Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев 1923 жылдың 2 қазанында Алматы облысының Қаратал ауданында дүниеге келген.
Ол Ұлы Отан соғысының ардагері.
Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың арамыздан кеткеніне біраз уақыт болды. Араға жылдар түскенмен ол ұмытылған жоқ. Қаламгердің шығармаларын іздеп жүріп оқитындар аз емес. Оның туған халқымен бірге жасай береріне ешкімнің күмәні жоқ деп айта аламын.
Соғыс қасіретін суреттеген тақырыпқа жазушы Кемел Тоқаев та қалам тартқан. Бірақ ол соғыс шындығын басқа қырынан көрсетуге тырысты.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттері редакцияларында қызмет атқарған болатын.
1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
«Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.
Кемел Тоқаев – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы, оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгер.
Кемел Тоқаев шын мәнінде, текті буынның бекзат болмысына көлеңке түсірмей тереңнен толғай білетін тегеурінді өкілі еді. Оның қалам тартқан қай туындысы да тартымды жазылып, қоғам назарын өзіне аударып, шығармашылық әлемі кемелденіп, шоқтықты көрініп тұратын болды. Сол кезде бүкіл баспа ісін басқарған Шерияздан Елеукенов Кемел Тоқаевтың 450 мың данамен тараған бір кітабын тілге тиек ете отырып: «Әуезов шығармалары да мұндай тиражбен шықпаған еді» деген еді.
К.Тоқаевтың суреткерлік биік деңгейге көтеріліп, шиыршық атқан аса шебер үлгіде жазған көлемді туындысының бірі – «Солдат соғысқа кетті» романы. Қанға бөккен майдан даласы жан-жақты суреттеліп, ара-арасында солдат күнделігімен тұздықталып отыратын бұл көлемді туындыны көкірегің ыза-кекке толып, қызынып, бұрқанбай оқу әсте мүмкін емес. Өйткені романның алғашқы беттерінде: «Қызыл вагондар жол бойын тұтас алып самсап тұр. Бәрінің есігі айқара ашылған. Қанша кісі кірсе де апыр-топыр жұтып жіберетін түпсіз апан секілді» деген суреттеменің арғы тұңғиық астарында сұмдық бір сырдың ұшқындап жатқанын сезіп, шыбын жаның шырқырап қоя береді. Өйтпегенде қайтеді – қызыл вагондар шойын жолдың бойымен сырғып жүйткіген күйі солдаттарды тиеп алып барып, қанды қырғын майдан даласына – араны ашылған ажалдың аузына топырлатып тоғытып тастап кетіп жатса.
ТОсы орайда мына бір жайтты еске сала кеткім келеді. Қай тақырыпқа қалам тартса да тереңнен толғап жазатын Кемел Тоқаев қазақ әдебиетінде бұрын болмаған детектив жанрының негізін қалап, күш-жігерін жұмсап, тың бағыттың сапасын аса жоғары деңгейге көтеріп, сол жанрдың атасы атанған еді. Енді, міне, соғыстың қаһарлы күндері кең қамтылып, жан-жақты суреттелген мына романы арқылы ол тың бағытқа тағы да түрен салып, өз мүддесін көздеп екі майданда да қатар соғысқан екіжүзді сатқындардың бет-пердесін сыпырып, сойдақтаған қанды іздерін қорықпай ашық жазған тұңғыш автор екенін және көрсетті.
Шығармашылығы:
Жазушы Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» атты бұл кітабы милиция өмірін көрсетуге арналған. «Қастандық», «Түнде атылған оқ» повестерінде милиция қызметкерлерінің алаяқтарды әшкерлеудегі айлакер әрекеттері тартымды суреттеледі.
Журналист, жазушы Кемел Тоқаевтың бұған дейін «Көмескі із», «Тасқын», «Жұлдызды жорық» атты повестер мен әңгімелер жинақтары жарияланған болатын.
Автор бұл кітабында Ұлы Отан соғысы жылдарында туысқан Украина жерінде ту көтерген партизандар өмірін байсалды да мазмұнды әңгіме етеді. Мұнда орыс, украин, қазақ және басқа ұлттар өкілдерінің өшпес ерлігі мен мәңгі достығы баяндалады.
Кітаптың бүгінгі өмір көріністерін суреттейтін бөлімдері де өз оқушысын таппақ
Жазушы Кемел Тоқаев – совет чекистері мен милиционерлерінің қиын да қызықты өмірін баяндаған бірнеше повесть пен әңгімелер жинағының авторы.
Жазушы бұл жинағында да өзінің осы сүйікті тақырыбынан айнымаған. «Арнаулы тапсырма» повесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылындағы ауыр, қатерлі де қиын кезеңдер, партизандардың өшпес ерлік істері, орыс, украин, қазақ және басқа ұлттардың достығы суреттелсе, «Көмескі із» повесі совет чекистерінің жау агентін әшкерлеудегі тапқырлығы мен батылдығын сөз етеді.
Кемел Тоқаев көптен бері милиция өміріне қалам тербеп келе жатқан жазушы. Автордың «Сарғабанда болған оқиға» атты бұл жаңа кітабы да сол тақырыпқа арналған. Отан алдындағы парыз, адалдық, ерлік – жинаққа енген повестердің негізгі арқауы. Повестердің сюжеті ширақ, оқиғалары шынайы, тартымды оқылады.
Жазушы Кемел Тоқаевтың «Соңғы соққы» деп аталатын бұл романында совет чекистерінің жиырмасыншы жылдардағы ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері сипатталады. Туындының негізгі кейіпкері – белгілі совет чекисі Қасымхан Чанышев. Оқушы қауым мұнда М. В. Фрунзе, Д. Фурманов, О. Жандосов, Б. Шагабутдинов сияқты революционерлермен жүздеседі.
Тасқын повесті Бұл повестерде баяндалатын әрқилы жайлар жазушының құрғақ қиялынан туған емес, әр кезде, әрқилы жағдайда болған оқиғалардың негізіне сүйеніп жазылды. Мұндағы кейіпкерлердің кейбірі – милиция органдарының қызметкері. Тек олардың аты-жөні өзгертіліп алынған.
Қорытындылай келе, тоқ етерін түйіп, бір-ақ айтқанда, Кемел Тоқаев оқиғаларды ойдан шығарып, жасанды тартыс құрып, шығарма жазған емес. Ол көңілін тербеген көркем туындысын мына қылмыс әлемі мен жықпыл қатпары көп жымысқы қоғамның тұңғиық сырына жіті үңіліп, сезіп-түйсінгенін жүрегінен өткізіп барып, өркештеніп отырып жазады. Бәлкім, содан шығар, оның қаламынан туған қай шығармасынан да тұтас бір дәуірдің шындығы сахараның жусанды жотасындай білемденіп көрініп жатады. Сөйтіп оқушы жүрегіне сара жол тауып, қолдан қолға өтіп, ел аралап кете барады.
Отарбаева Інжу-Маржан
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз