Материалдар / Kazakhstan language
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Kazakhstan language

Материал туралы қысқаша түсінік
Британдық және американдық ағылшын тілі арасында бірнеше грамматикалық айырмашылықтар бар. Бірақ үлкен айырмашылық - екпінде. Дегенмен, Ұлыбританияда немесе АҚШ-тағы ағылшын тілі мүлде қиындық тудырмайды. Ағылшын тілі соншалықты көп болғандықтан, бұл тілді үйренушілер үшін қиын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2021
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рахатова Аяжан 29 топ

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті (1991-2020 ж.ж.)


Бақылау сұрақтары:

1.Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері?

Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері: М.Жұмабаев («Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т.б. поэмалары, «Шолпанның күнәсі» прозалық шығармасы, «Педагогика» оқулығы т.б.), Ж. Аймауытов («Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» т.б. ірі ғылыми еңбектері ), М.Әуезов («Абай жолы» роман-эпопиясы, «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде» т.б. әңгімелері, «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі, «Қилы заман» романы, «Хан Кене» пьесасы т.б.), І.Жансүгіров ("Күй", "Күйші», "Құлагер" т.б. поэмалары), С.Сейфуллин ("Советстан", "Көкшетау", "Альбатрос", "Социалистан", "Қызыл ат" поэмалары, "Жер қазғандар", "Айша", "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда", "Жемістер" повестері, "Тар жол, тайғақ кешу" романы "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драмалары т.б.), Б.Майлин («Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары, «Шұғаның белгісі»,«Берен» повесі, Ал «Азамат Азаматыч», «Қоңсылар», «Тартыс» романдары, «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Талтаңбайдың тәртібі», «Жасырын жиылыс», «Шұға», «Майдан», «Жалбыр», «Амангелді», тағы басқа драмалық шығармалары т.б. ), С.Мұқанов («Жұмбақ жалау», «Менің мектептерім», «Балуан Шолақ», «Сұлушаш», «Сырдария», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары», романдары т.б.), Ғ.Мүсірепов (“Қазақ солдаты”, “Оянған өлке”, “Жат қолында”, «Ұлпан» романдары “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі, “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан сері – Ақтоқты” пьесалары т.б., Ғ.Мұстафин (“Шығанақ”, “Миллионер” повесін, “Қарағанды”, “Дауылдан кейін”, “Көз көрген” романдары т.б.) т.б.

2.Кеңестік кезеңдегі қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері?

1920-1930 жылдары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері: Николай Хлудов, Әбілхан Қастеев («Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы», Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері, «Амангелді Иманов» портреті т.б.), Николай Крутильников, Әбілхан Ысмайлов ( «Хан тәңірі», «Жуалы кеңістігінде», «Құртоғай», «Қорқыт-ата», «Абай достарымен бірге», «Жейрендер алқабында»).

1960-1980 жылдары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері: Қ.Телжанов («Жамал», “Атамекен”, “Домбыра әуендері”, “Көкпар”, “Тыныштық”), С.Мәмбеев («Сұхбат”, “Тауда”, “Киіз үйде”, “Терезе алдындағы қыз”, “Көктем” т.б.), М.Кенбаев (“Әліби Жангелдиннің отряды”, “Шопан әні”, “Әңгіме үстінде”, “Киіз басу”, “Сабан той», “Тұскиіз” триптихы, “Қашағанды қуу” т.б.), А.Ғалымбаева ("Батыр ана", "Ежелгі керамика", "Бейбітшілік" триптихы, "Жердің сыйы", "Береке" т.б.), Хакімжан Наурызбаев, Сахи Романов, Нағымбек Нұрмұхамедов, Үкі Әжиев, Камиль Шаяхметов, Әлі Жүсіпов т.б.

80 – 90-жылдары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері: еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленгендер – Амандос Ақанаев, Еркін Мергенов, Дулат Әлиев, Ерболат Төлепбаев, Бексейіт Түлкиев, Жұбаныш Аралбаев, т.б. және қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелеген суретшілер – Мағауия Аманжолов, Ануарбек Нақысбеков, Қадырбек Каметов, Ескен Сергебаев, А.Қорғанбаев, Темірхан Ордабеков, Ағымсалы Дүзелханов, т.б.

3.Кеңестік кезеңдегі қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілдері?

Қазақ музыка өнерінің дамуына үлес қосқан көрнекті өкілдері - Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди, Еркеғали Рахмадиев, Ғазиза Жұбанова, Құдыс Қожамияров, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Әсет Бейсеуов, Мұқан Төлебаев т.б және орындаушылар Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Ришат Абдулин, Әнуарбек Үмбетбаев, Байғали Досымжанов, Роза Жаманова, Әлібек Дінішев т.б.

4.Кеңестік кезеңдегі қазақ театр өнерінің көрнекті өкілдері?

Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілдері: Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, К.Қармысов, Ш.Айманов, С.Майқанова, Қ.Бөкеева, Ы.Ноғайбаев, А.Әшімов, Ш.Жандарбекова т.б.

5.Кеңестік кезеңдегі қазақ кино өнерінің көрнекті өкілдері?

Кино өнерінің көрнекті өкілдері – режисерлер Ш.Айманов («Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште» т.б.), А.Қарсақбаев ("Менің атым Қожа", "Алты жасар Алпамыс", "Балалық шақтың кермек дәмі» т.б.), С.Қожықов («Шыңдағы шынар», «Қыз Жібек»), М.Бегалин («Бұл шұғылада болған еді", "Түлпардың ізі", Ш.Уәлиханов туралы "Оның күні туады", Б.Момышүлы жайында "Артымызда Мәскеу", М.Мәметова туралы "Мәншүк туралы баллада" т.б.), Т.Теменов (“Шаңырақ”, “Қайдасың сен, Чапай?”, “Торо”, “Адамдар арасындағы бөлтірік”, “Қызғыш құс”, “Махаббат бекеті” ) т.б.


Күрделі терминдермен жұмыс:

Тоталитаризм – (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.

Социалистік реализм – кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі шығармашылық көркем әдісі.

Таптық принциптер – қоғамның әлеуметтік таптарға жіктелуі.



Мәдениет қайраткерлері

Шығармалары

1. Мағжан Жұмабаев

«Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» «Шолпанның күнәсі»

2.Қанапия Телжанов


«Жамал», “Атамекен”, “Домбыра әуендері”, “Көкпар”, “Тыныштық

3.Мұқан Төлебаев


«Біржан-Сара», «Тос, мені тос», «Кестелі орамал»

4. Ахмет Жұбанов


«Абай», «Төлеген Тоқтаров»

5.Абдолла Қарсақбаев

("Менің атым Қожа", "Алты жасар Алпамыс", "Балалық шақтың кермек дәмі»

6.Шәкен Айманов


«Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште»


Даналық сөз

4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. М. Жұмабаев

Әртүрлі ұлт адам санасында сол ұлтқа тиесілі тілімен байланысып жатады. Тіл – ұлт үшін өте маңызды құбылыс, онда оның ұлттық ерекшеліктері, яғни мәдениеті, дүниетанымы мен ұлттың сипаты т.б. көрініс табады. Тіл – ұлттың жаны деп айтуға болады, сондықтан оны ешқашан ұмытпау керек. Ал осы жансыз ұлт өмір сүре алмайтыны анық. Ана тілін жоғалтқан ұлт баяу жоғалып, басқа ұлттармен араласа бастайды, сайып келгенде ол мүлде жойылады.


Бейнелеу өнері туындыларын біреуін таңдап, мазмұнына сипаттама бер


Опера өнері


«Біржан — Сара» — М.Төлебаевтың операсы. Либреттосын Қажым Жұмалиев жазған.

Премьерасы 1946 жылы 7 қазанда Қазақ опера және балет театрында (Алматы) өтті. Алғашқы қойылымындағы басты рөльдерді Ә. Үмбетбаев (Біржанды), К. Байсейітова (Сараны) орындады. Реж. Қ.Жандарбеков, дирижері Г.Столяров, суретшісі А. Ненашев болды.


Біржан — Сара” көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне 19 ғ-да өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен оның Сара ақынмен айтысы алынған. Либреттоға ақын өмірі жайлы деректер және Біржан мен Сара айтысындағы сюжеттік оқиғалар арқау болған. Операның драматургиялық желісінде Біржан мен Сараның махаббатын көрсететін лирикалық бағыт пен Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күресті көрсететін (бұл Біржанның әйгілі “Жанбота” әнінен алынған) әлеуметтік бағыт қатар жүріп отырады. Біржан салдың шығармаларындағы еркіндік, намыс, адамгершілік мәселелері бас кейіпкердің прототипіне де, операның бүкіл тақырыптық бағытына да негіз болған. Біржан бейнесі әншінің өз әндері (“Айтбай”, “Жанбота”, “Біржан сал”, “Адасқақ”, т.б.) және М. Төлебаевтың музыкасы арқылы ашылған. Опера ұлттық бояуы қанық, әсерлі лирикалық көріністерге, айшықты мелодияға толы. Операда ұлттық музыкалық формалар (әдет-ғұрыптық фольклор “жар-жар”, сыңсу, жоқтау, әсіресе, ақындар айтысы) өте әдемі әрі орынды қолданылған. 4 актілі опера қақтығысқа толы қарама-қайшы көріністерге (1-актідегі бас кейіпкердің нәзік ғашықтық дуэтіне айналатын әдемі айтыс кенеттен Біржан мен Жанботаның қақтығысы көрінісіне ауысып кетеді. 3-актідегі салтанатты той қарама-қарсы екі жақтың жаңа дауымен үзіліп қалады) құрылған. Опера 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде көрсетілген. “Біржан — Сара” — рухы жағынан қазақтың халықтық эпостарына жақын, шын мәніндегі романтикалық шығарма” деп жазды белгілі музыка зерттеуші В. Виноградов. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді. Айшықты ұлттық бояуы қанық шығарма қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болып табылады. 1959 жылы бұл туынды Башқұрт опера және балет театрында (Уфа қаласы) қойылды.


Сурет-74. М.Төлебаев. «Біржан-Сара» операсы









Қосымша тапсырма Сұрақ жауап



Жаңа кезеңдегі тарих. XIX ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті


  1. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі:


А) еңбек құралдары

2. XIX ғ. Орта шеніне дейін аң аулау кезінде не қолданылды?


Ә) садақ

3. Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйі:


Б) киіз үй

4. Киім-кешектің негізгі материалы:


В) малдың жүні мен терісі

5. Өте кең таралған қысқы киім түрі:


А) тон

6. XIX ғ. Басында өмір сүрген жыраулар:


Ә) Шал, Көтеш, Жанкісі

7. XIX ғ. Музыкалық мәдениетінде кімдер бастаған көтеріліс елеулі із қалдырды?


Б) Исатай мен Махамбет

8. Исатай Таймановқа арналған күй:


В) «Кішкентай»

9. Қазақтардың ең көп таралған қыстық бас киімі:


а) тымақ

10. Бай нақышты үкілі тебетей қалай аталды?


ә) қасаба


Жаңа кезеңдегі тарих. Кенесары Қасымұлы басқарған


Ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847 жж.)


  1. 1837–1847 жж. Болған көтеріліске кім басшылық еткен?


А) Кенесары Қасымұлы

2. Кенесарының сенімді серігі болған кім?


Ә) Наурызбай

3. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс қашан болды?


Б) 1837–1847 жж.

4. Кенесары қашан хан сайланды?


В) 1841 жылы

5. Кенесары көтерілісінің негізгі мақсаты неде?


А) тәуелсіз қазақ хандығын құру

6. Кенесары қозғалысының негізгі қозғаушы күштері кімдер?


Ә) шаруалар

7. Кенесары қазақ хандығын жеке мемлекет ретінде құра алды ма?


Б) хандықты қайта құрды

8. Хан маңындағы кеңесші орган:


В) Хан кеңесі

9. Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бас көтерулері неден басталды?


А) 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан»

10. Егіншілер қандай салық төледі?


Ә) ұшыр



Қосымша тапсырма тест сұрақтары жауаптары


  1. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:


  1. Қ.И.Сәтбаев.


  1. И.М.Губкин.



  1. Н.С.Курнаков.


  1. А.Панкратова.



  1. А.И.Миронов.


Дұрыс жауап: В



  1. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:


    1. 100 мың.


    1. 150 мың.



    1. 200 мың.


    1. 220 мың.



    1. 300 мың.


Дұрыс жауап: А



  1. Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:


    1. 1928 жылы.


    1. 1929 жылы.



    1. 1930 жылы.


    1. 1931 жылы.



    1. 1932 жылы.


Дұрыс жауап: D



  1. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:


    1. Т.Жүргенов.


    1. О.Қожанов.



    1. С.Садуақасов.


    1. Т.Рысқұлов.



    1. О.Жандосов.


Дұрыс жауап: С



  1. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:


    1. «ЖЭС».


    1. «Әскери коммунизм».



    1. «Азық-түлік салғырты».


    1. «Индустрияландыру».



    1. «Кіші Қазан».


Дұрыс жауап: Е



  1. И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір:


    1. Қарашығанақ.


    1. Орал-Ембі.

    2. Маңғыстау.


    1. Атырау.



    1. Құмкөл.


Дұрыс жауап: В


  1. Түркісіб темір жолы жалғастырды:


    1. Орынбор мен Ташкентті.


    1. Орта Азия мен Оралды.



    1. Орта Азия мен Сібірді.


    1. Кавказ мен Орта Азияны.



    1. Жетісу мен Орынборды.


Дұрыс жауап: С



8.Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:


    1. Қ.Сәтбаев.


    1. Н.С.Курнаков.



    1. И.М.Губкин.


    1. О.Жандосов.



    1. Т.Жүргенов.


Дұрыс жауап: В



  1. Түркісіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:


    1. Жарты жылда.


    1. Бір жылда.



    1. Екі жылда.


    1. Үш жылда.



    1. Төрт жылда.


Дұрыс жауап: D



  1. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:


    1. 235 мың.


    1. 280 мың.



    1. 300 мың.


    1. 353 мың.



    1. 375 мың.


Дұрыс жауап: Е



  1. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:


    1. Ауыр өнеркәсіп.


    1. Жеңіл өнеркәсіп.



    1. Шикізат көздерін игеру.


    1. Машина жасау.



    1. Энергетика кәсіпорны.


Дұрыс жауап: С



  1. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:


    1. Демократиялық басқару.


    1. Ғылыми негізде басқару.



    1. Жергілікті жағдайға негізделе отырып басқару.


    1. Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.



    1. Ұлттық негізде басқару.

Дұрыс жауап: D


13.Түркісіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға:


  1. Т.Күзембаев.


  1. Т.Қазыбеков.



  1. Д.Омаров.


  1. Ы.Жақаев.



  1. Т.Рысқұлов.


Дұрыс жауап: В



14.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады»-деп күйінішпен жазды:


  1. Т.Рысқұлов


  1. С.Сәдуақасов.



  1. А.Байтұрсынов.


  1. Ы.Жақаев.



  1. Т.Рысқұлов.


Дұрыс жауап: В



15. Қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір жолының бастығына дейін көтерілді:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!