Материалдар / Кәсіптік білім беру жүйесінде педагог мамандарды даярлаудағы мәселелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіптік білім беру жүйесінде педагог мамандарды даярлаудағы мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
. Кешегі алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының бір сөзінде мұғалімдердің білімділігі арқылы халықтың ілгері дамитынын, қазақтардың бір кәсіп игеретінін айтқан: «Әуелі адам баласы болыс, би, мұғалім болмай тұрып, білімді игеру қажет», -деп болашақ білімді ұстаздан және оқыған білікті шәкірттердің (яғни жастардың) қолында екенін сол кезде-ақ көрсетіп кеткен. Олай болса, ұлт тарихын ұлықтай отырып, ұрпақтарымызды ұлы мақсаттарға жетелеу – басты парызымыз болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абдуллаева Қарлығаш Тойлыбаевна

Арнайы пәндер оқытушысы

Еуразия аграрлық колледжі

Алматы қаласы


Кәсіптік білім беру жүйесінде педагог мамандарды даярлаудағы мәселелер


Мемлекеттің рухани және мәдени қуатын, ғылымы мен білімін дамытуға байланысты Елбасы Н.Назарбаев «... білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық күштің бой ұстар тұсында болады» деп атап көрсеткені мәлім. Сол себепті де кәсіби білікті педагог мамандар даярлау негізгі басым міндеттердің қатарында тұр. Бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және құрылымдық жүйелерінің өзара әрекеттестігі мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Бұл жағдайда біліктілік арттыру институттар мен педагогикалық мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары шешуші рөл атқарады. Жоғары оқу орындарында өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалды ойындар, дебат, байқаулар, жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың барлығы ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық тұрғысынан дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады. Болашақ педагогтың кәсіби қалыптасуы оның педагогикалық қабілеттілігіне тікелей байланысты.

Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың тұлғаны бейнелеу ерекшеліктерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білу қабілеті болып табылады. Осы талаптардың ұстаздың жеке іс-әрекетіне сәйкес келуі жоспарланған нәтиже мен нақты нәтиже арасындағы байланыс – педагогикалық қабілеттіліктің басты көрсеткіштері. Педагогикалық қабілеттілік, іс-әрекетке байланысты. Ал, мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті – педагогтық, психологиялық, философиялық т.б ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен озық тәжірибелердің алдыңғы қатардағы идеяларын басшылыққа алуы; жаңалықты жатырқамай, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуі. Педагогикалық қабілеті бар студент педагогикалық іс-әрекетті тез меңгеріп кетері анық. Олай болса, болашақ педагогтың кәсіби қалыптасуы үшін қажетті қабілеттер:

  • Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу – қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

  • Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына( математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

  • Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.

  • Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті  тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін түсінікті жеткізуі.

  • Ұйымдастырушылық қабілет  оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысуына мүмкіндік жасай отырып, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі.

  • Коммуникативті қабілет  оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білуі.

  • Конструктивті қабілет  тұлғаның эмоциялық, интелектуалдық және тәжірибелік ынтасын оятатын оқу-тәрбие ақпараттарын құрып, қажеттілерін таңдай білу.

  • Қолданбалы қабілет  мұғалімнің баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы.

Соңғы уақытта біздің елімізде нарықтық экономиканың ықпалынан пайда болған, мамандықты таңдауды қабілетіне қарай емес, мүмкіндігіне қарай қарастыру тенденциясы жиі байқалады. Көбінесе, оқуға қабылдану көрсеткішінің де педагогикалық мамандықтар үшін аса жоғары болмауы кез-келген қоғам үшін пайдасыз, тіпті қауіпті десе де болады. Ендеше, қазіргі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының басты назары осы жастардың педагогикалық мамандықты өз деңгейінде меңгеріп шығуына қажеттті жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді іздестіруде болуы қажет. Бұл орайда, мамандықты күштеп меңгерту емес, қызықтыра отырып, ынталандырып оқыту басты міндет. Сондықтан, жоғарғы мектеп педагогтары әрбір болашақ педагог маманды дайындау ісіне ерекше мән бергені жөн. Осы болашақ педагог мамандардың келешектегі моделі: теориялық даярлық жағынан: көп мәдениетті, көп тілді, тұлғалық, іскерлік даярлық жағынан: кәсіби және мәдени болуы, кәсібилігіне: педагогикалық білік, ақпараттық білік, жобалаушы, зерттеуші, жаңашыл әдіскер, мәденилігіне: салауатты, саяси мәдениетті, этно мәдениетті, тілдік мәдениет (аратор), рухани мәдениетті болуы.
«Бала – адамның, мемлекеттің болашағы» екені қандай түсінікті болса, сол мемлекеттің болашағын қалыптастырушы, оларға білім мен тәрбие беретін педагог маманның алатын орны да соншалықты маңызды. Мұғалім мамандығын дайындауда педагогикалық қарым-қатынасқа үйретудің маңызы зор. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар жаңа заман мұғалімінен ең алдымен тұлғамен жан-жақты, терең байланыс орнатуды міндеттейді, өйткені педагогикалық байланыс кеңейген сайын жаңа ақпараттармен қарулану да жоғарылайды. Мұғалімдік мамандықтың талаптарына сай, болашақ маман педагогикалық қабілеттілігі психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің төзімділігі сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса білу қабілеттерімен де ерекшеленуі тиіс. Сол себептен көп қырлы педагогикалық қарым-қатынастың қыр-сырына студенттік кезеңнен мән берген жөн. Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып, тәжірибелі, оқушының жетегімен одан дайындық жасауға мүмкіндік алады. Жан-жақты, заман талабына сай білікті, кәсіби-педагог мамандарды дайындау - жоғары оқу орнындағы оқу үрдісін ақпараттандыру мәселесін жеделдеткенде, инновациялық оқыту технологиясын енгізгенде және оқытудың әлемдік озық үлгілері мен халқымыздың ұлттық педагогикалық қағидаларын пайдаланғанда мүмкін болары сөзсіз. Сондықтан, студентке педагогикалық тәжірибені меңгерудің маңыздылығын ескергенде ғана, бұл міндеттерді шешудің жолдары ашылады. Педагогтың тәжірибелік кәсіби іс-әрекеті технологиялық сипатқа ие, сонымен бірге бұл тәжірибе қажетті педагогикалық міндеттерді шешу арқылы іске асады. Көптеген зерттеулерде ғалымдар В.С Сластенин, Н.В. Кузьмина, Л.Ф. Спилин, және т.б. болашақ педагогтың қәсіби дайындығын жетілдіру үшін педагогикалық іс-әрекетті дәл осылай қарастырудың тиімділігін дәлелдегені анық. Оқушылардың кәсіби іс-әрекетінің ішкі мазмұнына әсер етущі бірнеше факторлар аңғаруға болады: әлеуметтік (сыртқы) және тұлғалық (ішкі). Біріншісіне қоғамдық мақсаттар мне құндылықтар соның ішінде кәсіби білім беру, студенттік аудитория, білім беру технологиясы, педагогикалық ойлау, оның өзіндік стилі, білім берудегі жетекші парадигма және т.б. жататын болса, соңғысына оқытушының кәсіби компоненттігі яғни, қолданатын және іске асыратын білім берудің мәні, педагогикалық ойлауының стилі, жанұясы және т.б. кіреді. Бұлардың бірігуі оқытушылардың кәсіби мүмкіндіктерін анықтайды. Оқытудың технологиясын жетілдіру мен оқу процесін ұйымдастыруды қаншама рет жаңартқанымен, оқушы мен студерттер арасында психологиялық жағымды байланыс қалыптаспайынша, оң нәтижелерді күтуге болмайды, себебі студенттің оқу пәніне деген ынтасы мен ниеті оқу процесінің сапасына ықпал етуші бірден-бір фактор. Олай болса, пән оқытушысының оқытудағы басты мақсаты студенттерді өз пәніне қызықтыру болса керек. Кері жағдайда, білімді жаттанды түрде меңгереді. Мұның соңы қазіргі студенттерден сапасыз мман шығарумен аяқталуы мүмкін. Болашақ педагогты қалыптастыруда, еліміз өркениетті елдер қатарына қосылап, егемендігін тұғырландырып жатқан тұста, осы елдің келешегін жалғастырып, экономикасы мен мәдениетін көтеретін ұрпақты тәрбиелеуге, жауап беретін мұғалімдік мамандыққа баулудың оңай емес екені сөзсіз. Мұғалімді дайындау мәселесі қай заманның болмасын ең басты мәселесі болып саналғаны белгілі. Сол себепті, болашақ педагог мамандарды дайындаудың сапасына тек жоғары оқу орындары шеңберінде ғана емес, мемлекеттік деңгейде көңіл бөлу әлі де болса нақтылай, кеңейте түсуді қажет етеді.

Қорыта келе, «Айтқанды істейтін емес, айтқызбай істейтін маман керек» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өз толғанысы, ізденісі бар, заман талабына сай педагог мамандар даярлау – біздің міндетіміз. Өйткені, бүгінгі студент, ертеңгі елдің отын жағып, іргесін қорғайды, ұрпақ тәрбиелейді.

Атамыз қазақ «Білім досты, байлық қасты көбейтеді» дейді. Ендеше, білім – өмірде таяныш, жалғыздыққа серік, қайғыға медеу, күресте қару, зұлымдыққа қарсы айла бола алады деп сеніммен айта аламын. Кешегі алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының бір сөзінде мұғалімдердің білімділігі арқылы халықтың ілгері дамитынын, қазақтардың бір кәсіп игеретінін айтқан: «Әуелі адам баласы болыс, би, мұғалім болмай тұрып, білімді игеру қажет», -деп болашақ білімді ұстаздан және оқыған білікті шәкірттердің (яғни жастардың) қолында екенін сол кезде-ақ көрсетіп кеткен. Олай болса, ұлт тарихын ұлықтай отырып, ұрпақтарымызды ұлы мақсаттарға жетелеу – басты парызымыз болмақ.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ш. Құрманалина, Б. Мұқанова. Педагогика. – 2010. –Б. 8-9.

2. Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы.–2005. -No5 Б.55-56.

3. Қ.Ж. Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006

4. Ұстаздар сайты http://tarbie.org

4. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

5. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!