Материалдар / Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2021
546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған

Ұлт-азаттық қозғалыс

























Өткізген: А.Қ.Атамбаева


Сабақтың тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.


Сабақтың мақсаты:


1.Білімділік :Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясаына қарсы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру,көтерілістің себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету .


2.Дамытушылық:Көтерілістің себептерін,қозғаушы күштерін,мақсатын кесте арқылы түсіндіру,салыстыра білу,өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту.


Тәрбиелік:Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп,тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:СТО,проекторды қолдану


Сабақтың әдісі:Түсіндіру,салыстырмалы сараптау ,талдау.


Көрнекілігі:Кенесары хан туралы слайд,тест сұрақтары .


Сабақтың барысы:

1:Миға шабуыл ойыны.

2.Қайталау-білім анасы.

3.Білген сайын келеді,біле бергім

4.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.

5.Үйге беру тапсырмалары.

1.«Миға шабуыл» ойыны:

Тарих атасы кім?

Сақтар қаншщаға бөлінді?

Алтын ада қай жылы табылды?

Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Қазақ хандығын кімдер құрды?


2.Қайталау-Білім анасы кезеңі бойынша өткен тақырыптарды жабық тесті,сәйкестік тесті,тапсырмалары арқылы қайталау.


1 тапсырма.Жабық тест сұрақтары.

Тест сұрақтары Жауаптары:

1.Елім-ай әнінің авторын ата. Қожаберген жырау

2.Айылай хан кімге «Дарбоз»деген атақ берді? Қабанбай батыр

3.Ресей империясына барған Әбіқайыр елшілерін ата С.Қойдағұлұлы

Қ.Қоштайұлы

4.Сібір редутынан Омбыға дейінгі бекіністер қалай

аталды? Горькая шебі

5.15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы курескен

сұлтан кім? Абылай

6.Пугачев қозғалысына қатысушы батыр шешен кім? С.Датұлы

7.Көмекей әулие атанған кім? Бұқар жырау

8.Орынбор қызыздары жөніндегі ереже авторы кім? П.К.Эссен

9.Арал теңізіне алғаш суға түсірілген әскери кеме

атауларын ата. Николай,Михайл

10.1836-1838 жж ордадағы көтеріліс басшылары И.Тайманұлы

Кімдер? М.Өтемісұлы

11.1812ж Кіші жүздегі көтеріліс басшасы кім? Ж.Тіленшіұлы

12.Қасым сұлтанның ұлдарын ата. Саржан,Есенгелді.

13.1838ж 12 шілдеде өткен шайқасты ата Ақбұлақ шайқасы
14.Қасым сұлтанның патша өкіметінің саясатына

қарсы күресін жалғастырған ұлы кім? Кенесары.


2 тапсырма Сәйкестік тесті

Сұрақтар

Сәйкес жауаптары

1

ФShape2 Shape1 искаль

Дау-жанжалға бітім айтып,төрелік жасаушы,ел ішіндегі әділ казы,рубасы.

2

ДShape3 есятина

Іс-әрекеттің негізін алғанда қаржының жұмсалу заңдылығын қадағалайтын шенеунік

3

ТShape5 Shape4 өленгіттер

Көшпелі қазақтар

4

ШShape7 Shape6 ерғазы

Бас әскери қолбасшы

5

ҚShape8 асым

Хан мен сұлтандардың қызметіндегі адамдар

6

Сардарбек

1840ж.Сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапқан сұлтан.

7

Би

1812-1842 жылдардағы кіші жүзге хан болған.

8

Номадтар

1,09 гектарға тән жер.


Білген сайын келеді,біле бергім кезеңі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру .


Кенсары Қасымұлы-1802 жылы Көкшетау етегінде дүниеге келген,Қасым сұлтанның бел баласы Абылай ханның туған немересі.Құралайды көзге атқан мерген,бала кезінен ат құлағанда ойнаған,қанжығасы қанды ғажайып аңшы,қара қылды қақ жарған әділдігімен,ерік жігері, қажымас қайратымен,қайтпас қайсар қаһармандығымен танылған.Ашаң жүзді,орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сойлеп көп тыңдаған,өзі-өзіне аса байсалды.Әңгімелескен адамның пікіріне әрқашан мұқият назар аударған.Қонақжай қасиеті ерекше күшті болған. Дәулетті де өзіне сай 6 мың жылқысы, 2 мың ұсақ малы болған.Деректерде-Кенесарыны найзаның ұшына шаншып,көкке көтерген,оны мазақтап «Қазақ ханы,халің қалай»?-дегенде Кенесары:Маңқа қырғыз,не десеңдер де мен сендерден жоғары тұрғанымды байқамай тұрсыңдар ма?-деген екен.Олпатша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолымен шешуге тырысып,патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып,өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.


Кенесарының хаттары:

«Біздің ата-бабамыз,-деп жазды Кенесары.-Бізге мұра етіп қалдырған Есіл,Нұра,Ақтау,Қарқаралы,Қазылық,Жарқайын,Обаған,Тобыл,Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлерқазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып,оларға әскери бекіністер салынды.Енді біздің жерімізді күнде басып алып,оған бекіністер орнатып жатыр.Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр.Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес,қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

Орынбор генерал- губернаторына жазған хаттарында ; «Мен өзімнің қазақтарым егін егу,аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғанатыныш өмір сүре аламын»десе,енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмңр сүрсек,қандай жақсы болар еді»-дейді.

Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін,қару алып күресуге бел байлайды.Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде:1825 жылдан 1840жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті.Сондықтан біздер,қазақтар,мұндай қысымға,талан-таражға,кісі өлтірушілікке шыдай аймай,лажсыздан басымыздан ауған жағына көшіп жүрдік.Бірақ олар сондада тыныштық бермеді.Сол себептіде мен-Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып,ұлы күресті бастауға бастауға аттандым,-дейді.Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін,1836 жылдан бастап,көтерілістің басшысы болады.





4.Көтерілістің барысы:хронологиялық кесте жасау


Оқиғалар

1837ж,қараша;

Петропавл қаласын шыққан Ақтау бекінісі қазақтарына алғаш рет шабуыл жасады.

1838ж,26 мамырда;

Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап,өртеп жіберді .Сұлтан Қоңырқұлжа және Қарбышев отряды Ақмоланы Ақмоланы қорғап қала алмады.

1838ж,күзінен;

Қозғалыс Кіші жүзді шырпып,оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.

1841ж,тамыз;

Кенесары қолының Ташкетке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.



Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізілген

шаралары

оқиғалар

1842ж;

Орынбор генерал-губернаторы Обручев әскері жіберілді.

1842ж;

Сібірден Сотников тобы аттанды.

1843жылғы 27 маусымда:

І Николай Старшина Лебедевтің 300 қазақтан тұратын тобын жіберуге келісім берді.

1843ж тамызда;

Сұлтан Жантөреұлы,Айшуақұлы,полковник Герн,Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.

1844 ж шілденің 20-21;

Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап,44 сұлтанды мерт қылды.

1844ж аяғы;

Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып,сотқа берілді.

1845ж жазында;

Ұлытау,Ырғыз,Торғай өзендері бойында бекіністер салынды.



Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуы.

-Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп ,өзіне тірек жасауды ойластырды.



Даталар

Оқиғалар

1845 ж қазан,қараша

Көтерілісшілер Созақ,Жүлек.Жаңақорған бекіністерін алды.

1847ж сәуірде

Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

1847ж

Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Көтерілістің жеңілу себептері:

Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады.


Кенесары бірнеше бағытта-патша үкіметіне,қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді.Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты.


Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.


Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.


Көтерілістің тарихи маңызы :

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды.


Хан иелігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзіңде ол қазақтың үш жүзінің басын бірктіріп,қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.


Қорыта айтқанда,жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық-бүгінгі мемлекеттік тәуелсізігімізбен ұлтық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең.Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.




«Кестені сәйкестендіру»

Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.

Жылдар

Мәліметтер

1841ж

Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығады.

1842ж

Кенесары ауылына елшілерДалгов пен Герн келді.

1843ж

Кенесары хан сайланды.

1844ж

Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

1845ж

Орынбор губернаторы Перовскийдің обрчев алмастырды.

1847ж

Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап,44 сұлтанды мерт қылды.



Келесі ойын «Ойлан тап» деп аталады.

1.Кенесары хандақты кімдер басқарды ? Жасауылдар

2.Мал өсірушілерден алынатын салық түрі. Зекет

3.Диқандардан алынатын салық түрі. Ұшыр

4.Кенесары хан орыс армениясының үлгісі бойынша өз әскерлеріне қандай белгі енгізді? Айырым

5.Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан кімдер тағаындалды? Жүзбасылар мен мыңбасылар

6.Қырғыздардың ақсүйек рубасылары. Манап

7.Байырғы жергілікті халық-көшпелі қазақтар. Номадтар

8.Кенесарыны Ресейлік ғалымдар қалай атаған? Бүлікшіл сұлтан













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!