Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс

Материал туралы қысқаша түсінік
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі. Ашық сабақ. Жаңа ЖИ қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

(1837-1847)


Shape3 Shape2 Shape1

Кенесары хан

Қасым сұлтан

Абылай хан



Shape4

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ (1802-1847)

Қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат, аса көрнектi тұлға, мемлекет қайраткерi.

1802 жылы Бурабай тауларына жақын Көкшетауда дүниеге келген.

Бабасы Абылай ханның iсiн жалғастырушы. Әкесi Қасым және ағасы Саржаннан қолбасшылық тәжiрибесiн үйренген.

Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847).




Кенесары бала кезiнен-ақ ат құлағында ойнаған, құралайды көзге атқан мерген болды. Ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әдiлдiгiмен, ерiк-жiгерi, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашаң жүздi, орта бойлы, жауырыны қақпақтай, нар тұлғалы болған.

Shape5

Shape8 Shape7 Shape6

Сейдаққожа Оспанов

(өзбек)

Әлiм Ягудин

(татар)

Николай Губин

(орыс)



Shape9

Shape11 Shape12 Shape10 Shape14 Shape13

Дипломатиялық қызметке ханның атынан басшылық еттi

Наурызбай сұлтанның атқосшысы

Әскери кеңестiң мүшесi






Shape15

Кенесарының басты мақсаты- Ресей империясының қазақ даласына тереңдеп енуін тоқтату, қазақ жерінде салынған орыс қамалдарын жою және жаңадан салынып жатқан бекіністердің құрылысын тоқтату, атасы Абылай ханның кезіндегі Қазақ хандығының мемлекеттілігін қалпына келтіру.







  • КӨТЕРIЛIСТIҢ БАСТАЛУЫ

Shape17 Shape16

Кенесары Петропавлдан Ташкентке бет алған сауда керуенiн күзетiп бара жатқан Ақтау бекінісінің казактары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етiп жеңiп шықты.



1837 жылы қарашада




Shape19 Shape18

1837 жылы Кенесары Батыс Сiбiр генерал-губернаторына арнайы хат жолдады. Хатында

  • Ақтау бекiнiсi мен Ақмола приказын жоюды,

  • Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды,

  • қазақ жерiнiң тұтастығын қалпына келтiрудi талап еттi.

Патша үкіметіне қойған талаптары









Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткiзiп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Сiбiрге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл әрекеті Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтiрiп, көтерiлiстi бастап кетуін тездеттi. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына күйрете соққы берiп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрiсiн тартып алды.

Кенесары жасақтарының белсендi әскери iс-қимылы 1838 жылдың жазында басталды.

  • АҚМОЛА БЕКІНІСІН ӨРТЕУ

Shape20

1830 жылы Ақмола бекiнiсі салынып, 1832 жылы Ақмола округтiк приказы ашылды. Ақмола бекiнiсi мықты қорғалатын. Бекiнiстiң төңiрегiне терең ор қазылып, оған жете берiс жерлерге күштi кедергi-тосқауылдар қойылған еді.

1838 жылы тамызда Кенесары Ақмола бекiнiсiне таяу iрi елдi мекендi алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жiбердi.

Ақмола бекiнiсiн аға сұлтан Қ. Құдаймендiұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады.











Ақмола бекінісі

Shape21

Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң ата бастады. Оның сарбаздары бекiнiстi өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекiнiс өртке оранды. Кенесарының даңқты батырларының бiрi Басықара бекiнiстiң iшкi жағына баса-көктеп кiрiп барып, сұрапыл ұрыс салды. Осы шайқаста Басықара батыр мен 255 жауынгер ерлiкпен қаза тапты. Бекiнiске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кiрдi.










Shape22

1841 жылдың қыргүйек айында үш жүздiң өкiлдерi бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Қазақ хандығы қалпына келтiрiлдi.






Shape24 Shape23

Ресеймен соғыстағы үзілісті пайдаланып, Кенесары Сырдария бойындағы қалаларды азат ету үшін Қоқанмен соғысты бастады. Оңтүстіктегі Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қазақтарға қайтарды.


1841 жылы







Shape25

Мемлекетті ханның өзi басқарды. Ханның өзі жоғарғы сот болды.



Shape27 Shape26

Рулар арасындағы сот істерін шешу үшін билер тағайындалды.



Shape28 Shape29

Кенесары хан бiр орталықтан басқарылатын мемлекет құрды

қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.




Shape31 Shape30



Shape33 Shape32

Ханның жанынан жоғарғы кеңесшi орган – өзiне барынша адал берiлген батырлар, билер мен сұлтандардан тұратын арнайы Кеңес құрылды.







Shape34 Shape35

Жасауылдар

Кенесары хандықты өзiнiң сенiмдi адамдары жасауылдар арқылы басқарды. Олар сот iсiмен, шаруашылық мәселелерiмен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-са­лық жинаумен және әскери iстермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкiмет билiгi берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлiнiп, тиiмдi пайдаланылуын бақылады, халықтың көңiл күйiн де қадағалады. Олар ауылдарды аралап, Кенесарының үндеуін таратты және халықты күреске көтерді.












Shape37 Shape36

Мергендерден iрiктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Барлаушылардың қызметiн де шебер пайдаланды.


Қазақ тарихында бірінші рет артиллериясы мен жаяу әскері болды. 20 мың сарбаздан тұратын тұрақты әскер жасақтай алды.






Shape39 Shape38

Shape40

Қарулы күштердiң құрылуы



Shape42 Shape41

Shape43 Shape44

Хан армияда қатаң тәртiп орната бiлдi. Әскери тәртiптi бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.

Көтерiлiсшiлердi азық-түлiкпен, жемшөппен қамтамасыз ететін тыл қызметi де жолға қойылды.


Орыс армиясының үлгiсi бойынша хан өз әскерлерiне ерекше айырым белгiлерiн енгiздi. Көтерiлiсшiлердi әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжiрибелi солдаттары айналысты.












Shape46 Shape45

Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудiң тәртiбiн ретке келтiрдi.

  • Зекет-мал өсiрушiлер төлейтiн салық.

  • Ұшыр - егiншiлер төлейтiн салық.

  • Баж- сауда керуендерiнен алынатын салық.

Алым-салық саясаты


Shape47




Shape48

Көпестердiң сауда керуендерiнен алынатын баж салығы едәуiр табыс беретiнiн ескерген Кенесары оларды тонауға тыйым салды. Сауда керуендерiнiң толық қорғалуын қамтамасыз еттi. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрi сатып алынды.







Shape49

Көтерiлiске деп жиналған астықты патша үкiметi жиi-жиi тәркiлеп кетiп жүрдi. Көтерiлiсшiлерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердiң қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егiншiлiкпен айналысуын қатты қолдады.






  • ПАТША ҮКIМЕТIНIҢ ЖАЗАЛАУ ӘРЕКЕТТЕРI

Shape50 Shape51

1843 жылы 27 маусымда


I Николай патша Кенесарыға қарсы тұрақты әскер бөлімдерін кеңінен тарту туралы бұйрыққа қол қойды. Енді Ресей көтерілістерге қарсы кең ауқымды әскери қимылдарды бастады.

Старшина Лебедев басқарған жазалаушы отряд жіберілді.

Ханның басына 3 мың сом сыйақы белгіленді.








Shape52

1843 жылы тамызда



Shape53

сұлтандар А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы бастаған екiншi әскер жабдықталды. Онымен бiр мезгiлде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты.






Shape54

1844 жылы 21 шілдеде


Кенесарының Кіші жүзді көтеріліске тартамын деген әрекетіне осындағы сұлтандардың патшаны қолдап жасақтар ұйымдастыруы және Ресейдің жағында соғысуы көп кедергі келтірді.

Shape55

Кенесары хан Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында А. Жантөрин сұлтанның әскерiне күйрете соққы бердi. Кескiлескен шайқаста сұлтанның 44 адамы қаза тапты. Бұл кезде Дуниковскийдiң әскери тобы таяу маңда болған едi. Бiрақ оның ұрысқа араласуға батылы жетпедi.







Shape56

1844 жылы тамызда



Shape57

Наурызбай батыр мен Ағыбай батыр бастаған Кенесарының негізгі күштері Екатерина станицасына шабуыл жасап талқандады.






Shape58

1845 жылға қарай Кенесары әскері кері шегінуге мәжбүр болды.

1845 жылы жазда Орынбор генерал-губернаторы В.А.Обручев Ұлытау, Ырғыз және Торғай өзендері бойында жылдам бекіністер тұрғыза бастады. Ырғыз, Торғай бекіністерін Кенесары көтерілісіне қарсы әскери күзет пункті ретінде салынды.

Кенесарыны Орынбор өлкесінен ығыстырып шығару үшін Арал,Сырдария жағалауларында бірнеше жаңа қамалдар салынды. 1847 жылы Арал (Райым) бекіністері салынды.



Shape59

Орыс бекіністерінің салынуы




Shape60








  • КЕНЕСАРЫ ӘСКЕРЛЕРIНIҢ ҰЛЫ ЖҮЗ АУМАҒЫНА ҚАРАЙ ШЕГIНУI

Кенесары Сарыарқаны тастап, көтерiлiс орталығын Жетiсу жерiне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Сiбiрдегi өкiмет билiгi Омбыдан елеулi әскер күшiн зеңбiректерiмен қоса Жетiсуға жедел түрде жiбердi. Азық-түлiктiң тапшылығы Кенесарыны егiншiлiкпен айналысуға мәжбүр еттi. Күшi басым патша үкiметiнiң қысым жасауымен Кенесары Iле өзенiнiң оң жақ бетiне өтiп, одан әрі Алатаудың етегiне көшiп барды.

Shape62 Shape61

Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Қамал түбегіне барып бекінді. Кенесарының 10 мың адамнан құралған отряды жазалаушыларға қарсылық көрсетті.


1846 жылы





Shape64 Shape63

Ал патша үкiметi оған Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары тарапынан көмекке келетiн жолды кесiп тастады. Ұлы жүздiң Сұраншы, Байсейiт, Тайшыбек сияқты батырлары көтеріліске қолдау көрсеттi.

Кенесарыны қолдаған Ұлы жүз батырлары






Shape65 Shape66

Қытайдан қолдау күтуі

Кенесары Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бiрақ оның бұл әрекетiн Қытай үкiметi қолдамады. Ресей империясымен қарым-қатынасымызды бүлдiрiп аламыз деген қауiппен Кенесарының өтiнiшiн қанағаттандырудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Қазақтардың арасында беделi күштi әрi жауынгер ханды қабылдаудың ешқандай да қажетi жоқ деп ойлады. Оның үстiне, бұл кезде Қытайдың өзi де қазақтармен дiнi бiр ұйғыр және дүнгендердiң көтерiлiстерiнен мазасы кетiп, қатты алаңдаулы еді.



Shape67









Shape68

Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрi қалыптаспаған едi.


Shape69

Shape70

Қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын.



Shape72 Shape71

Қырғыздардың Кенесары ханды қолдамау себептері



Shape73

Қырғыздар патша үкiметiнiң Сiбiр әкiмшiлiгi тарапынан едәуiр қолдау табатынын да сездi. Омбыдан жіберілген Вишневский қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға айдап салды.



Shape75 Shape74



Shape76

Құрылтайға жиналған манаптар Кенесары ханның ұсынысын қабылдаудан ашықтан-ашық бас тартты. Орман манап барлық қырғыздардың билеушiсi болып тағайындалды.






Shape77

1847 жылғы сәуiрде Кенесары он мыңдай қолмен Қырғызстанның жерiне басып кiрдi. Қырғыздармен шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенiнiң жоғарғы ағысы аралығында Кекiлiк сеңгiр тауының қойнауында өттi.






Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойды. Соңғы шайқас қарсаңында өткiзiлген әскери кеңесте Кенесары ханның серiктерi қоршауды бұзып өтiп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бiрақ хан ол ұсыныстан бiржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзi қашып құтылуды ар санады.

Shape78

Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздiң ықпалды биi Сыпатай жасақтарының кенеттен шегiнiп кетуi көтерiлiсшiлердiң жағдайын қиындатып жiбердi.





Shape79 Shape80

Соңғы шайқас

17-25 сәуірде Тоқмаққа таяу жерде Майтөбе деп аталатын (Кекілік сеңгір) жерде болды. Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және азғана сарбазымен күшi басым қарсыласымен ерлiкпен шайқасып, тұтқынға түстi.







Shape81

Қырғыз манаптары қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлiм жазасына кесті. Тұтқындағы хан манаптарды күш бiрiктiрiп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бiрақ қырғыздар ханның сөзiне құлақ аспады. Кенесары мен оның iнiсi Наурызбай Қасымұлы қаза тапты.

Бүкіл қазақ-қырғыздың азаттыған аңсаған қазақтың соңғы ханы ұлтаралық түсініспеушіліктің құрбаны болды.












Кенесарының және оның жақын серiктерiнiң көзiн жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрi де патша үкiметiнiң наградаларымен марапатталды.



Shape82

Халықтың сүйiктi ханының ерлігін ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Кенесары–Наурызбай» дастанында зор шабытпен жырға қосты







Shape83

Әкесi Кенесарының бастаған iсiн оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берiлген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшiн кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бiрнеше рет әскери жорық жасады.

Сыздық сұлтан (1837–1910) Кенесары ханның ұлы. ХIХ ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткерi.









Shape84 Shape85

Ханның жасақтары Ресейдiң жақсы қаруланған әрi күштi дайындықтан өткен тұрақты әскерiне қарсы тұра алмады.


Shape86

Көтерілістің жеңілу себептері



Shape87

Кенесары бiрнеше бағытта – патша үкiметiне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргiзуізi оның негiзгi күштерiн едәуiр шашыратты.


Shape89 Shape88


Shape90

Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбiрлiк болмады.




Shape93 Shape92 Shape91

Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауы патша үкiметiнiң қырғыз жерлерiн, Жетiсу аумағын және Оңтүстiк Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхар, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.


Көтерiлiстiң салдары







Shape95 Shape94

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс тәуелсіздік үшін күреске барлық үш жүзді көтерген, ХІХ ғасырдағы қазақтардың ең ірі және уақыты жағынан ең ұзаққа созылған бұқаралық соғыстарының бiрi болды. Ол қазақ халқының қарсылығының орасан зор күшін көрсетті.


Көтерiлiстiң тарихи маңызы


Shape96





Shape97

Көптеген зерттеушiлер Кенесарының Абылай заманындағы егемендi мемлекеттiлiктi қалпына келтiру үшiн жасаған әрекеттерiн жоғары бағалады. Оған патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi де құрметпен қарады, ресейлiк ғалымдар Кенесарыны «бүлiкшiл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты (антикалық дәуірдегі патша)» деп атап, оның iс-әрекеттерiне оң баға бердi.




.




  • КЕНЕСАРЫ ХАНДЫ ҚОЛДАҒАН БАТЫРЛАР

Наурызбай батыр

(1822–1847)

сұлтан, батыр, Кенесары Қасымұлының туған бауыры және ең жақын серiгi.

Ағыбай Қоңырбайұлы (1802–1885)

атақты батыр, әскери қолбасшы, Кенесары Қасымұлының жақын серiктерiнiң бiрi. Арғын тайпасының шұбыртпалы руынан шыққан.

Иман Дулатұлы

(1780–1847)

батыр, Ресей отаршылдарына қарсы шыққан көтерiлiс қайраткерi, ханмен бірге тұтқынға түсіп, қаза болды.

-Амангелдi Имановтың атасы.

Бұқарбай Естекбайұлы

батыр, шешен, Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысқан.

Жанайдар батыр Орынбайұлы

(1818-1870)


-Арғын руының әскери жасақтарын басқарып, Кенесары көтерілісіне 1837 жылы қосылған еді. Ақмола бекінісін басып алуда ерекше ерлік танытты. Өзінің үш бауырымен бірге ол 10 жыл бойы Кенесарының қозғалысына қатысты.

-Кенесары хан қайтыс болған соң Сарыарқаға қайтып оралды.

Сұраншы батыр Ақынбекұлы

(1815-1864)


-Қоқанға қарсы күресте аты шықты.Жетісудағы Тойшыбек қамалын қорғауға, Шамалғандағы және Сарыкемердегі шайқастарда ерекшеленді. Хан Жетісуға келгенде оны қолдады.

-Кейінірек орыстармен Қоқанға қарсы бірігіп күресу туралы келісімге келіп, 1860 жылы Ұзынағаш шайқасында Құдияр ханның әскерлерін талқандауға атсалысты.

-1864 жылы Сайрам қаласын қоқандықтардан азат етуде ерлікпен қаза тапты.

Жоламан батыр Тіленшіұлы


-1835 жылы 3 000 адамға жететін жасақ, жинап, Кенесары көтерілісіне келіп қосылған.

-Бірақ Кенесары жасақтарының, оңтүстікке қоныс аударуына байланысты Жоламанның көтерілісшілері ыдырап кетті.

Байзақ батыр Мәмбетұлы

(1789-1864)


-Халық арасында беделді болғандықтан қоқандықтар өз жағына тартып, «датқа» әкімшілік дәрежесін берген. Байзақ қазақтардың мүддесін қызу қорғап, ешкімге тәуелсіз саясат жүргізуге күш салды.

-Кенесары Арқадан оңтүстікке ауған кезде, Байзақ сарбаздарымен Кенесарыға қосылды. 1841 жылы ханмен бірге қоқандықтардың бірнеше қамалын басып алды. Созақ аймағын қоқандықтардан азат етуге қатысты. Ол Кенесарының қырғызбен соңғы шайқасында бірге болып, соңына дейін ханды қолдады.

Сыпатай батыр Әлібекұлы

(1781-1868)


-Өмірінің көп бөлігін қазақ және қырғыз халықтарының Қоқан хандығына қарсы азаттық күресіне арнады. Оңтүстікке Кенесары хан келген кезде, Сыпатай ханды қолдап қоқандықтарға қарсы күрестеріне қатысты. Алайда қырғыз манаптарының жасағына қарсы болған соңғы шайқаста Сыпатай Кенесарының саясатын қолдамай, одан бөлініп кетті.















ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТТЕР

1. Кенесары Қасымұлы барып бой тасалай тұруды ойластырған, бiрақ оның бұл әрекетiн қолдамаған ел:

А) Қоқан

В) Қырғыз

С) Қытай

D) Хиуа

2. Кенесары хан жасағының құрамына қосылған көтеріліс басшысы:

А) Есет

В) Исатай

С) Жоламан

D) Махамбет

3. Кенесары көтерілісіне қатысқан,1864 жылы Сайрам қаласын қоқандықтардан азат етуде ерлікпен қаза тапқан батыр:

А) Сыпатай

В) Сұраншы

С) Жанайдар

D) Байзақ

4. Дипломатиялық қызметке Кенесары ханның атынан басшылық еттi:

А) Сейдаққожа Оспанов

В) Николай Губин

С) Әлiм Ягудин

D) Нысанбай Жаманқұлұлы

5. 1843 жылы Кенесары хан бастаған көтерілісшілерге қарсы әскерді бастаған сұлтандар

А) Қ. Құдаймендiұлы мен Ш.Уәлиұлы

В) Қ. Есiмұлы мен Қ.Бабажанұлы

С) Ж.Бөкейұлы мен А.Әбiлғазыұлы

D) А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы

6. Қырғыздардың Кенесары ханды қолдамауына қатысты емес деректі анықтаңыз:

А) Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрi қалыптаспаған

В) Қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын

С) Қырғыздар ханды ығыстырып Жетісуды иеленулі мақсат етті

D) Патша үкiметiнiң Сiбiр әкiмшiлiгi қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға айдап салды

7. Кенесары Қасымұлының жақын серіктерінің бірі, арғын руынан шыққан батыр:

А) Ағыбай

В) Наурызбай

С) Иман

D) Сыпатай

8. Ақмола бекiнiсiн Кенесары Қасымұлының шабуылынан қорғады:

A) А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы

B) Лебедев пен аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы
C) Аға сұлтан Қ. Құдаймендiұлы мен әскери старшина Карбышев
D) А. Жантөрин мен әскери старшина Карбышев

9. Кенесары ханды қолдаған Ұлы жүз батырлары:

A) Рүстем мен Сыпатай

B) Сұраншы, Байсейiт, Тайшыбек
C) А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы
D) Ағыбай, Иман, Басқара

10. «Кенесарыға көзсiз ерлiк тән едi» - деп жазған ХIХ ғасырдағы орыс зерттеушісі:

A) А.К. Гейнс

B) И. Крафт
C) Н.Коншин
D) Л. Мейер

11. Шайқас кезінде Кенесарыдан бөлініп кеткен сұлтан:

А) Жантөрин

В) Сұраншы

С) Сыпатай

D) Рүстем

12. Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысты дұрыс емес дәйекті анықтаңыз:

А) Ақбұлақ шайқасында Кенесары қайтыс болды

В) Ақмола бекінісіне шабуыл кезінде Басықара батыр қайтыс болды

С) Көтеріліске Иман, Ағыбай, Бұқарбай батырлар қатысты

D) Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын тұрақты әскер жасақтай алды

13. Кенесары ханның ұлы, ХIХ ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткері:

А) Наурызбай батыр

В) Ахмет сұлтан

С) Тайшық сұлтан

D) Сыздық сұлтан

14. Ұлт-азаттық көтерілістердің реттілігі:

1.Бөкей Ордасындағы Исатай көтерiлiсі

2.Саржан Қасымұлы көтерілісі

3.Кенесары Қасымұлы көтерiлiсi

4.Жоламан Тiленшiұлы көтерiлiсi

А) 2.4.1.3

В) 4.1.3.2

С) 1.2.3.4

D) 4.2.1.3

15. Кенесары ханның Қырғыз жеріне келуінің себебі:

A) Орта жүз және Кіші жүзбен қарым-қатынасы үзілді

B) Қырғыз манаптарынының орнына қазақ сұлтандарын сайлау
C) Қырғыздардан алым-салық жинау
D) Патша үкіметі және Қоқан хандығына қарсы күресу үшін күш біріктіру


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі