Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
«Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері
Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол
жаһандықбәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің және капиталдандырудың күртартуы – мәселе осында. Цифрлы экономика осыны береді»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
359
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ
«Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері:
БІЛІМ. ТЕХНОЛОГИЯ. ТӘЖІРИБЕ»
республикалық вебинар материалдары
31 наурыз 2021ж.
«Новые горизонты развития профессионального образования:
ОБРАЗОВАНИЕ. ТЕХНОЛОГИЯ. ПРАКТИКА»
материалы республиканского вебинара
31 марта 2021г.
«New horizons for the development of vocational education:
EDUCATION. TECHNOLOGY. PRACTICE»
materials of the Republican webinar
March 31, 2021
Орал қаласы, 2021 жыл

БІЛІМ. ТЕХНОЛОГИЯ. ТӘЖІРИБЕ» республикалық вебинар материалдар
жинағы, «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту
орталығы» КММ, 2021 Б.527
Жинақ «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері:
БІЛІМ. ТЕХНОЛОГИЯ. ТӘЖІРИБЕ» республикалық вебинарға қатысушылардың
мақалаларын қамтиды. Жинақта колледждердің инженер-педагогтерінің ғылымитәжірибелік зерттеулері мен тәжірибелік жұмыстары жарияланды.
Редакция алқасы:
Г.К.Кубашева- «БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры;
Н.М.Сабиров – «БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы» КММ директорының
орынбасары;
Р.Т.Куаншалиева – «БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы» КММ ТжКББ
бөлімінің басшысы;
Л.Р.Брекеева - «БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы» КММ ТжКББ бөлімінің
әдіскері;
З.К.Тажикбаева - «БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы» КММ ТжКББ
бөлімінің әдіскері;
А.Х.Масалимов – «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК басшысы;
С.А.Алимбеков –«Батыс Қазақстан жоғары инженерлік-технологиялық
колледжі»МЕББМ басшысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты,
ҚР техникалық жәнекәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық
кеңесінің мүшесі
Білім беруді дамыту орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің 2021ж. 18.03. №1
хаттамасы шешімімен бекітіледі және басылымға ұсынылды.
Жарияланған материалдың көзқарасы мен фактілердің нақтылығы үшін редакция
жауап бермейді. Мақала мазмұнына автор жауапты.
«БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы» КММ,2021ж.
2
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК
БІЛІМ БЕРУДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ – КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ
ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Алимбеков Серик Ахметович
Батыс Қазақстан жоғары
инженерлік-технологиялық
колледжінің директоры,
ветеринария ғылымдарының кандидаты,
ҚР техникалық жәнекәсіптік білім беру ұйымдары
басшыларының Республикалық кеңесінің мүшесі
Кәсіптік білім беру ұйымдары қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында жұмыс жасайтын, сондықтан да қоғамдағы барлық өзгірістер мен
үрдістерге жылдам жауап бере алтын маңызды әлеуметтік институт болып
табылады.
Әлемдік ашықтықтың өсуі мен ұлттық мәдениет, адамдық өркениеттің
дамуының негізгі әлемдік тенденциялары білім беру жүйесінде өзінше, басқаша
түсінілуде. Атап айтқанда, қазіргі жаһандану үрдісінде халықаралық шаруашылық
байланыстар аясының ұлғая түсуі, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысаны
уақыт өткен сайын өз ісін жетік білетін, жан-жақты білімді терең меңгерген
кәсіби мамандарға талапты барған сайын күрделендіріп отыр. Ұлттық білім беру
жүйесі де әлемдік тенденциялардан артта қалмас үшін «әлемдік стандарттарға»
сәйкестендірілуге, кәсіптік білім беруді әмбебаптандыруға ұмтылуда. Түрлі
пікірлер қайшылығына қарамастан, жаһандану объективті шындық ретінде кәсіби
білім берудің ұлттық жүйесінен халықаралық ынтымақтастық қажеттілігін
ескеретін жаңаша мақсаттарға бағдарлануды талап етеді.
Елімізде білім беру саласында бірқатар игілікті істер атқарылды. Заманауи
заңдылық база қабылданды, 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың ірі
мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Оның шынайы жалғасы іспетті
2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
қабылданып, орындалды. Ендігі жерде Қазақстан Республикасында білім беруді
және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында жұмыстанудамыз. Мемлекеттік бағдарламалармен
біршама түбегейлі жаңа тәсілдер енгізілуде, оның басым көпшілігі жалпыжүйелік
және кадрлар даярлаудың барлық деңгейін қамтиды.
Осыдан бірнеше жылдар бұрынғы ЖОО-на енгізілген жаңашылдықтар
бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндеде қолға алынуда.
Кредиттік оқыту технологиясын енгізу мақсатында он жыл бұрын Қазақстан Орта
Азия мемлекеттерінің ішінен алғашқы болып Еуропалық жоғары білім аймағына
кіріп Боллон процесінің қатысушы болса, бүгінгі күні ТжКБ білім беру
бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда жаңа тәсілдер әзірленіп, Қазақстан
Турин процесінің қатысушысы болды. Бұл ТжКБ жүйесін дамытудың және
жандандырудың нақты қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасындағы басты мақсаттардың бірі: «Қоғамның және экономиканың
индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және
3
кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру» делінген
болса,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №
988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының 5-ші міндеті «Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік
ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен
үздіксіздігін қамтамасыз ету» депайқындалғаны өздеріңізге мәлім.
Кәсіптік білім беруді үздізсіздігін қамтамасыз ету жолдарының бірі –
жоғары білім мен техникалық және кәсіптік білімді интеграциялау. Жоғары
біліммен сабақтастықты қамтамасыз ету үшін колледждерді кредиттік-модульдік
оқытуға толық көшіру жүзеге асырылуда. Жоғары оқу орындарында, сондай-ақ
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясы
жағдайында қолданылатын академиялық еркіндік білім беру бағдарламаларын
интеграциялау міндеттерін жүзеге асыруға жаңа оң мүмкіндіктер береді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан Мектепке дейінгі білімнен
бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сабақтастығын
қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау бойынша кешенді шаралар қабылданып
жатырғандығы өздеріңізге мәлім. Сондай шаралардың бірі ЖОО мен КОЛЛЕДЖ
оқу жоспарларын/бағдарламаларын интеграциялау және ECVET методологиясын
қолдану.
Осы бағытта өткен жылдан бастап Жоғары инженерлік-технологиялық
колледжі Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен
бірлесіп білім беру бағдарламаларын деңгейаралық интерациялау түрін қолданып
ОЖЖ жасақтап, ECVET методологиясын қолдану арқылы біздің колледж
түлектері 3 жылдың орнына 2ж.6 ай оқитын болды. Яғни екі деңгейдегі оқу
бағдарламаларын зерделеу арқылы қайталанатын пәндердің санын қысқартып,
колледжде оқытылған пәндердің сағаты есептеліп, жоғары оқу орындарының
кейбір оқу бағдарламаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді және
әлеуметтік серіктестердің ұсыныстары да ескерілді. Бұл нені береді: қазіргі
уақытта ең қажетті -1) Оқу мерзімі қысқарды; 2) Қаржысы үнемделді. Алдағы
уақытта колледждедің кредиттік-модульдік оқу форматына ауысуымызға және
толық академиялық еркіндік берілуіне, біліктіліктердің нақты оқу мерзімін оқу
орнының анықтауына байланысты оқу мерзімін қысқарту бойынша ОЖЖ одан әрі
қарай интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Яғни 2+2=3-4 біліктілік
бағдарламасын жүзеге асыру көзделуде. Бұл жерде оқу мерзімін қысқартумен
қатар даярланатын мамандардың сапасына да көңіл бөлу қажет. Осы бағытта
кәзіргі таңда оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында жұмыс
берушілермен тығыз жұмыстар жүргізілуде, яғни оларға алдағы 3-5 жылдықта
қандай мамандар керек, олар қандай құзыреттіліктерді меңгеру керектігі
анықталуда.
Колледждер академиялық еркіндікті пайдалана отырып білім беру
бағдарламаларын жұмыс берушілердің сұранысына қарай бағыттау, жоғары оқу
орнымен интеграциялауға сәйкестендіру мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.
Осылайша, жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын дайындаудың
икемділігі артады.
Академиялық еркіндік – заманауи білім берудің және сапалы кәсіби
дайындықтың маңызды шарты. Себебі, еркіндік арқылы интеграциялауға болады.
4
Кәсіптік білім беру деңгейлерінің білім беру бағдарламаларын интеграциялау –
қазіргі заманғы білім беруді дамытудың маңызды қағидасы. Өз кезегінде әр оқу
орны барынша студентті қызықтыра алатын, өндіріс талабына сай бағдарлама
жасауға тырысады. Бұл оқу орындары арасында бәсекені күшейтеді, бәсеке білім
сапасын арттырады. Осылайша, үздіксіз туындайдын себеп-салдардың
нәтижесінде ең басты мақсат – еңбек нарығының сұранысына жауап беретін
алатын, бәсеге қабілетті, сапалы білімді мамандар даярлап шығарамыз. Ал
білімнің жоғары сапасы, дамуы - елдің болашақтағы экономикалық өрлеуіне тірек
болатын платформа болып табылады.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК
СҮЙЕМЕЛДЕУ
Исаханова Шынар Қабиқызы
«Алматы облысының білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің облыстық
білім беруді дамыту оқу-әдістемелік
орталығының техникалық және
кәсіптікбөлім басшысы
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 20202025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы техникалық және кәсіптік
білімнің заман ағымына сай жаңа бағытта дамудың, кәсіпорынға енгізілген
жаңашылдықтарға сәйкес тез өзгеру мен бейімделудің алғышарттарын ұсынғаны
баршаға аян. Өткен және биылғы оқу жылында техникалық және кәсіптік білім
мекемелеріне қашықтықтан оқытудың барлық мүмкіндіктерін кеңінен
пайдаланып, сапалы біліммен қамтамасыз етуді талап етті. Бастапқы кезең ІТ
құзыреттілігін толық қалыптастыра алмаған оқытушылар үшін үлкен қиындық
туындатқаны рас. Осы орайда, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік
орталығы кедергілерді дер кезінде түзетудің жолдарын іс-тәжірибе алмасу
шаралары арқылы жүзеге асырды. Өткен оқу жылында 4 аймақтық, 35 облыстық,
5 өңіраралық, 16 республикалық, 7 Халықаралық вебинарлар ұйымдастырылып,
5843 инженер-педагогті қамтыған шарада 331 инженер-педагог тәжірибе
таратты. Ұйымдастырылған шараларға жоғарғы оқу орындары: М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті, І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университеті,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Х. Досмухамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасының көркем
академиясы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Ресей, Туркия,
Украина, Белоруссия, Қырғызстан мемлекеттері, «Бөбек» ҰБО, Талдықорған
қаласындағы «НЗМ» Педагогикалық шеберлік орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер
палатасы, Көркемсурет галереясы және әлеуметтік серіктестертартылды.
Республикалық, халықаралық вебинарларды педагогикалық, қызмет
көрсету,ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық, медициналық, гуманитарлық,
машина технологиясы және жабдықтау Автокөліктерге қызмет көрсету және
жөндеу, Слесарлық іс, Дизайн, кітапхана ісі мамандықтары бойынша
5
Павлодар,Түркістан, Ақмола, Орал, Көкшетау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда,
Өскемен, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Тараз, Алматы, Шымкент,
Семей қалаларындағы кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесе өткізіп,
тәжірибенің жаңа алаңын қалыптастырдық.
Биылғы оқу жылында колледждер әдістемелік күн, онкүндік, тақырыптық
вебинар секілді шараларын әлеуметтік серіктестермен, жоғарғы оқу
орындарындағы ғалымдармен, зияткерлік мектептермен, тренерлермен бірлескен
іс-шараларды ұйымдастырып, оқу үрдісіндегі кедергілерді түзету мен
жетілдірудің жолдарын айқындады.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында жыл бойы
біліктілікті арттыру курстары да үздіксіз жүргізілді. Нәтижесінде 1586 инженерпедагог сандық білім беру ресурстары негізінде біліктілігін жетілдірді.
(Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалынан - 933,
«Талап» КЕАО-560, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан- 50, басқа
мекемелерден-8).
Бүгінгі күні педагогтер біліктілікті арттыру курстарынан алған білімдерін
тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. «LEANIS» интерактивті платформасын,
Jamboord, Plickers, Goodle doc, Quizlet, Learningapps, Python, «Electude», «Salon
Styler Pro» бағдарламаларын оқытушыларымыз күнделікті сабақта қолданып
отыр. Бүгінгі вебинарда 36 әріптесім озық тәжірибенің мүмкіндіктерімен бөліседі.
Тиімділігі мол тәжірибені насихаттау бағытында облыстық білім беруді
дамыту оқу-әдістемелік орталығы әлеуметтік желілердегі ашықтықты қамтамасыз
етті.YouTube каналымызға 20,1 мың адам жазылған. 502 359 қаралымы бар. 682
бейнесабақ жарияланған және сабақтарды жариялау үрдісі жыл соңына дейін
жалғасады. Республикалық (aitube каналында -100, YouTube каналында - 400,
«Talap» КЕАО сайтына - 400 сабақ жарияланған). Сондай-ақ, Facebook,телеграмм
бот парақшаларында оқытушыларымыздың үздік жұмыстары барынша
жарияланып отыр.
Ағымдағы оқу жылындаколледждер 8 автоматтандырылған ақпараттық
жүйе арқылы білім беріп отыр. («Platonus» - 34, «Google Classroom» - 6,
«EduPage» - 20, «Paragraph Bilim» - 4, «Moodle» - 1, «edus» - 2, «Quizlet» - 1) Үй
жағдайында компьютер және интернет желісімен педагогтер 100%,
студенттер 100% қамтылған.
Педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, озық педагогикалық
тәжірибені тарату, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, білім сапасын арттыру
мақсатында құрылған 5 ассоциация(«Жалын», «Жігер», «Педагогикалық
қауымдастық», «Серпін», «Тамақтандыруды ұйымдастыру»), 2 жоба,2 семинар,
2 конференция, 14 вебинар, 10 кәсіби байқау және ашық сабақ секілді шаралар
ашық тәжірибе алаңын арттырудың барлық мүмкіндіктеріне ықпал етеді. Ал
тәжірибедегі кедергіні анықтау жұмыстары мониторинглеу, өзара сабаққа қатысу
шаралары негізінде жүргізілуде. Облыстық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан
ұйымдастырылған жұмыстар педагогтердің шығармашылық тұрғыдан дамуына
әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетеді. Аз уақыт аралығында ізденісін ізгілікке
айналдырған оқытушыларымыз заман талабынан қалыспай, жаңалықтың
6
жаршысын тәжірибеден өткеріп отырған шығармашылық еңбектері мақтанышқа
тұрарлық.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
ҚҰРАЛДАРЫ
Несипбаева Арай Амангалиевна
Талдықорған сервис және
технология
колледжінің арнайы пәндер
оқытушысы
Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам,
қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын
іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың
негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар:
онлайн (синхрондық),
оффлайн (асинхрондық)
кең таралған үшінші түрі вебинар
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен
ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта оқытушы экранын көру арқылы
оқытуды ұйымдастыру формасы.
Интербелсенді оқу көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттерді, мысалы,
бірлескен жұмыстар, жеке, жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның зерттеу
жұмыстары, рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау,
шығармашылық жұмыстар т.б арқылы жүзеге асады.
Ағылшын тілінен аударғанда «inter» -«өзара», «act» -«әрекет жасау» дегенді
білдіреді. Яғни интербелсенді әдістер үйретуші мен үйренушілердің өзара
әрекеттесуін оқу негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын
әдістер.
7
Интербелсенді оқытудың бірнеше белсенді әдіс-тәсілдері бар. Интербелсенді
оқытуды пайдалану кезінде оқытушы дайын білімді бермейді, ол тек оқушыларды
бағыттайды, өз бетімен ізденуге үйретеді, проблеманы айқындай алу, оны шешу
жолдарын қарастыра білу қабілеттерін дамытуды көздейді. Яғни, интербелсенді
оқу білімді өздігімен игеруге негізделеді.
«Үйрену арқылы ғана білімді меңгеру ықтимал» деген қағиданы ұстанады.
«Padlet» web-сервисі.ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Ғылымды дамытпайынша,
оның саласын, атап айтқанда педагогикалық ғылымды жетілдірмейінше, жаңа
инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізбейінше біздің экономикалық
өркендеуіміз, рухани және мәдени түрленуіміз мүмкін болмайтыны
анық.Сондықтан да, қазіргі таңда сабақтарымызды қызықты және танымды
қылып өткізу өте маңызды.
Мен осы шебер сыныбында «Padlet» қарапайым және сонымен қатар бізбен
сіздің жұмысымызда әмбебап құрал болып табылатын виртуальды тақтасының
сабақтарда тиімді қолдануға болатыны туралы айтқым келіп отыр.
Padlet онлайн қызметі сіз немесе кез келген адам өз қолтаңбаңызды қалдыра
алатын, суретті тіркей алатын, файлды немесе хабарландыруды орналастыра
алатын қалалық қабырғаның тікелей сандық ұрпағы болып табылады. Белгілі бір
тақырып бойынша материалдарды ортақ жинау үшін тақтаны пайдалануға
болады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан жоғалмайды.
(Суретте өзімнің күнделікті сабақта қолданып жүрген Padlet онлайн тақтам)
Сервис толығымен тегін, орыс тілінде және жасалатын беттер мен
қатысушы пайдаланушылардың санына ешқандай шектеулер жоқ.
Padlet – виртуалды тақтасын арнайы пән сабақтарында қолдану мүмкіндігі
көп. Қолдану мүмкіндіктерінің кейбіріне тоқталып өтетін болсам:
1. Padlet- те кез-келген уақытта қарау үшін қол жетімді болатын виртуалды
тақта материалдарына жүктеу арқылы құжат сақтау жүйесі ретінде пайдалануға
8
ыңғайлы:
2. Padlet- тақтасын жасау тәуелсіз тапсырма болуы мүмкін. Білім алушылар
қалаулары бойынша таңдау жасай алады- презентация, интерактивті плакат, жад
картасын немесе падлет тақтасын жасау. Алынған виртуалды тақтаны сайтқа
енгізуге болады:
3. Белгілі бір тақырып бойынша материалдарды бірлесіп жинау үшін виртуалды
тақтаны пайдалануға болады. Білім алушылар бір уақытта топпен жұмыс жасай
алады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан жоғалмайды;
4. Хабарландырулар мен маңызды ақпаратты орналастыра алатын топ үшін хабар
тақтасы ретінде;
5.
Тақырып бойынша қосымша материалдарды қалай жазуға болады?
Мақалаларға, суреттерге және нұсқаулық бейнелерге сілтеме жасайтын
виртуалдытақтаны жасаңыз және сілтемені бөлісіңіз. Мұндай басқарма
тақырыпты тереңірек зерттеуді қалайтындарға және сабақты
өткізіп
жібергендерге қызықты болады;
6. Қазіргі уақытта оқушылардан кері байланыс алуға, олар өздерінің әсерлері
мен идеяларын ортақ пайдалану үшін виртуалды тақтаны пайдалануды сұраңыз;
«LearningApps» интербелсенді тапсырмалар дайындау қосымшасы.
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу
үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады. Солардың
бірі оқушылардың өз бетінше жұмыстануына және өз жетістігін бағалауға
негізделген LearningApps сервисі.
LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік
қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру
процесін қолдау үшін арналған сервис деп есептеймін.
LearningApps сервисі білім алушылардың оқуын өз бетінше дамыту және
қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және білім алушы мен оқытушы
арасында кері байланыс бере алатын негізгі құрал болып табылады.
Сервердің
ерекшелігі,
пайдаланушылар
жасаған
барлық тапсырмалар галереяда
жиналған және жалпыға қол
жетімді
болып
табылады.
Іздестіруге оңай болу үшін
барлық
интерактивті
тапсырмалар санат бойынша
топтастырылған
(пәндер
бойынша).
Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына қарай да топтастырылған
тапсырмаларды таңдап алуға, дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де
9
пайдалануға мүмкіндігі бар.Жеке материалдарды жасау және сақтау қарапайым
тіркеуден өткен соң ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, өз материалдарын жасай
отырып, пайдаланушы оларды жеке қолдану және жалпы пайдалану үшін сақтай
алады.
Интербелсенді онлайн «Google Jamboard» тақтасы Оқу процесінде
компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің
пайда болуына, оның ұйымдастыру түріне әкеледі. Білім беруді ақпараттандыру
барысында дидактикалық және оқыту құралы болып табылатын компьютер.
Бүгінгі келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны
– интерактивті тақталар – педагогтардың оқыту үрдісін көрнекі, анық етеді,
сондай-ақ, кері байланысты сапалы жүзеге асырады.
Google Jamboard онлайн-тақтасында жазуға, стикерлерді бекітуге және
суреттерді қолдануға болады. Онымен қоса, барлық жазылғанды pdf және png
форматында сақтап алуға болады.
Рефлекция үшін қолдану өте тиімді.
Интерактивті тақтамен жұмыс
істеудің
оқытушы
үшін
артықшылығы:
Кез-келген
қосымшалардың
үстіне сурет салуға және жазба
жазуға мүмкіндік береді;
Артық уақыт, күш-жігер
жұмсамай тақтадағы кескінді,
сабақ
уақытында
жасалған
жазбаларды
сақтауға
және
баспаға
беруге,
және
материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;
Оқытушыларды оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке
ынталандырады;
Студенттер үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:
Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;
Студенттерді ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға
үйретеді;
Студенттер ақпараттық мәдениетке тәрбиеленеді;
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы жаңа өзгерістер
енгізді.
Өркениет жоғары жылдамдықпен ең шешуші рөлді табиғи ресурс пен
энергия ғана емес, ақпарат және ғылыми білім шешетін ақпараттық қоғамға
жылжып келеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі ақпараттық және коммуникативтік
10
технологиялардың дамуы мен ақпараттық қоғамның қалыптасу дәуірінде
қоғамның кез-келген мүшелері әлеуметтік ортада еркін және икемді
қоммуникативтік қатынастарға түссе, ақпараттық құралдардың көмегімен әр түрлі
іс-әрекеттерді орындау қажеттілігі аясында бірнеше базалық түсініктердің
қалыптасып жетілу үстінде екендігі байқалады.
№1 секция
ТЕХНИКАЛЫҚЖӘНЕКӘСІПТІКБІЛІМБЕРУДЕГІЖАҢАШЫЛДЫҚ(жоба
лықжұмыстар,жаңатехнологиялар,баллдық-рейтінгтік бағалаужүйесіт.б.)
БІЛІМАЛУШЫНЫҢЗИЯТКЕРЛІК,РУХАНИАДАМГЕРШІЛІКДАМУЫНҚАМТАМАСЫЗЕТУЖОЛДАРЫ
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ
ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Болатбекова Карлығаш Садыковна
химия және биология пәнінің
оқытушысы,педагогика магистрі
№2 АМГПК, Алматы,Қазақстан
Түйін: Жаңартылған білім мазмұнының талаптарына сай жаңа әдіс-тәсілдерді
биология сабақтарында қолданудың тиімділігі.
Тірек сөздер:Кластер, Фишбоун, «Венн диаграммасы», «Инсерт»кестесі, «Табыс»
рефлексиясы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі дескрипторы, критериалды бағалау,
болжау әдісі, топтастыру стратегиясы.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің
қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру
кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты
ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің
білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы- заман талабына
сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Қай елдін
болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім
жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың
болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
11
Сондықтан, жаратылыстану пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы
оқу мақсаттары білімалушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей
білуді талап етеді.
Осы орайда биология пәнінен «Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің
әдістері» тақырыбында өткізілген ашық сабағымды баяндаймын.Қолданылған
әдіс-тәсілдер білімалушыларды ойлануға, ізденуге, саралауға, талдауға,
қорытынды жасауға бағытталды.
«Болжау» әдісі бойынша бейнефильм арқылы алдыңғы өткен тақырыпты
еске түсірді, әрі проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып , өз ойларын
түйіндеді. Бұл сабақтағы тағы бір ерекшелік жаңа сабақ «Топтастыру»
стратегиясын қолданып, топқа жіктелу тұқым қуалаушылықты зерттеу әдістері
арқылы бөлініп, өз таңдауларымен 1-топ Генеалогиялық әдіс «Кластер; 2-топ:
Егіздік әдіс «Фишбоун», 3-топ: Цитогенетикалық және Биохимиялық әдістер
«Венн диаграммасы» 4-топ; Популяциялық және Гендік дактилоскопиялық
әдістері «Инсерт» кестесін қолдану арқылы, постерлерін қорғау жұмыстарында
тақырып мазмұнын, мәні мен ерекшеліктерін толық ашып көрсетете білді.
«Ой толғаныс» кезеңінде: алынған теориялық білімдерін, практикалық жұмыстар
–деңгейлік тапсырмалар (I-IV) деңгейде:1-деңгей «Семантикалық» карта; 2деңгей «Графикалық диктант» дұрыс жауабы: «ИЯ» немесе «ЖОҚ» әдісі; 3деңгей Генетикалық есептер «Мәселені шешу» әдісі; 4-деңгей «Еркін жазу» әдісі
бойынша орындалды.
Орындалған жұмыстар нәтижесі: Критериалды бағалау жүйесі бойынша
жеке, жұптық, топтық, ұжымдық формада бағалау шкаласында көрсетілген ұпай
сандары арқылы бағаланды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы Каһоот викториналық –
ойын тестпен білімдері қорытындыланып, Рефлексия (кері байланыс) «Мен
білемін», «Мен түсінемін», «Мен жасай аламын» сатыларынан тұратын «Табыс
баспалдағына» стикерлерлерді жапсыру арқылы, өз ойларын, ұтымды
тұжырымдарынайта білді.
Сабақ жоспары
Пән атауы
Биология
Оқытушы
Қ.С. Болатбекова
Мамандық
Біліктілік
Сабақтың
тақырыбы
Сабақ
мақсаттары
0105000 «Бастауыш білім беру»
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
$30. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері
1) Білімділік:Адам
генетикасының ерекшеліктерімен,
зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастырып, білім
беру.Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар
мен ауытқуларды толық ажырата білу.
2) Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерін қолдану (
оқулық, мәтін, сурет және слайд ) арқылы, ойларын
12
салыстыру, анализдеу және қорытындылау қабілеттерін
дамыту.
3)Тәрбиелік: Топпен жұмыс кезінде білімалушылар
арасында ұйымшылдық пен сыйласымдықты ояту. Өз
ата-тектерін құрметтеуге және шежірелік картаны дұрыс
құра білуге тәрбиелеу.
Табысқа
жету Барлық білімалушылар: Адам тұқым қуалаушылығын
критерийі
зерттеудің негізгі әдістерін біледі.
Білімалушылардың басым бөлігі: зерттеу әдістерінің
ерекшеліктерін түсіне отырып, салыстырады, талдайды,
тұқым қуалайтын ауруларға есептер шығара алады;
Кейбір білімалушылар: Шежірелік картаны дұрыс құра
біледі, тәжірибеде қолданады.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Қолданатын
әдістер
Сабақты
ұйымдастыру
түрлері
Қолданатын
технологиялар
Пәнаралық
байланыс
Өндірістік оқумен
байланыс
Оқу
және
әдістемелік
әдебиеттер,
интернет
ресурстары
Сабақ барысы
Сабақ
Белсенді әдістер: болжау; проблемалық сұрақтар; миға
шабуыл; семантикалық карта; графикалық диктант«ия»
н/се «жоқ», мәселені шешу әдістері; смайликтер.
интербелсенді әдістер: топтастыру тәсілі; топпен жұмыс;
екі жұлдыз бір тілек; кластер; инсерт, қос жазбалы
күнделік; фишбоун; венн диаграмммасы; бейнефильм;
табыс сатысы.
Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар.
АКТ және СТО технологиялары, НЗМ- нің оқу
бағдарламаласы. деңгейлері
Қазақ тілі, әдебиет, анатомия, медицина,
математика
тарих,
Қосымша материалдармен жұмыс. Кәсіби бағдар
1.А.Сартаев, М.Гильманов «Жалпы биология» 10сынып,
Алматы «Мектеп» 2010ж. Гугл интернет материалдары
2.«Биология және салауаттылық негізі» ғылымипедагогикалық журнал;
№1-6; 2010-2012ж
3. Асанов Н.Г.,Соловьева А.Р. А 90 Биология: Жалпы
білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. –
Алматы:Атамұра,2014. -224бет.
4. Т.Л.Богданова, Е.А.Солодова «Биология» справочник;
М-2012г.
5. Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут «Биология2»; 2004г.
Жоспарланған іс-әрекет
13
Ресурстар
кезеңдері /
жоспарланған
уақыт
I. Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу
2. Топтағы білімалушыларды түгендеу.
кезеңі /2мин
3. Білімалушылардың көңілін сабаққа
бейімдеу, ыңғайлау.
4) «5Т» ережесін сақтау:
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
II. Білімнің
1.Қызығушылықты
ояту.«Болжау»
өзектілігі /10мин. әдісі
Білу
«Хромосомалық аурулар» бейнефильмі
арқылы ой шақыру.
(Өтілген материалды пысықтау).
Проблемалық сұрақтар:
--- Аутосомдар, жынысты хромосомалар
дегеніміз не? Жауабы: адамның дене
жасушаларында 46 хромосома бар,
немесе олар 23жұп түзеді. Олардың 44
хромосомасы (22жұбы) еркектерде де,
әйелдерде де мөлшері мен қызметі
жағынан бірдей ұқсас болып келеді.
Оларды аутосомалар деп атайды. Ал 23ші жұпты жыныстық хромосомалар
деп атайды.
--- Ағзаның жынысы қалай анықталған?
Ол неге байланысты?
Жауабы: Ағзаның жынысы ұрықтану
кезінде анықталған, ол хромосомалар
жиынтығына,
яғни
кариотипіне
байланысты.
--- Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген
не? Оны кім ашқан?
Жауабы:
Белгілердің жыныстық хромосомалары
(Х және У) арқылы ұрпақтан-ұрпаққа
берілуін жыныспен тіркес тұқым қуалау
дейміз. Оны ең алғаш Т.Морган зерттеп
ашты.
---. Гомозиготалы және гетерозиготалы
ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).
Жауабы: Адам мен жануарлардың
хромосома жиынтығында аутосомалық
14
Интерактив
ті тақта.
презентация
Интерактивті
тақта,
Интерактивті
тақта,
презентация,
Формативті
бағалау
смайликтер
мен
Жарайсың
Жақсы
Талаптан
хромосомалармен
қатар
жыныстық
хромосомалар да болады. Аналық
жыныстық хромосомалар гомозиготалы,
яғни ХХ, ал аталық жыныстық
хромосомалар гетерозиготалы ХУ болып
келеді.
5. Логикалық есеп.
Шешесі сау (ХНХН) гомозиготалы, әкесі
гемофилиямен
ауыратын
(Хһ
У)
отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Жауабы:
Жаңа
тақырыпты
түсіну /10мин.
Білімалушылар
бейнефильмді
көре
отырып, тұқым қуалайтын аурулар
жынысты хромосомалар арқылы атаанасынан ұрпақтарына беріледі деп - өз
ойларын түйіндеді.
Оқытушының сөзі:
Өздерің айтып өткендей хромосомалар
арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады,
осы аурулар тұқым қуалайды дедік.
Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана
емес, сол сияқты адамзат бойындағы
дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан
ұрпаққа таратып осы өмірге дейін
жетелеп келген.
«Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі» деп
қазақ
аталарымыз айтқандай, атаның жолын
қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы
қасиеттерді қайталар еді. осыған орай
адам генетикасын бастай отырып, адам
да өз алдына бір биологиялық тұлға
екенін ескереміз. Соңғы жылдары
адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу
кеңінен бет алған және түрлі әдістер
қолдана бастаған.
15
Тақта,
Концептуал
ды карта
А-3 қағазы,
түрлі-түсті
маркерлер,
Олай болса, адам генетикасын зерттеуге
арналған
«Топтастыру» жасаймыз.
Генеалогиялық әдіс;
Биохимиялық әдіс
Егіздік әдіс;
Адам генетикасы әдістері:
Популяциялық
Цитогенетикалық
Дактилоскопиялық
әдіс
III.Қолдану аясы
/20мин
Гендік
«Мағынаны тану»
Сабақтың
тақырыбы:
Адамның
тұқымқуалауын зерттеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Генетикада
адамның
тұқым
қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік
беретін
әдістер
жайлы
түсінік
қалыптастырып,
білім
беру.
Хромосомалар
арқылы
тұқым
қуалайтын аурулар мен ауытқуларды
толық ажырата білу.
Ойларын
салыстыруға,анализдеуге,
жалпылауға және
қорытындылауға
үйрету.
Топпен жұмыс кезінде білімалушылар
арасында
ұйымшылдықты
және
сыйласымдықты ояту. Өз ата-тектерін
құрметтеуге
және
шежірелік
карталарды
дұрыс
құра
білуге
тәрбиелеу.
Жетістік критерийлері
Адам
тұқым
қуалаушылығын
зерттеудің негізгі әдістерін біледі.
зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін
түсіне отырып, модель құрастырады,
салыстырады,
талдайды,
тұқым
қуалайтын ауруларға есептер шығара
алады;
Шежірелік картаны дұрыс құра біледі,
тәжірибеде қолданады.
Топтар жіктеледі:
16
Презентаци
я
Сабақтың
тақырыбы,
мақсаты
хабарланады.
А-3формат
қағаз
Түрлі-түсті
стикерлер,
маркерлер
Дидакт.
материалдар
Деңг.
Тапсырмалар
1- топ
Модель құрастырушылар
–
Генеалогиялық әдіс (Кластер)
2- топ
Ізденушілер:
Егіздік
әдіс
(Фишбоун)
3- топ
Салыстырушылар:
IV. Бекіту /25мин. Цитогенетикалық - Биохимиялық әдістер
(Венн диаграммасы)
4- топ Талдаушылар:Популяциялық –
Гендік дактилоскопиялық әдістер
«Инсерт»;
2.Топтық
жұмыс.(білімалушылар
тақырып бойынша оқып, жұппен, топпен
бөліседі, және ұжымда постер қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы
топтық жұмыстарға талдау жасалынады.
1—топ
2-топты;
2 – топ
3-топты;
3 –топ
4-топты
4-топ
1-топты бағалайды.
1.Оқулықпен жұмыс:
-Мәтінді оқу.
2. Постермен жұмыс, және оны қорғау.
«Ой толғаныс» IV. Жаңа сабақты
бекіту
Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
I- деңгей (жеке жұмыс)
«Семантикалық
кесте»
Адамда
кездесетін тұқым қуалайтын ауруларды
анықтау.
II- деңгей
«Графикалық диктант»
«ИЯ» не/се
«ЖОҚ» (жұппен жұмыс)
III- деңгей (топпен, жеке жұмыс)
Тақтамен жұмыс.«Мәселені шешу»
әдісі
1.Есеп «Жыныспен тіркесіп тұқым
қуалайтын
аурулар»
«Дальтонизм»
ауруын анықтау.
2-4-Есеп «Қан топтарын анықтауға
арналған»
IV- деңгей
«Еркін жазу» Қазіргі таңдағы адамдарда
кең тараған тұқым қуалайтын аурулар»
(дарынды баламен жұмыс)
Бұл жұмыста : I–
деңгейі мах – «2балл»;
17
«Екі
жұлдыз, бір
тілек»әдісі
дескриптор
ы
Дарынды
баламен
жұмыс
Критериалд
ы бағалау
Мах.
балл/12
II- деңгейі мах – «3балл»;
III –деңгейі мах – «3балл»
IV - деңгей мах – «4баллдық» жүйемен
бағаланады.
Бағалау критерийлері, дескрипторлармен
бағалау парақшасында көрсетіледі.
Білімалушылар
бағалау
парағына
жинаған ұпайларды есептеп : «Өзін –өзі»
бағалау;
«Өзара» бағалайды.
«Топ спикері» бағалайды.
V.Үй тапсырмасы VI. Үйге тапсырма беру §30 Адамның
жайлы ақпарат тұқым қуалауын зерттеу. 169-173б.б
/1мин.
VI.Сабақты
1. Миға
шабуыл
әдісі
«Каһоот»
қорытындылау
викториналық ойыны арқылы тестік
/7мин.
сұрақтармен қортындылау.
Бағалау /10мин.
2. Бағалау парағымен жұмыс
Топ спикері (жетекшісі) топ мүшелерін
бағалайды
VII.
Рефлексия «Табыс сатысы» әдісі:
/5мин.
Бағалау
критерийі:
«5»- 12ұп≥
«4»- 9- 7ұп
«3» - 8- 6ұп
Стикер
Рефлексия.
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының
суреті сатының
1 - баспалдағы
Мен ..............БІЛЕМІН
2-баспалдағы
Мен ................. ТҮСІНЕМІН*,
3 - баспалдағы
Мен .............ЖАСАЙ АЛАМЫН

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)