каспий теңізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

каспий теңізі

Материал туралы қысқаша түсінік
рварывооывпвкр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Каспий жағалауындағы мемлекеттер

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруа-шылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізі-нің деңгейі жел-қума-желбөгет құбышыстарының нөтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жүмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайтКаспий –болашақ. Болашақ -ұрпаққа аманат туралы қазақша реферат

Каспий теңізі – ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су қоймасы , ол ешқандай әлемдік мұхиттармен жалғаспаған. Көлемі 398000 км. Ол Еуразияның ішкі жағында орналасқан, табиғаттың керемет жаратылысы болып табылады.Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды. . Каспийге шығыс жақтан Маңғыстау, Түпқараған, Бозаншы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтарда көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңғыстау мен Қазақ шығанақтары бар. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан.
Жазда Каспий теңіздің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде бірдей: шілденің орташа температурасы +24 +26 C. Қыста температура өзгеше. Солтүстікте қыс қатты. Қаңтар айының орташа температурасы ¬¬- 7 - 11 C. Орта бөлігінде +1+5 C, ал оңтүстікте +8+10 C. Қаңтардың ең төменгі температурасы - 38C - қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық еңдікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді.
Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
978
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі