Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кәсіпорын экономикасы (сала бойынша)» пәнінен «Қаржы жоспарының негізгі көрсеткіштерін есептеу''
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ЖАМБЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______ Құрманбекова С.С.
«___»_____ 2017ж.
0515000 -«Менеджмент» мамандығының
«Кәсіпорын экономикасы (сала бойынша)» пәнінен
«Қаржы жоспарының негізгі көрсеткіштерін есептеу, таза пайда есебі, рентабельділік көсеткіштерін есептеу»
тақырыбындағы ашық сабағының
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
Әдістемелік әзірлеме«Экономикалық пәндер»
ТӘК отырысында қаралды
Хаттама №______ « »2017 ж.
ТӘК төрайымы _______ Н.А.Тоқтар
Колледж әдіскері______Ә.А.Садыкова
Дайындаған : Н.Тоқтар
Тараз – 2017
Сынып: 3 С2
Өткізу мерзімі: 23.11.2017ж
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың типі:топ аралық жарыс сабағы/өндірістік жағдайды модельдеу
Пән: «Кәсіпорын экономикасы (сала бойынша)»
Тақырыбы: «Қаржы жоспарының негізгі көрсеткіштерін есептеу, таза пайда есебі, рентабельділік көсеткіштерін есептеу»
Сабақ мақсаты: |
Білімділік: - табыстылық көрсеткіштерінің абсолютті көрсеткіштерін (өнімді сатудан түскен түсімді, жалпы пайданы, баланстық пайданы, таза пайданы және т.б) есептеу әдістемесін игеру; - табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін (өндіріс рентабельділігін, капитал рентабельділігін, сатылған өнім рентабельділігін, сатылым рентабельділігін) есептеу әдістемесін игеру; - табыстылық көрсеткіштері туралы студенттердің жалпы түсінігін құрастыру; - аналитикалық ойлау дағдыларын жаттықтыру;
|
Тәрбиелік: Білім алушыларды дұрыс шешім табуға үйрету, дербестікпен жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. |
|
Дамытушылық:Пәнге деген қызығушылығын арттыру, тұжырымдау, логикалық сұрақтар арқылы ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, білімгерлерді өздігінен білім алу дағдыларын, аналитикалық қасиеттерін дамыту. |
Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары:слайдтар, есеп карточкалары, калькулятор.
Оқыту әдістемесі:командада жұмыс жасау, білім алушының жеке жұмысы
Сабақ жоспары
р/с |
Сабақ барысы |
Уақыт |
||||||||||||||||||||||||
1 |
Ұйымдастыру кезеңі: |
1 мин |
||||||||||||||||||||||||
|
1.Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау, зейінін сабаққа аудару |
|
||||||||||||||||||||||||
|
2.Аудиторияның жаңа сабаққа дайындығын тексеру |
|
||||||||||||||||||||||||
2 |
Өткен тақырыпты жалпылама қайталау немесе үй тапсырмасын сұрау Тақырыбы: Кәсіпорын қаржысы. Пайда түсінігі және түрлері. Рентабельділік а) «Кім жылдам» - (топты тексеру, студенттердің дайындығын қадағалау) Бұл кезең шарты: берілген уақытта өздерінің дәріс сабағынан алған білімдері бойынша, қаншалықты көп білетіндіктеріңді көрсетулері керек Үй тапсырмасын тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Сұрақтар пазл құрастыру тәртібінде жүргізіледі. Үш топқа сұрақтар топтамасы және бір есеп беріледі. Білім алушылар сұраққа дұрыс жауап беру арқылы пазлды құрастыруы қажет. Пазлдың құрастырылу/құрастырылмауына байланысты жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі бағаланады. 1) 1-ші топ тапсырмалары: Сұрақ 1.Табыс түсінігі және түрлері? Жауабы:Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыдан жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.Табыс түрлеріне жатады: өнімді сатудан түскен түсім, жалпы пайда, маржиналдық пайда, салық салынғанға дейінгі пайда, таза пайда. Сұрақ 2. Баланстық пайда дегеніміз не? Жауабы:Баланстық пайда дегеніміз-кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен келіп түскен табыстарының жиынтығы. Сұрақ 3. Есеп шарты: Өнім сатудан алынған түсім-500 мың тг., өнім өндірісі шығындары 390мың тг., материалдық құндылықтарды сатудан түскен пайда-14 мың тг., сатудан тыс әрекеттерден түскен пайда-12 мың тг.. Баланстық пайданы, сатылған өнім рентабельділігін анықтаңыз. Жауабы:БП=500 000+14 000+12000=526000 ЖП=500000-390000=110000 Рөн=110000/390000*100=28,2% Сұрақ 4. Жалпы пайда түсінігі және анықтау жолы? Жауабы: Жалпы пайда (шығын): Пвал = Выррп – Ссрп, Выррп – өнімді сатудан түскен түсім (жұмыс, қызмет), тг.; Ссрп – сатылған өнімнің өзіндік құны, (кезең шығындарын шегермегендегі)
Сұрақ 5. Маржиналдық пайда түсінігі және анықтау жолы? Жауабы:Маржиналдық пайда дегеніміз – қосымша өнім бірлігінен түсетін пайда/шығын. Анықтау жолы: МП=ТШ+П ТШ– тұрақты шығын. П-пайда Сұрақ 6. Рентабельділік салыстырушылық қасиеті бар салыстырмалы көрсеткіш (ия, жоқ). Жауабы: Рентабельділік салыстырушылық қасиеті бар салыстырмалы көрсеткіш (ия, жоқ). 2) 2-ші топ тапсырмалары: Сұрақ 1. Кәсіпорынның табыс көздеріне не жатады? Жауабы:Кәсіпорын табысы екі көзден келіп түседі: - негізгі қызметтен (өнім өндіруден немесе қызмет көрсетуден): - негізгі емес қызметтен (мүлікті сатудан немес жалға беруден, акция шығарудан, кәсіпорынға төленетін айыппұлдар, пениялар және т.сс) Сұрақ 2.Сатудантүскен табыс/шығын түсінігі және анықтау жолы? Жауабы:Сатудан түскен табыс (шығын): Прп = Пвал – Рупр – Рреал , Рупр – басқарушығындары, тг.;Рреал – коммерциялықшығындар, тг. Сұрақ 3. Есеп шарты: Кәсіпорынның баланстық пайдасы-250 мың тг. Сатудан тыс әрекеттерден тапқан пайда-80 мың тг. Материалдық құндылықтардан алынған пайда-20 мың тг. Өнімді сатудан түскен пайданы анықтаңыз. Жауабы:Пө.с=250000-80000-20000=150000тг Сұрақ 4.Өткізуден тыс табыс көздеріне не жатады: Жауабы: Өткізуден тыс табыс көздеріне жатады:
Сұрақ 5. Рентабельділік (табыстылық) түсінігі және түрлері? Жауабы: Рентабельділік салыстырушылық қасиеті бар салыстырмалы көрсеткіш. Ұйым экономикасы рентабельділіктің мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
Сұрақ 6.Капитал рентабельділігі түсінігі және анықтау жолы? Жауабы: Капитал рентабелділігі (негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаражатының рентабелділігі): Пчист
ОПФср + НОСср 3) 3-ші топ тапсырмалары: Сұрақ 1. Сатылған өнім рентабельділігі түсінігі және анықтау жолы? Жауабы:Сатылған өнім рентабельділігі әр өнім өндірісіне кеткен 1 тг неше пайыз табыс әкелетіндігін көрсетеді. Сатылған өнім рентабельділігі: Крп=ВП/Сп*100 Сұрақ 2. Сатылым рентабельділігі түсінгі және анықтау жолы? Жауабы:Сатылым рентеабельділігі тауарды сатудан түскен түсімнің ішінде неше пайыз таза пайда құрайтындығын көрсетеді. Сатылым рентабельділігі:Кро=ВП/Выр.пр*100 Сұрақ 3. Төменде берілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның баланстық пайдасын және жалпы рентабельділік деңгейін анықтау керек. Бастапқы мәліметтер: Көтерме бағадағы сатылған өнімнің жылдық көлемі-727000 тг., ал өзіндік құн бойынша сатылған өнім көлемі 524300 тг.. Сатудан тыс табыстар 180 000 тг. Сатудан тыс шығындар 82000тг. Басқа сатудан табыстар 78300тг Кәсіпорыннан алынған айыппұлдар 8,2 мың тг. НӨҚ орта жылдық құны 600 мың тг. Айналым құралдарының орта жылдық қалдығы 300мың тг. Жауабы:БП=(727000+180000+78300)-(82000+8200)=985300-90200=895100 Рж=895100/(600000+300000)*100=99,5% Cұрақ 4.Рентабельділік-түсім мен шығындар арасындағы айырмашылық (ия, жоқ) Жауабы. Рентабельділік-түсім мен шығындар арасындағы айырмашылық (ия, жоқ) Сұрақ 5. Таза пайда түсінігі және анықтау жолы? Жауабы: Таза пайда дегеніміз кәсіпорынның өндірістік шығындар мен салық және басқа да міндетті төлемдерді өтегеннен кеінгі қалған пайдасы. Таза пайданы баланстық пайдадан салықтар мен міндетті төлемдерді шегеру арқылы анықтаймыз. Сұрақ 6. Баланстық пайда неше элементтен тұрады? Жауабы: Баланстық пайда үш элементтен тұрады: 1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда 2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда 3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар. |
8 мин |
||||||||||||||||||||||||
3 |
Ізденіс бөлімі (іденіс нәтижесін презентациялау) Білім алушылар алдын-ала үш топқа бөлінеді, олар әр кәсіпорын бойынша нақты қаржылық есепберулер негізінде, кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерін есептеп, аналитикалық талдау жұмысын жүргізуі қажет. Зерттеу жұмыстары кәсіпкерлік қызметтің үш саласына жүргізіледі: өндірістік кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпкерлік және қаржылық кәсіпкерлік. : 1-топ. Өндірістік кәсіпкерлік (ЖШС «Казфосфат» мысалында) 2-топ. Коммерциялық кәсіпкерлік немесе қызмет көрсету саласы («Мадлен» мейрамханасы мысалында) 3-топ. Қаржылық кәсіпкерлік (АҚ ЖФ «Қазақстан Жинақ Банкі» мысалында) Ескерту ! Әр топ 10 минуттық регламентты сақтай отырып, презентация жүргізеді. Топ өкілі презентациялау барысында әр саланың даму деңгейіне талдау жүргізіп, перспективалы даму жоспары бойынша ұсыныстар келтіре алуы қажет. ІV. Сабақты бекіту. - Сабақ барысын тұжырымдай келе, әр топтың және жеке білімалушылардың теориялық материалды меңгеру деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін қорытындылау |
30 мин |
||||||||||||||||||||||||
Сабақты бағалау(білім алушыларды бағалау, бағалау кестесіне сәйкес баллдық жүйе бойынша жүргізіледі): - үй тапсырмасы бойынша пазл толық құрастырылса 1 балдан (- есеп шығару +1 балл;); - презентациялауға, жауаптың дәлдігіне қарай 5 балл аралығында; - есептеулер нәтижесі бойынша негізді ұсыныс жасау +5 балл; Білім алушылардың жұмысын бағалау кестесі
|
5 мин |
|||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы: Ә1: «Кәсіпорын экономикасы»(дидактикалық материалдар және көрнекі құралдар).Оқу құралы. /Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаев.-«Фолиант» баспасы, 2008 ж./ Есеп шығару: 63-68 беттер аралығындағы |
1 мин |
Қолданылған әдебиеттер
Ә1: «Кәсіпорын экономикасы»(дидактикалық материалдар және көрнекі құралдар).Оқу құралы. /Т.Түсіпбеков, Г.Теңізбаев.-«Фолиант» баспасы, 2008 ж./
Ә2: «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы. /Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов,П.Т.Байнеева- «Экономика» баспасы, 2008ж./
Ә3: «Кәсіпорынэкономикасы» Оқуқұралы /Б.А. Оразалин
Ә4 Ә5: «Еңбектімөлшерлеу» Оқуқұралы. /Б.Қ. Сәлімбаев, Д.Т. Досхожаев.- «Экономика» баспасы, 2001ж.
Ә6: «Кәсіпорынэкономикасы» Практикум. /Д.Я. Қаутова.-«Экономика» баспасы-2006ж.
Ә7 :«Кәсіпорынэкономикасы» Есептержинағы. /М.Бейсенова, А.Садықбекова.-«Ғылым» ғылымибаспа орталығы.-2002ж.
Білім алушылардың жұмысын бағалау кестесі
Бағалау критериі |
1-топ |
2-топ |
3топ |
1-тапсырма |
|
|
|
2-тапсырма |
|
|
|
3-тапсырма |
|
|
|
Бонус + |
|
|
|
Жиыны: |
|
|
|