Кеплер заңдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеплер заңдары

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №18

Күні:

Сыныбы: 10

Пәні:физика


Сабақтың аты

§2.8 Кеплер заңдары


Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Кеплер заңдары жайлы мағлұмат беру

  • Кеплер заңдары формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Кеплер заңдары жайлы мағлұмат алады

  • Кеплер заңдары формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

1. Әрбір планета Күнді эллипстік орбита бойымен айналып жүреді және оның фокустарының бірінде Күн тұрады.

2. Күнді планетамен жалғастырып тұратын түзу, бірдей уақыт аралығында бірдей аудандарды қамтып өтеді.

3. Барлық планеталар үшін эллипстің үлкен жарты осі кубының планетаның Күнді айналу периодының квадратына қатынасы бірдей болады:

Тапсырмалар


Топтық жұмыс «Жигсо»

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Табиғатта кездесетін қандай энергияларды білеміз?

  2. Олай болса потенциалдық және кинетикалық энергия дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

1. Коперник бойынша дүниенің гелиоцентрлік жүйесі дегеніміз не?

2. Кеплер заңдарын тұжырымдаңдар.

ІҮ. Топтық жұмыс (10 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Кеплер заңдары– 17 ғ-дың басында И.Кеплер ашқан планеталар қозғалысының үш заңы. Кеплердің “Жаңа астрономия”(1609) атты негізгі еңбегінде алғашқы екі заң баяндалған. Үшінші заң кейінірек ашылған және ол “Әлем гармониясы” (1619) атты 5-кітабының 3-тарауында берілген.

Кеплердің бірінші заңы.

Ұйтқымаған қозғалысқа (яғни екі дене есебінде) қатынасатын нүктенің орбитасы екінші ретті қисық сызықпен өрнектеледі және оның бір фокусында тарту күшінің центрі орналасады. Сонымен ұйтқымаған қозғалыстағы материалдық нүктенің орбитасы конустық қималардың бірі, яғни шеңбер, эллипс (планеталар үшін), парабола не гипербола түрінде болады.

Кеплердің екінші заңы.

Ұйтқымаған қозғалысқа қатынасатын нүктенің радиус-векторы сызатын аудан уақытқа пропорционал болып өзгереді. Кеплердің алғашқы екі заңы тартылыс күші әсерінен пайда болатын және шамасы күш центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал болатын ұйытқыма қозғалыстар үшін ғана орындалады.

Кеплердің үшінші заңы.

Орталық нүкте (Күн) айналасындағы екі материалдық нүктенің (планета) ұйтқымаған эллипстік қозғалысы кезіндегі айналу уақытының квадраты мен орт. және айналатын нүктелер массалары қосындысы көбейтінділерінің қатынасы, олардың орбиталарындағы үлкен жарты осьтері кубтарының қатынасына тең, яғни: мұндағы T1 және T2 – екі нүктенің айналу периоды, m1 және m2 – олардың массалары, m0 – орталық нүктенің (Күннің) массасы, a1, a2 – орбита нүктелерінің (планеталардың) үлкен жарты осі. Кеплердің үшінші заңы эллипстік орбита бойымен қозғалатын планеталарға, планеталар серігіне, қос жұлдыздардың құраушыларына қолданылады және аспан шырақтарының кейбір сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген формулаларды түсіндіреді

  1. Геоцентрлік жүйе 2) Гелиоцентрлік жүйе

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (11 минут)


1

Білу

Гелиоцентрлік жүйе дегеніміз не?



2

Түсіну

Кеплер заңдарын ата?




3

Қолдану

Кеплер заңдарына мысал келтір?




4

Талдау

Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйені салыстыр?




5

Жинақтау

Кеплер заңдары барлық планеталар үшін бірдей ма?


6

Бағалау

Кеплер заңдарын астрономияда қолданудың маңызы неде?




Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§2.8 Кеплер заңдары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1887
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі