Материалдар / «Кел, Жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Кел, Жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
5,6,7- сыныптарға арналған жаңа жыл шыршасына арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2018
751
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



А.С.Макаренко атындағы орта мектебі







Сыныптан тыс жұмыс



(5-7-cынып оқушылары үшін)



Тақырыбы: «Кел, Жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарламасы



Өткізген: 10 «А» сынып жетекшісі Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна

















Ашутасты ауылы















( 5,6,7- сыныптарға арналған жаңа жыл шыршасына арналған сценарий)


Іс-шара барысы:


Ән «Жаңа жыл» орындайтын 11 «А» сынып оқушысы Байтұрсынов Н

( Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады) Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші (Еркебұлан): Ассалаумағалайкум, құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші( Гүлзада): Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.  

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

- Еркебұлан, білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың,Гүлзада, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: 

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

-Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Жүсіпбек Шотбай Құрманбайұлына береміз.

ІІ жүргізуші: 

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз Досхан Таңатқанұлы мен 10 «А» сынып оқушысы Майра келіп тұр екен, қарсы алыңыздар! (Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды)

Досхан:- О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны?

Майра:- Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен де ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші:Ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! (Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел.

Тәуелсіздігіңнің 25 жылдығы құтты болсын
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

І жүргізуші:  Ән «Жаңа жыл» орындайтын Досхан Таңатқанұлы мен Майра

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

І жүргізуші: Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. "Әсем -ай" бишілер тобы.(8 «А» сынып) Қарсы алыңыздар!

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!! Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын. Сыйлықтар беріледі.

І жүргізуші:   Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Сол сыйлықтан бос қалғыңыз келмесе, ортаға шығуға асығыңыздар.

ІІ жүргізуші:Ия, Еркебұлан, кілең жігіттер жарысқа түскелі тұрған жүйріктердей өз өнерлерін көрсетуге сақадай сай тұр. Ендеше, қарсы алыңыздар. Ортада 9,10,11- сынып «Әуенді көрініс»

10- сынып оқушылары: Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.

Аяз ата:  Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!

10- сынып оқушылары:  Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін. Бәрі жамырай шулап кетеді.

Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!

І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?

Жастар:  Иә! Дайынбыз!

Аяз ата:  Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді. (Өнерлі жастар екі жаққа бөлініп жарысқа түседі)

1-жүргізуші:Ендеше, Шоу –ойынымызды бастаймыз

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүре екенбіз ғой.

Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші:  Бәрекелді, Аяз ата!Бірақ біздің өнерпаздарымыз әлі көп. Ортаға 8 «А» сынып оқушылары дайындаған флеш- мобқа кезек береміз.

ІІ жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа бөлеп алады маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Кел балалар келіндер,

Тамашаны көріндер.

9 а дайындаған

КВН-нің өз бағасын беріңдер. Ендеше ортаға 9 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйрік аттай бірге қоса шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. (Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)

Аяз ата: 

Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет!

Өнерлерің өрге жүзсін.

Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаңа бақыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

Хор «Мерекеңмен» орындайтын 10 «А» сынып оқушылары және қайырмасына барлық оқушылар қосылады

ІІ жүргізуші: Тағы да Жаңа жылымыз құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай лоторея билетін ойнатумен жалғастырамыз!
(10 «А» сынып оқушылары Майра мен Ботагөз лоторея ойнатады)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!