Кері байланыс орнатулың маңыздылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кері байланыс орнатулың маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кері байланыстың маңыздылығы,мақсаты және міндеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кері байланыс кемелдендіреді

Болашақтың бүгіннен де нұр­лы болуына ықпал етіп, адамзат қо­ғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік ор­нын алуы сол мемлекеттің бі­лім­дегі жетістігіне байланысты еке­нін ел Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жол­дау­ында айтып келеді.

Білім бе­рудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған, өмір сүруге бей­ім, өзіндік ой-толғамы бар, адам­гершілігі жоғары, бәсекеге қа­бі­летті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын те­рең игертудің тиімді жолдарын із­дес­тіріп, шығармашылыққа же­те­лейтін қазіргі заман талабы­на сай ғылыми-әдістемелік бі­лім­мен қаруланған, шебер мұғалім дайындау қажет. Жа­ңа формация мұғалімі – оқыту технологиясының жүйе­сі­мен оқушыларды өмірге дағ­ды­лан­дыру бағытындағы әдіс-тә­сіл­дерді жетік меңгерген тұлға. Осы ба­ғытта педагог-кадрлардың бі­лік­т­ілігін арттырудың деңгейлік бағ­дарламалар бойынша курс­тан өтіп, оның бағдарламасы не­гі­зінде жеті модулді сабақта қа­лай ықпалдастырып пайдалану жол­дарын және оқушылармен ке­рі байланыс жүргізе отырып, са­бақтың өтілу барысына талдау ж­асауды үйрендік.

Кері байланыс оқушының оқы­ту үрдісі қалай өткені және қан­дай нәтижеге қол жет­кіз­ген­­д­ігі туралы ой-пікірін тыңдауға не­гізделеді. Кері байланыс са­бақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тап­сыр­­маларының соңында жүр­гі­зі­л­іп отыруы керек. Рефлексия мақ­сат­ы – еске түсіру, өзінің сабақ ба­рысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің ше­шу жолдарын іздестіру. Мұ­ға­лім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қа­да­мын, ендігі іс-әрекетін қа­лай жақсартуға болатынын ал­дын ала біледі. Сонымен қатар, ке­рі байланыс парағы арқылы оқу­шының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін ке­дергілерді айқындап, келесі оқы­ту­ға бұдан да жақсырақ дайын­да­луы­на түрткі болады.

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байла­ныс. Көңіл күйді әртүрлі сурет­тер, смайликтер және бояу түс­те­рімен анықтау. Мысалы, «алма аға­шы» деп алайық. «Алма аға­шы» әдісінде оқушыларға са­бақ басында түрлі-түсті алма бе­рі­ле­ді. Сабақ соңында оны алма ағашы­на ілу керек. Жасыл түсті ал­ма мен бүгін бәрін жақсы орында­дым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді. Ал «Бір сөзбен» әдісі ба­рысында оқушылар берілген сөз­дердің ішінен сабақтағы жағ­дайын сипаттайтын қуаныш, не­м­құрайлылық, шабыт, зерігу, сенім­сіздік, сенімділік, рахаттану, алаң­дау сияқты сөздерден үш сөз­ді таңдайды.

Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кә­дім­гі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші баспалдағы Мен ... түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен ... жасай аламын.

Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

«Қызықты» дегенде бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе көбірек білгісі келетін дүниені жазады.

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:

Мен бүгін білдім...

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта біл­гім ке­леді ... – деген сөй­ле­мдерді ая­қ­тайды.

Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұста­ған жөн. Жұмысымызды жақ­сар­тудың ең тиімді нысаны ретін­­де сабырлылық таныту, су­бъ­ек­­тивті болатынын ескеру, жа­салған істі бағалау емес, не жа­салу керектігін көрсету. Со­ны­мен бірге, кері байланыс оқу­мен оқы­тудың қалай жүріп жат­қан­ды­ғын, оның сапасын анық­тау­ға мүмкіндік береді.

Кері байланыстың тиімділігі – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін біле аламыз; оқушының өзіндік көз­­қарасы қалыптасады; бі­лім беру барысының сапасын жақ­сартуға болады және оқу­шы­ның сыни көзқарасы қа­лып­та­сады, өз-өзіне баға бере алады.

Мұғалімдер үшін тиімді жа­ғы: оқытудағы кемшін тұстарын анық­тайды; келесі сабақтың жос­­п­арына өзгерістер енгізуге, тү­­зетуге, яғни оқытудың тиім­ді әдіс-тәсілдерін таңдауға мү­м­кін­дік және уақытты үнемді пай­да­лануға мүмкіндіктер береді.

Сондықтан да кері бай­ланыстың тиімділігі арқылы оқы­ту мен оқу сапасын жақсартуға бо­ла­ды деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі