"Келіндер сайысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Келіндер сайысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері мен педагогтары және тәрбиеші көмекшілері арасында өткен келіндер сайысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Қазақтың келіндері - ай» атты сайыс (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі өткелі отырған: « Қазақтың келіндері - ай» атты сайысына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін – деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.
Кезекті әділ – қазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1)

2)

3)

4)
Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса

«Қазақтың келіндері - ай» атты сайысын біз бастайық,-деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

1) Өзін – өзі таныстыру.

2) Қазақтың салт-дәстүр сұрақ – жауап.

3) Үй тапсырмасы (қолөнер туындысы).

4) Қылығына сай екен киімдері-ай (қазақтың ұлттық киімін киіп таныстыру).

5) Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (мақал айтып жарысамыз.).

6) Өнерлінің өрісі кең (ән орындау).

Қазылар алқасының алдынан реттік нөмірлерін аламыз.


1 - ші номердегі келін:
2 - ші номердегі келін:
3 - ші номердегі келін:
4 - ші номердегі келін:
5 - ші номердегі келін:

1- ші шарт. Армысыздар, айналайын дана халқым.

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру парызы әрбір жастың,

Өнерлерін паш етер отбасылар,

Сәтте келіп қалғандай танысатын,-дей келе алғашқы шартымыз бойынша өзін – өзі таныстыру.Ортаға 1 - ші номердегі келінімізді шақырайық .

2-ші шарт. Салт – дәстүр бойынша сұрақ – жауап. Әділқазылардың алдынан сұрақ суырамыз. Құрсақ тойы: Қазанжарыс: Тымаққа салу: Тұмар: Айдар

3-ші шарт. Ал кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп

Жасына қарамастан бұл ортада,

Қай келін таң қалдырар, бұл халықты –деп  «қолөнер туындысын» тамашалайық.

4-ші шарт. Сән үлгісі

5-ші шарт. Көңілін халқыңның таптың бүгін

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

Байқайық  келіндердің  тапқырлығын – дей келе бұл шартымыз бойынша келіндерімізді ортаға шақырып «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » дей отырып мақал – мәтел айтып жарысамыз. (Отан, Жер, Бала, Ана, қыз)

6-ші шарт. Өнері өрге жүзер талаптының,

Таланты талмай ұшар қанаттының.

Келіндер бар өмірде даңқ асқан,

Көрейік біз өнерін келіндердің-деп, келіндерімізге екі-екіден қосылып ән орындау шартына кезек берейік.


























Құрсақ тойы- дегенді қалай түсінесің?





Қазанжарыс – дегенді қалай түсінесің?





Тымаққа салу – дегенді қалай түсінесің?





Айдар – дегенді қалай түсінесің?





Тұмар – дегенді қалай түсінесің?















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2018
5853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі