Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кәсіпорынның қаржылық ортасы
Кәсіпорынның қаржылық ортасы
-
Кәсіпорынның қаржылық ортасы. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
-
Кәсіпкерлік келісімдерді несиелеу. Лизингтік операциялар. Кәсіпкерліктегі факторинг.
-
Кәсіпкердің ұйымындағы қаржылық ресурстарды жоспарлау.
1. Өндірістің ұлғаюы және жаңартылуы тікелей табыстың ұлғаюына әсер етеді. Осы максималды пайда инвесторлар үшін ынталандырушы күш болып табылады. Инвестиция – бұл капиталды ұлғайтуға немесе қалпына келтіруге бағытталған салымдар. Инвестициялау дегеніміз өз кезегінде ертеңгі күнге қадам басу деп ұғынған жөн, себебі бұл қадам өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға бағытталады. Ұтымды инвестициялау процессі өндіріс мүмкіндіктерін кеңейтуге , қосымша жұмыс орныдарын ашуға, жаңа жұмыс күшін тартуға мүмкіндік береді.
Инвестиция –бұл капитал салымы, оның негізгі екі түрі бар: тікелей (немесе шынайы) инвестиция және портфельдік инвестиция. Тікелей инвестиция кәсіпорындарды өндіріс факторларымен қамтамасыз етуге бағытталса, портвельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталады. Мұнда өндіріске бағытталған тікелей инвестицияның маңыздылығы зор. Тікелей инвестицияларды түрлі критерилер бойынша жіктеуге болады. Неғұрлым кең тараған жіктеу - өндіріс сферасындағы инвестициялардың мақсатты бағытталуы, бойынша болып табылады: олар, өндірістің жаңа қорын құруға, өндірістің қолда бар қорларын кеңейтуге , өндіріс жаңалықтарына, сондай-ақ өндірістің тұтынылған қорларын қалпына келтіруге бағытталған инвестициялар. Жоғарыда айтылғандарды сызбанұсқа түрінде төмендегідей көрсетуге болады.
өндірістің тұтынылған қорларын қалпына келтіру
өндірісті техникалық қайта жарақтандыру
өндірістің қолда бар қорларын ұлғайту
Жаңа қор құру
Портфельдік инвестиция
Тікелей инвестиция
Инвестициялар
Сурет 4 – Қаржыландыру көзі бойынша төмендегідей жіктеленеді: мемлекеттік, муниципалдық, сапалық, жеке және аралас инвестициялар.
Бағытталуы бойынша - өндірістік инвестициялар (өндірістік сфера), әлеуметтік бағыттағы инвестициялар (әлеуметтік сфера), табиғатты қорғау және экологиялық бағыттағы инвестициялар (экологиялық сфера) деп бөлінеді. Мерзімі бойынша, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестицияның қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздер болуы мүмкін: Оларға жатады:
-инвестордың жеке қаржысы және ішкі шаруашылық резервтері-табыс, амортизациялық аударымдар және т.б.
-банк несиелері, облигациялық зайымдар, ұзақ мерзімді зайымдар, бюджет несиелері
-бюджеттен тыс қорлар қаржысы
-қайтарымсыз негізде ұсынылған мемлекеттік бюджет қаржылары
-шетел инвесторларының қаржысы.
Жобаны алдын-ала сараптама жасаудың мақсаты - өміршеңді немесе сапалы жобаны таңдап алып, одан әрі оның тімділігін анықтап, негіздеу. Алдын-ала жүргізілген сараптамалық жобаның экономикалық тиімділігінің есебімен жалғасады. Оған жобаның негізін сапалы талдау және оның концепциясы, ішкі және сыртқы тиімділігін бағалау жатады. Сонымен қатар осы сараптаманың нәтижесінде экологиялық, саясаттық мәні әлеуметтік бағдары арқылы және т.б. экономикалық тиімділік белгілері арқылы таңдалып алынады. Жобаны бағалау әдісі мен сызбасын таңдау екі түрлі бағыттан тұрады. Бірінші шешім қабылдаушы кісіден: меншік иесі, өз өндірісінің тиімділігін сапалы , тереңірек бағаланғанын қалайды, ал кредитор, инвестор тек қана өз қаржысының тез қайтуына және пайыздың жоғары болуын, кепілдікке қойылған мүліктің өтімді болуын, несие алушының несие алуға қаржылық мүмкіншілігінің барлығын қадағалайды және қалайды. Екінші жобаның ерекшелігінен, қиындығынан, қауіпті тәуекелді болуынан, сұранған несие көлемінен тұрады. Жобаның тұжырымдамасы төмендегі ой, пікірлерге негізделген:
- шикізат базасын қалыптастыруға;
- жаңа технологияны пайдалануға, жаңа өнімді шығаруға;
- шикізатты кешенді өңдеуге ;
- нарықтағы өсіп-кеміп жатқан сұранымды қамтамасыз ету және сыртқы ішкі немесе әлемдік нарықта қызмет көрсетуге;
- шығынды үнемдеу мақсатында өнім шығару көлемін көбейтуге.
Жобаны алдын-ала сараптама жасау, жобаның инженерлік сараптамасы, оның техникалық кеңістіктерін анықтау арқылы, ой пікірдің орындалу мүмкіншілігін анықтау арқылы жүргізледі. Барлық жағдайда қаржыландыру (инвестиция бөлу) туралы шешім қабылдау мамандардың жүргізген талдауы негізінде қабылданады, мамандар әр уақытта жобаның мүмкін болатын ерекшелігін, артықшылығын көрсетуі керек.
Инвестициялық жобаға қатысушылар әр түрлі жағдайда, алдын –ала жасалған талдаумен шектелмей, экономикалық көрсеткіштердің тиімділігін есептеулері қажет. Инвестицияның экономикалық көрсеткіштерінің тиімділігін төрт түрлі жолмен есептеуге болады. Бұл көрсеткіштер арқылы әлемде инвестицияның тиімділігін анықтайды. Оған мыналар жатады:
1) қайтарым уақыты – бұл таза пайдадан алынған
инвестицияны қайтару уақыты. Қайтарым уақыты: Т=
2)инвестицияның табыстылық коэффициенті:
Ди=
мысалы: егер сіздің дүкеніңіз 100,0 мың теңгеге
тауар болса, оны 130 мың теңгеге сатса, онда: Ди=
Егер тауар алуға 100 долл. несие қажет болса , несие банк пайызымен беріледі. Сонда 100+15=115долл. несие беріледі, банк пайызы 15%. Банктен алынатын несиенің бағасы 115 долл., бұл жағдайда жоба экономикалық тиімді болып есептелінеді де, оны қаржыландыру тиімді деп танылады.
3.Таза дисконттық табыстың көрсеткіші:
мұндағы Т-жобаның толық өміршеңдік уақыты
U-инвестиция
N-дисконт мөлшері
Егер жобаның өміршеңдік уақтындағы күтілген дисконттық таза табыс, қажет инвестицияның құнынан көп болса, онда оған инвестиция құюға болады деп саналады. Осы жобаның тиімділік көрсеткіштерін пайдалану, күтілген таза пайданың және қажет инвестицияның көмегімен ғана байланысты емес, сонымен бірге, қабылданған дисконт мөлшеріне де байланысты.
Инвестицияның қайтарым уақыты қаржының бағалық қасиетінің уақытпен байланысын есептемейді, сол себептен қайтарым уақыты дисконттық коэффициент арқылы есептелуі қажет.
КДt=1(1+К)t
Мұнда КДt-белгілі жылғы дисконттық коэффициенті
К-ақшаның құнының өзгеру қарқыны
t-инвестиция басталған уақыттан жыл нөмірі
Мысалы: қайтарым уақытын аталған формула арқылы есептеп көрсетеміз, егер банк пайызы 10% болса, онда КД=1/(1+0,1)1=0,9091
КД=1/(1+0,1)2=0,9264
КД= 1/(1+0,1)3= 0,7513
КД= 1/(1+0,1)4=0,6830
Осы коэффициенттер арқылы дисконттық табысты есептеп шығарамыз.
1 жыл: 25000х0,9091=22728 тг
2 жыл: 35000х0,8264=28924 тг
3 жыл: 48000х0,7513=36063 тг
4 жыл: 52000х0,6830=35516 тг
Алынған инвестиция сомасы 120,0 мың тг.
3 жылға дисконттық табыс – 87715 тг., 32285 тг жетпейді. Осыған байланысты төртінші жылдың ішінде қанша уақытта қалған соманы жабуға болатынын есептеп шығарамыз: 32285/35516=0,91 жыл 11ай. Сонымен қайтарым уақыты 3 жыл 11ай.
Ақшаның ағымдық көрсеткіші.
2. Ақшаның түсімі әр уақытта, шығыннан артық болуы керек, осы жағдайда жобаның ең негізгі өтімділік көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны және жобаны инвестициялық талдау мемлекеттік деңгейде де жүргізілуі мүмкін, оның барлығында жоғарыда көрсетілген әдістер қолданылады. Инвестициялық қаржыландырудың прогрессивті формаларының бірі болып лизинг табылады. Лизинг – бұл жалға алу үшін жалға берушімен сатып алынған машиналарды, жабдықтарды және басқа да инвестициялық көзделген тауарларды ұзақ мерзімді жалға беруі.
Қаржылық және оперативтік лизинг бөлінеді. Қаржылық лизинг деп – лизингтік компанияның делдалдылығымен жабдықталады, жабдықтарды алуды қаржыландыру формасын айтамыз, және ол оны өзінің және келтірілген құралдарына меншікке сатып алады, содан кейін лизинг алушы кәсіпорынға белгілі бір мерзімге пайдалануға өткізеді. Лизингтік компания лизинг алушы көрсеткен (ұсынған) жеткізушіден және сол жабдықтарды алуға тиісті. Қаржылық лизинг кезінде лизинг алушы жабдықты ереже бойынша лизинг келісім шарты мерзімінің соңына сатып алады. Келісім шарттары оның әрекеттерінің бар мерзімі бойынша өзгермейді. Оперативті лизинг кезінде лизинг жабдығының жалға беру мерзімі лизингке берілетін жабдықтардың қызметті мерзімінен әлдеқайда төмен. Бірақта, лизинг дәстүрлі банктік несиелендіруге қарағанда әлдеқайда тартымды, әсіресе тез дамитын шағын және орта кәсіпорындар үшін, несиелік және лизингтік механизмнің ерекшеліктері кестеде көрсетілген.
Кесте1 –Несие және лизингтік механизм ерекшеліктері.
Несие |
Лизинг |
Қаржы құралдары кез-келген кәсіпкерлік құралға, әрекетке бағытталады. |
Қаржы құралдары өндірістік әрекет активизациясына бағытталады. (негізінен оның модернизациясына) |
Құралдардың мақсатты шығындалуына бақылау, оларды пайда процесінде бақылаудың әрекет құрал-саймандарының жоқ болуынан қиындайды. |
Лизингке нақты келісілген жабдық берілетіндіктен құралдарды мақсатты пайдалануына бақылау кепілденген.
|
Оны пайдаланғаны үшін несиеге пайыздарды қайтарудың жүз (100 %) пайыздық кепілі талап етіледі. |
Кепілдік өлшемі лизингке берілетін жабдықтардың құнының шамасына төмендейді, өйткені оның өзі кепілдік болады. |
Алынған жабдық кәсіпорын балансынан көрінеді, оған амортизация есептелінеді. |
Жабдық кәсіпорын балансында көрінбейді, амортизация есептелінбейді, оған салық төленбейді. |
Несие үшін төлем өзі құралдарынан жабылатындықтан кәсіпорынға табыс алу керек және оған барлық салықтар есептелінеді |
Лизингтік төлемдер өзіндік құнға негізделеді және бұл өзінің артынан салық салу базасынан төмендетеді және де өндірістің дамуын жылдамдатады. |
Лизингтік компания, лизинг беруші бұл – мамандандырылған мекеме және ол кәсіпорынға жалға жабдықтар ұсынып отырады, жеке тұлғаларға сирек ұсынады. Лизингтік компаниялардың тапсырмасы ол өзінің клиенттеріне, оларға қажетті заттарды (бұйымдарды) алу және оларды алдын-ала келісілген мерзімге нақты төлемдерде жалға беру. Материалдық құндылықтың жалға беруін аяқтауда жалға алған кәсіпорын оларды лизинг компаниясына қайтарады немесе келесі шартты келесі бір мерзімге ұзартады (жеңілдік есебінде) немесе мүлікті қалдықты құнмен сатып алады. Лизинг пайдалылығы жалға алушының жаңа техникалар алу үшін көп ақша жұмсамайтындығында. Жалдықтың аталған түрі орта және шағын кәсіпорындар үшін тартымды. Олар үшін шектеулі шығындарда өндірісті қайта құрылымдауды жүргізу мүмкін болады.
Лизинг – тұтынушыға ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне прогрессивті технологияларға жол ашады. Жойылу немесе лизинг объектісін пайдалану мүмкін болған жағдайда лизинг алушы қарызды өтеу міндетінен басталмайды. Жалға беру мен лизингтік қатынастың өзара байланысы мен айырмалары кестеде көрсетілген.
Кесте 2 – Жалдық және лизингтік қатынаст өзара байланыстары мен айырмалары
Негізгі параметрлер |
Жалдық |
Лизингтік |
Қатынас субъектілері
|
Жалға беруші мен жалгер |
Мүлік дайындаушы, |
Қатынас субъектілері |
Кез-келген мүлік, табиғи объектілерді қосқанда
|
Кәсіпкерлік әрекеттер үшін пайдаланатын мүлік, табиғи объектілерді қоспағанда |
Қатынас субъектілері |
Кез-келген мүлік, табиғи объектілерді қосқанда
|
Кәсіпкерлік әрекеттер үшін пайдаланатын мүлік, табиғи объектілерді қоспағанда |
Екі жақтың құқықтық қатынастары. |
Мүлік сапасы үшін |
Лизинг беруші мүлік |
Жалға берушінің міндеттері |
Мүлік меншігі ретінде
|
Лизингтік келісім шарттың инвестициялануы. |
Сатушының мүлікті алу мақсаты туралы |
Өндірілмейді |
Лизинг беруші нақты лизинг алушыға лизинге затты беру мақсатын көрсетеді. |
Мүлікке меншік құқығы, оның құнын жабудан кейін |
Егер қарастырылып жатса, онда сату, сатып алу формасында |
Әдетте аукцион өткізіледі |
Мүліктің күтпеген жайылым тәуекелі. |
Жалға беруші жауапты. |
Лизинг алушы жауапты. |
Келісім шарт пайдалану кінәсінан бұзылу. |
Жылдық төлемнің тоқтатылуы. |
Лизинг алушы қарызды толық жабудан босатылмайды |
Мүліктің ұсынысы мен сұранысы. |
Мүлікті пайдалануға есептесу ескеріледі. |
Мүлік бағасы, пайыздық ставка т.с.с. |
Жалға, төлемдерге есептесу кезінде олардың өлшемі көп ретте нарық конъюнктурасына (құрылымына) тәуелді болады. Жалға қарағанда лизинг кезінде лизинг алушымен объектіні меншікке алдын-ала келісілген сатып-алу бағасымен келісім шарт мерзімінің аяқталуына қарай алу тәжірибесі бар.
Материалдық құндылықтарды алумен бір уақытта лизингтік компания мен лизинг алушы өзара жылдық мерзім мен оның үздіксіздігі туралы, жылдық төлемнің мөлшері туралы, олардың төлемділігінің кезеңділігі туралы, лизинг объектісінің сақтандыру шарттары туралы, жылдың аяқталуына қарай мүлікті иемденудің мүмкін жолдары туралы келісімдерге қол қояды. Жалдаудың мерзіміне байланысты лизинг бөлінеді:
- рейтинг-бірнеше күннен, бірнеше айға дейінгі мерзімге жалға беру;
- хайринг-бірнеше айдан бірнеше жылға дейін;
- жеке лизинг-бір жылдан бірнеше жылға дейін;
Халықаралық тәжірибе бойынша лизинг мерзімдері жабдық амортизациясы кезеңіне байланысты. Әдетте лизинг мерзімі төмендегі кезеңдерден төмен:
Амортизация кезеңі, жылдар |
3.4.5.6.-7.8.9.-10. |
Лизингтің төменгі жылдар Мерзімі |
3.3-4.5.6.7. |
Машиналар мен жабдықтардың жылдық мерзімі орташа бес–сегіз жылды құрайды. Жылжымайтын мүліктердің жылдық мерзімі көп есе созылмалы он– жиырма жыл. Түрлі елдерде лизинг мерзімі түрлі нормативті құжаттармен анықталады. Ғылыми-техникалық прогресс-жабдықтармен басқа да техниканың табиғи тозу кезеңінде реттеулер енгізеді. Ол елеулі қысқарады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Инвестиция дегеніміз не?
2. Инвестициялардың жіктелуін атаңыз?
3. Инвестицияның қайтарым уақыты қалай есептеледі?
4. Таза дисконттық табыстың көрсеткіші?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Основы предпринимательство. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др., Алматы, Экономика, 1997 г.
2. Предпринимательство в Республике казахстан. Под ред. Окаев К.О. Алматы, Экономика, 2000г.
3. Грибов В.Д. Основы бизнеса. – Москва: Финансы и статистика 2006г.
4. Бизнес–планирование. Учебник /Под ред. В.М. Попова и С.И. Ляпунова. – М.: финансы и статистика, 2003г.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы,2000

