"Кенжеғали Жангиров - ерекше рота командиры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кенжеғали Жангиров - ерекше рота командиры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Александр Невский орденің иегері ҰОС батыры К.Жангировтың ерліктері туралы тарихи деректер
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі
Мұхит атындағы ЖОББМ мектебі














Жұмыстың авторы:
Жолдасқали Райымбек
Сыныбы:
7 “б”
Жұмыстың атауы: «
Ерекше ротаның командирі - Кенжеғали Жангиров»
Жұмыстың секциясы: Тарих
Жетекшінің аты - жөні:
Қазбаева Айгүл Сатбайқзы




















Мазмұны:

1. Жұмыстың сипаттамасы..............2 бет
2. Кіріспе бөлім.............................3 бет
3. Зерттеу бөлімі............................4 бет
«
Ерекше ротаның командирі - Кенжеғали Жангиров»
4. Қорытынды...............................7бет
5. Қолданылған әдебиеттер......... 8бет



































Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Бұл жұмыс өлкеміздің тарихта аты қалған тұлғаларын дәріптеуге арналған. Соның ішінде ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.
Ауыз толтырып ерлігі бар адамның аты ең болмаса «Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясында» аты - жөні жоқ. Сондықтан зерттеу жұмыс барысында осы адамның өмірі мен қызметіне шолу жасалады.

Зерттеу әдісі:

Аудандық архивтен, қорғаныс бөлімінен, мұражайдан, тусықандарынан материалдар іздестіру, жүйелеп жинақтау

Зерттеуге негіз болған материалдар:

Архив материалдары, туған туыстарының
К. Жангиров туралы білетін мәліметтері, баспасөз материалдары, отбасылық архивінен алынған құжаттар

















КІРІСПЕ

Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті.


Біздің бүгінгі сөз ететін тұлғамыз елеусіз қалған ер болмақ.


Кенжеғали Жангиров өлке тарихынан ойып алар орны болса да есімі ескерусіз жатқан ерлердің бірі.


Өлкеміз тарихынан мәлімет берер «ҚАЗАҚСТАН» энциклопедиясында да мәліметтер келтірмеген.
Осыларды көре отырып, бар ғұмырын Отан үшін сарп еткен ерге
Өлке тарихы беттерінен лайықты орын алуына аз да болса үлес қосу. Бұл ғылыми жобамен танысқан адам бастан - аяқ болмағанмен өмірінің кейбір қырларынан мағлұмат алады.

















Зерттеу бөлімі


«
Ерекше ротаның командирі - Кенжеғали Жангиров»


Бұл тұлғаны алғаш зерттеуге негіз болған нәрсе
мен тұратын көше атауының сыры неде деген сұраққа жауап іздегеннен пайда болды.



Изображение 1


Қаратөбелік Кенжеғали Жәңгіров Ұлы Отан соғысыныңортасында жүріп, 399-атқыштар дивизиясы 1343-атқыштар полкінің құрамындағы батыл командирлердің бірі болды. Тактикалық жеңіске ие болғаны үшін әскери қолбасшылар марапатталатын Александр Невский орденінің иегері атануы осыған  дәлел.


Ұлы Отан соғысында ерекше ротаның командирі болған капитан К.Жәңгіровтің өмір жолы туралы оның немересі Марғұлан Нұғманов былайша әңгімелеп берді.


Кенжеғали Жәңгіров 1912 жылы 15 наурызда Қаратөбе ауданының Ақкөл елді мекенінде дүниеге келген. 1930 жылы қазақ мектебінің 7 сыныбын бітіргеннен кейін Кенжеғали ауылдағы өндірістік және қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ол «Аққозы» шаруашылығында техник хатшы, Қаратөбе байланыс бөлімшесінде қызметші болып жасады. 1936 жылдың басынан 1942 жылға дейін Жымпиты ауданының мәдениет бөлімінде еңбек етті. Сонда жүріп Ұлы Отан соғысына аттанды.



Кенжеғали Жәңгіров майдан далаларында нағыз қаһармандық ерліктің үлгілерін көрсетті. Әскери өмірдің алғашқы күндерін Тула, Курск бағытында бастады. 1942 жылдың сәуірінен 1943 жылдың желтоқсанына дейін 1285-атқыштар полкінің құрамында взвод командирі болып алғашқы ұрысқа қатынасып, кейіннен әскери білімін жетілдіріп, кіші командир атағына ие болды. 1943 жылдың қыркүйек айынан бастап соғыс аяқталғанша ерекше атқыштар ротасының командирі болып, Орталық майданда, одан кейін Брянск майданында жауынгерлерді ерлік пен жеңіс жолына бастады. Ол ерекше ротаға командир болып, талай қиын тапсырмаларды тапқырлықпен орындай білді.


1944 жылдың 20 қаңтарында Кеңес Қарулы Күштері бүкіл жауды өз жеріне карай мықтап тықсырып бара жатқан кез болатын. Біздің әскерлер Нарва өзеніне қарай тақап қалған. Арғы жағында дұшпанның мықты бекінісі. Сүйем жер аттасаң - қатерге аяқ басқаның. 1343-атқыштар полкіне Нарва өзенінен өтуге бұйрық берілді. Оның ішінде К.Жәңгіров басқаратын рота өзеннен бірінші болып өтуі тиіс. Бұрын да талай қиын тапсырмаларды орындап, шайқаста шыныққан, оның үстіне дұшпанның айла-тәсілін әбден біліп алған жауынгерлер тіпті жүрексінер емес. Рота солдаттары қару-жарақты сайлап, өтетін шебін белгілеп алды.

Изображение 7


Қарсыластар да тек жатқан жоқ. Кеңес әскерлеріне бөгет жасау үшін өзеннің мұзын ойып тастаған. Дегенмен біздің жауынгерлер қапысын тауып, өзеннен аман-есен өтіп алып, дұшпанға тарпа бас салады. Кеңес солдаттарының тегеурінді екпініне төтеп бере алмаған дұшпан әскерлерінің артына қайырылып қарауға да шамасы келмеді. Сол күнгі шайқаста рота 17 жауды жер жастандырып, 8-ін қолға түсірді. Оның ішінде бір унтер офицері бар. Немістің 50 қарақшысын атып түсіріп, бір ұшқышы тұтқынға алды.


Нарва түбіндегі шайқаста тапсырманы ойдағыдай орындап, фашистердің құрамасын жоюда тактикалық жеңіске ие болғаны үшін рота командирі К.Жәңгіровті қолбасшыға лайық Александр Невский орденімен марапаттады.


Капитан К.Жәңгіровтің майдан даласында жасаған ерліктері туралы 1975 - 2003 жылдар аралығында облыстық, аудандық баспасөз беттерінде облыстық әскери комиссар, Кеңес Одағының Батыры И.Коняхин («Орал өңірі» газеті, 12.04.1975ж., «Қарулас жерлестер» мақаласы; «Приуралье» газеті, 22.05.1984 ж. «Однополчане» мақаласы), журналистер Қ.Хасанов, И.Сердалин, Д.Айтжанов және тағы басқалары жаз­ған бірнеше мақалалар жарық көрген болатын. Кенжеғали Жәңгіров БАҚ өкілдеріне (Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газеті №18, 02.03.1994 жыл.) берген бір сұхбатында былай дейді: «Ерекше рота дегеніміздің өзі айып ротасы ғой, ол рота бұрын сотталған, болмаса соғыс кезінде әр түрлі қылмыс жасаған адамдардан жасақталады. Оларға Отан алдындағы айыптарын жуып-шаю үшін айып ротасына жіберіп, мүмкіндік жасайды. Осылай дей тұрсақ та, олардың көбі нақақтан жазаланып, Отанға қауіп төнген қиын-қыстау кезеңде өздері майданға сұранып келген әр ұлттың патриоттары еді. Олардың арасында Отанға опасыздық жасағандары өте аз болды. Мұны мен өз тәжірибемнен біліп айтып отырмын. Айып ротасы майданның ең ауыр жеріне жіберіледі. Оларға шегінуге рұқсат жоқ. Не болғанда да алға ұмтылып, жан беріп, жан алысатын ұрыста жеңіп шығуың қажет. Олай болмаған жағдайда олардан опасыздық таңбасы алынбайды. Міне, осындай ротаға командир болып, бас қолбасшылықтың бірнеше тапсырмаларын орындауға тура келді. Бір жақсысы, ротаның кіші командирлері өзім сияқты қан майданға пісіп шыққан азаматтар екен. Ротада қанша адам болса, соның әрқайсысының тағдырымен жеке-жеке взводтарда сөйлесіп, танысуға тура келді. Көбі жетім қалып, ұрлық жасаған жастар екен, ішінде ақыл тоқтатқан, сауаттылары да, жоғары білімді «саясилар да» болды. Бәрі де соғыс өнеріне жан сала кірісті. Бәрінің де арманы майданға кіріп, өздеріне таңылған жексұрындық атақтан құтылу еді. Даярлық кезінде бізді таңдандырғаны олардың көпшілігінің аса зерек, алғырлығы болды. Соғыс өнерін тез меңгерді десем, артық айтқандығым емес».


Капитан Жәңгіров басшылық жасаған ерекше ротаның бұдан бұрын да немістің төрт танкісінің күлін көкке ұшырғаны бар болатын. Енді бірде ерекше рота сарбаздарына дұшпаннан "тіл" әкелу тапсырылады. Командир 16 жауынгерді қасына ертіп алып, дұшпанның бекінісін үш күн бойына торыды. Әккі болған дұшпан да оңай алдырсын ба? Ақыры оның да сәтін салды. Жаудың бір полковнигін қолға түсіреді. Жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны үшін рота командирі екінші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз және кейіннен бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталады. Орден медальдардан тыс Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен бірнеше рет алғыстар жарияланған.

Изображение 3


Осы майдан даласындағы батыс қазақстандық жерлес үш жауынгердің, қаратөбелік Кенжеғали Жәңгіров, сырымдық Сатан Арыстанов және тасқалалық Хайрош Едгиннің кездесулері өте қызық оқиға болды.


Бірде Жлобин қаласының солтүстігіндегі қорғаныс шебінде ротаның окоптарын аралап жүріп, Жәңгіров рота позицияларының арт жағында орналасқан минометчиктерді көреді.Дереу сонда барып, «Командирлеріңді шақырыңдар!» дейді. Жер кепеден сұңғақ бойлы, қара торы, омырауында бірінші дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендері жарқыраған капитан жүгіре шығып, «1343-атқыштар полкінің құрамындағы миномет ротасының командирі капитан Арыстанов!» деп рапорт береді. Сенерін де, сенбесін де білмей, аң-таң болып қалған Кенжеғали «Сатан, сенбісің, әй?» деп жолдасын құшақтай кетті. Тағы бір есте қаларлық кездесу, 1944 жылы маусымның бас кезінде капитан Жәңгіровтің ротасының бақылау пунктіне артиллерия әскерлерінің погонын таққан жас офицер келіп, «76 миллиметрлік зеңбіректер взводының командирі, аға лейтенант Едгин. Сіздің ротаны қолдауға келіп тұрмыз» деп баяндайды. Капитан Кенжеғали Жәңгіровке қазақ жігіті таныс көрінді. Бірақ ол аты-жөнін есіне түсіре алмай, "Қай жерденсің?" деп сұрады. «Батыс Қазақстан облысынанмын, жолдас капитан!» деп жауап берді Х.Едгин. Екеуі шүйіркелесіп әңгімелесе кетті. Сол жерде ол Сатан Арыстановтың да осы батальонда миномет ротасының командирі болып қызмет істейтінін айтып, оны дереу бақылау пунктіне шақыртты.



Сөйтіп, үш қарулас жерлестер майдан шебінде осылай табысты. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанға дейін олар жұбын жазбай, бір полкте жауға қарсы соғысты. Жерлестер Бобруйск, Слуцк, Белосток, Барановичи, Млава қалаларын азат етуге, Кенигсбергте жаудың мықты қорғанын бұзуға қатысты. Туған жерге жеңіспен оралған үш майдандас офицердің достық байланыстары бейбіт өмірде де жалғасын тапты.


Жастайынан алғыр, дене бітімі де шымыр, қайратты болып өскен Кенжеғали Ұлы атамыз Отан соғысы аяқталғанда 33 жаста болатын. Соғыстан бейбіт еңбекке оралған К.Жәңгіров Жымпиты, Шыңғырлау аудандарында партия, шаруашылық қызметінде болды. Туған халқының өнерін жоғары ұстаған ол көп жыл Жымпиты, Қаратөбе аудандарында мәдениет саласының жетекшілік қызметінде болып, көптеген өнер адамдарын тәрбиеледі, өзінің бойына біткен дарынын туған халқына арнады.



78 жылдық ғұмырында Кенжағали атамыз мен батырмын, маған жағдай жасаңдар деп көрген емес. Қан майданда асқан ерлік көрсетсе де, қарапайым болған. Жалғыз ұлы Марат пен өмірлік жұбайы Мәмила әжемізден қатар айырылған қария тағдырдың басқа салғанына мойымай, еңсесін тік ұстай білген екен.



Изображение 12


К.Жангиров атамыздың өмір баяны жазылған қолжазба

Аудандық өлкетану мұражайы қорынан алынды


Ардагер 1989 жылы шілде айында бауыры Мұқанның шаңырағынан бақилыққа аттанды. Марқұмның тума-туысқандарына Мәскеу қаласында орналасқан 48-армия 399-атқыштар дивизиясы ардагерлері кеңесінен келген көңіл айту хатында былай деп айтылған:


«Здравствуй дорогой фронтовик Мукан! Получил твое печальное письмо о смерти нашего однополчанина Кенжегали Нугмановича. Совет ветеранов нашей дивизии выражает Вам, и всем родным, наши сердечные соболезнования по поводу безвременной кончины нашего фронтового товарища командира роты, капитана Жангирова Кенжегали Нугмановича одного из самых смелых командиров 1343 СП 399 СД 48 армии. Пусть земля будет ему пухом. Память о нем останется в наших сердцах. Доброго Вам здоровья. От имени Совета ветеранов Годасс В.О. 10.08.1989 г. г.Москва.»




Қорытынды


2025 жылдың 15 наурызында ардагердің туғанына 113 жыл толды. Қаратөбе ауданының орталығында Кенжеғали Жәңгіров атындағы көше бар. Жерлестері оның жасаған жақсы істері мен адамгершілік келбетін жас ұрпаққа үлгі ете бермек.

Сөз соңында айтарым, мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін.



































Қолданылған әдебиеттер:

1. «Қаратөбе - өренді, өнерлі өлке» Қ. Хасанов 20 бет
2. «Огни Приуралье газеті» 2005 жыл
3. «Воспоминание и размышления» Г. К. Жуков 3 том 248 бет
4. Архив материалы. Қор№34, т 1, іс13
5.
https://kaz.inform.kz/news/erlik-shezhiresi-uly-otan-sogysynda-erekshe-rotanyn-komandiri-bolgan-kapitan-k-zhangirovtin-esimi-umytylmaydy_a2458558/
6. Награда қағазында берілген мінездеме


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2025
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі