Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Келді бізге - Жаңа жыл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Балалар музыкамен билеп залға кіреді. Музыка ойналып ортаға жүргізушілер шығады.
Нұржас: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Ақбота: Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Тәрбиеші: Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді .
Құтты болсын жаңа жыл,
Хормен бірге: Құттықтаймыз сіздерді!
Ән: «Жаңа жыл »
Балалар отырады
Тәрбиеші: Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Д.Амина: Жаңа жақсы жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас,
Біз осылай жылда енді
Қарсы алайық шаттықпен!
Қ.Ерасыл: Өткен жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз,
Өсе түсті ойымыз.
Шарықтады тойымыз.
Дарын: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Нұрасыл: Жасыл желек жамылған,
Асыл монщақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер
Тамашаны көріңдер!
Ақбота: |
Шыршамыздың шамдары жанбады. достарым, не істесек болады? Бізге кімдер көмек береді? |
Балалар: |
Аяз ата, Ақшақар. |
Нұржас: |
Дұрыс айтасындар достар! Біз кешімізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық біздің даусымызды естіп, Аяз атамыз тез келеді. |
Балалар:Аяз ата, аяз ата, аяз ата, ау ау.
(Әуен ойнайды Қар адамы кіреді.)
Қар адамы: Амансыңдар ма, балалар! Өздерің неткен әдемі балалар
едіңдер! Жаңа жылды тойлап жатқан боларсыңдар а?
Балалар: Иә, жаңа жылды тойлап жатырмыз.
Қар адамы:Сендер мені шақырдыңдар ма?
Балалар: Жоқ, жоқ, бізге Аяз атамен, Ақшақар керек.
Қар адамы: Ах бәлем ендеше, мені ұнатпасаңдар мен сендердің Ақшақарларын мен, Аяз атаның жолына кедергі жасап мерекенін шырқын бұзайын.
Айтпақшы Аяз ата балаларға базарлық алуға орманға кеткен еді, сол келместей етіп қар жаудырып боранға айналдырайын ха ха ха.
( залды айланып жүгіріп Қар адамы шығып кетіп,жасанды қар жауады.)
Ақбота:Достарым, естідіңдер ме Қар адамынын не дегенін?! Енді Аяз ата қалай жол табар екен! (мұңаяды)
Нұржас: Жоқ, бұлай болмайды, балалар, Аяз атаға көмектесуіміз керек! Ол үшін айналаны сәл де болса жарық қылайық! Кім көмек береді?
Гномдар: Біз – мейірімді Гномдармыз,Көмектесуге дайынбыз!
«Гномдар биі» (бидің соңында шамдарын шыршаға тигізеді сол сәтте қар адамы келеді.)
Қар адамы: ха ха ха Жарық қайдан шықты ешқандай мереке болмасын, бәлкім мынау үйде болар Аяз атамен Ақшақар.
(шетте тұрған үйшікке келеді де, үйшікті қағады)
Қар адамы: Тук,тук үйшікте кім бар?
Аю: Менің ұйқымды бұзған кім? (ашуланады)
Қар адамы: Ой, аю ренжіме. (сыбырлап Аяз ата мен ақшақардын жолына кедергі жасап мерекен сәнін кетіру үшін бір қулықты
ойлау керек.) аю сен білесінбе,Аяз атаны балалар күтіп отыр.
Сен Аяз атаны көрген жоқсың ба?
Аю: Жоқ, бұл жаққа Аяз ата келген жоқ. Меннен қарағанда түлкі орманға баратын жолды жақсы біледі, сен түлкіден сұра.
Қар адамы: Түлкіден дейсін бе, ха ха ха түлкіден сұрағанша өзім іздеп табайында мерекені бұзармын шіркін (ойланады),ол өте қу. Оған сенсең мені алдап кетер,ал мен кеттім.
Аю:Мен достарыма барып, жаңа жыл мерекесін қалай болатынын сұрайын, қайдасындар достарым?
Тәрбиеші: Балалар, аю достарын табамын іздеп табам дегенше, мерекемізді әрі қарай жалғастырайық
Тақпақтар:
Рамазан: Боран соғып бірде өкпек,
Үйге айдады кір деп тек.
Мұз көрпеге оранды,
Сулар тоңып дірдектеп.
К.Ерасыл: Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймын шаттана.
Мұнтаз: Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай, құрыштай,
Шынықсын денеміз.
Бекарыс: Таяққа бау тағып,
Шаңғыңды майлап ал,
Биялай, малақай,
Бәрінде сайлап ал.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қыс қызығы өте көңілді екен. Ал, енді Қараңдаршы балалар біздің мерекеге біреу келе жатыр.
Аю:О Менің достарым өздеріңнен бір әсем әнді естіп таптым қандай өнерлі едіңдер, жаңа жыл қандай өзі, мен жылда қыс бойы ұйықтап, мерекені көре алмаймын.
Тәрбиеші:Балалар аю мерекені жақсы білмейді екен бәріміз бір тамаша ойынмен аюдың көңілін көтерейік
Ойын: «Хоккей» ойыны
Ән: «Қыс»
(Ән аяқтала бере Қар адамы кіреді. Қояндар сәбіз жеп ойнап жүреді.)
Қар адамы: Әй, қояндар, қояндар, салпаң құлақ қояндар
Аяз атаны көрдіңдер ме?
(Қорқан қояндар қатты сасып.)
Қояндар: Жоқ көрген жоқпыз.
Қар адамы:Ха ха ха шырша тойы болмаған тыныштық қандай жақсы
Тек барлығы мені күтуі қажет.
Қояндар:Сонда шырша тойы болмай ма? (көңілсіз күйде)
Тәрбиеші: Жоқ ақ қоян. Шырша тойы басталды. Бірақ, Аяз ата келмей жатыр.
(Түлкі Ортаға түлкі жүгіріп шығады.)
Түлкі: Аяз атаның қайда жүргенін кім білсін. Мына қара адамнан қулығымды асырайын. Қорқақ қояндарды билетіп, дауысын естігеннен Аязата келіп қалар. Сосын сыйлықтардың бәрін өзіме аламын.
Мына қорқақ қояндарды маған бер,мен алып кетейін.
Қар адамы: Жарайды, онда бердім саған осы қояндарды. (қар адам шығады)
Түлкі: Кәне,билеңдер,мен сияқты. (өзі баздап билейді)
Қояндар биі
Қар адамы: Мен ойланып келдім.Сендерге сұрақ қоямын.Жауап бере аласыңдар ма?
Балалар: Бере аламыз.
Қар адамы: Егер жауап бере алмасаңдар,
Аяз атанын келмесін деп.
Дайындаған сыйлықтарын
Балаларға бермесін деп кедергі жасаймын.
Тәрбиеші: Жарайды Қар адамы. Сұрағыңды қоя бер.
Біздің балалар қорықпайды ондайдан.
Қар адамы:Аяз ата келеме,
Балалар: Келеді.
Қара адам: Сендерге сыйлық бере ме?
Балалар: Береді.
Қар адамы: Жұртқа ол әйгілі ме, кебіс, мәсі кие ме?
Балалар: Жоқ, Аяз ата пима киеді.
Қар адамы: Әсем екен шыршамыз,
Шауып оны аламыз!
Балалар: Жоқ шаппайсың шыршаны.
Қар адамы: Әдемілеп тізілген,
Қауын, қарбыз ба ілінген?
Балалар: Жоқ, ол ойыншықтар!
Қар адамы:: Аяз ата балалар,
Қорқа ма екен аяздан?
Балалар: Жоқ, қорықпайды.
Қар адамы:: Жағдайы жақсы ма екен,
Қарша қызбен дос па екен?
Балалар: Әрине дос!
Тәрбиеші: Көрдің бе, Қара адамы.Біздің біздің балалар қандай сұраққа
болса да жауап бере алады. Біздің балалар,сонымен қатар ойынды тамаша ойнайды.
Қар адамы: Мен ән, ойын, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха!
Жүргізуші:Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
Аяз Ата: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын!
( Залға Аяз ата үш бұғылармен кіреді. Шыршаны екі айланып ортаға тұрады)
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлі шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Асу, асу белден асып,
Ойлы, қырлы жерді басып,
Келіп жеттім сендерге,
Амансыңдар ма, балалар!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар!
Балалар: Хош келдіңіз, Аяз ата!
Аяз Ата:
- Бүлдіршіндері, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой?
Түлкі: Қар адамы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып,
Бұл қар адамды әсем бір өрнекке айналдырып жіберші
Аяз Ата:Сиқырлайды
Қар адамы: Көмектесіңдеееер,
Аяз Ата: Міне, Қар адамынанда құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық!
Барлығы: Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу)
Ән: «Шырша жыры»
Аяз Ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын «Шыршаны безендіру»
Жүргізуші: Ата, шаршаған боларсыз. Отырып дем алыңыз. Балалар сізді асыға күтті. Олардың сізге арнаған өлең-жырлары бар. Соны тыңдаңыз.
бала: Аяз ата ақ сақалды,
Ақ ниетті пәк ата.
Асып өтіп асқар тауды,
Келдің бізге таң ата.
Алия: Ал, достарым келіндер,
Келді Аяз-атамыз.
Биге бөліп маңайды,
Бір ән салып беріндер.
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: Бәрекелді, өркендерің өссін.
Балалар,осы менің Ақшақарым әлі келген жоқ па?
Балалар: Жоқ, келген жоқ!
Аяз ата: Тынышталындар балалар! Менің Қаршақызымның
даусы сияқты, тыңдайықшы.
МУЗЫКА (Әуенмен ақшақар келеді)
(Әндетіп Ақша қар келеді.)
Ақша қар: Ақ боранды ызғытып
Қар жамылған мұзды күн
Тау басынан гуілдеп
Ән шырқаған мен едім
Ақшақарың-ай мен едім.
-
Салеметсіздер ме балалар?!
-
Амансың ба, Аяз ата!(атасын құшақтайды) Осында болғаныңыз қандай жақсы болды. (шыршаға қарап) Ой, шыршаларың қандай әдемі еді! Менің сіңлілерім де осында екен.
Тәрбиеші: Қош келдің Ақшақар! Бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін қарсы ал. Балалардың саған арнаған өлең-жырлары бар, соны тыңда.
Н.Әмина: Аппақ, аппақ ақша қар,
Жапты біздің көшені.
Ақ жамылды бақшалар,
Біздер еккен кешегі.
Ержігіт: Жүйрік шаңғы аяқта,
Ақша қарда зырлаймыз.
Асқар асу қай жақта,
Таппай әсте тынбаймыз.
Ханшайым: Жалт-жұлт етіп ақша қар,
Ұйқылы-ояу тұр бақтар.
Аяз қарып, шымшылап,
Қарағайлар тұр шыдап.
Ақшақар: Ата, мен де өз достарыммен би билесем деймін.
Аяз ата: Билей ғой
«Ақшақарлар биі»
Ақшақар: Ата, манадан бері біздің балалар аянбай өнерлерін көрсетіп жатыр, Сіздің сыйлығыңыз қайда?
Түлкі: Иә, барлығы өнерлі балалар екен, мен де сыйлық алуға лайықтымын.Ал сыйлығыңыз көрінбейді ғой
Аяз ата: Иә, дұрыс айтасыңдар, бергенде қандай. (сасқалақтайды) Қап, бағана орманда демалған жерімде қалып қойған-ау, енді не істеймін?
(Ойланып ) а таптын казір
кел жаңа жылым ортаға
сыйлықтарды ала кел
(Музыка ойналады Залға Ит кіреді.)
Доңыз: Туғызам айды бүгін,
Күлімдеп күн шығады.
Әлемнің нұр шуағы,
Әкелдім бейбіт күнді
Жаңа жыл доңыз жылы мен боламын
Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл бүгін елімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан доңыз жылы құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Балалар Жаңа жылды ортаға алып «Қош келдің Жаңа жыл» әнін айтады.
Аяз ата: (көңілденіп) Жарадыңдар ,қартайған адам ұмытшақ болады. Көмектескендеріңе көп рахмет. Ал, балаларым мынау менің сендерге сыйлығым. Өнерлеріңді тамашаладым, риза болдым. Менің барар жерім көп. Сендердей балалар мені күтіп отыр. Соларға барайын. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар, балалар!
Балалар: Қош бол Аяз ата!
Қош бол Қаршақыз!
Ән: жаңа жыл
Жүргізуші: Залды тағы да құттықтап кешті аяқтайды. Балалар музыкамен залдан шығады.