Материалдар / "Кері итеруші күш"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кері итеруші күш"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2020
1529
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§29 Кері итеруші күш. Архимед күші

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күшті күштің табиғатын түсіндіру;

- есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар біледі: Кері итеруші күштің физикалық мағынасын түсінеді;

Көптеген оқушылар біледі: Кері итеруші күшті түсіне отырып анықтама береді және формуласын қолданады;

Кейбір оқушылар біледі: Кері итеруші күштің формулаларын түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Жетістік критерийлері

Архимед күші немесе кері итеруші күш туралы мағлұмат алады. Архимед күшінің формуласымен танысады. Формуланы түрлендіріп, өлшем бірлігін ХБ жүйесіне айналдыруды үйренеді. Есептер шығаруда кері итеруші күштің формулаларын қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Айтылым: Оқушылар кері итеруші күшке байланысты мысалдар келтіре алады.

Жазылым: Оқушылар тақырыпта орын алған жаңа терминдер мен анықтамаларды жаза алады.

Оқылым: Оқушылар тақырыпты алдын ала танысып оқи алады.

Тыңдалым: Оқушылар кері итеруші күш тақырыбы бойынша көрсетілген мағлұматтарды тыңдай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға құндылықтарды дарыту әр бір тапсырманы тиянақты орындап нақты жауап беру арқылы жүзеге асыру, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті ету үшін білім беру жүйесін жаңғырту, техникалық және кәсіби мамандарды даярлауға тиімді күш жұмсау

Пәнаралық байланыстар

Математика, география, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернеттен алынған видеороликтер

Бастапқы білім

Атмосфералық қысым. Манометр. Сорғылар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

10 мин

Ұйымдастыру:

1. Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды анықтаймын.

2. Ынтымақтастық атмосферасын шаттық шеңбері арқылы құрып, сағат тілімен бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы «Манометр», «Барометр», «Сорғы» топтарына пазлды құрастыру арқылы бөлуді ұйымдастырамын.

Үй тапсырмасын сұрау:

Үш топқа үш түрлі аспаптың аты берілді. Үй тапсырмасы ретінде үш топ өз топтарының атын қорғайды.


Топқа бөлу карточкалары

Сұрақтар жазылған карточкалар

Постер қорғайтын қағаз

Бағалау парақшасы




Сабақтың ортасы

25 мин

Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін ортаға проблемалық сұрақ тасталады:

1. Ауада әрең көтере алатын тасты біз судың ішінде оп-оңай көтереміз.

2. Егер тығыңды суға батырып тұрып, қолымыздан шығарып жіберсек, ол қалқып су бетіне шығады.

Бұл құбылыстарды қалай түсіндіруге болады?

Бұл сұрақтың жауабын тұңғыш рет ертедегі гректің ұлы ғалымы Архимед тапты. Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін мынадай видеороликке назар аударайық (видеоролик).

Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады? (видеоролик)

Сұйықтың төменгі қабатындағы қысым оның жоғарғы қабатының қысымынан үлкен. Сондықтан сұйыққа батырылған денеге кері итеруші күш әрекет етеді. Ол өзінің Архимед шелегі арқылы сұйыққа батырылған денені кері итеретін күш сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең екенін дәлелдеген (видеоролик көрсету).

Тәжірибе қорытындысы Архимед заңы деп аталып кетті. Бұл заң былайша тұжырымдалады: сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең күш әрекет етеді.





немесе


Архимед заңының формуласын пайдаланып есеп шығаруды үйрену

4.6-жаттығу

1) Суға көлемі болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы .


Топпен жұмыс:

"Барометр" тобына: Көлемі гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны суда көтеру үшін қандай күш жұсау керек? ()

"Манометр" тобына: Көлемі гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны ауада көтеру үшін қандай күш жұсау керек? ()

"Сорғы" тобына: Көлемі темір тақта толық суға батырылған. Тақтаға әсер ететін архимед күшін есептеп шығарыңдар. ()


Қысқаша дәптерлеріне түртіп отырады.

Оқулық, интербелсенді тақта, карточкалар


Сабақтың соңы

5мин

  • Бағалау (қалыптастырушы бағалау) (2 минут)

  • Үй жұмысы (1 минут) §29 Кері итеруші күш. Архимед күші, жаттығу 4.6, № 2, 3, 4

  • Кері байланыс «Плюс, минус, қызықты» әдісі (2минут)

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - "қолымнан келмей жатыр" немесе "түсініксіз болып тұр" деген ойларын жазады. 

«Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді соны жазады









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!