Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпорынның жүктемесін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек мағлұматтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәіпорынның жүктемесін анықтау


Өнеркәсіп кәсіпорындары электрмен жабдықтау жүйесінде есептеу электрлі жүктемелерінің анықтаудың бірнеше сипаттық орны бар. Осы сипаттық орындары (сурет 1) схемасында қарастырылады.

1) Кернеу 1000 В-қа дейінгі (жүктеме 1) бір қабылдағыштын пайда болатын есептеу жүктемесін анықтау, берілген қабылдағышқа алшақ кеткен өткізгіштің немесе кабельдің қимасы және қабылдағыштың тармақталу шкафына, не тармақталу желісіне қосылу кезінде септігін тигізетін аппараттық таңдау үшін қажет.

2) Кернеуі 1000 В-қа дейінгі (жүктеме 2) қабылдағыштар тобынан құрылған есептеу жүктемесін анқтау берілген қабылдағыштар тобын қоректендіретін радиалды желінің немесе тармақтаушы магистральдардың қимасы және берілген қабылдағыштар тобын басты күштік тармақтау шкафына немесе қоректендіруші магистральға қосатын аппараты трансформатор блогы магистраль схемасында тауып алуға қажет.

3) Жеке қабылдағыштар немесе қабылдағыш топтары қоректендіретін жеке ірі қабылдағышты немесе күшті тармақтаушы шкафтары бар цехтің трансформаторлы қосалқы станциялардың төмен кернеудегі 0,69 – 0,4/0,23 кВ шиналарда пайда болатын есептеу жүктемесін анықтау (жүктеме 3), цех ТП-ның шиналарын 0,69 немесе 0,4/0,23 кВ алыс кеткен және жоғарыда көрсетілген қабылдағыштарды көректендіретін желінің қимасын және бөлектенген төменгі кернеулі шиналарына қосушы аппараттарды тауып алу үшін қажет.

4) Кернеу төмен ТП шиналарындағы жалпы есептеу жүктемесі немесе трансформатор магистраль блогын (БТМ) қоректендіру жүктесінің басты магистральды анықтау (жүктеме 4) цехтің трансформатордың саны мен қуатын, цехтің ТП шиналарының қимасы мен материалын таңдап алу үшін қажет.

DrawObject1 5) Трансформатордағы шығынды ескере жеке қабылдағыштар немесе жеке цехтің трансформаторлы тармақтану пунктерінің (РП) 6-20 кВ шиналарында құрылатын есептеу жүктемелерін анықтау (жүетеме 3) РП шиналарынан алыстытылған және кернеудің жоғары цехтік трансформаторлары да және қабылдағыштардың қоректенетін желі өткізгіштерінің қимасы және осы желілерде орнатылған көшіруші аппараттарды тауып алу үшін қажет.

6) РП-нің әрбір секциясының шиналарындағы жалпы есептеу жүктемесін анқтау (жүктеме 6) РП-ның 6–20 кВ шиналар қимасы мен материалын, РП шиналарының әрбір секциясын қоректендіретін желі қимасы және басты төмендету қосалқы станцияның (ГПП) шиналар жақтан аппаратураны өшіретінді тауып алу үшін қажет. Егер ГПП-ның 6-20 КВ шиналарынан тікелей цехтің трансформаторлар немесе қабылдағыштар қоректенетін болса, онда жүктеме 6 жүктеме 5 сияқтыны білдіреді, тек қана 6-20 кВ ГПП шиналарға ғана қатысты.

7) ГПП-ның әрбір секцияның 60-20 кВ шиналарындағы есептеу жолдары жүктемесін анықтау (жүктеме 7) ГПП-ге оратылатын төмендеткіш трансформаторлардың саны және қуатын таңдау үшін, ГПП шиналарының қимасы мен материалын және ГПП трансформаторлырының 6-20 кВ төменгі кернеу жағында орнатылатын өшіруші аппараттарды таңдап алуға қажет.

8) ГПП трансформаторының 35-220 кВ жоғары кернеу жағындағы есептеу жүктемені трансформатордағы шығын есебінен анықтау ГПП трансформаторын қоректенетін желінің қиамасын және трансформаторлармен оларды қоректендіру желісімен қосу аппаратарын таңдап алу қажет.

Есептеу жүктемелерін анқтау орнына және жобалау кезіңіне байланысты олардың өте дәл немесе жеңілдетілген есептеу әдістері де қолданылады:

1) цехтардың немесе бүкіл өнеркәсіп мекемелерінің жүктеме графиктері уақыт бойынша өзгереді, өседі және өндіріс техникасын жетілдіру шамасы бойынша теңестіріледі (жүктеме графигін толтыру коэффициенті жоғарлайды);

2) өндірістің (тұрақты) әрдайым жетілдірілуі (өндірістік процестерді автоматтандыру және механизациялау) кәсіпорын тұтынатын электр энергия шығыны өседі. Бұл жағдай өзінен кейін электрлі жүктемелердің өсуіне алып келеді;

3) электрмен жабдықталу жүйелерін жобалау кезінде өндірістің даму перспективаларын және сәйкесінше кәсіпорынның алдағы 10 жылдағы электрлі жүктемелердің перспективалы түрде өсуін ескеру қажет.

Өнеркәсіп мекемелерін электрмен жабдықтауды жобалау кезінде қолданылатын есептеу электрлі жүктемелерін анықтау негізгі әдістері екі топқа бөлінеді:

1) Есептеу жүктемесін орнатылған қуатты коэффициентке көбейту арқылы анықтайтын әсерлер:

(1)

2) есептеу жүктемесін орташа жүктемені бірден жоғары немесе оған тең коэффициентке көбейту арқылы анықтайтын әдістер:

(2)

немесе орташа жүктемеге есептеу жүктеменің орташадан ауытқуын сипаттайтын бір шаманы қосу арқылы:

Рр = Рср + (3)

коэффициенті жөнінде толығырақ қараңыз. Негізгі әдістерге есептеу жүктемесін мыналар бойынша анықтау әдістерін жатқызған жөн:

1) орнатылған қуат пен сұраныс коэффициенті;

2) орташа жүктеме мен есептеу жүктемесінің орташадан ауытқуы (статикалық әдіс);

3) орташа қуат пен жүктеме графигінің пішін коэффициенті;

4) орташа қуат пен максимум коэффициенті (жүктеме графиктерінің көрсеткіштерінің реттелген диаграммалар әдісі).

Көмекшілерге есептеу жүктемесін мыналар бойынша анықтау әдістерін жатқызуға болады:

1) өнімнің нақты бір периодта берілген шығару көлемі кезінде өнімнің бірлігіндегі электр энергиясының меншікті шығыны бойынша;

2) өндірістік алаңның бірлігіндегі меншікті шығыны бойынша. Есептеу жүктемесінің негізгісінің біріншісі және көмекші анықтау әдістері жуық есептеу әдістері болып табылады. Жоғарыда көрсетілген есептеу жүктемесі анықтаудың соңғы үш негізгі әдістері ықтималдылық теориясының негізгі ережелері қолданылады.

Негізгі 9 (33-38)

Бақылау сұрақтары:

1. Жүктемелерді есептеу қандай мақсатта жүргізіледі?

2. Өнеркәсіп орындарынын электрмен жабдықтау жүктемесін есептеген кезде қандай жүйелікті сақтайды?

3. Есептеу жүктемесін анықтаудың қандай сипаттық орындарын білесіз?

4. Қандай негізгі жүктеме қуатын есептеу әдістерін білесіз?

5. Жүктеме графигін көрсеуту кезінде диаграмманы реттеу әдісі қалай қолданады?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.05.2021
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12