400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҮРГІЗУ- САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада кері байланыс жүргізудің жаңа әдістері арқылы білім сапасын арттыру бағыттары көрсетілген. Білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҮРГІЗУ- САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗІ

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімде ғана. Тәуелсіз елімізде жаңаша мазмұнда білім берудің басты мақсаты- жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өмір сүруге бейім, терең ойы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Осы орайда білім мазмұнын тереңірек игерудің басты қадамдарын іске асыра отырып, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, функционалды сауатты, білікті маман, шебер мұғалі болуы шарт. Менің таратуға тұрарлық педагогикалық идеямның мақсаты оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әрекетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты тәжірибелеріне енгізу.

Кері байланыс оқушылардың оқыту үрдісі қалай өткеніне және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тасырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты- еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әркетеніне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез-келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінгі айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген екен. «Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені қалай жасағаны туралы толық есееп беруі. Иә, дұрыс ойлайсыздар бұл қасиеттер біздің бойымызда бұрыннан бар. Әрбір күннің соңынан өз ісімізге, айтқан сөзімізге ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Яғни, атауы боғанымен бұрыннан бойымызда бар дүние. Бірақ соны қағаз бетіне түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдануы болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әркеті емес, оған көп уақыт ізденіс қажет.

Зерттеуші Дж. Хэттидің айтуы бойынша, кері байланыс оқушыдан мұғалімге бағытталған жағдайда оқытушы, кері байланыс оқушыдан мұғалімге бағытталған жағдайда оқытушы үшін әсерлі болады.

Бастауыш сыныпта кері байланысты сабақтың әр кезеңінде қолданып, мұғалім мен оқушының үздіксіз байланысын реттеп отырады. Осы орайда іс-тәжірибеме үңілсем. 5Ә сыныбында «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбымен жұмыс барысында 5.1.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірексөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу оқу мақсаттарын іске асыру барысында кері байланыс үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ойлап таптым.

Сабақтың басында қолданып жүрген кері байланыс «Сиқырлы қолшатырдың» мақсаты қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша ортаға салу. Оқушылардың алдына қолшатырдың суретін таратып қоямын, сабақ бастар алдында жаңа тақырыпты ашу үшін сұрақтар қойылады, оқушылар суреттің екінші жағын аударып сұрақтың жауабын жазады немесе сурет салып көрсете де алады.

Дискритор:

  1. Ашық сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты табады;

  2. Мәтіннің түрін анықтап жазады;

  3. Мәтінді өзара салыстыра алады;

Яғни, бұл әдістің тиімділігі сол оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы, ой-өрісін дамытады, ойын еркін және қағаз бетіне түсіріп жеткізеді.














1-сурет. «Қолшатыр» әдісі


Тақырыптық мәтінді талдауда графикалық органайзерлерді жиі қолданамын.

Графикалық органайзер- бұл идеялар мен ойды графика түрінде ұсыну. Визуалдар, яғни ақпаратты визуалды жақсы есте сақтайтын оқушылрға ақпараттың мағынасын жіті түсіну үшін өте пайдылы, әрі қызықты. Мысалы, өз тәжірибемді ортаға салатын болсам, сабақтың ортасында топтық жұмыс барысындағы кері байланыс үшін мен тақырыпқа сәйкес 21 жаттығуға «5 сұрақ» әдісі қолдандым. Яғни, ақпаратты сүзу әдісі. Мәтінді оқи отырып кім? Неге? Қайда? Қашан? Не үшін? сұрақтарына жауап бере отырып, мәтін бойынша негізгі идеяны меңгеріп шығады.

Дискриптор:

  1. Графикалық органайзерді қолдана отырып мәтіннің мағынасын түсінеді

  2. «5 сұрақ» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі ақпараттармен танысады;

  3. Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастыра алады;


«5 сұрақ» әдісі

Shape5 Shape16 Shape13 Shape9 Shape14 Shape8 Shape15 Shape12 Shape11 Shape10 Shape7 Shape6 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Бастауыш сыныпта кері байланыстың тиімділігі



?

Бастауыш сыныпта кері байланыстың тиімділігі



Бастауыш сыныпта кері байланыстың тиімділігі



Бастауыш сыныпта кері байланыстың тиімділігі




Picture 3 Picture 4


2-сурет. «5 сұрақ» әдісі


Графикалық ұйымдастырушының бұл түрі оқиғаның немесе оқиғаның негізгі тұстарын зерттеуде пайдалы. Осылайша, бұл оқушылардың бес маңызды факторды қарастыруға мүмкіндік береді: кім, не, неге, қашан және қайда.

Cабақтың соңында «Ауа-райы» әдісін қолданамын. Оқулықтағы 17 бет, 22 –тапсырма. Оқушылар суретті сәйкестендіре отырып, тақырып бойынша алға керекті ақпараттарды «Шуақты күннің» тұсына жазса, ал, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, «Жаңбырлы күннің тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені «Қарлы күннің» тұсына жазады.

Дискриптор:

  1. Сөйлемнің мағынасын түсінеді;

  2. Суретті сәйкестендіре отырып, салыстыра алады;

  3. Берілген тапсырмагы жүйелі орындай отырып, өз ойынан мысал келтіреді;

Осылайша, мен сабаққа қатысқан оқушылардың тақырып бойынша пікірін анықтап, қандай білім алғананын біле алдым. Оқушының алған білімін саралай білуге дағдыландым.


Picture 5 Picture 6


3-сурет. «Ауа-райы» әдісі


Кері байланыс кезінде қолданылған әдіс- тәсілдер бойынша оқушылардан Google формасы арқылы сауалнама алынды. Сауалнама барысында оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, төмендегідей көрсеткіштер көрсетті, яғни кері байланыс кезіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігі маңызды екенін байқадым, оқушылар өзін-өзі реттеп, пәнге деген қызығушылықтары артты.





Жалпы кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсам:

  • оқушыны өз-өзінен есеп беруге баулиды;

  • оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;

  • білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;

  • оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады;

Қорытындылай келе бастауыш сыныпта кері байланыс орнату оқу мен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 2016 ж.

  2. Жайтапова А.А.,Рудик Г.А., «ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Алматы, 2009 ж.

  3. Рудик Г.А. Ой еңбегі мәдениеті немесе оқытудың 101 техникасы., Қостанай 2010 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі