ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 17
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
|
Модуль /пән атауы |
ЖБП 5 Қазақстан тарихы. |
||
|
Сабақ тақырыбы |
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениеті. |
||
|
|||
|
Курс |
Оқу жылы |
Тобы |
Күні |
|
I |
2024-2025 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ түрі |
теориялық |
||
|
2. Мақсаты, міндеттері |
|||
|
Мақсаты: Кеңестік дәуірдегі Қазақстан
мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау; Міндеттері: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінде пайда болған жаңа жанрлар мен баяндау түрлерін анықтайды; Социалистік реализм әдісі «түрі –ұлттық, мазмұны –социалистік» ұғымының мәнін ажыратады ; Өнер саласындағы жетістіктерге талдау жасайды |
|||
|
|||
|
- Кеңестік билік орнағаннан кейін большевиктердің мәдениет саласын дамытуға ерекше мән беру себебін анықтайды; - Кеңестік мектепте білім беруді дамыту жұмысы қалай жүргізілгені туралы біледі; - Кеңестік мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен қайшылықтарға талдау жасайды; - Рухани мәдениет, жаңғырту, реформа, халық ағарту, ұлттық зиялы қауым кілт сөздерін меңгереді; - Мәдениет, социалистік реализм, тарихи роман, халық аспаптар оркестрі, театр, кино, сәулет өнері, орыстандыру ұғымының мәні. |
|||
|
4. Қажетті ресурстар |
|||
|
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер |
Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 10- сыныбына арналған оқулық. -Алматы: Мектеп, 2019. (электронды/қағаз форматта). Тарихи карталар, слайдтар, суреттер. |
||
|
Техникалық құралдар, материалдар |
Смартфон, ноутбук, интерактивті тақта, презентация материалдары. |
||
|
5. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ |
|||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 3-5 мин |
Топтың сабаққа дайындығын тексеру, келмегендерді белгілеу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, тақырып бойынша білімнің осы мамандық үшін маңыздылығын анықтау. |
||
|
Білім алушылардың білімін тексеру 15-20 мин |
Ұлттық рухани қасиетті жерлерді білу не үшін керек ? Тарихи және мәдениет ескерткіштерін жіктеу 1.Табиғи-ландшафтылы нысандар тобы 2. Екінші топқа ежелгі дүниенің археологиялық ескерткіштері,қоныстар, жерлеу орындары кіреді. 3. Қасиетті діни қажылық орындары
4. Тарихи тұлғалар мен саяси
оқиғаларға байланысты
жерлер. |
||
|
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру 40-45 мин
|
Жоспар:
Кілт сөздер: рухани мәдениет, жаңғырту, реформа, ұлттық зиялы қауым, мектеп, халық ағарту.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда мәдени өзгерістердің басты бағыты сауатсыздықты жою мен ағарту ісін дамытуға бағытталды. Ой түрткі:
Себебі, халықтың басым көпшілігі оқи да, жаза да алмайтын, миллиондаған балалар мектепке бармады, оқу орындарымен педагогикалық кадрлардың тапшылығы байқалды. Сондықтан большевиктер ағарту саласында кешенді және батыл шараларға кірісіп:
Яғни,
Алдарыңызда слайдта КСРО халықтық білім туралы жинақ берілген, онда 1918 жылы қабылданған құжат материалдарын көре аласыңдар. Осы құжаттардың негізінде кеңестік білім беру жүйесі қалыптасты. Ережеге сәйкес бұрынғы бастауыш училищелердің, гимназиялардың, реалдық училищелердің т,б, оқу орындарының орнына, екі сатыдан тұратын бірыңғай еңбек мектебі құрылды: 1-саты: 8 -13жас; 2-саты: 14 -17 жастағы балалар оқытылды.
1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны кезіңде қиыншылықтар туындады, олар: – халықты оқытуға маман кадрлардың жетіспеуі; – Оқу құралдары мен оқулықтардың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі; –білім беру мекемелерінде материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
Ережеге сай қағидаттары бойынша: Мектеп толықтай тегін болды; Ұлдар мен қыз балалар бірге оқытылды; 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. Діни пәндер оқу бағдарламасынан алынып тасталды;
1919 жылы «Сауатсыздықты жою туралы декрет» қабылданды. Декрет негізінде ауылға жаппай мәдени жорықтар ұйымдастырылды. 1920-1921 оқу жылында 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пункттерінде 70 мыңдай адам оқыды. Қызыл отаулар (әйелдер арасында сауатсыздықты жою үшін),әйелдер арасында саяси-ағарту жұмысын жүргізу, партия мен Кеңес өкіметінің саясатын насихаттау, қазақ әйелдерін социалистік құрылыстарға тарту болды. Коммуна мектептер (көшпелі және жартылай көшпелі халықтар арасында); Раффактар , мектеп -интернаттар құрылды. Халық ағарту комиссариатының Ережесімен «әр орында және әр ауылда» курстар ұйымдастыру көзделінді. Курстар ересектерді оқу мен жазуға үйретумен шектелмеуі тиіс деп есептелінді. Олар хат танудан басқа:
Курстарда оқу жоспары жалпы білім беретін пәндер (оқу ,жазу, арифметика, табиғаттану, есеп т.б.), арнайы сабақтар (етікшілік, тігіншілік, ағаш шеберлігі, темір ұстасы т.б.) , сондай-ақ өнертану, ән сабағы, драмалық шығармаларды оқу енгізілді. Ескеретін мәселе білім беру ісі идеологиямен қатар жүргізілді. 1924 жылы «Сауатсыздықты жою қоғамы» құрылды.
Сауатсыздықты жоюдың 110 қызыл отауы ашылды. Сауат ашу жұмысын жандандыруда жастар мен комсомолдар белсенділік танытты. Сауат ашу проблемасын ойдағыдай шешуге халықтың білім алуға құштарлығы септігін тигізді. Қатардағы еңбеккерлер өз еріктерімен мектептер мен сауатсыздықты жою қызыл отауларын салуға , оларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиетпен, жазу құралдарымен қамтамасыз етуге қатысты.
1930 жылы 27 тамызда республика ОАК және ХКК қаулысымен жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Көшпелі халық тұратын мекендерде 8 жастағы балалар үшін жалпыға міндетті бастауыш оқу 1931 жылы көктемде басталды. Жетістігі: ҚАКСР ХКК жанында Жалпыға міндетті бастауыш жөніндегі комитет жұмыс істеді. Комитеттер жер жерлерде құрылды. Комсомолдар оқуды ұйымдастыруды қолға алды. Балаларды аяқ киіммен, киім -кешекпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етудің қамын жасады. Халық ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері артты. 30 -жылдардың аяғында жалпыға міндетті бастауыш оқуды жүзеге асыру іс жүзінде аяқталды. 1937 жылы балаларды бастауыш оқумен қамту 96 пайызға жетті. Кемшілігі: Тоталитарлық режим мектептерді тіл алғыш және идеологияландырылған ұрпақ тәрбиелеудің құралына айналдырды. Оқулықтардың мазмұны, пионер және комсомол ұйымдарының қызметі оқушылардың санасы мен мінез -құлқына сталинизмді, кеңеске жат нәрсенің бәрін жек көруді,партияның саясаты мен идеологиясына соқыр сеніммен берілуді сіңіруге бағытталды.
Атеистік насихат шаралары:
Мұсылмандық жоралғыларды өткізуге рұқсат берілмеді Нәтижесі: Адамдардың діни көзқарасын және діни сенімдерін толық жоя алмады.
Әліпбиді өзгерту. Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрды. Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады: 1) жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау; 2) өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру; 3) түркі жазуын реформалау. 1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтық түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Казақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсыңды. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
Қазақ тілінде жазылған оқулықтар
20 ғасырдың бас кезінде Х.Досмұхамедов Халық ағарту Комисариатының Білім комиссиясын басқарып тұрған кезінде бір топ қазақ зиялыларына қазақ тілінде жоғары оқу орындары мен ұлт мектептеріне арналған әртүрлі ғылым саласында оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға тапсырма беріп, ұсыныс жасады. Алдарыңызда мәдениет пен білім саласында ерен еңбек сіңірген тұлғалар, қазақ тілінде оқулық жазған. «халқын, өз ұлтын сүйген Байтұрсынов тұңғыш лингвист-ғалым. Төте жазу құралын жазды. Ол араб әліпбиі араб жазуын сәтті реформалаудың және оны қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімдеудің жарқын үлгісі болды. Ә.Бөкейхан «география» , Сәтпаев «алгебра», С.Асфендияров «Қазақстан тарихы» оқулықтарын жазды.
Кәсіби оқу орындарын ұйымдастыру ісінде жинақталған тәжірибе, сондай-ақ экономика мен мәдениет саласындағы маман кадрларға қажеттіліктіңң өсуі, толыққанды жоғары оқу орнын ашу мәселесін түбегейлі шешуді талап етті. 1928 жылы 10 маусымда ХКК педагогикалық, ауыл шаруашылық және медициналық үш факультеті бар Қазақ мемлекеттік университетін ашу туралы шешім қабылдайды. Алайда, университет бір ғана педагогикалық факультетпен 1928 жылы ашылады. Факультеттің үш бөлімшесінде124 студент оқып, 9 оқытушы сабақ береді. Қалған екі факультетке педагогтар мен студенттер жинаудың сәті түспейді. Сондықтан 1930-1931 оқу жылында университетті Қазақ педагогикалық институт етіп қайта құрып, кейіннен ол Абай атындағы институт болды. (қазіргі кезде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет) Одан кейін:
Сонымен небәрі 5 жыл ішінде (1936-1940жж) ЖОО мен техникумдар 24 мыңнан аса мамандар даярлап шығарды.
Бірақ бұл да жеткіліксіз болды. Білікті мамандар жетіспеді. Сондықтан өзге республикалардан оқытушылар жіберілді. Білікті қызметкерлердің жетіспеу себептерінің бірі, олар Сталиннің жеке басқа табыну режимінің құрбандары болған болаты. Байтұрсынов әдебиеттану мен тіл білімінің қалыптасуына аса молүлес қосты. 1926 және 1928 жылы шыққан «Жаңа әліпби», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» кітаптарында қазақ тілі фонетикасының, морфологиясы мен грамматикасының,қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихының өзекті проблемалары қозғалады. «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін «деген ұстанымына адал болған экономист- Ә.Бөкейхан дәстүрлі дала шаруашылығы мен жер мәселесі қазақтардың ұлт болып қалудағы басты құндылығы екенін айтып, осы бағытта көптеген ғылыми еңбектер жазды. Тынышбаев халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дереккөздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазады. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген принципті ұстанған және бұл принципті өзге зерттеушілердің де ұстауын талап етеді Аймауытовтың психология мен педагогика саласына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Жүсіпбек дарынды ұстаз болған. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық қызметін атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» т.б. кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдры үшін ерекше рөл атқарған енбектер. Халел Досмұхамед қазақ медицинасына қосқан үлесі зор. Қазақ тілінде медицина мен жаратылыстану бойынша ғылыми танымдық кітаптар мен оқу құралдарын жазған.
Қазақстандық қордың , содан кейін КСРО ҒА -ның филиалын құруға байланысты ғылыми -зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру жұмысы жақсарды. Тарих, лингвистика, геология, химия т.б. салалар елеулі жетістіктерге жетті.
1-тапсырма Контекс негізінде бір жауапты тест тапсырмаларын орындайық. 1.1. Суреттегі тұлғалар бойынша дұрыс дәйекті анықтаңыз. А) Төртеуі де жаппай репрессия жылдарында атылып кетті; В) Төртеуі де қазақ тілінде оқулықтарды құрастырды; С) Төртеуі де кеңестік үкіметті қолдады; Д) Төртеуі де Кеңестік музыкалық өнерді дамытуға үлес қосты; Е)Төртеуі де еңбектері үшін Социалистік Еңбек Ері марапатын алды.
1.2. Суреттерде берілген тұлғаларды анықтаңыз: А)Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Шоқай, Қ. Сәтбаев; В) М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, Ш Құдайбергенұлы; С) А. Байтұрсынұлы, С. Асфендиаров, Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейхан; Д) Ж. Аймауытов, С. Асфендиаров, Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов; Е) А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Асфендиаров, Қ. Сәтбаев. 1.3. Суреттерде берілген тұлғалардың құрастырған оқулығын анықтаңыз: А) Төте жазу, Қазақстан тарихы, алгебра, география; В) Қазақстан тарихы, астрономия, география, төте жазу; С) Биология, география, физика, төте жазу; Д)Химия, қазақстан тарихы, биология, қазақ тілі; Е)Төте жазу, Қазақстан тарихы, орыс тілі, география. Жауабы. 1.1- В) Төртеуі де қазақ тілінде оқулықтарды құрастырды 1.2.- С) А. Байтұрсынұлы, С. Асфендиаров, Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейхан. 1.3.- А) Төте жазу, Қазақстан тарихы, алгебра, география. Кілт сөздер: Қазақ әдебиеті, социалистік реализм, театр, опера, өнер.
1.Өткен сабақтарда «Социалистік реализм», «түрі -ұлттық, мазмұны -социалистік» деген ұғымдарға талдау жасадық, бүгінгі сабақты 40-80 жылдар аралығында мәдениеттегі өзгерістер қандай бағыт алғанын анықтаймыз.
2.Шығармашылығы социалистік реализм шеңберінен шығып, модерндік сипат алған қазақтың ұлы жазушысы , қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алған М. Әуезов шығармасына талдау жасалады.
3. 60-80 жылдарда социалистік реализм стилінде жазуды жалғастырған жазушылардың тарихи романдарына талдау жасалады.
Б. Момышұлы, Қ. Қайсеновтың шығармашылығындағы жаңашылдыққа бағыт туралы ақпарат алады.
Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967-1970) романы туды. Жазу барысында арнайы Қытайға, Шыңжаң өлкесіне барып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп біледі. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларын күні-түні ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды.
«Қан мен тер» трилогиясын жазды.
Музыка өнері.
« Либреттосын Қажым Жұмалиев жазған. “Біржан — Сара” көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне 19 ғ-да өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен оның Сара ақынмен айтысы алынған. қойылымындағы басты партияларды Ә. Үмбетбаев (Біржанды), К. Байсейітова (Сараны) орындады.
Театр және кино Ә. Мәмбетовтың «Ана -Жер -ана», «Қан мен тер» ,«Қарагөз», «Көктөбедегі кездесу» т.б спектакльдері қазақтың сахна өнерін биікке көтерді.
Кеңестік дәуірдегі мәдени ахуалдың ерекшелігі Мәдениет саласында тарихи романдар, театр өнері мен кино, сәулет өнері табыстарға жетті. Орын алған қайшылықтар: 1-ден: атеизм ; 2-ден: шығармашылық еркіндіктің шектелуі; 3-ден: іздемпаздыққа жол берілмеуі; 4-ден: партия бағытына бағыну міндеттелуі. Орыстандыру проблемасы: Н.С. Хрущев: «Патша өкіметі сан ғасырлар бойы жаулап ала алмаған жерлерді мен оп-оңай әдіспен жаулап алдым» деген екен. Тың игеру жылдарында сырттан келуші славян халықтардың есебінің жергілікті халықтың саны 29 пайыз болып, демографиялық өзгеріске ұшырадық. Осылайша кеңестік кезеңде қоныстандыру және орыстандыру саясаты өз жалғасын тапты. Бұл процесс қазақ мектептерінің жабылуына, орыс тіліне ресми тіл, білім мен ғылым тілі ретінде басымдық берілді. Қазақ тілі тұрмыстық тіл дәрежесінде қалды. Бұл саясат ұлттық мәдениетке орны толмас зардаптар әкелді. Оның салдары бүгінгі күнге дейін сезілуде. |
||
|
6. Сабақты бекіту (Сабақ бойынша бағалау- өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта) 10 мин
|
|||
|
7. Сабақ бойынша рефлексия 5-7 мин |
|||
|
Кері байланыс – рефлекциялық сұрақтар арқылы сабақтың қалай өткенін және білім алушылардың қандай түсініктерді меңгергенін анықтау және жаңа білімдерін қалай қолданатындары жайлы ойларын білдіру. |
|||
|
8. Үйге тапсырма 2-3 мин 1920-1930 жылдардағы қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлері туралы таныстырылымдар дайындау. |
|||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениеті.

шағым қалдыра аласыз