Кемпірқосақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кемпірқосақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта кемпірқосақтың суретің қалай салу керек екені түсіндірілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ҰОҚ. Мен

Кемпірқосаққа «қонаққа келдім»

(сюжетті)

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.3.1. Негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажырату.

0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, материалдарды үнемдеп жұмсау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • негізгі түстерді ажыратады, жылы және суық түстерге бөледі;

  • дәстүрлі емес сурет салу тәсілдерін меңгереді;

  • жұмыс орнын таза ұстайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • қосалқы түстерді ажыратады, «нұқу» тәсілімен сурет салу технологиясын қолданады;

  • сюжетті сурет жасайды;

  • материалдарды тиімді жұмсайды.

Кейбір тәрбиеленушілер:

  • сызықтарға дәстүрлі емес сурет салу тәсілімен фактуралық етіп береді, түстен-түске бірқалыпты ауысуды қалыптастырады;

  • суретті сюжет бойынша әңгімемен толықтырады.

тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

  • оқу міндетін және оған қол жеткізу ұмтылысын түсінеді;

  • түс гаммасын ойға сәйкес анықтайды;

  • шығармашылық үдеріс барысында мүмкіндіктер ауқымын

талқылайды;

  • қорытынды нәтижені болжайды;

  • табиғи құбылыстарды қиялына қарай иллюстрациялайды.


Көптілділік: түс – цвет – color.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • кемпірқосақ, жылы және суық түстер, негізгі және қосалқы түстер, палитра, сюжетті сурет.

талқылауға арналған сұрақтар:

Кемпірқосақ дегеніміз не?

Түстер кемпірқосақта қалай орналасады? Түстер қандай реңдерге бөлінеді?

Қай түстер негізгі болып табылады? Қосалқы түстер ше? Палитра не үшін керек?

Сюжетті сурет дегеніміз не?

Бастапқы білім

Спектрдің негізгі түстері туралы түсінігі бар, олардың үйлесімін суретте қолданады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

  1. Оң көңіл күй қалыптастыру.


0–1 минут




  1. Өмірлік тәжірибені жандандыру. Мақсатты тұжырымдау.


2–5 минут

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру. Музыкалық сүйемелдеумен педагог өз қалауы бойынша ақындардың өлеңінен үзінді оқиды.




(Ұ) Педагог балалардан бүгін не салатындарын біліп/білмейтіндігін сұрайды. (Кемпірқосақ). Кемпірқосақтың бейнесін түрлі иллюстрацияларда көрсетеді.

Оған қонаққа барып, оның түстері туралы көбірек білуді ұсынады.

Музыкалық сүйемелдеу.





Кемпірқосақтың бейнесі бар 2–3 сюжетті сурет.

III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог балалардан кемпірқосақтың аспанда қашан пайда болатындығын біліп/ білмейтіндігін сұрайды. (Жазда, жауыннан кейін.) Кемпірқосақ түстерінің әрқашан

да белгілі бір ретпен (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) орналасатындығын нақтылайды.

(Ж) Түстерді жылы және суық реңдерге бөлуді ұсынады. Ақ және қара түстердің кемпірқосаққа жатпайтындығын нақтылайды. Балаларға түстердің негізгі (қызыл, сары, көк) және екінші түстерге бөлінетіндігін түсіндіреді. Негізгі түстерді палитрада араластыруды ұсынады.

Мысалы: жұптағы бір бала сары түсті, екіншісі көк түсті алады, артынан бір түске араластырады. Балалар қандай түстердің пайда болғанын әңгімелейді.


(Ұ) Сергіту сәті

Аспанда найзағай ойнап тұр ( саусақтарын жұмады және ашады),

Көзіңді жұм! (көздерін алақандарымен жабады, сосын ашады),

Жаңбыр өтті, шөптер жалтырап тұр, (саусақтарымен үстелді соғады), Кемпірқосақ шықты (ауада жарты шеңбер салады).

(Ұ) Қауіпсіздік ережесі

Педагог гуашьпен жұмыс істеу ережелерін еске салады. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды таза ұстауды, бояумен үнемдеп жұмыс жасауды және оны қылқаламның ұшымен алуды ескертеді.

Әліппе-альбом.










Палитра, қылқалам, гуашь.




(Ұ, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіреді. Әліппе-альбоммен жұмыс.

Жұмысты бастамас бұрын «нұқу» тәсілімен сурет салудың негізгі ережелерін еске түсірейік (қатты жартылай құрғақ

қылқаламмен толықтыру): Су түсті ауыстыру кезінде ғана пайдаланылады, бояуға батырмас бұрын қылқалам майлықтың көмегімен құрғатылып сүртіледі. Сурет салу кезінде қылқалам қағаз бетіне қатысты қатаң түрде тік тұрғызылады. Гуашь қағазға бір қимыл арқылы, былайша айтсақ, «нұқу» арқылы түсіріледі. Кемпірқосақ жартылай шеңбер түрінде бейнеленеді.

Ешбір жағыс жасалмайтындығын ұмытпаңдар. «Нұқу» ғана орындалады. Кемпірқосақты салғаннан кейін балаларға сюжет, яғни табиғат, гүлденген алқап, өзен, тау, т.б. салу ұсынылады.



Әліппе-альбом. Жалпақ қылқалам, гуашь, суы бар төгілмейтін стақан, қағаз майлықтар.

IV. ҰОҚ-нің

(Ұ, Ө) Кемпірқосақ галереясы

Балалардың

жұмыстарын орналастыруға арналған стенд, әліппе-альбом.

қорытындысы.

ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын

рефлексия.

талқылайды. Сюжет туралы әңгімелейді.


Педагог тәрбиеленушілерден өз жұмыстарын

26–30 минут

бағалауды сұрайды:


Кімге өз жұмысы ұнады?


Салғысы келген затты сала алды ма?


Сенің ойыңша, жұмыс мұқият, жақсы


орындалды ма, әлде онша емес пе?


Не жүзеге аспады?


Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен? Педагог балалардан кемпірқосақ түстерінің жолақтарын көрсетуін ұсынады: сары түс – өте тартымды, қызықтырарлық; күлгін түс – тартымды емес, жабырқанқы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
712
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі