Материалдар / Керей мен Жәнібек хандар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Керей мен Жәнібек хандар

Материал туралы қысқаша түсінік
ХАндар тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Керей мен Жәнібек хандар. Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар болды


Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды. Бірақ та осы саяси үрдісте жетекші рөл атқарған тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеулер толық жүргізілмей, олар туралы біліміміз тек дерек мәліметі деңгейінде қала берді. Оған себеп – деректік мәліметтердің мардымсыздығы. Қазіргі күнде заман талабы өзгеріп, өз тарихымызға қайта үңілгенде, алғашқы хандарымыздың тарихын, олардың атқарған рөлін көрсетуге осы себеп қолбайлау болады да тұрады. Мардымсыз деген – тіпті жоқ деген емес, аздау, бірен-саран деген мағынада. Олай болса, қолда бар деректерге сүйеніп, ұлттық мемлекетіміздің іргетасын қалаушылардың ел тарихындағы алатын орнын неге ашып көрсетпейміз?! Керей мен Жәнібек хандарға тағ­дыр жаңа этникалық бірлестік­ке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенімен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары – Шыңғыс ханнан Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады. Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойын­дап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық. Махмуд бен Уәлидің жазуы бойын­ша, алғашқы қазақ ханы Керей хан болғандықтан, арнайы қарастыруды Керей ханнан басталық. Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі – Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді өз зерттеуімізде қолданамыз. Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В.В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: «Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде «гирей» – моңғол сөзі, моңғолша «гарай» делініп, «еңбегі сіңген», «лайықты», «құқылы» деген мағынада қолданылады». Қазіргі кезде Моңғолиядан тарихи Отанына қоныс аударған және көне моңғол тілін жетік білетін бауырларымыздан бұл сөздің мән-мағынасы жөнінде сұрастырғанымызда, кезінде тарих пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан, ардагер-ұстаз Нығмет Мәмбетұлы ақсақал: «гарай» – көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар, біріншісі – «биік», «еңселі», «алып» дегенді білдірсе, екіншісі – «ержүрек», «батыл», «еркін», «берік» деген мағынаны білдіретінін хабардар етті. Араб тілінде бұл мағыналардың «хайдар», «ғайдар» деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі – «керей» сөзі мен араб тіліндегі – «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеміз. Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығар­маларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні моңғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен «ержүрек», «батыл», «алып», «берік» деген мағынаны білдіреді деген пікірлерді толық қолдаймыз. Керей ханның шығу тегі, бұған дейін айтылғандай, Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады. Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге дейінгі шежіре ортағасырлық деректерде жақсы сақталған. Т.И.Сұлтанов аударған «Муизз ал-ансабтың» мәліметінде «Орыс ханның 15 баласы: 8 ұл және 7 қызы болған делінеді де: «Бірінші ұл – Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы болған: 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди» деп айтылады. Ал «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Тоқтақияның ұлдары «Тенгри-Берди, Йагуджак-анеке, Пулад» деп беріледі. «Анике» немесе «анеке» сөзінің біресе Болаттың алдында, біресе Йагуджактың соңында берілуін қолжазбаны көшірушілерден жіберілген техникалық қате деуге болады. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наманың» осы мәліметтері 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансабқа» тәуелді болғандықтан, біз осы шығармадағы мәліметті негізге аламыз. Ал Анике-Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі – Керей. Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы Керей хан болып жалғасады. Керей ханның Орыс ханға дейінгі ата-бабалары жөнінде тарихи зерттеулерде біршама жақсы қарастырылғандықтан, біз оларға тоқталмаймыз. Зерттеулердің бәрінде де Орда Еженнен бастап Орыс ханға дейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулеті билігінің үзілмегендігі айтылады. 1377 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. Т.И.Сұлтановтың жазуы бойынша, Керей ханның атасы Тоқтақия «жұмсақ мінезді және әділетті» адам болып, Әмір Темір мен Тоқтамысқа қарсы күресте қайтыс болған. Ал Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол – Тоқтақияның үш ұлының бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. Басқа жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама» бойынша Керей хан – Болаттың (Анике Болаттың) жалғыз ұлы. Тоқтақияның Болаттан басқа Тәңірберді және Бұғышақ атты екі ұлы болып, Бұғышақтың Мұхаммед, Ахмет және Әли атты үш ұлы және Имен би атты қызы болғандығы белгілі. Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шамамен 15-20 жыл деуге болады. Тоқтақия ұлы Болат болса, Қойыршақтың ұлы – Барақ. Барақтың 1428 жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш ұлының үлкені – Жәнібек хан. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады. Керейдің есімі ХV ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан, ал Жәнібектің есімі ХV ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап жазба дерек мәліметтерінде кездеспейді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп есептесек, онда олар XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберелерді санағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуықтаған. Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ Орыс ханның үлкен ұлы – Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы – Анике Болат, ал оның жалғыз ұлы Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған. Сол себепті Керей Махмуд бен Уәли айтқандай, Әбілқайыр хандығы бөлініп кеткенде жасы мен жолына қарай хан болып сайланды. Ол оншақты жылдай хан болып, Қазақ хандығының іргетасын қалаған хандардың қатарына жатады. Жазба деректер оның нақты қай жылы қайтыс болғанын айтпаса да, жанама мәліметтер арқылы оны анықтауға болады. Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның орнына отырған Шайх Хайдар ханға қарсы күрескен қарсыластарды шайбанилық деректер нақтылай атайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Шайх Хайдардың жауларына: «Қажы Мұхаммед ханның ұлы Сейтек, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Махмудектің ұлы Ибақ, Барақ ханның ұлдары Жәнібек пен Керей, Арабшахтың ұрпағы Буреке сұлтан, маңғыттан Аббас, Мұса, Жаңбыршы билер жатқызылады». Ал «Фатх-наме» мен «Шайбани-наме» деректерінде Керейдің есімі аталмай, тек Барақтың ұлы Жәнібек ханның есімі басқалармен бірге айтылады. Соңғы екі дерек мәліметін негізге ала отыра, біз Керей хан есімінің оларда кездеспеуін, сол тұста, яғни 1469-1471 жылдары Керей хан өмірде болмаған, нақтырақ айтсақ, осы жылдарға дейін Керей хан қайтыс болып кеткен деп ой түйеміз. Керей ханның Жәнібек ханмен бірге Қазақ хандығын құрудағы іс-әрекеттері алдағы тараушада қарастырылатындықтан, біз бұл жерде оған тоқталып жатпаймыз. Ал енді Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі әртүрлі жағдайларға байланысты Керей ханға қарағанда жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» еңбегі мен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» оның есімі хандар шежіресіне байланысты кездессе, «Тарих-и Рашиди», «Фатх-наме», «Шайбани-наме» секілді тарихи шығармаларда Қазақ хандығын құрушылардың бірі ретінде жиі айтылады. Ал Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри, Гаффари, Хайдар Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады. Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В.Вельяминов-Зернов болды. Ол Ораз Мұхаммед ханның шығу тегі мен ата-ба­баларын анықтау барысында көптеген мұ­сылман деректерінің мәліметтерін ғы­лыми айналымға енгізе отыра, Жәнібекті Кереймен бірге Қазақ хандығының алғашқы 80 жыл­дық тарихындағы ірі тұлғалар дей келе, Жәнібекті Әбілқайыр хан дәуірінде Орта Азия тарихында өзіндік маңыз атқарған және одан кейін қазақтардың билеушісі бол­ған дейді де, «одан басқа біз бұл екі тұлға­ның (автор бұл жерде екі тұлға деп Жәнібек хан мен оның ұлы Жәдік сұлтанды айтып отыр – Б.К.) қазақ халқын құрушылар екендігін білеміз» деп нақты көрсетеді. Осыған байланысты зерттеушінің «қазақ халқын құрушылардың» бірі ретінде Жәнібекті атап көрсетуін оның этникалық үрдіс пен саяси үрдістің аражігін ажыратпай, екі үрдісті бір үрдіс деп қарастыруынан деп түсінеміз. Сол себепті де біз В.В. Вельяминов-Зерновтың «қазақ халқын құрушылардың» бірі деген ойын қате деп қабылдап, Жәнібекті Қазақ хандығын құрушылардың бірі болған деген пікірмен толықтырамыз. Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі бабалары ортақ болып келеді. Сол себепті де біз бұл жерде Жошыдан Орыс ханға дейінгі Жәнібек ханның ата-бабаларын қайталап жатпай, бірден Орыс ханнан тарайтын аталарына тоқталамыз. Бұл туралы бұған дейін айтылып өткендей, 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» пен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылған, мәліметтері бірінші шығармаға тәуелді «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» айтылады. Т.И.Сұлтановтың дәлелдеуі бойынша, «Муизз ал-ансабтың» Париждегі ұлттық кітапханада тұрған қолжазбасынан алынып, «Сборник материа­лов относящихся к истории Золотой Орды» атты жинақтың екінші томына енгізілген Шыңғыс хан ұрпақтарына қатысты мәліметтерде біршама қателіктер жіберіліп, «Шыңғыс хан әулетіндегі бірнеше ондаған ханзадалар сиқырлы таяқтың әсеріне ұшырағандай, оғландарға айналып кеткен». Соған байланысты ол шығарманың Орыс хан ұрпақтарына қатысты мәліметтерін деректану ғылымының талаптарына сай орыс тіліне аударды. Біз Жәнібек ханның ата-бабасы жөнінде қарастырғанымызда Т.И.Сұлтанов аудармасын пайдаланғанымызды ескертіп өтеміз. Ол аудармада Жәнібек ханның ата-бабалары жайлы былайша беріледі: «Орыс ханның бірінші ұлы – Тоқтақия. Ол билік құрған... Орыс ханның сегізінші ұлы – Құйыршық. Оның Пайанде-сұлтан, Рукйиа деген екі қызы және Барақ атты бір ұлы болды. Барақ билік құрған. Барақта төрт бала: Саадат-бек деген қызы және Әбу Сайд, Мир Қасым, Мир Сайд деген үш ұлы болған». «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының кішісі және Жәнібек хан деген қосымша есіммен берілсе, Қадырғали Жалайыр ол туралы Барақтың ұлы «кіші Жәнібек хан» деп дәлірек түсіндіреді. Осылайша деректердегі Жәнібек хан туралы айтылатын шежірелік мәліметтерде оның шын есімі – Әбу Сайд, ал лақаб есімі – Жәнібек екендігін білеміз. Ал Қазақ хандығының құрылуы барысын баяндайтын мәліметтердің бәрінде оның есімі Керей ханның есімімен бірге Жәнібек хан деп кездеседі. Енді Керейдің Әбілқайыр ханнан бөлінгенге дейінгі, яғни XV ғасырдың 50-жылдарындағы өмірі туралы бір-екі ауыз сөз айтсақ. Өйткені кез келген оқырманға Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлінгенге дейін Дешті Қыпшақтың кай жерінде өмір сүрді деген сұрақ тууы мүмкін. Мұндай сұраққа ортағасырлық ешбір дерек жауап бере алмайды. Тек кана жанама мәліметтер мен соңғы жылдары табылып, ғылыми айналымға енгізілген ауыз әдебиетінің деректері ғана бұл сұраққа толық жауап береді. Тарихтан белгілі, Шыңғыс хан төрт ұлына жаулап алған жерлерін бөліп береді. Оның бөлісі еуро­палықтардың Африканы бөлуіндей емес, белгілі бір қағидатқа негізделді. Ол жаулап алынған халықтардың шаруашылық, этникалық, тілдік және т.б. белгілеріне қараған. Сол сияқты Жошы ұлысы да өз ішінде ұсақ ұлыстарға бөлінгенде, негізінен, шаруашылық жағдай ескеріледі. Моңғол жаулауына дейін-ақ Хорезммен күресте әлсіреген Қыпшақ хандығында XII ғ. II жартысы мен XIII ғасыр басында екі аймақ пайда болған еді. Шығыс аймаққа – Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік-шығысы енеді (Караңыз: Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана А., 1995, 211-212-бб.). Ал Аралдың солтүстігі мен одан батысқа қарай жатқан жерлер – Батыс аймаққа қараған. Қыпшақ дәуіріндегі табиғи-шаруашылық жағдайға сай бөлісу Жошы ұлысында да ескеріліп, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен, негізінен, Шығыс аймақты басқарады. XIII ғ. соңы – XIV ғ. басында Орда Ежен ұлысының орталығы Алакөл маңынан Сырдың орта ағысы бойына көшіріледі. Баян ханнан Барақ ханға дейін Сыр өңірі Ақ Орданың саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталығы болады. Мал бағушы тайпалардың қысқы жайылымдары мен қыстаулары осы өңірде еді. 1428 жылы Барақ хан өліп, хандық билік шайбанилық Әбілқайырға көшкенімен, Ақ Орда хандарының ұрпақтары Сыр өңірінде қала берген. Олардың ішінде Керей де, Жәнібек те және басқалар да бар. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сыр өңірін Мауреннахрдан қайтарып, өз астанасын Сығанаққа көшіреді. Шайбанилық сұлтандардың Сыр өңіріне келуі ордаежендік сұлтандарға өте ауыр болады. Ең жақсы жайылымдар мен қыстаулардан айырылу ордаежендік сұлтандар үшін «көп қиыншылыққа ұшырау» болған. Осы жерде айта кетерлік бір мәселе, Орыс ханға дейін Орда Ежен әулетінің билігі Шығыс Дешті Қыпшақта қалай жалғасса, одан кейін де бұл әулеттің билігі осы аумақта әртүрлі саяси жағдайларға қарамастан 1428 жылға дейін жалғаса берген. Керей ханның атасы Тоқтақияның, Жәнібек ханның атасы Қойыршақ хан мен әкесі Барақ ханның билікте болуы әулет өкілдері ішінде осы отбасыларының мәртебесін ерекшелендіреді. Екінші, ХV ғасырдың ортасында шайбанилық әулетке қарсы күресте Керей мен Жәнібек хандар текті атаның ұрпақтары ретінде беделді әулеттің өкілдері ретінде басшылық жасамай, тыныш қалуы мүмкін емес болатын. XV ғасырдың 50-жылдары соңында Керей мен Жәнібек «қиыншылыққа» көнбей, осылайша Сыр өңірінен көшкен. Біздің бұл ойымызды тарихи аңыз мәліметі де дәлелдей түседі. 20 жылдан астам уақыт бойы Шу мен Талас, Сыр өңірлерінде археологиялық барлау мен қазба жұмыстарын жүргізген археолог Мадияр Елеуов ел аузындағы тарихи ауыз-әңгімелерді де жинастырады. Оның жиған аңыздарының бірнешеуі жарық көрді. Ондағы 5 аңыздың екеуі Керей мен Жәнібектің Шу бойына келуіне байланыс­ты айтылады. Бірінші аңызда – «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті» деп баяндалады (Елеуұлы М. Шу өңірі: аңыз бен тарих. ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, 3-шығуы. Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 1996, 7-б.). Осы аңыздың соңында біршама жылдар өткеннен соң, екі сұлтанның Сырға қайта оралғандығы жөнінде жазылады. Ал төртінші аңыз болса: «қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бастап келіпті» деп басталады да, бір-бірімен іргелес жатқан екі ескі қала жұртын көріп, Жәнібек сұлтан Керейге: «Алла Тағала екеумізді ажырамасын деп осы екі ескі жұртты бізге бұйыртқан шығар, қаласаңыз, біріне сіз, ал екіншісіне мен қоныстанып, қала салайық» деген екен. Сол кезде шығысқа қарап тұрған Керей хан бетін батысқа бұрып: «Уәде, бірақ біз бұл жерде ұзақ тұра алмаспыз, Алла Тағала сәтің салған күні – Түркістанға жол жүруіміз керек» депті. Екі аңыз да біздің ойымызды дәлелдей түсіп, Сыр өңірі – Керей мен Жәнібек сұлтандардың ұлысы болғандығын баяндайды. Соңғы аңыздағы Түркістан аты қандай мағынада айтылғаны белгісіз, оның не қала, не Сыр өңірінің XIV-XVI ғасырдағы атауы мағынасында айтылып тұрғанын ажырату мүмкін емес, бірақ та анық нәрсеге Сыр өңірінің де, Түркістан қаласының да Шудың батысында орналасқандығы жатады. Бұл мәліметте Сыр өңірінің Керей мен Жәнібекке «атамекен» екендігін көрсетеді. 1446 жылдан бастап Сыр өңірі Әбілқайыр ханға қарады дедік. Осы жылдардан бастап 1457 жылға дейін Керей мен Жәнібек бастаған сұлтандардың Әбілқайыр ханға наразылығы өсе түседі. Ақ Орданын мұрагерлері осы жылдарда тек өздері ғана «оппозицияда» болмаса керек. Оларды жергілікті ру-тайпа көсемдері қолдай бастаған секілді. Өйткені 1428 жылы Әбілқайыр хандыққа отыруына Дешті Қыпшақтың 71 ру-тайпа басшысы «дауыс» берсе, 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі қалмақтармен ұрысқа түсу үшін хан жарлығымен небәрі 17 тайпадан ғана жасақ жиналады (Қараңыз:ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969, 143-144-бб). Осы дерек Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Дешті Қыпшақта­ғы саяси өмірдің бір айнасы іспетті. Саяси билік өздерінде болмаса да жергілікті ха­лықтың ресми ханды мойындамайтынына екі сұлтанның көзі жетеді. Меніңше, Керей мен Жәнібек Әбілқа­йырдан бөлінбей тұрып, алдын ала қайда баратындарын айқындап, келісіп алған. Қалай болса да, екі сұлтан Әбілқайыр ханның қарсыласына кетуді ұйғарғаны «Менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағида бойынша, оларға Моғол ханы Есен Бұға хан тиімді болады. Екі жақты өзара келісімнің болғандығын төмендегі жағдайлар қуаттайды. Біріншіден, Керей мен Жәнібек қарамағындағы ұлысымен М.Елеуовтің аңызында бір түмен елмен көшкен. Осыншама адаммен, төрт түлік малымен мақсатсыз, бағыт-бағдарсыз көшу ақылға сыймайды. Ұлыспен түгелдей көшуге қарағанда алдын ала уағдаластық болған. Екіншіден, Моғол ханы Есен Бұға хан сұлтандарды құрмет көрсетіп күтіп алады (ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969, 352-б.). Бұл алдын ала келісімнің болғандығын дәлелдейді. Бөлінуге түрткі болған оқиғаға көпшілікке белгілі аңыз – қарақыпшақ Қобыланды мен арғын Ақжол би арасындағы жанжал жатты. Ақжол бидің қанын өтеуге арғын тайпасы тағы да Керей мен Жәнібекке жүгінеді. Бұл да екі сұлтанның Дешті Қып­шақтағы Әбілқайыр ханға қарсы тұрар тұлғалар екендігін көрсетеді. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Махмұд ибн Уәли екі сұлтанның Моғолстанға келуін, Есен Бұға ханның оларға Шу мен Қозыбасы жайлауы арасында орналасқан жерді бергенін жазады. Не себепті Есен Бұғаның бұл өңірді екі сұлтанға бергенін «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар» авторы былай түсіндіреді: «Бұл кезде Моғолстанда Шыңғыс ханның ұлы, Шағатай хан ұрпақтарының бірі Уәйіс хан ұлы Есен Бұға хан билік етіп тұрды. Дәл осы тұста Әмір Темір курэканның ұлы Мираншахтың, оның ұлы Сұлтан Мұхаммед-мырзаның, оның ұлы Әбу Сайд мырза жоғарыда аталған ханның ағасы Жүніс ханды Ирактан алдыртып, көмек береді және қолдау көрсетеді, сөйтіп, оның бөлігіне қауіп төнеді. ...Екі сұлтанға ол Моғолстанның батысынан жер берді, ол Есен Бұға ханның иелігі мен Жүніс ханның қол астындағы жердің арасында орналасқан еді. Бұл жер – Шу мен Қозыбасы деген жерлер болатын» (Көрсетілген кітап, 352-б.). Осы мәліметте Керейдің хан болғандығын автор атап көрсетеді (Көрсетілген кітап, 353-б.). М.Елеуовтің бірінші аңызында «...Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлап, өздерін «қазақ» деп атапты», – делінеді (Елеуов М. Шу өңірі: аңыз бен тарих. 7-б.). Көріп отырғанымыздай, жазба дерек пен ауыз әдебиетінің мәліметтері бірін-бірі толықтырып, Керейдің алғашқы Қазақ ханы болғандығын жариялап тұр. «Неге тұңғыш хан Жәнібек емес, Керей болды» деген сұрақ төңірегінде жауап бере кетелік. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы ерте феодалдық қыпшақ мемлекеттілігіндегі өзіне ғана тән белгіге – хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндігі жатты (Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории... 282-б.). Бұл әдет сырттан әкелінбей қыпшақтарға дейінгі және қыпшақтар кезіндегі жергілікті тайпалардағы әулеттегі жасы үлкенді сыйлаудан, соған құрмет көрсетуден туса керек. Моңғол жаулауы нәтижесінде хандық билік әкеден балаға қалдырылатын заңға айналды. XV ғасырда моңғолдар енгізген бұл жолды жергілікті халықтың әдет-ғұрпы ығыстырып шығарады. Қыпшақ дәуіріндегі хандық биліктің мұрагерлік жолы XV ғасыр ортасында қалпына келтіріле бастайды. Оған Керейдің хан сайланылуы дәлел. Әбілқайыр ханға дейін Дешті Қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған еді. Моңғол дәстүрі бойын­ша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуы тиіс. Жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді. Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды. Жәнібектен соң хан Бұрындық болды. Міне, не себепті Керей хан болды деген сұрауға біздің жауабымыз осындай. Келесі мәселе қай жылдан бастап Керей хан болған деген сауал төңірегінде болмақшы. Бұл сұрақ «Қазақ хандығы қашан құрылған» деген сауалмен тікелей байланыс­ты. Соңғы 4-5 жыл төңірегінде осы мәселе бойынша көптеген айтыс-тартыстар бол­ды, бірақ негізгі мәселе жайында бір тоқтамға келер пікір айтылмады. Мақала авторы да осыған байланысты өз ойларын білдірген болатын. Төменде біз ең соңғы деректерге сүйене отырып, Керей ханның қай жылдан бастап хандық құра бастағаны туралы тағы да пікірімізді айта кетелік. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиінде» «Қазақ хандарының билік ете бастағаны хижраның 870 жылы» деп жазады. Бұл – қазіргі жыл санау бойынша, 1465-66 жыл. Алғаш рет бұл мәліметтің ақиқаттығына күмән келтіріп, көрсеткен орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының зерттеушісі Т.И.Сұлтанов болды (Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в. XV-XVII вв. М., 1982, 113-114-бб.). Енді М.Елеуовтің тапқан аңызының мәліметіне жүгінелік. Ондағы бірінші аңыз: «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлап, өздерін «Қазақ» деп атапты» десе, екінші аңыз бұл жөнінде: «Қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бас­тап келіпті. Құмды қыстап, мал-жаны аман қалған екі сұлтан көктемде Тұлпарсазда той жасап, бәйге шаптырыпты» деп баяндайды (Елеуұлы М. Шу өнірі: аңыз бен тарих. Көрсетілген еңбек, 7-8-бб.). Екі аңыз да Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуін «тышқан жылы, қара күзде» деп, ал Керейдің хан көтерілуін «көктемде» деп жарыса мәлімет беріп отыр. Сонда аңызда қай жыл тышқан жылы деп көрсетілген? Тағы да жазба дерек мәліметіне жүгінелік. Әбілқайыр ханның өмірін тарих етіп жазған XVI ғасыр тарихшысы Масуд ибн Осман Кухистани оның қайтыс болған жылын «874 жылы тышқан жылы 57 жасында...» деп көрсетеді (XV–XVIII ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969, 171-б.). Бұл – қазіргі жыл санау бойынша 1469-70 жыл. Керей бұдан бір мүшел жыл ерте хан сайланған, яғни 1457-58 жылы хан болған. Жазба және ауыз әдебиеті деректерінің мәліметтерін бір-бірімен толықтырып, 1457-58 жылдар оқиғаларының даму барысын былайша қалпына келтіруге болады. 1457 жылы жазда Әбілқайыр хан қалмақтардың жорығы туралы естіп, қарауындағы елге жасақ жию туралы жарлық етеді. Сол жылдың күз айларының басында ол қалмақтардан жеңіледі. Жарлықка құлақ аспағандарды Әбілқайыр хан жеңілудің себебі деп, жазалауға кіріседі. «Өздеріне төніп келе жаткан қауіпті болдырмай, алдын алу үшін Керей мен Жәнібек өз Отанын тастап, бөгде елге кетеді». Екі сұлтан да 1457 жылы жазда өз жайлауында болып, хан жарлығын естіген. Жарлыққа сай әскер жібермегендіктен, олар Сыр бойындағы қыстауларына барудан қауіптеніп, 1457 жылдың кара күзінде Шу бойына жеткен, әрине, алдын ала Есен Бұға ханмен келісе отырып. Ал келесі жылы, яғни 1458 жылдың көктемінде Түлпарсазда Керейді хан етіп сайлаған. Сол дәуірдің заңдылығы бойынша ханның сайланып, хандық биліктің қалыптасуы – жаңа мемлекеттің құрылғандығын көрсетеді. Деректің екі түрін бір-бірімен толықтыру, бізге осыңдай нәтиже бергізіп отыр. Біз осы жерде мынадай мәселені айтып өткіміз келеді. Керей 1458 жылы хан болып сайланса да, ол толық дербес мемлекеттің ханы емес еді. Әбілқайырдан бөлініп кету мен Керейдің хан сайланылуы – жаңа мемлекеттің толық қалыптасуындағы алғашқы қадам болды. Ал толығымен дербес мемлекеттің құрылуының аяқталуын біз 1470-71 жылы жүзеге асқан деп санаймыз. Өйткені осы жылы қазақ билеушілері Шығыс Дешті Қыпшақ аумағынан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын толығымен қуып шығып, шайбанилық әулеттен билікті кейін қайтарады. Керей хан 10 жылдай Шу бойында хандық құрған (қараңыз: Елеуұлы М. Көрсетілген еңбек, 7-б). Бұл жылдар хандықтың құрылуының алғашқы кезеңі, сатысы болатын. Керей ханның билігі тұсында жаңа хандық – саяси күш ретінде бірнеше міндетті орындайды: 1) Жүніс ханның Есен Бұға ханның тағына таласы уакытша болса да тоқтатылады; 2) Моғол ханы Есенбұғаның өз елінде ықпалы өседі; 3) «көшпелі өзбектер» елінің күйреу процесі тереңдей түседі; 4) Әбілқайыр ханға наразылардың бәрі Қазақ хандығына келе бастайды, сөйтіп, хандық халқы тез көбейеді... Мұхаммед Хайдар Ду­латидың мәліметі бойынша, 1470 жылға де­йін хандық халқы 200 мыңға дейін жеткен. «...10 жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті» (Елеуұлы М. Көрсетілген еңбек, 7-б.). Мүмкін Хан тау аталуы осыған байланысты шығар. «10 жылдай...» дегеніміз – 7-8 жыл шамасы. Керей хан өліп, орнына немере туысы, үзеңгілес серігі Жәнібектің хан болғандығы белгілі. Егер Керей 7-8 жылдан соң қайтыс болса, онда Жәнібек ханның билікке келуі 1465-66 жылға сәйкес келіп тұр. «Тарихи-Рашиди» авторының «қазақ сұлтандарының билік құруы 870 жылдан (хижра бойынша) басталады» деп жазуы 1465-66 жылға байланысты айтылды ма екен? Бұл әлі толық дәлелдеуді және зерттеуді қажет етеді. Керей ханның қайтыс болған жылы жөніндегі біз пайдаланып отырған аңыз мәліметі жазба дерек мәліметтерімен сәйкес келеді. «Шайбани нама», «Фатх нама», «Тарихи Кипчакхани» деректерінде Әбілқайыр ханнан кейін, оның ұлдарына қарсы жүргізген күресте Керей хан есімі кездеспейді, тек қана Жәнібек хан аталады. «Хандар шежіресі» Керей ханның үш ұлы болғанын жазады: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әли. Бұрындық туралы жазба деректерде азды-көпті мәліметтер баршылық, ал соңғы екі ұл жөнінде ешбір деректе айтылмайды. Бұрындық ханнан соң хандық билік толығымен және түпкілікті түрде Жәнібек хан ұлдары мен оның ұрпақтарына көшеді. Жәнібек ханның 1450 жылдардың соңына дейінгі өмірі белгісіз, ол жөнінде ешбір деректе айтылмайды. Солай десек те, ордаежендік әулеттің негізгі билік жүргізген аумағы Ертістен Ырғыз – Торғайға дейінгі, Сырдан Тобылға дейінгі аумақ болғандықтан, Барақ хан қаза тапқаннан кейін де әулет өкілдері осы өңірлерде өмір сүрген дейміз. Сырдың орта ағысы бойы Дешті Қыпшақ үшін де өте маңызды аймақ болғандықтан, екі аумақтың билеушілері ол өңірді өз қарамағында ұстауға күш салатыны белгілі. 1427 жылы Ұлығбек Барақ ханнан жеңіліп, Сығанақ өңірінен айырылып қалса да, Барақ хан қайтыс болғаннан кейін оның бұл өңірді қайтарып алатынын түсіну қиын емес. Тек 1446 жылы ғана күшейіп алған Әбілқайыр хан Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерді Темір әулетінен қайта қайтарып алады. Осы жағдайларды ескере келе, 1428-1446 жылдар Орыс ханның немерелері Керей де, Жәнібек те өз ұлыстарымен Темір әулетіне жартылай тәуелді болған. Ал 1446 жылы Сыр бойында шайбан әулетінің билігінің орнауымен Жошыдан тарайтын екі әулет арасында бәсекелестік пайда болады. Бұл өз кезегінде дами келе ашық жаулыққа ұласады да, ордаежендік әулеттің сол тұстағы жетекшілері Керей мен Жәнібек өз қарамағындағы ру-тайпаларды бастап, Әбілқайыр ханның үстемдігінен дербестеніп, Махмуд бен Уәлидің айтуынша, «бөгде елге» көшуге мәжбүр болады. Осылайша жоғарыда қарастырылған мәселелерімізді түйіндей келе, төмендегідей қорытындыларға келеміз. Бірінші, Қазақ хандарының шығу тегін Жошының кіші ұлы – Тұқай Темірден тарату ХVІ ғасырдың басындағы шайбанилық әулет өкілдерінің қазақ хандарының Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігін әлсірету, жою үшін әдейі жасаған идеологиялық күресінің бір көрінісі деп білеміз де, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтарының билігі ХІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан Орыс ханға дейін, одан кейінгі Барақ ханға дейін де үзілмеген. Екінші, Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының бесінші ұлы Шайбан ұрпақтарының билігі орнығып, ордаежендік әулет өкілдері биліктен уақытша шеттетіледі. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған әулет өкілдері ордаежендік әулеттің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізеді де, күрес барысында өздеріне қарайтын ру-тайпаларды бастап амалсыздан Моғолстанға көшеді. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!