«Жаңа жылдағы жаңа ертегі»
Зал тақырыпқа сай безендірілген, сарайға қонақтар келіп жатыр, биреуі жаймен иіле амандасып жатса, биреулері өзара сойлесіп тұрады,уй күтушілері қызмет жасап жүреді. Осы мезетте патша сайқымазағы секіре жүгіріп келіп былай дейді:
Сайқымазақ: Ханымдар мен мырзалар! Сарайға мәртебелі патшам мен патшайым келе жатыр! Қарсы алыңыздар!
Залдағы қонақтар қақ айырыла жол беріп, иіле амандасады. Патша мен патшайым уәзірі күлдіргі Джокер бірге кіріп келеді де таққа отырады.
Патша: Армысың, аманбысың халқым менің
Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Салтанатты кешімнің қонақтарын
Қарсы алыңдар, қошеметпен!!!
Патшайым: Төрлетіңдер, балалар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Көңілді өмір сүріңдер!
патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.
Уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар.
Сарайында патшаның
Бал маскарад тойлаңыздар.
О, Жарандар , қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,
Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер! ( пауза, жарлық жазылған бетті ашып жіберіп былай дейді)
Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мәртебелі патшамыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай бал маскарад болмақ. Бұл бал маскарадта патшаның көңіл күйін көтерген жан жақтан келген өнер иелеріне, мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Кербездене келе жатқан 2018 жаңа жылдың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.
Сайқымазақ: Әнмен шашу шашайық
Бимен балды ашайық
Келіңіздер халайық
Жырға жырды қосайық.
1 ) Вальс Музыка. Патша мен патшайым ,сарай қонақтары жұптасып билейді.
Сахнаға екі жүргізуші шығады ( музыка фанфары)
Зада: Армысыздар құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан патшалықта өтіп жатқан жаңа жыл кешіне қош келдіңіздер!
Кел жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам,
Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған
Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін,
Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам.
Ақбота : Байлық әкел, бақыт әкел баянды,
Қуанта кел әкелерді, аналарды аяулы,
Ауылыма бар жақсылық,құт береке ала кел,
Шалқыта кел жастарымды, қарттарымды қалаулы.
(музыка, қол шапалақтау...)
З : Ендеше, патшалығымыздағы Т.Есімжанов орта мектебінің директоры Балтабек Дүкенбайұлына құттықтау үшін сөз берейік
Жауынның дыбысы немесе найзағай ойнағанда залға сиқыршы әйел сиқырлы таяғымен жәймен келе жатады.
З: Ақбота , естідің бе, бұл ненің дауысы?( музыка дауыс үдетіледі)
А: Ия, ия,естіп турмын, жоқ, жауынның дыбысы емес,.......
Осы кезде залға қарай сиқыршы жәймен келе жатады.
З: О.Оо сиқыршы екен ғой!
А: Құрметті қонақтар, бүгінгі патшалықта өтіп жатқан жаңа жылдық кешке сиқыршы да келіп қапты.
Сиқыршы:Мына патша сарайы неге көңілсіз? Неге? Балалар да көңілсіз, маған ұнамайды. Ендеше, сиқырлы таяғымды сынап көрейін. ( Осы кезде ортада кетіп бара жатқан мыстанға музыка ырғағымен таяғын шошайтып, түртіп қалады. Мыстан сол мезетте қатып қалады Мыстанды қайта оятады.)
Сиқыршы: Жоқ, бұл емес. ( айналасына қарап тұрып) Таптым. Шыршаның жарығы жоқ екен гой. Олай болса, достар, мен патша сарайының ,,шамын жағайын( шырша шамы жанады)
Ән: « Жаңа жыл » орындайтын Елмұрат
Сайқымазақ: Бүгінгі салтанатты Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып турмын.
Д.Артаньян: Қане олай болса дүрбімен қарайын. (экраннан көрсетілім)
Патша: Қуаныңдар, қонақтар, тамсаныңдар .
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен
Құрметпен қарсы алыңдар !!!
Зада: Қанекей ,балалар, біздің ортамызға 2018 –ші ит жылы бастап, Аяз атамыз бен Ақшақар келе жатыр, қол соғып , қошеметпен ортаға шақырайық. ( балалар Аяз ата, Ақшақар деп айқайлап шақырайық) Аяз ата мен Ақшақар келеді.
( балалар Аяз ата, Жаңа жыл,аяз ата Ақша қар деп шақырады)
Аяз ата ,Ақшақар, күшіктермен кіреді.
Аяз ата:
Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жаңа жыл(Ерсін): Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
Ақша қар: Қандай керемет сарай, асем шыршамыз тұр, қандай сүйкімді балдырғандар! Қане, достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық, сыйлықтан да құр қалмайық.
З: Қош келдің Аяз ата, Ақша қар! Қош келдің Жаңа жыл -ит жылы! Атам қазақ әуел бастан итті адам досына балап, жеті қазынаның бірі деп қастерлеген. Биылғы келіп жатқан Ит жылы да, шаттығымен, жақсылығымен келсін. Олай болса жаңа жылды достарымен бірге сахна төріне шақырамыз
( музыка әуенімен ортаға күшіктер шығады)
А: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып,. Келді бізге сарайға, Аяз ата оралып. Ал, балдырғандар, қане, кімнің қандай өнері бар? Ортаға шақырамын! ( Балалар өнерлерін көрсетеді)
0сынып балалары тақпақ айтады.
2 ( Патша орнында отырып , жан жаққа карай..)
Патша: - Уәзір, уәзір, Джокер ! қайдасың?
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!
Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!
Патша: ( орта да жүрген мыстан кемпірді енді көргендей қарап) Мынау кім? Ол неге менің патша сарайымда жүр? Мен неге білмеймін?
Уәзір: Сен кімсің? Кім шақырды сені? ( кемпірдің қасына кеп)
Мыстан : О, қадірменді патшам. Мені барлығы жалмауыз кемпір деп атап кетті, бірақ мен ешкімге зиянымды тигізбеймін. Адамдардың өздері мені жалмауыз қылған. Осы уақытқа дейін, балалармен Жаңа Жылды патша сарайында қарсы алып көрмеппін. Рұқсат болса кештің қонағы болайын?!
Патша: Ммм, сен менің қонақтарымның мазасын алмайсың ба? Шартым бар, егер орындай алсаң?... Менім қурметті қонақтарыма өз өнеріңді көрсетесің. Орындай алмасаң ,үйіңе қайта бер!
Мыстан: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам, биді де билеп беремін.
Уәзір: Балалар, мына мыстан қалсын ба арамызда? ( балаларга қарайды)
Балалар: Ия, қалсын арамызда.
Патша: Ендеше , кештің шырайын келтіріп, ат салыссын!
Сайқымазақ: Кош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге ( мыстанға қарап)
Биді билеп тастайық,
Көңілді әнді бастайық!!!
Мыстан: О, алақай маған рұқсат берді. Ендеше ,мен сендердің көңілдеріңізді көтеруім керек қой. ......
3 ) Флешмоб ( барлық сынып)
Д.Артаньян: Уа, ұлы мәртебелі патшам! Бүгінгі сіздің сарайыңызда сүйкімді , талантты, талапты бүлдіршіндерге арнап өткізіп жатқан мерекелік кешіңізді естіп, сонау алыс – алыс жерлерден қонақтар келіп жатыр. Олар өз өнерлерлерін паш етпек. Ол үшін сіздің рұқсатыңыз керек.
Патша: Әрине, әрине рұқсат!
Д.Артаньян: Олай болса, көрші патшалықтан келген Шыршалар биін (1сынып)биін қарсы алыңыздар!
Сайқымазақ: Ал, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қайда жүр өзі?
Балалар: Әне, әне, жалмауыз әже! ( мыстан кемпірді қолмен көрсетеді)
Мыстан: Ә, солай ма! Мені ұмытып кеткен шығар деп едім. Менің де алып келген өнерім аз емес.
5) ( ойын жүргізіледі)(Қар лақтыру)
Зада:Балалар қараңдаршы, бүгінгі күн тамаша өтіп жатыр, солай емес пе, сендерге ұнап жатыр ма? Жаңа жылымыз ертегі тәрізді, қандай керемет, демек бұл жыл ертегі болып өтеді деп ойлаймын?!
А: Міне өздеріңіз куә болғандай, өткен жылымыз толағай табыстарға толы болды. Ескі жылға еш өкпеміз жоқ. Олай болса, ескі тауық жылын шақырып, қошеметпен шығарып салайық.
6) Би: «Балапандар мен тауық»
Аружан: Құрметті халқым менің! Мен сіздермен 12 ай бірге болып, әрбір минутымды бақытты өткіздім. Көк жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз, жемісті Алтын күз көңілді болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.Алда келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын, әсем ән айтып, би билейік.
Ақбота:Алыстан бізді сағындырып келген Ақшақар қызымыздың да өнерін тамашалайық
8) Ақшақар өнері би
Мыстан: Менің құдіретім шексіз! Мен қазір сіздерге соооооонауууууууууууууу Америкадан әншілерімді шақырта аламын. Сенбесеңіздер менің ұшатын сыпыртқыма қараңыздаршы. Суф,Уфф, Шура, Мура, пепси Кола, Мелки Уей ....( деп айқайлай сыпыртқымен айналады, сол мезетте музыка ойнала кетеді де , Бонием шыгады )
11) 3сынып
Сайқымазақ: Мыстан кемпір, сен шетелден ғана шақырта аламысың? Өзіміздің әншілеріміз қайда, сиқырлығынды көрсет.?
Мыстан: Ол сөз болып па, шақыртамын, қайсысы керек? Тамара ма, Нұрлан Албан ба алде Музартты ма? Ақалай , мақалай..... сууууууууууууууф,уффффф тооооооооонау Алматыдан Мақпал Жүнісованы шақырамын.
12) Пародия
Ақбота : Ұлы мәртебелі патша мен патшайым! Сіздерге сарай қонақтарының өнерлері көңіліңізден шығып отырған болар, ендеше кешімізді жалғастырайық.
( патша басын изейді,)
Уәзір: Әрине, патшамызға ұнап отыр! Жалғастыра беріңіздер!
Зада: Балалар, Патша думанына Сиқыршы ханым да өз өнерімен келіпті. «Жаңа жыл» әнімен қарсы алайық!
Патша: Қадірменді халайық! Бүгін менің сарайымда мына бүлдіршіндердің жүздері жарқын, көңілдері шат тамаша балмаскарад кешіінің куәсі болдық. Ханымдар мен мырзалар, бала жүрегіне ізгілік пен мейірімділік шапағатын сыйлаған, сіздерге мың алғыс! 2018-ші жыл шаңырақтарыңызға шаттық пен табыс әкелсін, халқыма ырыс , береке әкелсін. Мен думан басында жариялаған жарлығым бойынша көңілімді көтерген өнер иелеріне, және кеш қонақтары бүлдіршіндерге сый сияпат бергіземін. Бірінші аяз атаның сыйлығы таратылсын. Екінші Сарайдағы дәулетті адам Қанағаттың сыйлығы таратылсын.Уәзір!.....
( Уәзір нөкерлеірмен сыйлық таратады)
А: ( аяз Атамен қоштасу) ,балалар Аяз атаның ұялы телефонына қоңыраулар түсіп жатыр, сіздер сияқты балдырған балалар күтіп отырған- ау шамасы, ендеше Аяз атаға рұқсат берсек қайтеді.
З: Ия, Расында да Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырғандар қанша ма.? Олай болса Аяз ата мен қызы Ақшақарды шығарып салайық.
Аяз
ата: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір
қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.
Барлықтарың да ақылды, білімде де өнірлі
екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе
қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға
шығайық. Басқа да балалардың өнерін
тамашалайық
Мен сіздерге жаны жақсылыққа толы Жаңа жылдарыңызды қалдырамын. Сіздерді жыл бойы бақытты етеді деп сенемін. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
( музыка қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)
А: Жүздерінде қуаныш барша жанның,
Сезілмейді менің де шаршағаным.
Сәл сәл жүрек аңсайды кең даланың ,
Ақ қарын, ақ қырауын, ақ самалын.
З: Ақ көңілім айналады аппақ қарға
Көңілдене қосыл сен, ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда
А: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық
Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға
З:
Жаңа жыл әр бәріңіздің
отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен
мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл
болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кел, Жаңа жыл

шағым қалдыра аласыз