400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кең болсаң – кем болмайсың»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәрбиелік мәні зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты

Мектеп: Әл – Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Күні

17.04.23ж.

Класс жетекші:

Сактаганова А.К

Сынып: 9Б

Қатысушылар саны:26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Кең болсаң – кем болмайсың»

Сабақтың мақсаты:

Қызғаншақтық, көре алмаушылық, іштарлық, күншілдіктің жолдарын болдыртпау және оқушыларға тату болуды үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарының түсінігін қалыптастыру.

Ресімдеу

Слайд, көрнекіліктер

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин


Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Оқушылардың көңіл күйлеріне, тәрбие сағатына дайындығына назар аударады.

Мұғалім оқушының киіміне, шашына назар аударады.

Тәрбие сағатына дайындалу. Мұғалімді мұқият тыңдап, араласып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізу.

Интерактивті тақта

Слайд




Сабақ басы

5 мин


А дам бойында адамгершілік қасиетке қарама-қайшы жағымсыз қасиеттер көптеп табылады. Мысалы:

  • қызғаншақтық,

  • көре алмаушылық,

  • іштарлық,

  • күншілдік,

  • мақтаншақтық пен тәкаппарлық,

  • екіжүзділік, пайдакүнемдік,

  • өзімшілдік, еріншектік,

  • қатігездік,

  • өсекшілдік,

өтірік айту, т.б.

Тәрбие сағатына дайындалу. Мұғалімді мұқият тыңдап, араласып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізу.

Интерактивті тақта

Слайд




Ортасы

23 мин



Соның ішіндегі ең қауіпті күш – бұл қызғаншақ­тық, көре алмаушылық пен іштарлық. 

«Қызғаныш қайда болса, ұрыс сол жерде», – деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, іштарлықтың кесірінен әртүрлі бағыттағы дау-жанжалдар туындайды, өсек айтылады, ондай адамдар салмақты, байыпты ойлана алмайды, келісті ақыл-кеңес те бере алмайды. 

Қызғаныш пен көре алмаушылық деген қасиеттер жанды жаулап алатын құрттар, надан және жауыз, қатыгез адамдардың жүректеріне ұя салады.

«Қызғаныш – құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты», - деген Мұхтар Әуезов.

«Күншілдік – өзгенің мықтылығымен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден тұратын құбылыс», – деген екен Бауыржан Момышұлы

  • Қызғаныш дегеніміз не?

  • Өз-өзіңе ме, әлде барлық дүниеге ренжу ме?

  • Жеткіліксіз дамудың жиынтығы ма?

  • Өз күшіңе деген сенімсіздік пе? 

Қызғаныш – бұл ауру. Медицинада айтылатындай, қызғаныш отына өртенгендердің ішкі секрециясы қалыпсызданып, жүрек-қан тамыр жүйесі бұзылып, жүйке жүйесі зақымданады.

Қызғаншақтық пен іштарлықтың 3 белгісі бар:

1. Егер адам қасында болмаса, ол туралы ызалы сөздер айтып, жағымсыз ойларын білдіреді.

2. Ол сол адамды көргенде жағымпазданып, екі­жүзділеніп, көлгірсиді.

3. Ол адамның бақытсыздығына қуанады.

Психологтар мынадай қара­па­йым кеңестер арқылы қызға­ныш­­тан арылуға болады дейді:

  • әр­кім өзінің кемшілігін мойындап, артықшылығын біліп, ортамен сыйластық қарым-қатынаста болуы керек; өзінің әр қадамын екшеп, біреуді «аңдығаннан» гөрі, өз бо­йын­дағы кемшіліктерді түзетуге көбі­рек көңіл бөлу;

  • өмірде жақ­сы­лық­­қа ұмтылу, тіршіліктің жарқын жағына көбірек мән беру;

  • біреудің қабі­леті сенен артық болса, оған зиян жасама, достасуға тырыс – жақ­сы­лық үйренесің;

  • егер кісі өзін кәсі­би және рухани тұрғыда әрдайым жетілдіріп отырса, оның басқаларды қыз­ғануға уақыты болмайды; өзге­лер­ге жақсылық ойлай білу;

  • өзгенің қуанышына қуану; ең бастысы, қызғаныш адам денсаулығына зиян­ды екенін білу және одан сақтану.

Комплимент айтуға үйренейік ойыны

Оқушылар орындарынан тұрып, қыз қызға, ұл ұлға комплимент жасайды немесе жағымды сөздер айтады.

Тәрбие сағатына дайындалу. Мұғалімді мұқият тыңдап, араласып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізу.




Интерактивті тақта

Слайд



Соңы

7 мин

Қорытындылау.

Бұзық телефон” ойыны

Бағалай білмегенге бақ қонбайды,
Қуана білмегенге құт қонбайды.

Әбіш Кекілбаев



Интерактивті тақта


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
07.06.2023
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі