Кеңес "Пайдалы тағам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес "Пайдалы тағам"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілер мен балаларға өте пайдалы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Шағын орталық «Гүлдер» тобындағы «Денсаулыққа пайдалы тағамдар» тақырыбына арналған ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларды пайдалы ас түрлерімен таныстыра отырып, олардың адам ағзасына пайдасын білуге баулу.Тәрбиелік: Балалардың денсаулықты күтуге, тамақтану гигиенасын сақтауға қатысты білімдерін тереңдете түсу.Көрнекілігі: Себет, муляждар: картоп, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, пияз, алма, қияр, жүзім, қуыршақ Әйгерім.Таңғажайып сәт:Тәрбиеші: балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізде пайдалы тағам туралы айтамыз. Бізге қонаққа қуыршақ Әйгерім келді. Ол өзімен бірге жұмбақтар ала келді. Сіздердің білімдеріңізді тексергісі келеді.Қуыршақ Әйгерім: Ал, балалар, мұқият тыңдаңдар. Міне, жұмбақтар:Сылдыр, сұйық ағадыАқ болсада қар емес,Шешуін кім табады? (Сүт)Бір қазанның ішінде екі түрлі ас (Жұмыртқа)Үсті темір, асты темірОртасын ал да кемір.(Таба нан)Дәмін татсаң тәтті – ақТүсін көрсең – аппақ. (Қант)Қыста – мазар,Жазда – базар. (Жүзім)Қуыршақ Әйгерім: Балалар, осы жұмбақтардың шешуін бір сөзбен қалай атаймыз?Балалар: Тағамдар.Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар! Қуыршақ Әйгерім сіздердің жауаптарына өте риза. Айтыңдаршы, адам тамақсыз өмір сүре алады ма?Балалар: Жоқ.Тәрбиеші: Аз ғана уақыт қана жүре алады, адам өсіп – өну үшін күнде тамақтану керек. Адам немен тамақтанады?Балалар: Ет, балық, сүт, көкөністер.Тәрбиеші: Ал, жануарлар қоректенеді ме?Балалар. Иә.Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Адамдар, жануарлар, құстар мен жәндіктер бәріде қоректенеді. егерде ағзамызға тамақ бармаса, біздің ағзамыз әлсірейді. Неге олай болады? Себебі, азық - түлікте бізге қажетті қоректік заттар бар, олар біздің ағзамызға және өсіп – өнуімізге көмектеседі. Балалар, қандай қоректік заттарды білесіңдер?Балалар: Дәрумендер.Тәрбиеші: Азық – түлікте көптеген дәрумендер бар. Әр дәруменнің өзінің аты және үйі бар. Қазір біз азық – түлікте қандай дәрумен барын көреміз.Кесте:А дәрумені – балық майында, жұмыртқаның сарысында, сары майда, сәбізде, өрікте, шабдалыда болады.В дәрумені – нанда, қарақұмық пен сұлыда, бауырда болады.С дәрумені – жеміс – жидектерде, жидектерде, лимонда болады.Д дәрумені – балық майында, ірімшікте, болады.Е дәрумені – етте, жұмыртқада, сүтті тағамдарда болады.Тәрбиеші: Ал, балалар енді естеріңде қалды ма екен көрейік. Мен сендерге карточкалар таратамын. Қандай азық - түлікте қандай дәрумен барын, кестеге жақындап көрсетесіңдер.Тәрбиеші: Балалар, егерде біз тек қана тәтті торттар, балмұздақ жесек не болады?Балалар: тісіміз, ішіміз ауырады.Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, сіздер дені сау балалар болып өсу үшін, сіздерге әртүрлі тағамдар ішу керек, тек қана тәтті емес. Оны біз «пайдалы» немесе «денсаулыққа пайдалы тағам» деп атаймыз. Бірақ адамның денсаулығы тек қана тағамнан емес, адамның қозғалуына да байланысты. Сондықтан кішкене қозғалайық.Сергіту сәті:Мен көкөністерді атаймын. Егер мен жердің астында өсетін көкөністерді атасам – отырамыз.Егерде жер үстінде өсетін көкөністерді атасам – тұрамыз және қолдарымызды аспанға көтереміз.(картоп, үрмебұршақ, сәбіз, помидор, қызылша, қияр, шалқан)Тәрбиеші: Ал, енді балалар, біз қуыршақ Әйгерімге пайдалы тағамдарды таңдап, себетіне саламыз.Балалар себетке азық – түліктерді салады.Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, енді қуыршақ Әйгерім тек қана денсаулыққа пайдалы тағамдармен тамақтанады.Қорытынды:Балаларды сұрақ – жауап арқылы әңгімеге тарту.
  • Біздің әңгімеміз қалай аталады?
  • Біз не туралы айттық?
(денсаулыққа пайдалы тағам туралы, тағамда ағзаға қоректік заттар бар – дәрумендер)Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар? Сіздер дені сау әрі әдемі, күшті болып өсу үшін дұрыс тамақтануларың керек, дене шынықтырумен айналысып, күн тәртібін сақтауларыңыз қажет!Қуыршақ Әйгерім: Ал, балалар, менің кетуім керек, кетерде сіздерге дұрыс тамақтанудың алтын ережелерін айтып кетейін:
  • Ең бастысы, көп тамақ ішпеңіз.
  • Бір уақытта тамақтаныңыз және тек қана жаңа піскен тамақ ішіңіз.
  • Тамақты мұқият, асықпай шайнау керек, жұтуға асықпаңыз.
  • Майлы, тұзды және ащы тағамдардан сақтаныңыздар.
  • Жеміс – жидектер, көкөністер – пайдалы тағамдар.
  • Тәтті тағамдар көп – ал денсаулық біреу.














Тақырыбы: «Адам денсаулығына пайдалы тағамдар»











Дайындаған: Лукпанова К.Б

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2019
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі