, пайыздық ставка т.с.с. |
Жалға, төлемдерге есептесу кезінде олардың өлшемі көп ретте нарық конъюнктурасына (құрылымына) тәуелді болады. Жалға қарағанда лизинг кезінде лизинг алушымен объектіні меншікке алдын-ала келісілген сатып-алу бағасымен келісім шарт мерзімінің аяқталуына қарай алу тәжірибесі бар.
Материалдық құндылықтарды алумен бір уақытта лизингтік компания мен лизинг алушы өзара жылдық мерзім мен оның үздіксіздігі туралы, жылдық төлемнің мөлшері туралы, олардың төлемділігінің кезеңділігі туралы, лизинг объектісінің сақтандыру шарттары туралы, жылдың аяқталуына қарай мүлікті иемденудің мүмкін жолдары туралы келісімдерге қол қояды. Жалдаудың мерзіміне байланысты лизинг бөлінеді:
-
рейтинг-бірнеше күннен, бірнеше айға дейінгі мерзімге жалға беру;
-
хайринг-бірнеше айдан бірнеше жылға дейін;
-
жеке лизинг-бір жылдан бірнеше жылға дейін;
Халықаралық тәжірибе бойынша лизинг мерзімдері жабдық амортизациясы кезеңіне байланысты. Әдетте лизинг мерзімі төмендегі кезеңдерден төмен:
|
Амортизация кезеңі, жылдар |
3.4.5.6.-7.8.9.-10. |
|
Лизингтің төменгі жылдар мерзімі |
3.3-4.5.6.7. |
Машиналар мен жабдықтардың жылдық мерзімі орташа бес–сегіз жылды құрайды. Жылжымайтын мүліктердің жылдық мерзімі көп есе созылмалы он– жиырма жыл. Түрлі елдерде лизинг мерзімі түрлі нормативті құжаттармен анықталады. Ғылыми-техникалық прогресс-жабдықтармен басқа да техниканың табиғи тозу кезеңінде реттеулер енгізеді. Ол елеулі қысқарады.
ТАҚЫРЫП 11.
ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
11.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
Қазақстанның экономикасы қазіргі кезде күрделі нарықтық қатынас кешуде. Шетелден келетін тауарлар ағымына қойылатын кезеңдік салықтардың төмен деңгейде болуы, уақытша пайданы көздеген бизнесмендердің қызығушылықтарын қанағаттандыруда. Солардың әдістері еліміздегі тауар өндірушілерге кері әсерін тигізуде.
Қазіргі нарықтық экономикада, үлкен бәсекелестік деңгейінде әр кәспорын нарықты өз орнын алуға ұмтылады, сондықтан бәсекелестік қабілетке ие болу үшін әрбір шығарған өнімнің өзіндік құны төмен, әрі сапалы болуға ұмтылуы керек. Жоғарыда аталған өнімнің өзіндік құнға кіретін шығындарының кейбір түрлерін қысқарту, (мысалға өндірістік ақыларды айыппұл, болдырмауға тырысу, штраф) сөйтіп өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әр кәсіпорын талпынуы қажет.
Өнімнің өзіндік құны оның құнының бір бөлігі. Ал өнімнің құны өндірістік кәсіпорынның жиналатын пайдасы, осы пайданың бір бөлігі орталықтанған жүйе бойынша халық, мемлекет пайдасына ұласады. Өнімнің өзіндік құнының сомасы мен оның құнының арасындағы айырмашылық өнімнің құнының төмендеу негізі болуы керек.
Жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан еліміздің шағын және орта кәсіпкерлері шетел алып кәсіпорындарымен тіке бәсекелесуге бірде әлі жетсе, бірде әлсіреуде. Өйткені тұтынушылардың көздегені- арзан бағалы тауар. Сол себептен өнімді өңдеп шығарған кезде, өнімге кеткен шығынды неғұрлым төмендету арқылы өнімнің өзіндік құнын төмен етуге және сол арқылы бағаны төмендетуге тырысу керек.
Өзіндік құнға мыналар кіреді: Жұмсалған шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның құны, машиналардың, үйлердің, ғимараттардың құнынан пайзбен есептеп амортизацияға төленетін төлем және еңбекке төленетін шығындар. Кәсіпорындардың өнім өткізуге, басқару ісіне жұмсаған шығындары мен таза табыстың кейбір элементтері де (әлеуметтік қауіпсіздендіру қорының бөлінген үлесі) өзіндік құнға кіреді.
Өнімнің өзіндік құнының және өнім құнының арасында сапалы және сандық айырмашылық бар. Сандық айырмашылық кәсіпорындардағы жиналатын жиындар, өнімнің өзіндік құнына кірмейді (әлеуметтік сақтандыру қоры аударымды есептемегенде). Ал өнімнің өзіндік құнының сапалық айырмашылығы өнімнің өткізу құнынан тұрады, біріншіден өндіріске жұмсалған қор шығындары мен олардың ақшалай түрі арасында белгілі айырмашылықтар бар. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнына, өнімнің өткізуінге байланысты айналыстағы кейбір элементтерді де қосады, сондай-ақ өндірістік емес шығындар (штрафтар, кәсіпорын кейбір шығындар), өнімнің өзіндік құнына қосылады, соның нәтижесінде өнімнің өзіндік құны өте жоғары болып кетеді
Өзіндік құн бағаны анықтау базасы болып табылады. Өндірісті жүргізу құны өзінің тарапынан өнімнің өзіндік құнына үлкен әсер етеді. Өнімнің өзіндік құны мен оның бағасы арасында тығыз байланыс бар, оны төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады. Осындай қарым-қатынас нәтижесінде кәсіпорынның бизнес-жоспары жасалады, онда өнімнің өзіндік құнын талдағанда және оның бағасын белгілегенде төменде көрсетілген қарым-қатынас нәтижесі ескерілуі қажет. Сонымен өзіндік құн дегеніміз - өнімді өндіруге және өткізуге кеткен таза шығындар.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету кәсіпорын рентабельділігін арттырудың негізі болып табылады. Өнімнің өзіндік құны шаруашылық жүргізудің, өндірістік-шаруашылық шығынның төмендету жолындағы күресті қай бағытта жүргізу керектігін анықтау үшін қажет.
Өнеркәсіпте шығындардың негізгі баптарының топтамасы қолданылады, ол өнеркәсіптің белгілі бір саласының ерекшеліктеріне қарай анықталып, қаралады. Өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнының 4 түрі болады: олар цехтік, жалпы зауыттың, толық өзіндік құн, салалық өзіндік құн.
Цехтік өзіндік құнға белгілі бір цехтың өнім өндіруге жұмсаған шығындары кіреді.
Жалпы зауыттың (өндірістік) өзіндік құнына кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсаған барлық шығындары жатады.
Толық өзіндік құн кәсіпорынның өнімді өндіруге ғана емесе сонымен бірге оны өткізгенде жұмсаған шығындарын сипаттайды, яғни өндірістен тыс шығындарды да қамтиды.
Салалық өзіндік құн шығындардың орта есеппен сала бойынша дәрежесін анықтайды, салалық өзіндік құн кәсіпорындардың жұмыс нәтижелерін де өндірістің жұмыс алғанда сала бойынша ұйымдастырылуына да байланысты. Кәсіпорынның, бірлестіктің, саланың бүкіл өсімін өндіруге жұмсалған жалпы ақшалай шығындар бастапқы экономикалық элементтер бойынша анықталады.
Өндіріске жұмсалған шығындардың құрылымы өнімге материалдың, қордың және еңбектің жұмсалуын анықтауға және олардың салыстырмалы мөлшері шығындарды төмендетудің негізгі резервтерін қай бағытта іздестіру керектігін анықтауға мүмкіндік береді, ал оның біраз уақыт ішіндегі динамикасы оның қандай дәреже және қандай факторлардың ықпалымен өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Шығындардың бастапқы экономикалық элементтерін негізгі төрт жұпқа біріктіруге болады.
Ең алдымен олар шикізатқа, негізгі және көмекші материалдарға, отын мен энергияға жұмсалатын шығындар. Басқа өндірістік ұжымдардың еңбегі. Оны үнемдеу өндірісті ұлғайту үшін қосымша күрделі қаржы жұмсаудан босату, басқа кәсіпорындардағы еңбекті үнемдеу деген сөз. Сонымен бірге мұның өзі нақ сол шикізат пен материалдар нақ сондай отын мен энергияны пайдаланып көп өнім өндіруге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл өнім арзанға түседі. Бұл ресурстарды (айналмалы өндірістік қорларды) жұмсаудан ерекшелігі сол, бұлар өз құнын жаңадан даярланған өнімге бірден толық көшіреді.
Негізгі өндірістік қорлар болып табылатын машиналар мен жабдықтарды, аспаптарды, өндірістік ғимараттар мен үйлерді пайдалануға байланысты өткендегі еңбек шығындары өздерінің құнын өнімнің өзіндік құнына басқаша түрде қосады.
11.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі
Сонымен кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнының жоспарлауы кезінде барлық шығындарды екі белгі бойынша топтастырады: Экономикалық элементтер бойынша. Өзіндік құнды есептеу статьялары бойынша экономикалық элементтер, шығындарды топтастыру қай жерде, не үшін шығарылғанына байланыссыз біртектілік белгілері бойынша барлық шығындардың бірігуін қарастырады. Бұндай топтастыру өндірістік шығындардың сметаларын құру кезінде пайдаланылады. Мұнда қанша және қандай шығындар жасалғаны туралы (сұрақ) мәселе шешіледі. Бұл пайдаланылған ресурстарға шығындарды әлдеқайда толық көрсету үшін қажет. Өндіріске барлық шығындарды шығынның келесідей элементтері бойынша топтастыруға болады:
-
Материалды шығындар-шикізат және негізгі материалдар, көмекші материалдар, жанар-жағар май, шеттен әкелінген энергия;
-
Еңбек оқиға және бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға шегерімдерге шығындар;
-
Негізгі қордың амортизациясына аударымдар;
-
Басқа да ақшалай шығындар.
Бірақта экономикалық элементтерде өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу мүмкін емес. Бұл мақсат үшін өндірістік қызметі бойынша және пайда болу орнына байланысты шығындарды топтастыру қажет, яғни өзіндік құн баптары бойынша.
Өзіндік құн статьяларында мыналар көрсетіледі:
- Өзіне шығынның келесі баптарын қосатын цехтік өзіндік құн: шикізат және материалдар, қайтарымды қалдықтар (алу белгісімен); сатып алынатын кешенді бұйымдар, жартылай фабрикаттар және біртеккен кәсіпорынның қызметтері Технологиялық қызметтерге энергия мен жанар май.
- Материалдық шығынның барлығы;
- өндірістік жұмысшының негізгі жәнеқосалқы еңбек ақысы;
- өндірістік жұмысшының есептелген негізгі және қосалқы еңбек ақыларынан бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға төлемдер;
- жаңа бұйымдарды өндіруді қамтуға және дайындыққа шығындар және механикалық жөндеу, энергетикалық құрал-саймандардың цехтік шығындарының сомасы негізгі бағыт-бағдарлар бойынша осы шығындар келесі статьялар арқылы кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына қосылады:олар
транспорттық-дайындау және құрал сайманды даярлау шығындары.
Осыдан кейін кешенді шығындардың сметаларының өзін құруға кіріседі: олар жабдықтарды қамтамасыз етуге және эксплуатациялауға кететін шығындардың сметалары; жалпы зауыттың шығынының сметалары;
Бұл сметаның жеке баптары бойынша шығындарының есебін келесілерді анықтау негізінде жасайды:
-
көмекші жұмысшының саны бойынша;
-
амортизациялық қысқартудың нормалары бойынша шығындар;
-
аталған бөлімшеде жоспарлы есептік бірлікке қабылданғаны саналады.
Нақты бұйым немесе тапсырыстық өзіндік құнына жатқызу немесе мөлшерлеу мүмкін емес немесе өте қиын жанама шығындар, жабдықтарды қамтамасыз ету және пайдалануға кететін шығындар, цехтік және жалпы шаруашылық, өндірістен тыс шығындар.
Өндіріс көлеміне тәуелділігі сипаты бойынша шығындар шартты-өзгермелі және шартты-тұрақты болып бөлінеді:
Өзгермелі (пропорционалды) шығындар-жалпы мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне сәйкес өзгеріп отыратын шығындар.
Өзгермелі шығындар мысалы: шикізат пен материалдарға шығындар, өндірістік жұмысшының негізгі еңбек ақысына; технологиялық қажеттіліктерге, энергия мен жанар-жағар майға, жабдықтармен қамтамасыз етуге шығындар.
Тұрақты шығындар-жалпы мөлшерлі өндірістік көлемінің өзгеруіне тәуелді болмайтын шығындар. Тұрақты шығындарға мыналарды жатқызуға болады: жалпы өндірістік және жалпы шауашылық шығындар, жабдықтармен қамтамасыз ету және пайдалануға арналған және тағы сол сияқты шығындар.
Құрамы бойынша шығындар қарапайым және күрделі болып бөлінеді;
Қарапайым шығындар – бір элементтен тұратын шығындар: шикізаттармен материалдар, технологиялық қажеттіліктер үшін жанар-жағар май, өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбек ақысы. Күрделі шығындар статьялары бірнеше экономикалық элементтерден тұрады: жабдықтармен қамтамасыз ету және эксплуатацияларға арналған шығындар, цехтік және жалпы зауыттық шығындар.
Өндірістік процесте қатысу деңгей боынша шығындар негізгі және жанама болып бөлінеді. Негізгі шығындар - өндірістік процесті орындаумен байланысты шығындар. Жанама шығындар – бұл өндірістік басқару мен қызмет көрсетуге байланысты шығындар.
Күрделі шығынның системасын жасау, кәсіпорынның көмекші бөлімшелерінің шығындар системаларын жасаудан және олардың өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құнының калькуляциялауынан басталады.
Кәсіпкерлік кәсіпорында келесідей системалар жасалады: калькуляцияның баптары және экономикалық элементтері бойынша, транспортты және технологиялық жөндеу, энергетикалық құрал-саймандардың, цехтың шығындарының сомасы негізгі бағыт бағдарлар бойынша жіктеледі, және осы бағыт бағдарлар бойынша осы шығындар келесі баптар арқылы кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына қосылады:
Көліктік – дайындау шығындары құрал-сайманды даярлау, өнімді сатуға кеткен шығындар.
Осыдан кейін кешенді шығындардың сметаларының өзін құруға кіріседі, онда жабдықтарды қамтамасыз етуге және пайдалануға кеткен шығындардың сметалары; цехтік шығынның сметалары; жалпы зауыттық шығынның сметалары есептелінеді.
Жабдықтарды қамтамасыз ету және пайдалануға кететін шығынның жүйелері, сметаның жеке баптары бойынша шығындардың есебінен келесілерді анықтау негізінде жасайды: көмекші жұмысшының саны бойынша, амортизациялық қысқартудың мөлшерлері бойынша көмекші материалдық ресурстардың жанар- жағар майдың, энергияның шығындар мөлшері бойынша есептеледі. Жабдықтарды қаматамасыз ету және пайдалану шығындары келесі элементтер мен баптардан құралады: өндірістік жабдық пен көліктік құралдардың амортизациясы; жабдықтардың пайдаланылуы; жабдықтар мен көлік құралдың ағымдық жөнделуі.
Күрделі жөндеуге кететін шығындар аталған сметаға жатпайды және кәсіпорынның арнайы жөндеу қорынан қаржыландырылады.
Жабдықтарды қамтамасыз ету және пайдалану сметасы бойынша шығынның қорытынды сомасы келесідей бағыттар бойынша жіктеледі: өнімнің жеке түрлерінің арасында; жалпы және тауарлы өнімге жататын; жұмысшыларға; басқа цехтар мен кәсіпорын бөлімшелеріне көрсетілетін қызметтің түрлері; аяқталмаған өндірістің қалдықтарының өзгеруі бойынша.
Бұл шығынның есебі негізгі өндірістік жұмысшының тікелей еңбек ақысына пропорционалды жасалынады. Мұндай әдіс біртекті өнім шығаратын немесе жұмысшының бірдей деңгейдегі механикаландырылған өндірістік бөлімшелер үшін есептелінеді. Онда аталған бұйым өндірісі үшін қажетті станок-сағаттың саны бойынша; цехтық (жалпы өндірістік) шығынның сметасы есептелінеді. Цехтық шығындар цехта өндірісті қамтамасыз етуге және басқаруға кеткен шығындар және олар аталған цехта дайындалатын қандай да бір бұйымға тікелей жатқызыла алмайды, кейде цехтық шығындары жабдықтарды қамтамасыз ету мен пайдалануға, жөндеуге арналған шығындармен бірге біріктіреді және бұл шығындар жалпы өндірістік шығындар ретінде түсіндіріледі. Кәсіпорын бойынша цехтық шығынның жалпы сомасы тек негізгі цехтық шығынның сомасына тең болуы тиіс. Көмекші цехтың шығындары негізгі өндіріс жұмыстары мен қызметтің өзіндік құны ретінде көрсетілуі тиіс.
Цехтың шығынның баптарының типтік топтамасы:
-
цехтың басқару аппаратының құралы;
-
басқа да цехтың персонал құралы;
-
ғимараттың, құрылғылар мен мұқамалардың амортизациясы.
-
ғимараттардың, құрылғылар мен мұқамалардың құрамы.
-
ғимараттың, құрылғылары мен мұқамаларды ағымды жөндеуі;
-
тексеру, тәжірибелер мен зеттеулер, оңтайландыру және ойлап шығару;
-
еңбекті қоғау;
-
ерзан құнды және тез тозатын құрал-саймандар мен заттың тозығы;
-
басқа да шығындар; олар келесідей бағыттар бойынша жіктелуі мүмкін.
Дайын өнімге;
-цехаралық тапсырыстар;
-кәсіпорынның өнеркәсіптік емес шаруашылықтары үшін орындалатын жұмыстар мен қызметтер;
-негізгі өндірістік қорлардың күрделі жөндеуі.
Келтірілген бағдарламалар арасында цехтық шығындарды есептеуде екі негізгі әдіс жиі қолданылады: Бірінші әдіс. Көптеген өнеркәсіп кәсіпорында цехтың шығындар өндірістік жұмысшының негізгі еңбек ақыларына пропорционалды есептелінеді және ол өнім бірлігіне жатқызылады. Бұл әдістің қарапайымдылығы мен жеткілікті дәлелдігіне қарамастан бұл әдістің кемшілігі өнім көбінесе дайындаудың еңбек сыйымдылығы бойынша көп ерекшеленеді және сәйкесінше көп еңбек сыйымды өнімге цехтың шығынының үлкен үлесі тиеді.
Екінші әдіс. Бұл бірінші әдістің кемшілігінің алдын алуға мүмкіндік береді. Екінші әдіске сәйкес цехтың шығындар негізгі жұмысшының негізгі еңбек ақыларының сомасына және жабдықтарды қамтамасыз етуге шығынның сомасына пропорционалды есептелінеді. Кейбір салаларда цехты шығынның жіктелуі өнім бірлігіне келетін амортизациялық шығынның сомасына пропорционалды жүргізіледі.
Жалпы зауыттық (жалпы шаруашылық) шығынның жүйесі.
Жалпы зауыттық шығындарға кәсіпорынды тұтас қамтамасыз етуге және басқарумен байланысты шығындар жатады, және олар қандай да бір бұйымға, нақты бір цехқа жатпайды. Оны смета бойынша барлық шығындарды шығынның сәйкес бағыттары, баптары және элеметтерді бойынша топтастыруға болады:
- кәсіпорынды басқару бойынша шығындар;
- кәсіпорынды басқару ақпараттың негізгі және қосымша еңбек ақысы;
- Іс-сапарлар шығындарын, мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарлату, кеңес, пошта, телеграфтық шығындар;
-кәсіпорынды басқару қызметтерінің ғимаратын қамтамасыз етуге шығындар;
- кәсіпорындағы өрттен қорғау, қарауылдау, әскери қорғауды қамтамасыз етуге кететін шығындар. Жалпы шаруашылық шығындар; Басқа да жалпы зауыттық қызметкерлермен қамтамасыз ету (өнеркәсіп-өндірістік қызметкерлердің құрамына кірмейтін); Жалпы зауыттық міндетті ғимараттың, құрылғыларының және мұқаммалық ағымды жөндеуі және қамтамасыз етілуі; Негізгі құрылғылардың амортизациясы тексерулер, тәжірибелер, зерттеулер жүргізуге, жалпы зауттық зертханаларды қамтамасыз етуге шығындар, ойлап табу бойынша шығындар.
Еңбек қорғау (кәсіпорын бойынша жалпы шаралар); кадрларды дайындауға және қайта дайындауға шығындар, сонымен қатар кәсіпорын кадрларын таңдауды ұйымдастыру; басқа да шығындар: салықтар, жинақтар, міндетті төлем.
Жалпы зауыттық өндірістік емес шығындар:
- тоқтап тұрудан жоғалтулар;
- қоймадағы материалдық құндылықтың бұзуынан жоғалтулар;
- қоймадағы материалдық құндылықтың бұзылуынан жоғалтулар;
- зауыт қоймаларында өнімдер мен материалдың жетіспеуінен туындайтын жоғалтулар.
- электроэнергияны пайдаланғаны үшін қосымша және тағы сол сияқты;
- басқа да өндірістік емес шығындар.
Жалпы зауыттық шығындар өндіріске шығындар сферасында олардың дұрыс көрсетілуі мақсатында шығынның баптары мен элементтері бойынша құралады.
Кәсіпорында әрдайым шығарылатын өнімнің өзіндік құнының төмендеуі бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Сәйкесінше, аталған жұмыс кәсіпорындағы ағымды жоспарлау шегінде жүргізіледі.
11.3 Кәсіпорын материалдың ресурстарын үнемдеуінің
өнімінің өзіндік құнға әсері
Материалды ресурстармен жабдықтау жүйесі шаруашылық қатынастарда тұтыну мақсатын қамтамасыз ету және материалдық ресурстардың теңесуін көтеру үшін жағдайлар жасауы, шығындарды төмендету және өнімнің тұтынушылық қасиеттерін көтеру мақсатында өндіріс және тұтынуға әсер етуі қажет. Материалды- техникалық жабдықтаудағы болжамды бағалау және пайдаланбаған резервтерді анықтау, тиімділікті арттыру мақсатымен жабдықтау- сату бөлімдерінің, ұйымдарының жұмысын зерттеу жүргізген дұрыс.
Материалды- техникалық жабдықтау ұйымдарының шаруашылығын талдау айналым шығындарын төмендетуге, өндірістен тыс шығындарды және ысырапсыздықты болдырмауға, еңбек, материалды және қаражат ресурстарын пайдалануды үнемдеу тәртібін сақтауға келісім міндеттемелерін және еңбекақы, пайда және рентабельділік бойынша жоспарларды орындауға көмектеседі және шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуде маңызды құрал болып табылады.
Материалды- техникалық жабдықтаудың негізгі міндеттері: шикізаттарды сатып алу және кәсіпорынның шикізат, материалдар және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуі дәрежесін анықтау; жеткізулер шарттарының және мерзімдерінің орындалуын тексеру; материалдық ресурстар қосалқыларын және шығындану мөлшерін сақтауды тексеру; кәсіпорынға қажет емес материалдық құндылықтарды анықтау..
Үнемдеу резервтерінің көп түрлілігін екі түрге топтауға болады. Біріншіге, өндіріс технологиясын және пайдалануды жетілдірмеуден болатын энергия, материалдар, шикізаттың тікелей шығындарын және қалдықтарын жатқызуға болады.Оған: жаңа өндірістік тұтыну қалдықтарын қосамыз. Үнемдеу резервтерінің бұл түрінің анықтаушы ерекшелігі болып мынау табылады, қалдықтардың қалыптасуы- қазіргі өндірістің технологиясына және де айналым және тұтыну аймақтарына тікелей байланысты. Демек олардың көлемдерін қалдық қалыптасу көрсеткіштерінің үлестері арқылы есептеуге болады.
Үнемдеу резервтерінің екінші түріне материалдық шығындарды қысқартудың көрінбейтін мүмкіндіктері жатады, олар белгілі шарттар кезінде ғана түседі. Мысалы: өнімнің бір түрін материалды өзі қажет ететін өніммен алмастыру. Үнемдеудің потенциалды резервтерін мөлшерлік бағалау кезінде ресурстарды сақтаудың негізгі бағыттары ішінен келесілерді айрықша көрсету қажет:
- материалдық ресурстарды пайдалану коэффициентін көтеруге әкелетін, ұйымдастыру және ғылыми техникалық шаралар арқасында шикізат, материалдар, энергиясын, қалдықтарының және қайтарымсыз шығындарының болуын қысқарту.
- көлемдерді өсіру және екіншілік материалдық және отын энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру (соның ішінде жаңа өнімді жасау бойынша шаралар арқасында);
- шикізат және материалдар запастарын оларды оңтайландыру және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және энергетикалық ресурстардың қалыпты түрлерін едәуір тиімділерін алмастыру арқасында қысқарту;
- шикізат, материалдарды едәуір тиімділерімен алмастыру;
- өндірісті кеңейту және шикізат пен материалдардың жаңа прогрессивті (соның ішінде жасанды) түрлерін пайдалану;
- ұзақ уақыт пайдалану өнім сапасын көтеру есебімен тұтынушылық құнының данасына есептегенде шикізат, материалдар және энергияға қажеттілікті қысқарту және тағы басқалары.
Қазіргі нарықтық экономикада, үлкен бәсекелестік деңгейінде әр кәсіпорын нарықты өз орнын алуға ұмтылады, сондықтан бәсекелестік қабілетке ие болу үшін әрбір 10 шығарған өнімнің өзіндік төмен, әрі сапалы болуға ұмтылуы тиіс. Жоғарыда аталған өзіндік құнға кіретін шығындардың кейбір түрлерін қысқарту (мысалға өндірістік ақауларды болдырмауға тырысу, штраф) сөйтіп өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әрі кәсіпорын көздеуі қажет.
Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жүйесі, кәсіпорын өндіріске қажет материалдармен дер кезінде қамтамасыз ету және кәсіпорындар арақатынасын жақсартуы, материалдық ресурстарды тиімді, үнемді қолдану жағдайын жасауы қажет. Кәсіпорын экономикасының технико-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің өзгертуін талдау мәселесі, осы кәспорынның жұмысын жақсартып, ішкі резервтерді анықтауға, өзіндік құнына әсерін тигізетін факторды анықтауға, және есепсіз шығындар жасаудан тартынуына, сонымен қатар кәсіпорын пайдасын жедел арттыруына көмектеседі.
ТАҚЫРЫП 12.
ӨНІМНІҢ САПАСЫ ТҮСІНІГІ, КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
12.1. Тауар түсінігі және оның қасиеттері
Тауар дегеніміз – айырбастау және сату үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ақша тауар құндылығының өлшемі ретінде қызмет етеді және өздері айырбас процесінде тауарға айналады. Несиелік қатынас саласындағы қаржыларындағы ақша-материалдық игіліктердің құндылығы, сұраныс және ұсыныс негізінде анықталатын – кәдімгі тауар.
Сатып алу – сату жолымен айырбас үшін арналған табиғат және еңбек өнімдері тауарлы масса негізін құрайды. Сатып алу – сату процесінде тауардың мазмұны емес онда иелік ету құқығы өзгереді.
Тауарлар екі топқа бөлінеді:
-
Материалды – заттық игіліктер
-
Қызметтер
Материалды – заттық игіліктерге: тамақ өнімдері, киім-кешек, тұрғын үйлер, машиналар және т.б. жатады, ал қызмет көрсетуге: көлік, байланыс, денсаулық сақтау, ғылыми, білім, мәдениет, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетулер, жарнама, сауда жатады. Тауарлы өндіріс тауарлар мен қызметтерді жеке тұтыну үшін емес, ол басқа тұлғалардан қажет тауарларды алу мақсатында сонымен қатар ақшаға сату және айырбастау үшін дайындалады. Ал ол тауарды айырбастау немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Ондай қасиеттеріне мыналар жатады:
-
Бірінші адамның қандай да бір тұтыну қажетін қанағаттандыруы;
-
Екіншісі ол басқа бір затқа айырбастауы;
Затың пайдалылығы – ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар: бірінші жағынан ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түріне көрініске ие болса, екінші жағынан, абстрактылы еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Сондықтан тауардың құнының мөлшері оны өндірушіге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.
Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жәй түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ жәй дамиды. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жолы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты жекелей өндірушілердің бір-бірімен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып нарыққа сатуға шығады. Тауар өндірісі жұмыс уақытын үнемдеу мен еңбек өнімділігін арттырудың тиімді механизімін жасайды. Сондықтан да, ол өзіне адамзат тарихының барлық кезеңдерінде өмір сүру құқығын қамтамасыз етті.
Тауар өндірісі-бұл жеке өндірушілер арасында тауар айырбастау, өндірісті біріктіру және мамандандыру, еңбекті қоғамдық бөлу принциптерінде құралатын қазіргі экономикалық дамудың негізгі әдісі.
Тауарлы өндіріске келесі экономикалық категориялар жатады:
-
Тауар өндірісі;
-
Тауар өндірушілерді мамандандыру;
-
Өндірістік серіктестіктер;
-
Тауар өндірушілер арасында тауар айырбасы (сату-сатып алу)
-
Соңғы тұтыну;
Соңғы екі категория тауар нарығын құрайды.
Кәсіпорын қызметінің басты бағыты-нарық, нарық пен кәсіпорын жеке өнімнің өтімділігі мен өндірісі жағынан және шикізат, материалдармен, құрал-жабдықтар және т.б. өндірістің қажетті заттарымен материалды техникалық қамтамасыз ету жағынан байланысты болады.
Тауар айналымының әдісі, орны және құралдары нарық түсінігіне жатады. Қазіргі уақыт нарықтың мазмұны мен нысандары әртүрлі: қазіргі кезде ірі сауда келісімдері байланыс құралдарының көмегімен делдарлар және келісімді тұлғалар арқылы сырттай жүргізіледі. Көтерме саудада тәртіп бойынша нақты тауар жоқ, оны әлі дайындау қажет. Бұл жағдайда сатып алушыны паспортта суреттелген және келісімде көрсетілген үлгімен таныстырады, онда:
-
Тауар сипаттамасы және бағасы.
-
Сатып алушыға тауарды жеткізу әдісі және т.б қызмет түрлері көрсетіледі.
Нарықтың берілген функционалды құрылымы кәсіпорынның нарықтық қатынасының барлық спекторын қамтамассыз етеді. Нақты осы құрылым басқару ұйымдарының құрылымында толық көрініс табады.
Айырбас нарық қатынасындағы негізгі зерзат – тауар. Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар – еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады.
Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет, тауардың қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыру қабілетін, өндірілген өнімнің сапалық қасиеті, оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбастау сипатын көрсетеді.
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негіз – олардың еңбек өнімділігін, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің шығыны ғана ретінде қаралса құн болып саналады. Екінші сөзбен айтқанда құн дегеніміз – тауарға сіңген еңбек.
-
Өндірістің негізгі баға өскенін байқаған салаларда өндірістің жалдануы орын алады. Мұнда өндірістің маңызды факторлары тоғысады. Осының нәтижесінде тауарлар ұсынысы оларға деген сұраныстан асатын болса кері процесс басталады. Нарықтық бағалар төмендегідей тік болады және бұл салада ресурстардың басқа салаға ауысуы орын алады.
-
Өндіргіш күштердің дамуын ынталандыру, нарықты тауар еңбек шығындарына емес, қоғамдық қажетті еңбек шығындарына сәйкес бағалармен сатылады, егер қандай да бір кәсіпорын немесе жеке тауар өндіруші өндіріс шығындарын азайтуға ғана қол жеткізсе, онда ол пайда табады.
Бұл үшін технологияны жетілдіру ғылыми-технологиялық прогрестің жетістіктерін қолдану ресурстарды үнемдеу қажет.
Тауар өндірушілердің жіктелуі, құн заңының бұл қызметі алдыңғы екеуінен шығады. Өндіріс шығындары төмен, нарықтың жай-жапсарын дұрыс бағалай білген тауар өндіруші алынған пайданы өзін мақсатына байланысты жұмсай түседі. Құн нарық заңының объективті нәтижесі; айырбас бір жағынан өндіріс пен өнім, екінші жағынан байланысты көрсетеді; тұтыну қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруға пайдалану, оған адамның жеке басының қажетін қанағаттандыру үшін тұтынуы және өндірістік тұтынуы жатады.

Сызба 13.1.
Тұтыну өнім қозғалысының өндірістің айырбасқа қарағанда артықшылығын ескермей, тек айырбас шектеушілік нарықтың мәнін толық дәрежеде ашпайды. Қорытындылап айтқанда өндіріс тек алғашқы саты ғана емес, анықтаушы саты, ол бөлу, айырбас тұтыну өндірістің ішкі сәттері. Оны сызба түрінде жоғарыдағыдай сипаттауға болады, мұны қоғамдық өнімдер қозғалысының сатылары деп атайды.
12.2 Өнім сапасы түсінігі және көрсеткіштері
Кез-келген өндіруші-кәсіпорын үшін,сондай-ақ тұтынушыға және жалпы ұлттық экономикамызға өнім сапасының маңыздылығы зор. Себебі,сапалы өнім өндіру кәсіпорынның рентабельділігінің артуына тұтынушылар қажеттілігінің толық қанағаттандырылуына, ал ұлттық экономикамыз үшін экспорттық потенциалының ұлғаюына және төлем баланысының табыс бөлігінің ұлғаюына халықтың тұрмыс жағдайының артуына,сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтағы мемлекет беделінің артуына тікелей ықпал етеді.
Өнім сапасы - бұл тауардың қасиеттер жиынтығы, яғни өзінің қызметіне сәйкес нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығы. Ол белгілі бір кезең уақытына (белгіленеді) тіркеледі және неғұрлым прогрессивті технологиялардың шығуына байланысты өзгеріп отырады.
Өнімнің қасиеттері- бұл тауарды өндіру, пайдалану және немесе тұтыну кезінде сезілетін, көрінетін тауардың объективті ерекшелігі. Өнімнің көптеген түрлі қасиеттері бар, сондықтан оны, өнім өндірісі, эксплуатациялануы немесе тұтынылуы кезінде ескеру қажет. Өнім қасиеттері жай және күрделі болуы мүмкін. Жай қасиеттеріне массасы, сыйымдылығы, жылдамдығы және т.с.с. жатады. Күрделі қасиеттеріне-техникалық құралдардың сенімділігі, жөндеу жұмыстарына жарамдылығы және т.с.с. жатады.
Өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы - өнім сапасының көрсеткіштері деп аталады.
Өнім көрсеткіштері натуралды (метр,кг т.б), қатысты (процент, коэффициент, бал, индекс) және құндық болуы мүмкін. Анықтау сатысы бойынша болжамдық, жобалық, нормативті және іс-жүзіндегі болып жіктеледі. Сипаттаушы қасиеттері бойынша төмендегі топ көрсеткіштері қолданылады: сенімділік, қауіпсіздік, үнемділік, патентті-құқықтық технологиялық, эстетикалық және т.с.с. Сенімділік көрсеткіштері-бұл тауардың уақыт ағымы ішінде барлық параметрлері мен талап етілетін функ-цияларының, сақтау қасиеттері. Объектінің сенімділігі құрамына ұзақ мерзімге жарамдылығы, жөндеу жұмыстарына жарамдылығы, сақталуы да кіреді.
Технологиялық көрсеткіштеріне-еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы және технологияны бұзбай сақтау және т.б. жатады.
Потентті-құқықтық көрсеткіштері құрамына, өнімнің патенті қорғалғандығы, сондай-ақ әлемдік нарықтағы өнімнің кедергісіз сатылу (реализациялаулану) мүмкіндіктері кіреді.
Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға әсер ететін зиянды заттар деңгейін сипаттайды.
Өнімнің қасиеттерінің бірін сипаттайтын көрсеткіштер біртекті (бірыңғай) деп аталынады (каллориялылығы және т.б.), ал бірнеше қасиеттерін сипаттайтын болса (комплекстік) жиынтық көрсеткіштер деп аталады. Элементтер бұл тауардың тұтынушылық қасиеттері және бағасы. Осы тұжырымнан бәсеке қабілеттілік формуласын төмендегідей түрде көрсетуге болады.
Бәсеке қабілеттілік=сапа+баға
Кәсіпорын бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін негізгі күшін, өнім сапасын арттыру, өндіріс шығындарын төмендету, үнемділікті жоғарылату сияқты мәселелерді шешуге жұмсайды.
Бәсеке заңына сәйкес кәсіпорындар арасында өнімнің сапасын арттыру процесі үздіксіз жүріп отырады. Нәтижесінде нарықтан сапасыз өнімдер біртіндеп сапалы өніммен алмастырылып отырады.
Бәсекенің негізгі қозғаушы күші жаңалықтар енгізуге ынталандыру болып табылады. Себебі осы жаңалықтарды енгізу негізінде өнім сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Яғни, тауардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, жаңашылдықты қажет етеді және инновацияларды іздестіру және жүзеге асыру болып табылады.
12.3 Стандартизация және өнім сертификациясы.
Өнімнің жоғары сапалы екендігін куәландыратын кепілдіктердің бірі-серти-фикация деп аталады.
Сертификация бұл- әлемдік нарықтағы кез-келген импорт– мемлекеттегі өнім немесе қызметтің әлемдік стандарт талаптарына сәйкестілігін куәландыратын шаралар жүйесі. Өнім сертификациялануы үшін , ол ғылым мен техниканың даму үрдісіне қарай өзгеріп отыратын белгіленген талаптарға жауап беруі қажет,яғни белгіленген стандарттар қадағалану қажет.
Мүдделі жақтар қатарына байланысты стандартизация :
-
халықаралық
-
аймақтық
-
ұлттық болуы мүмкін.
Стандартизация мақсаты-өнімнің немесе қызметтің белгіленген қызметіне сәйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады.
Стандартизация мәселесімен айналысатын жалпыға танымал халықаралық органдардың бірі –ИСО болып табылады, оның функциясына стандарттарды белгілеу, бекіту немесе қабылдау шаралары кіреді. Стандарттарды белгілеу шарасына, әдетте стандартқа талап қоятын ірі фирмалар қатысады.
Сертификациялау жүйесі тәуелсіз жүйе. Тек әр мемлекетте статусы мен құрылымына қарай ерекшеленеді. Сертификациялау жүйесіне өндірушілер ассоциациясы жеке немесе мемлекеттік ұйымдар кіреді. Әр мемлекеттердің тәжірибесінде әртүрлі сертификациялау жүйелері кездеседі, олар төмендегі бағыттар бойынша жіктеледі. Қатысушылар қатарына байланысты: халықаралық, аймақтық, көпжақты, екіжақты және ұлттық болуы мүмкін. Құқық белгісі бойынша сертификация міндетті және ерікті болып жіктеледі. Міндетті түрдегі сертификациялауға сапалық көрсеткіштері қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін, сондай-ақ сапалық көрсеткіштері үкіметтік актілермен шектелетін өнімдерді сертификациялау жатады. Оларға азық-түлік өнімдері, автомобильдер, ұшақтар, электроқұрылғылар, құрылыс материалдары және т.б жатады. Міндетті сертификациялауды жүргізу туралышешімді арнайы үкіметтік орган қабылдайды. Осыған жататын өнімдер сертификациялаудан өтпеген болса, оны сатуға тыйым салынады. Ал ерікті сертификациялау, өнімнің бір-бірінен ерекшелендіретін сапалық көрсеткіштеріне негізделген. Мысалы: өнімнің үнемділік, сенімділік, техникалық, эксплуатациялық және т.б көрсеткіштері.
Сертификациялаудан өткен өнімге:
-
құжат беріледі-сәйкестілік сертификаты;
-
өнімге сертификациялаудан өткені туралы белгі қойылады;
-
сертификациялық орталықтардағы сатуға рұқсат берілген тауарлар тізіміне енгізіледі.
Сертификациялауды жүзеге асырушы ұйым-ресми, сынақ өткізу және
бақылаушы ұйымнан тұрады.
Ресми орган ұйымды және оның қызметін басқарушы болып табылады. Оның функциясына: сертификацияны жүргізу тәртібін, сертификациялық сынақтардың аттестатциясын бекітеді, кәсіпорынды сертификация жүйесіне жіберу (немесе жібермеу) туралы шешім қабылдайды, сынақтан өткен өнімдерге сертификат немесе лицензия береді, сертификациядан өткен өнімнің тізімін жүргізеді және т.с.с. кіреді.
Сертификациялық жүйенің маңызды звеносы сынақ өткізу органы (орталық немесе лаборатория) болып табылады. Бұл ұйым арнайы аккредитациядан өткен жағдайда ғана сынақ өткізу құқығына ие болады.
Сертификациялық жүйесінің мақсаты-қауіпсіз тауарлардың өндірілуіне, сатылуына ықпал ету, сыртқы нарықтағы өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, экспортты ұлғайту болып табылады
ТАҚЫРЫП 13.
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАСЫ
13.1. Өндірістік кәсіпорын қаржысы және оның қағидаттары
Қаржы термині қазіргі кезде ақша ұғымымен теңестіреді. Жалпы тарихи тұрғыда қарағанда қаржы термині XVIII-XIX ғасырларда Италия да пайда болады. Яғни ол кез-келген ақша төлемін анықтайтын термин болып қалыптасады. Ары қарай бұл термин халықаралық бағытталады болады. Ол жалпы халық пен мемлекет арасындағы ақша қатынастарын көрсететін түсінік болып табылады.
Қаржы негізінен үш жұйеден құрылады:
-
мемлекеттік қаржы.
-
Кәсіпорын қаржысы.
-
Үй шаруашылық қаржысы.
Мемлекеттік қаржы, қаржы сферасында үлкен дәрежеге ие. Бұл қаржының орталықтанған жүйесіне жатады. Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізін бюджеттен тыс, басқа да арнайы қор, жалпы мемлекеттік және де аймақтық бюджет жүйелерін қамтиды. Олардың негізгі мақсаты болып орталықтанған қаржы ресурстарын қалыптастыру және оларды әртүрлі қоғамдық игіліктерді қаржыландыруға үйлестіру болып табылады.
Ал кәсіпорын қаржысының негізгі мақсаты, олардың кезеңдегі дамуларын қамтамасыз етуге және де ағымдағы өндірістік қызметтер процесінде қолдану мақсатында қажетті қаржылық ресурстардың көлемін қалыптастыру.
Үй шаруашылығы қаржысының негізін жеке жанұя қаржысын құрайды. Олардың басты мақсаты жалпы жанұя бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру және де осы кірістерді қолдану және ағымдағы тұтыну мақсаттарына қолдану.
Кәсіпорын қаржысы қаржының негізгі бөлігін құрайды және де ол қаржылық жүйенің негізгі бөлігі болып табылады. Кәсіпорын қаржысының негізгі айналасын жеке шаруашылық субъектілерінің қаржысы-заңды тұлғалар құрайды.
Кәсіпорын қаржысын түрлі белгілермен жіктеуге болады:
- әкімшілік-құқықтық форма бойынша: толық бірлестік қаржысы, сенім негізіндегі бірлестік қаржысы, ашық және жабық акционерлік қаржылары қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестік қаржысы, өндірістік кооператив қаржылары.
- салық тиістілігіне қарай халық шаруашылығының кәсіпорын қаржысы, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, жобаның қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорын қаржысын қамтиды. Кәсіпорын қаржысының жалпы жүйесінде өнеркәсіптік қаржы маңызды орын алады. Бұл ақша қорларының, ұлттық табыс және қоғамдық жиынтық өнімдердің үлкен бөлігі қалыптасатын халық шаруашылығының салаларына қызмет ету кезінде анықталады. Бірақ өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің қызмет процесінде ауылшаруашылық, құрылыс, транспорт, сауда және басқа да кәсіпорындар мен өзара ықпал етіп отырады.
Сондықтан бұлардың қаржылары халық шаруашылығының барлық басқа да салаларының қаржысы мен тығыз байланысты. Өнеркәсіп қаржыларын жоспарлау және құралу әдістері, олардың технологиясымен экономикасын есепке ала отырып, басқа да салалардың қаржысын жоспарлау және құрау негізіне жатады.
Кәсіпорын қаржысы экономикалық категория ретінде, олардың қызметінің орындалу кезінде көрсетіледі, оларды зерттеу тиімді қаржылық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті. Кәсіпорын қызметін үшке бөлуге болады:
-
қамтамассыз ету
-
үйлестіру
-
бақылау
Қамтамасыз ету қызметі-кәсіпорынның дамуының мақсатты жоспарын жүзеге асыру үшін және кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін әртүрлі альтернативті қайнар көздерден қажетті ақша құралдарының көлемінің жүйелі түрде қалыптасуы керек. Алдын-ала үйлестіру жағдайы және оның бастапқысына капиталдың қолдануы-кәсіпорын ақша құралдарына деген қажеттілігін, өзінің кіріс несие және басқа қарыздың көздермен жабылып отырады. Кәсіпорын қаржысын басқарудағы ең негізгі міндеті ақша құралдарының қайнар көздерін үйлестіру болып табылады. Құралдардың артық болуына байланысты, оларды қолдану тиімділігі де төмендей түседі, ал құралдардың жетіспеушілігінен қаржылық қауіп қатердің қалыптасуы мүмкін.
Қаржыны үйлестіру қызметі қамтамасыз ету қызметімен тығыз байланысты. Үйлестіру қызметі ұйымдастырылған қаржылық ресурстардың жалпы үйлестіру жүйесін және қайта үйлестіру кезінде қалыптасады. Үйлестіру қызметі бюджет, несиелер, контрагенттер алдындағы ақша міндеттерінің орындалуына кәсіпорынның қаржылық ресурстарын үйлестіруге негізделген. Оның нәтижесі, капиталдың тиімді құрылымын ұстап тұру және де ақша ресурстарын толық қалыптастыру және пайдалану болып табылады.
Бақылау қызметі, кәсіпорындардың өндірістік қаржы қызметінің орындалу нәтижесін бақылап отырады. Сондай-ақ ағымдағы және оперативті жоспарлармен сәйкес қаржылық ресурстардың орындалуын, үйлестірілуін қалыптастыру процесін бақылап отырады. Сондықтан, қаржының бақылау қызметі үйлестірудің туындасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі, өзімен қаржы қатынастарының түрлі сферасының жиынтығын білдіреді және жалпы мемлекеттік қаржылардан және шаруашылық етуші субъектілердің қаржыларынан тұрады (1 сурет).
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізі, материалды өндіріс процесінде міндетті түрде қатысатындықтан кәсіпорын қаржылары табылады.
ҚР-ның қаржы жүйесі.

Сызба 14.1
13.2. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын қаржысының құралу көздері.
Қаржылық ресурстар – бұл жұмысшылардың экономикалық жағдайларын және қаржылық міндеттерін орындау үшін кеңейтілген ұдайы өндіріс шығындары мен ағымдағы шығындарды іске асыру үшін тағайындалған және кәсіпорын қарамығындағы ақшалық құралдар болып табылады. Сонымен қатар қаржылық ресурстар арнайы қорлар, тұтыну, қорлану, өндірістік емес сфералардың зерзаттың қалыптасуына және дамуына бағытталған. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуы бір немесе бірнеше қайнар көздермен жүзеге асырылады. Меншік құқығы негізінде қайнар көздерін екі ірі топқа бөлуге болады: меншіктік және өзге ақшалық құралдар болып бөлінеді. Сонымен қатар қаржылық ресурстарды белсенді түрде жіктеуге болады, яғни, меншіктік және осыған теңестірілген құралдар, қаржы жұмылдырылған ресурстар, қайта үйлестіру кезіндегі ақшалай түсімдер. Қаржылық ресурстардың бастапқы қалыптасуы жарғылық капитал кәсіпорын құралған кезде пайда болады. Жарғылық капитал – бұл ақша салымдардың есебінен қалыптасқан кәсіпорындардың мүлігі.
Қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі пайданың (негізгі және басқа да қызмет түрлерінің) есебінен құралады. Сондай-ақ қаржылық ресурстар істен шыққан мүліктерді жүзеге асыру үшін берілген көмектерден, тұрақты пассивтерден, түрлі мақсаты кірістерден, еңбек ұжымдарының мүшелерінің пайда және басқа да жарғылық, қордың және басқа да капиталдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар тұрақты пассивтердің құрамына кәсіпорын айналымында үнемі жүретін ұзақ мерзімді қарыздарды жатқызуға болады. Жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпорындардың маңызды қаржылық ресурстары, қаржылық нарықта осы кәсіпорыннан шығарылған акция, облигация және басқа да түрлі бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімнің, басқа да элементтердің бағалы қағаздары бойынша проценттер мен дивиденттердің, қаржылық операциялардың нәтижесіндегі кірістердің, несиелердің көмегімен жұмылдырылуы мүмкін. Кәсіпорын қаржылық ресурстарды мына мекемелерден алу мүмкін, яғни осы кәсіпорын кірген ассоциация мен концеріннен, сапалық құрылымның сақталуындағы жоғарыда тұрған мекемелерден, бюджеттік субсидия түріндегі мемлекеттік басқару органдарынан, сақтандыру мекемелерімен. Қайта бөлу тәртібінде қалыптасқан. Қаржылық ресурстардың осы тобының құрамына сақтандырудың орны толтыру кезіндегі төлемдер маңызды роль атқарады.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қолдануы келесі бағыттармен жүзеге асырылады.
- Өнімнің (тауар, қызмет) өндіру және жүзеге асыру кезіндегі ағымдық шығындар.
- Материалдық емес активтерді пайдалану, өндіріс және оның техникалық жаңаруларының кеңейуімен байланысты капитал салымдарына құралдарды инвестициялау.
- Қаржылық ресурстарды бағалық қағаздарға, қаржылық төлемдерге, банк жүйесіне, бюджеттен тыс қорлардың жарнасына инвестициялау.
- Түркі ақша қорларының құралуына.
- Жанкүйер, қайырымдылық мақсаттарына да және т.б.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құралады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелігімен байланысты, ал сыртқы кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Қаржы ресурстарының құрамы.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
Ішкі көздер Сыртқы көздер
|
Меншікті қаржылар есебі құрылатын |
Оларға теңестірілген қаржылардың есебінен құрылатын |
Қаржы нарығында жұмылдырады |
Қайта бөлудегі түсетіндер |
|
Негізгі қызметтен түсетін пайда ғылыми зеттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс қаржы операцияларынан түсетін пайда. Шаруашының тәсілімен орындалған құрылыс монтаж жұмыстарынан түсетін пайда, өткізуден тыс табыс. |
Амортизациялық аударым істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша. Орнықты пассивтер қайта бөлінбеген пайданың қорлануы мақсатты түсу. Сақтық қор еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жариялары. |
Меншікті құнды қағаздарды (акциялар облигациялар) сатудан түскен қаражаттар, несиелік инвестициялар. |
Тәуекелділік бойынша сақтандыру өтем. Сақтандыру полисін және кепілдік куәлігін өткізу. Үлестік жарна негізінде қалыптасатын қаржы ресурстары (ағымдағы және инвестициялық қызметке үлескерлікпен қатысу) дивиденттер басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздары бойынша проценті. Одақтардан қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар. Бюджеттік қаржы бөлу, субсидиялар субвенциялар. |
Сызба 14.2
13.3. Кәсіпорын қаржысының қалыптасуы
Нарықтық қатынастардың негізі болып, тауарлар мен қызметтерді сатушы мен сатып алушы мүдделерін байланыстыратын ақша табылады. Тауарлар мен қызметтер нарығында қызмет ететін барлық кәсіпорындар бір уақытта сатушы мен сатып алушы рөлін атқарады.
Ақша-кәсіпорынға көптеген қызметтерді іске қосу үшін қажет: өндірістік қосалқыларды біртекті алып отыруға, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысына, мемлекетпен және басқа да кәсіпорынмен есептесуге, түрлі ақша қорын жасау үшін қажет қаражаттар. Кәсіпорын нарық жағдайында бәрінен бұрын қаржы қатынасына кіреді, өйткені ол ақша құралдарын табуды және оларды түрлі мақсаттарда пайдалануды, соның ішінде жеке өзіндік ақша қорын жасауды көздейді.
Кәсіпорын қаржысының көп анықтамасы бар, бірақ олардың бәрін бір ортақ байланыс кәсіпорынның қаржы қатынасына түсуі, түрлі ақша қорының қалыптасуы мен пайдалануы. Кәсіпорын қаржысын басқару және қалыптастыру механизмі 2 суретте көрсетілген.
Басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржы қатынастары өзіне келесі қатынас түрлерін қосады: жеткізушілермен, жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, құрылыс-монтажды, транспортты және басқа да мамандандырылған ұйымдармен, поштамен, телеграфпен, ішкі саудалық және басқа да ұйымдармен, кеденмен, шетел фирмаларымен немесе кәсіпорындармен.
Ақшалай төлемдер келесі түрі бойынша ең үлкен топ-бұл өндірістік әрекеттерді және дайын өнімді өткізуді жүзеге асыруға материалды- техникалық ресурстар үшін төлемдерге қызмет көрсетумен байланысты кәсіпорындар арасындағы қатынастар.
Қаржы қатынасының берілген тобының ролі кез-келген кәсіпорын үшін әлдеқайда маңызды және айрықша, өйткені материалды өндіріс сферасы негізінен мемлекеттің ұлттық табысын құрауға міндетті. Кәсіпорындар арасындағы қатынастың ұйымдастырылуының тиімділігінен көбінесе олардың әрекеттерінің соңғы нәтижесі тәуелді болады.

Кәсіпорын ішіндегі қаржы қатынастары өзіне оның құрылымдық бөлімшелері арасындағы қатынастарды қосады: филиалдар, цехтар, бөлімдер, бригадалар, сонымен қатар жұмысшылармен де қатынастар. Кәсіпорын бөлімшелері арасындағы қатынастар қызметтер мен жұмыстарға төлемдер, пайданы бөлу, айналым құралдары және басқалар бойынша кәсіпорындағы ішкі өндірістік айналымға қызмет көрсететін құралдарды бөлу негізінде жалпы ұйымдастыру және технологиялық бірлікті қамтамасыз етумен негізделген. Кәсіпорын жұмысшыларымен қатынастар еңбек ақы төлеумен, сыйақыларды төлеумен, акциялар бойынша дивиденттер төлеумен, материалдық көмек және сонымен қатар олардан салықтар мен төлемдер ұстаудан тұрады.
Кәсіпорынның жоғарғы ұйымдармен қаржы қатынастары орталықтандырылған қорды құру және пайдалану себебі бойынша қатынастарды қамтиды. Сәйкесінше бұндай қатынастар - түрлі бірлестіктер құрамына кіретін, жеке капиталы бар кәсіпорында, мемлекеттік және жергілікті кәсіпорында, сонымен қатар ірі кәсіпорындарға біріккен акционерлік меншік түріндегі кәсіпорындар да пайда болады.
Қаржы ресурстарын орталықтандыру ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, кәсіпорынның айналым құралдарын толықтырып отыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде маркетингтік зерттеулерді жүргізуге де мүмкіндік береді.
Кәсіпорынмен орталықтандырылған құралдарды пайдалану сәйкесінше қайтарым негізінде жүргізіледі. Соңғы кезде қаржы - өнеркәсіп топтарын құру процесі бойынша дамуда. Қаржы-өнеркәсіп топтарын құру бойынша маңызды мақсаттардың бірі болып, қаржы ресурстарының бірлесуі, ірі және ұзақ мерзімді жобаларды шешу үшін түрлі орталықтандырылған қорларды жасау, сонымен қатар қаржы - өнеркәсіп тобының қатысушыларына қаржылай қолдау болып табылады.
Қаржы-несие жүйесімен қатынастар, қатынастың аталған тобы үлкен де көп түрлілігімен ерекшеленеді және де бірінші кезекте кәсіпорынның түрлі деңгейдегі бюджеттермен қатынасын және салықтар мен шегерілімдердің аударымымен байланысты бюджеттен тыс қорлармен қатынасын көрсету қажет.
Сақтандыру ұйымдарымен қатынас құралдары әлеуметтік және медициналық сақтандыруға аударудан, сонымен қатар кәсіпорын мүлігін сақтандырудан тұрады.
Кәсіпорынның банктермен қаржы қатынасы - бұл бірінші кезекте, қолма-қолсыз есептесудің ұйымдастырылуы бойынша қатынастар және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерге қызмет көрсету. Қолма-қолсыз есептесудің ұйымдастырылуы кәсіпорынмен күнделікті ағымды жұмыстарды жүзеге асырумен байланысты. Несиелер айналым құралдарын толықтырып отырудың, өндірісті кеңейтудің, кәсіпорынның уақытша қаржы тапшылықтарын қысқарту немесе жоюдың басты қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорынның қор нарығымен қатынастары түрлі құнды қағаздардың пайда болуымен дамиды. Бірақ та кәсіпорындар арасындағы нарықтық қатынастар дамудың бастапқы кезеңдерінде тұрғандықтан және дамыған нарықтық орта әлі қалыптаспағандықтан Қазақстанның қор нарығы кәсіпорынның экономикалық өміріне жеткілікті елеулі әсер ете алмайды.
Кәсіпорынның қаржылай іс-әрекеттерінің маңызды жақтарының бірі болып, түрлі ақша қорларының қалыптасуы мен пайдалануы табылады.
Жарғылық қор - кәсіпорынның негізгі қорларының бірі болып табылады және де кәсіпорынның заңды тұлға ретінде тіркелуі мен ұйымдасуының сатысында қалыптасады. Осы қор құралдары есебінен негізгі қор мен кәсіпорынның айналым құралдары қалыптасады. Жарғылық қор кәсіпорынның жеке құралдарының негізгі қайнар көзі. Акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталының шамасы оның шығарған акцияларының сомасына сәйкес келеді, ал мемлекеттік және жергілікті кәсіпорын үшін- жарғылық қордың шамасына сәйкес келеді. Жарғылық капиталдың шамасы мекеме құжаттарында көрсетіледі, бірақта жұмыс нәтижелері бойынша кәсіпорын жыл ішінде жарғылық капиталды көбейтуі немесе азайтуы мүмкін, бұл мекеме құжаттарына өзгерістер енгізеді.
Резервтік капитал - бұл пайдадан шегерулер есебінен пайда болатын, кәсіпорынның ақша қоры. Аталмыш ақша қорының басты міндеті (шынайы) шығындарды жабу, ал акционерлік қоғамдарда қоғам облигацияларын өтеу және оның акцияларын сатып алу.
Инвестициялық қор - кәсіпорын дамуы бойынша маңызды мәселелерді шешеді және өз кезегінде бірнеше қорлармен көрсетіледі.
Жинақ қоры - кәсіпорынның таза пайдасынан шегерілетін құралдар және олар өндірісті дамытуға бағытталған.
Амортизациялық қор - негізгі қордың тұтастай қайта құруына амортизациялық шегерімдер есебінен қалыптасатын құралдар. Әрине жеке құралдары есебінен инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қажетті көлемде инвестициялық қорды қалыптастыруға кез-келген кәсіпорынның мүмкіндігі келе бермейді. Бұл жағдайда құралдардың қосымша көздері тартылады, мысалы қарыздар.
Тұтыну қоры - бұл кәсіпорынның таза пайдасынан дивиденттерге төлемдер үшін, сый-сияпат, материалды көмектер үшін, кәсіпорын жұмысшыларының қосымша демалыстарына төлемдер үшін, тамақтандыру, көлікпен жол жүру және басқа да мақсаттар үшін арналған құралдары.
Жоғарыда келтірілген ақша қорлары тұрақты ақша қорларына жатады. Кәсіпорында тұрақты қормен қатар оперативті ақша қорында құрайды: еңбекақы қоры, бюджетке төлемдер үшін қор.
Еңбекақы қоры - бұл, кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы төлеуге арналған құралдар. Аталмыш қор кәсіпорында айына немесе екі рет құрылады. Оның негізінде еңбекақы қоры жатыр. Әрбір кәсіпорын өзіне еңбекақы төлеудің оңтайлы мерзімін анықтайды. Еңбекақы төлеу уақытысында құралдар жетіспеген жағдайда кәсіпорын банктен уақытында жұмысшыларға еңбекақы беру үшін несие алуға мәжбүр болады.
Бюджетке төлемдер үшін қор - бұл бюджетке дер кезінде төлемдерді жүзеге асыруға арналған құралдар. Аталған қордан төлемдердің дер кезінде төлеуі маңызды шарт болып табылады, өйткені бюджетке кәсіпорынмен төлемдерді созуы айыппұлдық санкцияларға әкеліп соғады. Кәсіпорын қажетті жағдайда валюта қорын және басқа да ақша қорын құруына болады.
ТАҚЫРЫП 14.

Кәсіпорынның банкротқа ұшырауы
9.1. Кәсіпорынның банкротқа ұшырау себептері.
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Өндірістік, шаруашылық, коммерциялық және басқа да қызмет түрлерін бастарда ең алдымен тәуекел қажет. Бұл, біріншіден. Екіншіден, қызмет барысында экономикалық дамуды, тиісінше, есеп айырылысуды, жұмыстың түпкі қорытындыларын бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді таңдап алу қажет.
Көрсеткіш – бұл да белгі (нышан) яғни, белгілі бір міндеттердің орындалу деңгейін, қызметтер мен құбылыстардың сандық және сапалық жағын сипаттайды.
Іс тәжірибеде қолданылатын көрсеткіштердің түрлері:
-
дербес;
-
топтық;
-
жалпы.
Ал таңдау мақсаттарына байланысты көрсеткіштердің мынадай түрлері де қолданылады:
-
абсалютті;
-
салыстырмалы;
-
орташа шама.
Әрбір нақты экономикалық көрсеткіштің сапалық анықтылыққа , ие болуы шарт, егер онда екі жақты анықтылық болса, онда ол обьективтікөрсеткіш болып табылмайды.
Сонымен қатар нарықты қатынастар талабына байланысты барлық көрсеткіштерді:
-
бағалық
-
шығындық деп топтастыруға болады.
Бағалық көрсеткіштер – осы немесе басқа да қызметтің нәтижелі даму деңгейінің мүмкіндіктерін немесе мақсатқа жетуін сипаттайды.
Шығындық көрсеткіштер – әр түрлі қызметті жүзеге асыруда шығын деңгейіне әсер ететін көрсеткіштер.
Іс тәжірибеде бағалық көрсеткіштер кең түрде қолданылады, атап айтқанда:
-
сатылған өнімнің жалпы көлемі;
-
жалпы табыс;
-
шатты таза табыс;
-
несиені және қарыз пайыздарын төлегеннен кейінгі табыс;
-
салықтарды төлегеннен кейін табыс;
-
барлық қосымша төлемдерді өтегеннен кейінгі табыс;
-
өндірісті дамытуда жаңа капитал салымдарын жүзеге асырудан келтірілген соңғы өтімділік;
-
дивиденттерді төлегеннен кейінгі табыс
Банкрот – борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады.
Ерікті банкроттық несие берушілердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпарияларды бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұхсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі.
Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынның орны мемлекеттік дотация жәрдемақы есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.
Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт өзгеруде:
-
банкроттық – шаруашылық өмірінің обьективтік немесе субьективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылысқа айналып келеді;
-
мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, баға неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде
Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның банкротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеттілік орган куәландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша қаражат табу үшін басқа кәсіпорынға ұйымға сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік меншікке өткізілуі мүмкін.
Банкрот жүйесінің мақсаты мен принциптері
Кез келген кәсіпорын қызметтері көлемінің өсу шегі болады, осыған орай әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін атқаруы мүмкін.
Америкалық зерттеушілер құлдырау мен өрлеудің, дағдарыс пен банкроттың пайда болуының белгілі заңдылықтарын анықтап береді:
-
біріншіден, кәсіпорынның өмірлік циклінің барлық сатысында кезеңдік дағдарыстың пайда болуы;
-
екіншіден, шағын және орта бизнес фирмаларында тән құлдырау немесе өрлеу циклдерінің математикалық әдіспен анықталған ұзақтылығы.
Мәселен, американ фирмаларының өрлеу фазасы орта есеппен 3 жылғы (1 жылдан 7,7 жылға дейін), ал құлау фазасы – 2,8 жылға( 1 жылдан 4 жылға дейін) созылады.
Батыс елдерінің экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі.Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді.Тәуекелдік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі),қызметті жүзеге асыру нәтижесінде тапсырыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады,яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап,тиімді тәуекел деңгейі өзі белгілейді.Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген,әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады.Икемді басшылар,егер тәуекелділік ерікті болып,ал орындаушылар өзі ісінің маманы болса,олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай,сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет.Фирма үшін қандайда бір жағымсыз жағдай болса да,кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты.Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде,ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі-хеджиралау (аудармасы-жоғалтулардан сақтау),қарсы валюталық,коммерциялық,несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау.Бірақ тәуекелдің көп бөлігі (менеджерлердің қатесі,бағанның өзгеруі,сұраныс,дұрыс таңдалмаған жоба және т.б.)толығымен кәсіпкерлерге жүктелген.Жағдайларды болжап,кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.
Кәсіпкерлік тәуекел –бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі.Олардың негізгі түріне өндірістік,коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.
Өндірістік тәуекел- бұл өнім өндірумен,қызмет көрсетумен,басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел.Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері:ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі,материалдық шығындардың өсуі,қызметкерлердің наразылығы,менеджерлердің қатесі,көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып м алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады.Коммерциялық тәуекелдің себептері:өнімді өткізу көлемінің төмендеуі,материалдық ресурстардың сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі ,айналым шығындарының өсуі,экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі,бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады.Қаржылық тәуекелдің себептері:қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы,кредиторларға тәуелділік,капиталдың әрекетсіздігі,бір жобаға,бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Қаржылық тәуекел мына опирациялардан алынған шығындарда көрсетіледі:несиелік,инвестициялық,құнды қағаздар эмиссиясы.
Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек:несиелік,пайыздық,валюталық айырылып қалған пайда тәуекелі ,инвестициялық тәуекел,салықтық тәуекел.
Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.
Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принцптерді назарда ұстауы керек:меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге барма керек,аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек,тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет.Яғни берілген тәуекел бойынша,мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп,содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен,содан кейін салыстыру керек,содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салысиыру керек.Сонда ғана,бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады.Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады:мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау,оларды асырау және нәтижелерді бағалау.
Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.
Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңайтулардан қорғау болып табылады.
Тәуекелділік ықтималдылығы ресми және бейресми көдерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.
Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады:банкроттық қауіп,шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі,активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.
Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге,жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды,яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгеінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын,рыноктың жалпы шығындар аймағы.Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.
Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды,ешқандай шығын көрмейді,кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады.Жлбаны орындау кезінде,теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.
Ал тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір ьөлігін жоғалту ықтималдылығы бар.
Жоғарғы тәуекелді аймақта кәсіпорын ,нашар болған жағдайда барлық шығындарын жаьады,ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады.
Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес,сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс,қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдылығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын (апатты)тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі,барлық инвестициялардан жоғалтады.
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек.Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді:меншікті шауашылық,адамның өзімен байланысты,табиғи факторлармен байланысты.Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан,әріптестің айқындалмаған мінезі,ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі.Қандайда бір жағдайда болмасын,тәуекелділік шешімінің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.
Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдайда шешім қабылдайды.Әрине,ақпарат толық болған жағдайда тәуекелділікті жақсы болжап, оны төмендетуге болады.Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар түрінде көрінеді.Ақпарат толық болған жағдайда,толық ақпараттың құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындағы айырма түрінде көрініп,ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілген құны түрінде көрінеді.
Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады:сапалық және сандық.
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді.Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады.Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін.Оның басты міндеті – жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау,яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау,содан кейін барып,барлық тәуекелдері анықтау болып табылады.
Тәуекелділікті талдауды жүргізу реті төмендегі сызбанұсқада көрсетілген.
1.Тәуекелдің нақты түрін ұлғайтатын және азайтатын ішкі және сыртқы факторларды анықтау.
2.Анықталған факторларды талдау
3.Екі амалды пайдалану арқылы қаржылық жағынан тәуекелдің нақты түрін бағала.
4а.Қаржылық жағдайын анықтау (жобаның өтімділігі)
4ә.Экономикалық мақсаттылықты анықтау(салынған ресурстардың тиімдідігі)
5.Тәуекел деңгейінің мүмкін шегін белгілеу
6.Таңдалған тәуекел деңгейі бойынша жеке операцияларды талдау.
Тәуекел талдауның блок-нобайы
Тәуекелділік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады.Объективті факторларға кәсіпорынның тәуелсіз инфляция,бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар,экология,кедендік салықтар жатады.Субъективті факторлар тікелей нақты сипаттайды:өндірістік потенциал,кадрлық құрылым,шаруашылық байланыстар,қаржылық жағдай.
Тәуекелдің сандық талдауы-бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі,соның ішінде кең иарағандары:статистикалық,шығындардың мақсаттылығын талдау,эксперттік бағалау әдісі,ұқсастықтарды(аналогтарды)пайдалану.
Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын көрсеткіштерін есепке ала отырып,тәуекелдің потенциялды аймақтарын анықтауға бағытталған.Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:
1)құнның ең басында жете бағаланбауы;
2)жобалаудың шектерінің өзгеруі;
3)өнімділіктегі айырмашылық;
4)алғашқы құнның өсуі.
Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін.Мысал ретінде,қаржы қаражаттарының тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында,қаржылық тұрақтылық көосеткіштері қызмет ете алады.
Эксперттік бағалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-сауал қоюға негізделген.Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа шешеімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.
Сапалы пікір алу үшін сараптауға жоғары білікті және қойылған проблема аумағында үлкен практикалық тәжірибесі бар,даму тенденциясын теңдей көрсететін қабілеті бар,қойылған мәселеге ынталы мамандар қатыстырылады.
Ұқсастықтарды пайдалану әдісі құбылыстардың,жүйелердің ұқсастығын тауып пайдалануында болып табылады,яғни жаңа идеялар мен ұсынымтар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады.
Бұл әдісті,сонымен қатар эксперттік бағалау әдісін пайдалану түсінікке,талдаушының тәжірибесі мен біліміне байланысты болғандықтан,анықтау субъективті сипат алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,кәсіпкерлік тәуекелді талдау кезінде төмендетудің жолдарын толық зерттеп білу керек.Тәуекелді тиімді болжаумен фирма ішілік жоспарлау бойынша сапалы жұмыстар жүргізу нәтижесінде төмендетуге болады.Тәуекелділікті төмендетудің ең жақсы әдісі инвестициялық шешімдерді сауатты таңдау болып табылады.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады.
Инветициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.
Барлық интестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады:портфельді және нақты.
Портфельді инвестиция деп жобалар тобына капитал салуды айтады.Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады.Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады.Осыған орай портфельді инветициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз.Мысалы,құралдарға ,ғимараттарға,материалдар қорына сатылатын инветицияларлар.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1)мүліктік инвестицилар (материалды инвестициялар)
2)қаржылық инвестициялар;
3)материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар- бұл нақты инвестициялар.Қаржылық инвестициялар-бұл қаржылық мүлікке салатын салымдар,басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу.Мысалы,акция басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеп мен талдау жасау,кадрлар даярлау,жарнама және басқаларға саналатын инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1)бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестицилар,кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын нивестициялар;
2)өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағытталған,кеңейту инвестицияларды (экстенсивті инвестициялар);
3)қайта инвестициялау,яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдану мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар.Оларға мыналарды жатқызуға болады:
-
Бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары;
-
Рационализациялауға ауыстыру инвестициялар,технологиялық жабдықтарда немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады;
-
Шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалған инвестициялар;
-
Диверсификайһциялауға арналған инвестициялар,олар өнімнің номенклатурасның өзгеріне,өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
-
Болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар.
Бұған ғылыми жұмыстарға,кадрларды дайындауға,жарнама,қоршаған ортаны қорғауа бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты.Бл тәуекел салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады,бұл мезгілде нарық коньюктурасы,шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да өзгеруі мүмкін.Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.
Жоғарыда айтылған тәуекелдермен қатар,экономикалық әдебиеттерде инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсызданунан пайда болатын инвестициялық тәуекел белгіленеді.Бұған әдетте,құнды қағаздарға инвестицияланатын ақшалардың тәуекелі жатқызылады.Қаржылық инвестицияны жүзеге асыра отырып, кәсіпорын табыс алу ,капиталды капиталды көбейту немесе бұрынғы деңгейде сақтап қалуды көздейді.Әдетте тікелей инвестициялар кезіндегі шығындардың көлемі салынған капиталдың көлеміне тең болады.Портфельді инвестиция кезінде шығын көлемі әдетте жұмсалған капитал сомасынан аз болады.Инвестордың шығынының ең көп мүмкіндігі және ақшалай қаражаттардың меншікті көлемінің арақатынасы тәуекел деңгейін көрсетеді,ол тәуекел коэфициентінің көмегімен өлшенеді.
Инвестициялаудың маңызды ережесі,құнды қағаздарға салынған салымдарың табысы инвестор баруға дайын тәуекелге тура пропорционал болады.
Жүйелік амал тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа бөлуге болады:жүйелі және жүйесіз.
Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады.Олардың пайда болу себептері:инфляция,экономикалық құлдырау,жоғары пайыздық мөлшерлеме,әскери-саяси дау-жанжалдар және тағы басқалар.
Жүйесіз тәуекелге бәсекелкстік инвестициямен байланысты тәуекелдің барлық түрлері жатады. Олардың пайда болу себептері фирмалар үшін дербес жабдықтаушылардың өз міндеттерін орындауы,сатып алушылардың қыр сыры,бәсекенің әсері,үлкен келісім шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы және тағы басқалар да жатады.
Тәжірибе
1 тақырыбының тәжірибесі
Бакылау сұрактар
1 Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы және даму шарттары
2. Нарық экономиканың құрылымы және факторлары
3. Болашақ іс үшін кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтау
2 тақырыбының тәжірибесі
Бакылау сұрактар
1. Кәсіпкерліктің мәні және негізгі белгілері
2. Кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілері және түрлері
З. Кәсіпкерлікті таңдау және ұйымдастыру мәселелері
4. Кәсіпкерлік іс-әрекетті тіркеу және лицензиялау
3 тақырыбының тәжірибесі
Бакылау сұрактар
1. Нарықты экономика жүйесіндегі кәсіпорын және оның түрлері
2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын ұйымдастыру-құқықтың нысандары
3. Кәсіпорын іс-әрекеттерін ұйымдастыру, әдісі, принциптері және оның даму стратегиясы
4 тақырыбының тәжірибесі
Бакылау сұрактар
1. Өндірістік процестің сипаттамасы және оның түрлері
2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
3. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
5 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Шикізат –материалды техникалық базаның негізгі элементі және жабдықтау жүйесі
2 Материалдық ресурстарды тиімді қолдану кәсіпорын экономикасының дамуының күрделі шарты.
6 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Нарықты экономика жүйесінде жоспарлаудың маңызы және принциптері
2 Жоспардың түрлері және сипаттамасы
3. Кәсіпорын іс-әрекетін жоспарлау, маңызы және қағидалары
7 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Негізгі қор құрамы және құрылымы
2. Негізгі қорды бағалаудың түрлері.
3. Негізгі қордың тозуы және амортизациясы
4. Негізгі қордың пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
8 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Кәсіпорынның айналым қоры және оның құрылымы.
2. Кәсіпорынның айналым қорын мөлшерлеу әдістері
3. Айналым қор айналым уақыты және оны қысқарту жолдары
9 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның құрамы мен құрылымы
2. Кәсіпорындағы еңбек ақы және оны төлеу жолдары.
3 Еңбек өнімділігінің мәні және міндеттері
4 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің өсу резервтері мен факторлары.
5.Еңбек өнімділігін есептеу көрсеткіштері.
10 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері
2. Инвестициялық жоба тиімділігі
3 Инвестицияның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі.
4. Лизинг және олардың түрлері
11 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Экономикалық тиімділіктің мәні мен белгілері
2. Капитал салымының экономикалық салыстыру тиімділігін анықтау
3. Экономикалық тиімділіктің жаңа техникаларды енгізу тиімділігін есептеу.
12 тақырыбының тәжірибесі
Бакалау сұрактар
1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
2. Өндірістік шығындардың жіктелуі
3 Кәсіпорын материалдың ресурстарын үнемдеуінің өнімінің өзіндік құнға әсері
13 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Тауар түсінігі және оның қасиеттері.
2 Өнім сапасы түсінігі және көрсеткіштері
3 Стандартизация және өнім сертификациясы.
14 тақырыбының тәжірибесі
Бақылау сұрактар
1. Өндірістік кәсіпорын қаржысы және оның қағидаттары.
2. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын қаржысының құралукөздері.
3. Кәсіпорын қаржысының қалыптасуы
Бағалау шаралары
Пәнді оқу барысында студенттердің білімін тексеру үшін келесі бақылау іс-шаралар қолданылады:
-
бақылау жұмыс;
-
тесттік тапсырмалар («Тесттер»атауында бөлек файлда берілген).
Бақылау жұмысты орындау бойынша түсініктеме хат
Берілген пәні бойынша ақпараттық материалдың мазмұнын, студенттерді бағалау мақсатымен бақылау жұмыс дайындалады.
Бақылау жұмыстың нұсқасы оқытушымен анықталады.
1 нұска
1.1. Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы
және даму шарттары

2 нұска

3 нұска

4 нұска

5 нұска
5.1. Шикізат –материалды техникалық базаның негізгі элементі және жабдықтаужүйесі
5.2 Материалдық ресурстарды тиімді қолдану кәсіпорын экономикасының дамуының күрделі шарты.
6 нұска

7 нұска

7.4. Негізгі қордың пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
8 нұска

9нұска

9.2. Кәсіпорындағы еңбек ақы және оны төлеу жолдары.
9.3 Еңбек өнімділігінің мәні және міндеттері
9.4 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің өсу резервтері мен факторлары.
9.5. Еңбек өнімділігін есептеу көрсеткіштері.
10 нұска

11 нұска
11.1. Экономикалық тиімділіктің мәні мен белгілері
11. 2. Капитал салымының экономикалық салыстыру тиімділігін анықтау
11.3. Экономикалық тиімділіктің жаңа техникаларды енгізу
тиімділігін есептеу.
12 нұска
12.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік
12.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі
12.3 Кәсіпорын материалдың ресурстарын үнемдеуінің
өнімінің өзіндік құнға әсері
13 нұска
13.1. Тауар түсінігі және оның қасиеттері.
13.2 Өнім сапасы түсінігі және көрсеткіштері
13.3 Стандартизация және өнім сертификациясы.
14 нұска
14.1. Өндірістік кәсіпорын қаржысы және оның қағидаттары.
14.2. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын қаржысының құралу көздері.
14.3. Кәсіпорын қаржысының қалыптасуы
14.4. Өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау тәсілдері.
«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен есептер жинағы
1. Кәсіпорын жыл бойы салыстырмалы бағаға және жағдайға байланысты 198000 мың теңгеге өнім өндірді, ал осы мезгілдегі орташа жылдық негізгі қордың құны 180000 мың теңге болды. Қор қайтарымдылығын есептеңіз.
2 Кәсіпорында жыл бойғы шығарылған өнімнің көлемі салыстырмалы және жағдайдағы бағаға байланысты 198 000 мың теңгеге өнім өндірді, ал осы мезгілдегі орташа жылдық негізгі қордың құны 180 000 мың теңгені құрады. Қор сыйымдылығын есептеңіз.
3 Кәсіпорында негізгі өндіріс қорының жылдық құны 180000 мың теңгені құрады, ал орта тізімдегі өнеркәсіп-өндіріс қызметшілер саны 600 адам болды. Қормен қарулануын есептеңіз.
4 Кәсіпорын 3 млн.тг-нің өнімін сатты. Сатылған өнімнің ішінде өзгермелі шығын 75%-ды және тұрақты шығын 400000 теңгені құрайды. Кәсіпорынның маржиналдық табысын анықтаңыз
5 Кәсіпорын бастапқы құны 100 000 тг болатын көшірме басатын жабдықты сатып алды. Жабдықтың жойылу құны 10 000 тг. Жабдықтың пайдалық қызмет ету мерзімі 5 жыл. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеңіз. Түзу сызықты бірқалыпты есептен шығару әдісі арқылы.
6 Кәсіпорын бастапқы құны 100 000 тг болатын көшірме басатын жабдықты сатып алды. Жабдықтың жойылу құны 10 000 тг. Жабдықтың пайдалық қызмет ету мерзімі 5 жыл. Жабдық 5 жыл ішінде 900 000 бетті көшіруге арналған. 1 жыл – 100 000, 2 жыл – 200 000, 3 жыл – 300 000, 4 жыл – 100 000, 5 жыл – 200 000 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеңіз. Өндірістік әдіс арқылы.
7 Кәсіпорын бастапқы құны 100 000 тг болатын көшірме басатын жабдықты сатып алды. Жабдықтың жойылу құны 10 000 тг. Жабдықтың пайдалық қызмет ету мерзімі 5 жыл. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеңіз. Кумулятивті әдісі арқылы.
8 5-ші разрядтағы жұмысшы негізгі жұмысымен қоса қосымша жұмыс атқарған. Сондықтан оған тарифтік мөлшерлеменің 40 пайыз деңгейінде қосымша төлем қарастырылған. Ол ағымдағы айда 168 сағаттың орнына 132 сағат жұмыс істеген. 1-ші разрядтағы тарифтік мөлшерлеме 15 мың тг. болса, онда оның ағымдағы айлығын анықтаңыз
9 Кәсіпорын бастапқы құны 100 000 тг болатын көшірме басатын жабдықты сатып алды. Жабдықтың жойылу құны 10 000 тг. Жабдықтың пайдалық қызмет ету мерзімі 5 жыл. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеңіз. Қалдықты азайту әдісі арқылы.
10 Кәсіпорынның сатылған өімінің көлемі 256 мың теңге. Сатылған өнімнің толық өзіндік құны 230 мың теңге. Қосалқы шаруашылық 20 мың теңге сомасында табыс әкелді. Ал тұрғын коммуналдық шаруашылығына 7000 теңге төленген. Сонымен бірге кәсіпорын 10 000 теңге сомасында айыппұл төледі. Кәсіпорынның табысын анықтаңыз.
11 Кәсіпорында өнімді сату көлемі 600000 мың теңгені құрады және есепті жылы – 612000 мың теңгеге жетті. Айналым құралының орташа жылдық қалдығы 120000 мың теңге және 110500 мың теңгені құраса, онда айналым құралының айналу коэффициентін, бір айналымның ұзақтығын және айналым құралының жүктеу коэффициентін анықтаңыз
12 Кәсіпорында тауардың нарықтық бағасы 6000 теңге, өнім өндірісі 40 дана және бір бірліктің өзіндік құны 4500 теңгені құраса, онда кәсіпорынның қаржылық нәтижесін анықтаңыз.
13 Өткен жылы шығарылған салмағы 3,56 т. болатын трактордың қуаттылығы 110 ат күшін құрады. Биылғы жылы тракторды келесі көрсеткіштермен шығара бастады: қуаттылығы – 150 ат күші, оның салмағы бұрынғы базалық үлгімен салыстырғанда 10%-ға көбейді. Жаңа үлгі мен ескі трактордың салыстырмалы материал сыйымдылығын анықтаңыз
14 Зауытта 1-ауысымда 10 станок, 2-ауысымда 20 станок, 3-ауысымда 35 станок жұмыс істеді, ал 3 станок жұмыс істемеді. Осы жағдайда жұмыс істеген жабдықтардың алмасу коэффициентін анықтаңыз
15 Қолда бар 350 жабдықтың бірінші ауысымда 320-сы, екінші ауысымда 300 жабдық жұмыс атқарды. Егер ауысым ұзақтығы 8 сағат болса, онда қолданған жабдықтардың жүктеу деңгейін және жабдықтардың ауысым коэффициентіндегі жұмыс уақыт тәртібін есептеңіз
16 Акционерлік қоғамдағы акция құнының бағасы – 200 теңге. Егер дивидент өлшемі белгіленіп, 25% деңгейде күтілсе, ал банктік пайыз мөлшерлемесінің көлемі - 20% құрайтын болса, онда құнды қағаз нарығында акцияның курстық құнын анықтаңыз.
-
Кестедегі мәліметтер бойынша үш тоқсандағы өнім рентабельділіктерін салыстырыңыз
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Жылдың тоқсаны |
||
|
І |
ІІ |
ІІІ |
||
|
Шығарылған бұйым саны |
Дана |
1500 |
2000 |
1800 |
|
Бір бұйымның бағасы |
Теңге |
6 |
6 |
6 |
|
Бір бұйымның өзіндік құны |
Теңге |
50 |
5,2 |
4,8 |
18 Акционерлік қоғам келесі жылы нарық құны 10 теңгеден 50000 жай акцияны және 150000 теңгеге 5% дивиденттік артықшылығы бар акцияларды шығаруды жоспарлады. Егер акционерлік қоғамның таза табысы 20000 теңгеге жетсе, онда жай акция бірлігінің табыстылығын анықтаңыз
19 Цехтағы барлық станок саны 30. Егер ағымдағы жөндеу ұзақтығы бір жөндеу бірлігіндегі уақыт мөлшері 6,1 сағат, жөндеушінің бір сағатына еңбекақы ставкасы 10 теңге, материал шығыны 5,5 теңге, жөндеу бөлшектерінің шығыны 25 теңге болса, онда токарлық станоктарды ағымдағы жөндеуден өткізудегі шығындарын анықтаңыз
20 Акционерлік қоғам тұрақты 70% дивидент мөлшері осы жылда да сақталатынын хабарлады. Өткен жылы банк мөлшерлемесі 60%, ал акцияның көрсетілген құны – 100000 теңге болды. Акционерлік қоғам акциясының нарық бағасын анықтаңыз.
21 Егер жыл басында кәсіпорында:
Әрқайсысы 10000 теңгеден токарлық станок - 47 дана;
Әрқайсысы 8000 теңгеден фрезерлік станок – 60 дана;
Әрқайсысы 5000 теңгеден тесетін станок – 35 дана;
Сандық басқару бағдарламасымен жұмыс істейтін фрезерлік станок – 20 дана, әрқайсысы 15000 теңгеден болса, онда негізгі өндіріс қорының үдемелі құрылымын анықтаңыз
22 Негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігі 100000 мың теңге, енжарлы бөлігі 250000 теңге болса, үдемелі құрылымды анықтаңыз
23 Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам, еңбек тәртібін бұзғаны үшін 5 адам жұмыстан шығарылды, 11 адам зейнетке шықса, жоғарғы және басқадай оқу орындарына, армия қатарына 13 адам кетті. Кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне және басқа жұмысқа 30 адамдарды ауыстырылды. Осы мәліметтерді қолдана отырып кадрлардың кету коэффициентін және тұрақсыздық коэффициентін анықтаңыз
24 А және В бұйымдары бойынша жоспарланған көрсеткіштер төмендегідей:
|
Көрсеткіштер |
А |
В |
|
Өндіру және өткізу көлемі, дана |
950 |
600 |
|
Бір бұйымның бағасы, мың теңге |
12,5 |
6,6 |
|
Бір бұйымның өзіндік құны |
10 |
5 |
Бір жыл ішінде кәсіпорын А бұйымның өзіндік құнын 5%-ға, ал В бұйымның өзіндік құнын 2,5%-ға төмендетті. Баға өзгеріссіз қалды. Бұйымның барлық түрлері бойынша өнімнің рентабельділігі қалай өзгергенін анықтаңыз
25 Жыл басында кәсіпорындағы негізгі өндіріс қоры 2825 мың теңге болды. Негізгі қорды жыл бойы өндіріске жаңадан ендіру және өндірістен шығару көлемі кестеде келтірілген, кесте бойынша негізгі өндіріс қорларының жылдық орташа және өндірістен шығып қалған негізгі қордың құнын, шығу және жаңалау коэффициенттерін анықтаңыз
26 5-ші разрядтағы слесарь өзінің негізгі жұмысымен қоса, жөндеушінің де жұмысын атқарған. Сондықтан оған тарифтік мөлшерлеменің 45 пайыз деңгейінде қосымша төлем қарастырылған. Ол ағымдағы айда 168 сағаттың орнына 132 сағат жұмыс істеген. 1-ші разрядтағы тарифтік мөлшерлеме 15000 тг.болса, оның ағымдағы айлығы қанша болатынын табыңыз.
27 11-ші разрядтағы 11 жұмысшы өзінің негізгі жұмысымен қоса қосымша жұмыс атқарған. Сондықтан оған тарифтік мөлшерлеменің 40 пайыз деңгейінде қосымша төлем қарастырылған. Ол ағымдағы айда 250 сағаттың орнына 225 сағат жұмыс істеген. 1-ші разрядтағы тарифтік мөлшерлеме 11000 тг.болса, онда оның ағымдағы айлығы қанша болатынын анықтаңыз
28 Бастапқы құны 10,2 мың теңге және қызмет еткен мерзімі – 8 жыл. Станоктың жаңартуы - 2,3 мың теңгені, демонтаждау шығыны – 0,2 мың теңгені, қалдық құны – 0,5 мың теңгені құрады. Жылдық амортизациялық көшірім сомасы мен амортизация мөлшерін анықтаңыз
29 Өнім бағасы 72 теңге, сату көлемі 6300 дана, жалпы тұрақты шығын – 126 мың теңге, шығын жиынтығы – 150 000 теңге екенін ескере отырып, а)түскен табысты, ә)пайда мен өнім бірлігіне пайданы табыңыз
30 Акционерлік қоғам акциясының көрсетілген құн бағасы 10 теңге. Өткен жылы 100000 акциядан 400000 теңге көлемінде пайда көрді. Егер нарықтағы бағасы 15 теңге болса, онда бір акцияның табыстылығын анықтаңыз.
«Кәсіпорын экономкасы» пәнінен тест жинақтары
1 Кәсіпорын қаражаты дегеніміз не?
+ Капитал құру және пайдалану арысындағы қаржы қатынастары
-
Салық өтелген соң қалатын пайда
-
Өндірісті дамытудағы тартылған ақша құралдары
-
Кәсіпкерлік әрекет нәтижесі
-
Товарды өткізу кірісі
2 Товарды өткізу кірісі қандай әрекет нәтижесі
+ Кәсіпкерлік
-
Инновациялық
-
Коммерцялық
-
Инвестициялық
-
Сату
3 Кәсіпорында жинақ қорын құру мақсаты
+ Өндірісті дамыту
-
Әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру
-
Шығынды өтеу
-
Есеп айырысу
-
Девиденттерді төлеу
4 Қайнарына байланысты кәсіпорынның қаржы ресурстарын негізгі турлері
+ Меншікті, тартылған
- Қосымша, резервтік, сыртқы
- Меншікті, қосымша
- Ішкі, сыртқы, тартылған
- Жарғылық, қосымша
5 Операцииялық шығын
+ Басқа ұйымның жарғы капиталына қатысу шығындары
-
Айыппұл төлеуге байланысты шығын
-
Дебиторлық борыш
-
Активтер құнының төмендеуіне байланысты шығын
-
Залалдарды өтеу шығындары
6 Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарда жарғылық капиталдың аталуы
+ Жарғылық капитал
-
Меншікті
-
Пайлық қор
-
Қоймалық
-
Резервтік
7 Капитал құру және пайдалану барысындағы қаржы қатынастары қандай ұғыммен сипатталады
+ Кәсіпорын қаражаты
-
Кәсіпкерлік әрекеті
-
Инвестиция
-
Товар өткізу
-
Қаржы функциясы
8 Амортизациялық төлемді анықтауда негізгі қордың алғашқы құны және обьектінің қызметтік мерзімі мен оның аяқталуына қалған мерзім қатынасы бойынша есептеу
+ Қолдану мерзімі б\ша есептеу
-
Тура әдіс
-
Жанама
-
Өнімге сәйкес шегеру
-
Қалдықты азайту
9 Толық серіктестік ұйым формаасында жарғылық капитал қалай аталады
+ қоймалық капитал
-
Меншікті
-
Қосымша
-
Тартылған
-
Резервтік
10 Операцииялық шығын
-
Дебиторлық қарыз
+ Ұйым пайдалануындағы акша құралдарының проценттері
-
Активтер құнының төмендеуі
-
Айыппұл, санкция
-
Залалдарды өтеу шығындары
11 Төтенше шығын
+ Кездейсоқ жағдайларда пайда болған шығын
-
Товар мен қызмет өндірісін байланысты шығын
-
Өнім құнына тікелей қатысты шығын
-
Залалдарды өтеу шығындары
-
Есепті жылда мойындалған өткен жылдардағы шығындар
12 Адамдар, өндіріс құралдары ақпарат және ақша кәсіпорынның қай ортасына жатады
+ Ішкі
-
Сыртқы
-
Өндірістік
-
Коммерциялық
-
Жанама
13 Кәсіпорынға оның иелерімен пайдалануға берілген материалдық және материалдық емес бағалықтардың ақшалай тұріндегі соммасы не деп аталады
-
Негізгі қор
-
Айналым қор
-
Инвестициялық қор
+ Жарғылық қор
-
Амортизациялық
14 Жарғылық қор құрамына кіретін қорлар
-
Резервтер, амортизация
-
Негізгі қор, айналым қоры, инвестиция
+ Негізгі қор, айналым қоры, резервтер
-
Айналым қоры, инвестиция
-
Енбекақы қоры
15 Айналыс қорларының құрамына төмендегілердің қайсысы жатады
-
Бітпеген өндіріс, өндірістік запастар, дайын өнім
+ Дайын өнім, жөнелтілген тауарлар, ақша қорлары, ақша құралдары
-
Болашақ кезең шығындар
-
Бітпеген өндіріс, ақшалай қаражаттар
-
Өндірітік запастар
16 Бағамдық құны жоғарылаудағы құнды қағаз портфелі қалай аталады?
+ Өісім
-
Табыс
-
Қатерлі капитал
-
Балансталған
-
Арнайы
17 Инвестициялық әрекет обьектілері
-
Айналым капиталы
-
Бағалы қағаз
-
Ғылыми технкалық өнім
-
Табиғи ресурстар
+ Барлығы дұрыс
18 Меншікті айналым құралдарымен қамтылу деңгейін анықтау формуласы
+ Меншікті айналым қоры/ материалдық шығыс
-
Қарыз құралдары/меншікті құралдары
-
Меншікті айналым құралдары /меншікті құралдар қайнарлары
-
АК= РК/К
-
Р= ТП/К
19 Бекітілген бағада белгілі активті алу-сату құқығын беретін құнды қағаз
+ Опцион
-
Вексел
-
Облигация
-
Сертификат
-
Қаржылық фьючерс
20 Вексель дегеніміз – бұл
-
Төлем құралдары
+ Белгілі тұлғаға белгілі мерзімде ақша ресурстарын беру құжаттық міндеттемесі
-
Үлетік мүшелікті растайтын құжат
-
Белгілі активтерді алу-сату құқығын беретін құжат
-
Үлестік құнды қағаз
21 Инвесторлардың негізгі мақсаттары
-
Салымдар қауіпсіздігі
-
Табыстылық
-
Салымдардың өсімі
-
Салымдар ликвиттілігі
+ Барлығы дұрыс
22 Инвестиция дегеніміз-...
-
Табыс табу мақсатымен атып алу операциясы
+ Табыс табу мақсатындағы капитал салымдары
-
Бос ақша құралдары құнды қағаздарға салу
-
Кәсіпорынның жарғылық капиталына салымдары
-
Тұтыну шығындары
23 Капитал салымының обьектілеріне қарай инвестиция түрлері
-
Тікелей, тікелей емес
+ Нақты, қаржылық
-
Жиынтық, таза
-
Автономды
-
Туынды, автономды
24 Лизнгтің экономикалық мазмұны
-
Ипотекалық неие
+ Тауарлық несие
-
Коммерциялық несие
-
Тұтыну несиесі
-
Қайтару шартындағы қарыз
25 Инветициялық әрекеттің рентабелдік коэффициенті қандай көрсеткішті анықтайды
-
Қажетті капталды шоғырландыру мұмкіндігі
+ Қажетті пайданы алу мүмкіндігі
-
Шығыныздық
-
Капитал айналымын
-
Қорлану денгейін
26 Лизингтік келісімде арнайы алынған мүлікті өткізуші тұлға қандай статусты иемденеді
-
Лизинг алушы
+ Лизинг беруші
-
Лизинг сатушы
-
Жалға алушы
-
Борышкер
27 Экономикалық зерттеулерде қандай әдістер қолданады
+ Статистикалық бақылау мен салыстырмалы талдау
-
Өндірістік, тауарлық
-
Статис/қ, тауарлық
-
Салыстырмалы талдау, өндірістік
-
Меншіктік, өндірістік
28 Негізгі қорлар құнының бір бөлігін шығарылатын өнім шығындарына қосу арқылы негізгі қорлар тозуының ақшалай қалпына келтірілу не деп аталады
-
Қор сыйымдылығы
-
Қор қайтарылымы
+ Амортизация
-
Қормен жарақтану
-
Интенсивті коэффициент
29 Төмендегілердің қайсысы өндірістік емес негізгі қорға жатады
-
Ғимарат
-
Машина
-
Қондырғы
-
Станоктар
+ Балабақша
30 Қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы
+ Бастапқы құн
-
Қалдық құн
-
Қалпына келтіру құны
-
Жалпы құн
-
Орташа құн
31 Негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы
- Бастапқы құн
-
Қалдық құн
+ Қалпына өндіру құны
-
Жалпы құн
-
Орташа құн
32 Кәсіпорынның бірлетіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайынедалатын өнімге көшіретін бөлігі қалай аталады
+ айналым қорлары
-
негізгі қорлар
-
запастар
-
дайын өнімдер
-
өндірістік қорлар
33 Меншікті айналым қаражаты дегеніміз не?
+ Кәсіпорынның , бірлестіктің, ұйымның ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қам\з ету ұшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражаттарының бір бөлігі
-
Кәсіпорынның , бірлестіктің, ұйымның айналым қаражаттарының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі
-
Бұл кәсіпорындардың материалодық ресурстарды сатып алуға, енбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді төлеуге жұмсайтын қарызы
-
Бұл заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелетін борыштық сомасы
-
Бұл к\о қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалуы
34 Айналым қорлары қандай бөлімдерден тұрады
+ өндірістік айналым қорлары, айналыс қорлары,
-
Қор айналысы, өндірістік
-
Өнімдік, өндірістік
-
Меншікті, қарыздық
-
Өндірістік, қарыздық\
35 Өндірістік айналым қорлары қандай топтарға бөлінеді?
+ өндірістік қалдықтар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары
-
Дайын өнім, бітпеген өндіріс
-
болашақ кезең шығындары, ақшалай қаражаттар
-
бітпеген өндіріс, ақшалай қаражаттар
-
өндірістік запастар, дайын өнім
36 Айналымдық коэффциентінің формуласын көрсетініз
+ Кө = Рп /СО
-
Кө = Рп *СО
-
Кө = Рп -СО
-
Кө= Рп +СО
-
Кө = Рп +С
37 Айналым қорларының айналымын жылдамдату...
+ К\О-ң негізгі мақсаты б.т.
-
К\О-ң қосымша мақсаты б.т.
-
К\О-ң өндіріс шығыны түсінігі б.т.
-
К\О-ң қаржылық жағдайын талдау б.т.
-
К\О-ң өзіндік құқын анықтау б.т.
38 Айналым қорларының сатыларын атаңыз
+ ақшалай, өндіргіш, тауарлық
-
Ақшалай, заттай, қызмет көрсету
-
Өндіргіш, өндірістік, заттай
-
Тауарлық, заттай, ақшалай,
-
Мақсаттық, типтік, баламалық
39 Айналым қаражаттары нешеге бөлінеді?
+ меншікті, қарызға берілген
-
Нормалық, нормаланбаған
-
Өндірістік, қор айналысы
-
Қарыздық, өндірістік
-
Нормалық, меншікті
40 Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз не?
+ өндірістік, техникалық ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс
бірлігі
-
Экономикалық дамуды оқып-үйрену саласы
-
Жеке к/о мен халық шаруашылығының толығымен қызмет етуін қарастыратын бірлестік
-
Экономикалық саясат принципін өңдеу әдістемесі
-
Барлық жауап дұрыс
41 Кәсіпорын қандай белгілері бойынша бөлінеді?
-
Сала түріне байланысты
-
Шаруашылық іс әрекетіне байлангысты
-
Құқықтық жағдайына байланысты
-
Меншік жағдайына байланысты
+ Барлық жауап дұрыс
42 Толық серіктестіктің жарғылық қорының көлемі қандай өлшемде болады;
+ минималды есептік коэффициент 25 өлшемнен кем болмауы керек
-
минималды есептік коэффициент 25 өлшемнен артық болмауы керек
-
максималды есептік коэффициент 26 өлшемнен кем болмауы керек
-
максималды есептік коэффициент 26 өлшемнен артық болмауы керек
-
минималды есептік коэффициент 35 өлшемнен кем болмауы керек
43 Қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне б\ты міндеттемелерге жауап беретін қоғам
-
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам
+ Толық серіктестік
-
Командиттік серіктестік
-
Жауапкершілігі шектеулі қоғам
-
Акционерлік қоғам
44 Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш
+ қор қайтарылымы
-
Айналым қорлары
-
Айналыс қорлары
-
Запастар
-
Өндірістік емес негізгі қорлар
45 Тозу түрлерін атаңыз
+ табиғи және моралдық
-
Өндірістік және өндірістік емес
-
Табиғи және материалдық
-
Моралдық және экономикалық
-
Көлемдік және сипаттық
46 Амортизациялық аударымдар көлемі қалай анықталады?
+ амортизация нормасы арқылы
-
Табиғи тозу арқылы
-
Моралдық тозу арқылы
-
Амортизациялық жылдық жиынтық арқылы
-
Негізгі қорлардың жылдық құнымен
Глоссарий
Айнымалы активы– жыл ағымында тұтынылатын өндіріс процесс барысында сол себепті өз құнын өндірілген өнімнің құнына толық ауыстыратын активтер.
Aкциянерлік капитал - компанияның жай және артықшылығы бар акциялар эмиссиялау арқылы құралған капиталы.
Акция - өз иесіне девиденд алу құқын, сонымен қатар акционерлер жиналысында дауыс беру құқын беретін бағалы қағаз.
Аудит – компаниялардың қызметіне, бухгалтерлік есебіне клиенттің тілегі бойынша жүргізілетін тәуелсіз тексеру түріндегі қаржы бақылауының ерекше түрі.
Аукцион – алдын-ала көрмеге қойылған тауарларды, бағалы қағаздарды белгілі бір уақытта және белгіленген жерде сату әдісі.
Басқару субьектісі – қаржы менеджментінің қосалқы жүиесі қаржы қызметі, бөлімдері, қаржы менеджері.
Басқару обьектісі – кәсіпорынның ақша айналымы.
Биржалық фирма – биржада орын сатып алған брокерлік кеңсе.
Венчурлық инвестиция – жаңа технологияға шағын фирмалардың жаңартпашылықтарын қаржыландыруға қажетті тәуекел капитал салу.
Валюталық тәуекел – халықаралық қаржы нарықтарында қолайсыз қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді валюта бағасының ауытқу нәтижесінен шығын алу тәуекелі.
Даму портфелі – нарықта курс құны тез өсетін акцияға бағытталған.
Қаржыны басқару – кәсіпорынды жалпы басқару жүиесінің ажыратылмаитын бөлігі.
Қысқа мерзімді инвестиция ақша қаражаттарын 1 жылға дейінгі мерзімге салу.
Портфельдік стратегия – құнды қағаздар нарығының жалпы даму бағытымен тығыз байланысты.
Таза ағым құны – ағымдағы ақша ағымының құнынан ағымдағы ақша құнының шығындарын алып тастағандағы айырмасына тең.
Табыс портфелі – жоғарғы ағымдағы табыс алуға бағытталған.
Ішкі пайда мөлшері – дисконттау коэффициенті, ол инвестициялық жобаны іске асырудан жиналған ағымдағы ақша қаражаттары ағымының құнын ағымдағы салым құнымен салыстырады.
Валюта – 1) елдің ақша единицасы
2) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сондай-ақ халықаралық есеп айырысулар кезінде қолданылатын шетелдік ақша единицаларымен белгіленген несиелік талон құжаттары.
Кепілші – кепілдік беруші. Әлдебір нәрсеге кепілдік беретін мемлекет, немесе мекеме немесе адам.
Дивиденд төлейтін күн – эмитент агентінің акционерлерге дивиденд бойынша төлем жіберетін күні.
Дивиденд – акционерлердің меншігіндегі акция санына пара-пар бөлініп берілетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі.
Дисконт – қаржы инструментіне төленген нақты бағамен онда көрсетілген бағаның айырмасы.
Дисконт саясаты – кеше капиталына деген сұраным мен ұсынымға, төлем баланысының жайына және валюта курсына ықпал ету мақсатында орталық эмиссиялық банктердің жүргізетін бағаны және есепке алу ставкасын көтеру немесе төмендету саясаты.
Мүліктің дивиденд – эмитент фирманың акционерлерге материалдық меншіктің бір бөлігі түрінде төлейтін дивиденді.
Инвестор - өз ақша қаражатын табыс әкелетін іс-шараларға немесе активтерді сатып алуға жұмсайтын салым иесі.
Инвестициялық банк – ұзақ мерзімді несие капиталын жұмылдырып оны қарыз алушыларға облигациялар немесе қарыз міндеттемелерінің басқа түрлерін шығару мен орналастыру арқылы беретін арнаулы несие институттарының бір түрі.
Қаржы лизингі – Қ.Р- ң заңнамасына сәйкес жазылған лизинг шарты бойынша амартизациялауға жататын негізгі құралдарды беру, егер ол мұндай талаптарға сай келсе негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру және лизинг алушыға негізгі құралдарды тіркеген бағамен сатып алу жөнінде құқық беру.
Қаржы ресурстары – мемлекеттің кәсіпорындардың бірлестіктердің, ұйымдардың қарамағындағы ақша қаражаты қорларының жиыңтығы ; қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысы қайта бөлу барысында құрылады .
Қаржы менеджменті – кәсіпорындарда инвестицияларды қоса барлық қаржы працестерін қалыптастыру және реттеу , жоспарлау, шешімдер қабылдау, өнімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды .
Қаржы нарығы – қаржылық қызмет көрсетімен тұтынуға сондай – ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты.
Қаржы нарығындағы кәсіби қызмет – қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Қаржы саясаты – эканомикалық саясаттың құрамды бөлігі, мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып пайдалану шараларының жиынтығы .
Қаржыландыру – ұлттық шаруашылықты дамытуға әлеуметтік – мәденеи шараларға қорғанысқа, және басқа қажетке жұмсалатын қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз ету.
Қаржылық қызмет көрсету – Қ.Р – ң заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын сақтық рыногы, бағалы қағаздар рыногы, инвестициялық қорлар, сондай – ақ банк қызметі .
Қаржылық ұйым – қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыратын заңды тұлға .
Қаржылық тұтынушы – қаржылық ұйымның қызмет көрсетуін пайдаланушы, сондай – ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға .
Қаржы саясаты – кез – келген мемлекеттік қаржыға байланысты жүргізілетін функцияларды мен міндеттерін қалыптастыратын белгілі бір бағытқа бағытталған іс – шаралар жиынтығы .
Корпорация – тұлғалар жиыны, қандай да бір мақсатқа жету үшін біріктірілген, бірлескен қызметті жүзеге асыру және өзіндік субъект құқын пайда болуы –заңды тұлға.
Құн келешек - сома, алынған үлеспен пайыздардың қорлануы нәтижесінде дәуір өтуі бойынша, қайсы жүзеге асатын есеп-қисап.
Құнды бағалау – құнды анықтау, заттың бағасы, мүліктің, тауардың, меншіктің олардың сату алдында немесе ақша көлемінде мүлікті есептеу үшін.
Материалдық емес активтер – интеллектуалды меншіктің басқа объектері, бағалы қағаздары, патенттер, жал құқығы, технологиялық және техникалық жаңалықтары корпорацияның иесі .
Негізгі құралдардың белсенді бөлігі– негізгі құралдар ғимараттар және құрылыс есептемегенде; машиналар, жабдықтар, транспортты құралдар.
Ликвидтер емес – кәсіпорынға керек емес немесе артық материалдық құндылықтар, сонымен жүзеге асыра алмаған дайын өнімдер.
Өтімділік – оның құндылығы ақша құралына, фирманың активтеріне айналу қабілеті.
Өндірістік қуаты – жабдықты толық қолдануында анықталған уақыт кезеңде өнімді шығару максималды мүмкін көлемі, берілген кәсіпорында өндірістік аймақтары және басқа ресурстары.

Пассив – бухгалтерлік баланстың бөлігі; корпорацияның міндеттемелер және қарыз жиыны.
Тиімділік– корпорация немесе кәсіпкершілік қызметінің табыстылығы, түсімділігі, эффектілігі.
Түсім – корпорацияның әдеттегі қызметінде экономикалық пайданың валдық түсім.
Қор қарулануы – бір жұмысшыға келетін, негізгі құралдардың құнын сипаттайтын көрсеткіш.
Шығындар – ақша түрдегі шығындар, өнімнің өндіруі және айналуы процесінде экономикалық ресурстардың әр түрлі түрлерінің шығындарымен көрсетілген.
Негізгі әдебиеттр:
-
«Кәсіпорын экономикасы» А.Қ. Мейірбеков 2003ж
-
«Кәсіпорын экономикасы» О. Қалдыбаев 2003ж
-
«Экономика предприятия» А.С. Пелих 2002г
-
«Инвестиционная деятельность предприятия» А. Сейтказиева 1998г
-
«Финансы предприятий» Р. Попова 2001г
-
«Экономика предприятия» В. Грузинов 2001г
-
«Экономика организации» Р. Акбердин 2001г
-
«Оценка эффективности бизнеса и инвестиции» Ю. Богатин 1997г.
-
Экономика в задачах. Е. Виноградов 1995г.
-
Экономика в задачах. В. Грузинов 1998г.
-
«Анализ деятельности хозяйствующих субъектов» У. Есайдар 2001г.
-
«Ішкі фирмалық жоспарлау» Төлегенов Б.2003ж.
-
«Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К. 2007ж.
-
Бейли Р., Майерс С. «Принципы корпоративных финансов », Олимп-Бизнес, Москва 1997
-
«Финансы предприятий», учебник. Под ред. Н.В. Колчиной. М.: изд. Объед. «Юнити», 1998
-
«Финансы предприятий», учебное пособие/. Под ред. Е.И. Бородиной. М.: Банки и биржи; изд. Объед. «Юнити», 1999
-
«Финансы предприятий», Л.Н.Павлова. М.: «Юнити», 1999
-
«Финансы предприятий», А.Д. Шеремет , Р.С. Сайфулин Учебное пособие. М.: Инфра – М, 2000
-
«Кәсіпорын экономикасы» Жолдасбаев Г.Ө. Оқу құралы. Алматы, 2002
-
«Экономика предприятия» Под ред. А.Е. Карлика, М.: Инфра-М, 2002
-
«Экономика предприятия» Под ред. Профессора А.С. Пелиха. Ростов-на-Дону, 2002
-
«Антикризисное управление» под ред. Э.М. Короткова. Учебник. М.: Инфра – М, 2000
-
«Ақша, несие банктер» Сейтқасымов Г.С. редакторлығымен. Алматы, Экономика, 2002
-
«Қаржы» Қ.Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев . Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 2005
-
«Микроэкономика» Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Оқулық. Алматы, 2003.
-
«Корпоративные финансы» Бочарев В.В. –СПб. Питер, -2001.
-
Практикум по финансам предприятий: учебное пособие. –М.; ИД Дашков и К,
-
Практикум по финансам предприятий: Учебное пососбие / Под ред. Проф П.И.Вахрин-М.;ИКЦ «Маркетинг», 2002
Қосымша әдебиеттер:
-
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексі, 2004
-
«Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен жасаслған мәмілелерді тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
-
«Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
-
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
-
«Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
-
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
-
«Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
-
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
99
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

шағым қалдыра аласыз