Материалдар / Кеш "Ұлы Жеңіс мерекесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кеш "Ұлы Жеңіс мерекесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеш сценарийі сынып жетекшілер, тәрбиешілерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
659
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ Архат ауылы, Абай ауданы, ШҚО

Жанпеисова Айжан Нығметқалиқызы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған кеш сценарийі

Тақырыбы: “Ұлы Жеңіс- ерлік пен батырлықтың, айбындылық пен жасампаздықтың қасиетті мерекесі”

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының дүниежүзіне тигізген кесепаты, әділетсіз соғыс болғандығын түсіндіре отырып, отандастарымыз бен жерлестеріміздің жанқиярлық ерліктерін дәріптей отырып, жас ұрпақты отансүйгіштік, елжандылық рухта тәрбиелеу

Түрі: әдеби -музыкалық кеш

Барысы:

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, бүгінгі айтулы мерекеміздің қадірлі қонақтары, кешімізге қош келіпсіздер.

2-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.

3- жүргізуші:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты!

4- жүргізуші

«Тіршіліктің күші бірлікте» - бұл аталар сөзі. Жұдырықтай торғайдай топталып, жұпталып ұшқанда дауыл алдындағы қара бұлттай қатерлі де сұрапыл көрінбейме? Ел мұраты, халық мүддесін көздеген азаматтық істе бірлесе білген құп. Осындай бірлікпен достықтың арқасында жеткен Жеңісіміздің 70 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіс- ерлік пен батырлықтың, айбындылық пен жасампаздықтың қасиетті мерекесі ” атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.Кешімізді бастамас бұрын, құттықтау сөзді мектеп директоры Байбұлан Күнтуғанұлы Тілеубайға беріп, құрметпен сахна төріне шақырамыз.

1-жүргізуші.

Кел, жырлайық, дос, бауыр,

Төгілсін жыр, ақсын күй!

Достыққа жоқ тосқауыл,

Шексіз, шетсіз ән мен би!

2-жүргізуші:

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін!

Елімде сонан бері 70 рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

3-жүргізуші:

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.

Отанның бақыты үшін мерт болған,

Батырларды есіңде ұста, құрметте!


4-жүргізуші

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса – дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

1-жүргізуші Ендеше, 1941-1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)

2 –жүргізуші .

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


3-жүргізуші

Отан ана (зарлы үнмен)

Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде,

Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде.

Олар қалды Ленинград биігінде,

Олар қалды Курск иінінде.

4 –жүргізуші .

Ұлы Отан соғысы ел қорғауға аттанған азаматтардың дені 18-30 жастың арасындағы арыстар еді ғой. Ұлынан айырылған ата-ана қасіреті, жарынан жесір қалған апалар мен жеңгелердің уыз махаббаты мен ыстық көз жасы, әкеден жаутаңдап жетім қалған ұл мен қыз қайғысы, асқар таудай ағаға арқа тірей алмай жерге қараған қарындас пен іні мұңы, осының бәрі әлі күнге дейін көкіректі удай ашытып, жүрек сыздатар, бой мұздатар сұмдықтар.

1-жүргізуші. Иә, ол бір- біздің еліміз үшін қасіреті мол, халықтық қасиетімізге қатал сын болған кез еді. «Уақыт ұлы дәрігер» дегендей , халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген тері өзінің жемісін беруде.

2-жүргізуші

Жеңіс күні жер-жерде аталуда,

Жиындарға кімді жұрт апаруда.

Жеңіс туын бір кезде желбіреткен,

Кімдер қалды майдангер қатарында?

3-жүргізуші

70 жыл бұл тойды дүбірлеткен,

Қарт жауынгер жүр ме бүгін көппен,

70 жыл аялап майдангерді,

70 жыл ұсынды гүлін көктем.

Сахнада Марданов Қанат “Свещенная война” әнімен. Көркемдейтін 8- сынып оқушылары.

(залда күнірене шыққан оқ дауысы, атылған зеңбіректердің үні үнтаспадан естіліп тұрады. Сахнада шекара бұзып, соғыс ашқан неміс әскерлерінің әрекеттерін оқушылар көрініс арқылы көрсетеді.)

4-жүргізуші. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін Отан-Ана ұйқысынан ерте оянған сияқты. Құлақ салып үнін тыңдайық.

Отан-Ана: Иә бүгін менің тыныштығым бұзылды. Левитан сөзі. (“Свещенная война”)

1-жүргізуші. Әдеби мантаж. 3- сынып оқушылары.

  1. 70 жыл бұл жеңіс аталғалы,

Қанша қалды соғыстың қаһарманы?

Жете алмады бұл күнгі мерекеге,

Қаншасының таусылып татар дәмі.


  1. 70 жыл бұл Жеңіс тойланғалы,

Жеңіс жырын кім айтып толғанбады.

Соғыс салған із жатыр жүректерде,

Онда әлі алапат ойрандары.


  1. Соғыс салған қанша өртке оранғандар,

Қызыл қанға қаншама боялғандар!

Соғыс деген сойқанның әлегінен,

Мәңгілікке қаншама жоғалғандар

Қанша қайғы, қасірет тереңдеген,

Қандай жан бар қайғыға бөленбеген.

Қанша жесір көз жұмды жарын күтіп,

Әр күн сайын жол тосып елеңдеген.


  1. Жеңіс бізге солармен жеткен еді,

Ол кезде де осындай көктем еді.

Ол кезде де жадырап жасыл әлем,

Күнде нұрын көбірек төккен еді.

Қан майданда қайтпаған беріспеген,

Ерлік қанша ғаламат ер істеген.

Соғыс салған жүректе із қалғанмен,

Тұрар мәңгі ұлы ту Жеңіс деген!

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне.

Ұрпақтары қаһарман бабалардың,

Тәуелсіз қамалын көрдік міне.

Сағынышты қам көңілмен ұласып,

Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі-домбырамен сырласып.

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі

Сағынғаны Алатаудың өркеші,

Сағынғаны ақжайықтың толқыны

Сағынғаны кербез сұлу еркесі

Аңыздардан тере жүріп масақты

Рас,рас көзімізден жас ақты

Бірақ со бір дауыл жылдар , от жылдар

Бәрімізден бір-бір батыр жасатты…

Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің

Сағасында өткен жастық, өткен күн.

Қаршадайдан қара шаруа атаған

Сен әкеңді батыр емес деп көргін

Жігіт кетті майданға,

Тал бойында бес қару.

Айырылған арманда

Қалды артында жас ару.

Жас жүрегі бір түрлі

Алқымына тығылып,

Алғашында бір тұрды

Қалам ба деп жығылып…

Өзің де асыл десе асыл едің ,

Сен қашан қиындыққа жасып едің?

Талайлар Отан үшін жанын қиды,

Артық деп қорқақтықтан батыр өлім.

Менің де мақсатым сол алға қойған

Кек алу дұшпаныма салып ойран.

Тегіңде құрбандықсыз жеңіс болмас,

Қашаннан қатал заңы қанды майдан

Әрине мен де өмірді бағалаймын,

Күтемін жақсылығын туар айдың

Ұйықтасам жеңіс күнін мерекелеп,

Түсімде туған жерді аралаймын

Бұл түс те өңге айналар етсек төзіп,

Жүрекке «Жеңіс »деген орнат сезім.

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта,

Жан-жақтылы соққыдан жау қирады,

Жеңіс ту қадалды Рейгстагқа!

Шүйінші,хақым,шүйінші!

Шүйіншіге сүйінші

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан аға-бабамыз!

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той-мереке!

Сарғая күткен Ұлы күн

Шұғыласын бізге төкті

Бағына талай миллионның

Баянды Жеңіс күні жетті!

Елге қауіп төнбесін,

Есен-аман болайық.

Енді соғыс келмесін!

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын!

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын!

2-жүргізуші. Аулымызда көзі тірі жеңіс жолында отқа күйіп, суға түсіп тылда қызмет еткен ардагерлерімізге тағзым етеміз. (ардагерлерге бас иіп, гүл шоқтары ұсынылады.)

3-жүргізуші.

Соғыс жылдары сағынышқа толы хаттарды, жүректерге ән арқылы да жолдап жатты. Сол әндердің бірі “Катюша”. Орындайтын Жамханова Шынар, көркемдейтін тех персоналдар.

4-жүргізуші:

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.

Отанның бақыты үшін мерт болған,

Батырларды есіңде ұста, құрметте!

1-жүргізуші

Экранға қарап Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа төсеп, ерен ерлік көрсеткен Отандастарымыз жайлы берілген бейне ролликке көңіл бөлейік.

2-жүргізуші:

Ардақтап халық мұрасын,

Ары мен қарсы тұрасың,

Ұрпағы мәңгі құрметтер,

Ерлердің өшпес қуатын.

Отан үшін от кешкен өрімдей жауынгерлеріміздің, жас ұл қыздарымыздың ерлігі мәңгі есте сақталады. “Жас қазақ” әні. Орындайтын Қалиев Зейнолла.

3-жүргізуші:

9- сынып оқушыларының қазіргі заман талабына сай дайындаған “Флешмоп” биін тамашалаңыздар.

4-жүргізуші:

Қол соғып қошемет көрсетейік!


Отан үшін туған адам,

Өшпек емес санадан,

Ұмытпайды жұрт оларды,

Кешсе де өмір аз-ақ күн

1-жүргізуші:

Жеңіс”

Бұл сөзде қанша сыр ашылмаған,

Бал күн бар, балалық бар тарсылдаған,

Ынтыққан көңілдер бар, өмірлік зар,

Мың гүлден бір қауызы ашылмаған,

Бір сәт сүйіп, бір демі басылмаған,

Тұл болған тұлпар көңіл асыл бабам,

Жігіттер бар жаралған жасындардан.

Соғыс жылдарында әр адамның жүрегіне жігер беретін әндер көп болды. Солардың бірін оындайтын Абишева Жадыра “Смуглянка ” әнімен. Көкемдейтін 5- сынып оқушылары.

2-жүргізуші:

Мұнда бар жібі үзілген үміт-моншақ

Келмейтұғын жалғауға да, түзеткенге!

Азап бұлты ел аспаннан алды қоршап,

Оқ жыртып жер денесі дір еткенде,

Ұмытпас, ұмытылмас сөз болды бұл,

Жаңарып келе берер жыл өткенде

3-жүргізуші:

Майдангерлер!

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар,

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Майдандағы жауынгерлерімізге ананың, жардың, әпкелер мен жеңгелердің махаббаттары өздерінің қол өнерін өрнектеп, жан жылуын аямаған кестелі орамалдармен де жетті. . Нығыметжанқызы Гүлжанның орындауында “Кестелі орамал” әні.

4-жүргізуші:

Қастерлейді халқымыздың қаһарманын,

Жүр есінде сан жорық салаларың

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың


Жарын майданға аттандырып, кеудесіне өз естелігін ұсынып, қимастық көңілмен шығарып салды.

Елубаева Гүлмираның орындауында “Синий платок” әні. Көркемдейтін 6- сынып оқушылары.

1-жүргізуші:

Ардагерлер”

Сен құрметте оларды, түсіндің бе қарағым!

Ол ақшаға сатқан жоқ, тізеден кесіп аяғын

Еріккеннен жүрген жоқ, қолына ұстап таяғын,

Денесін оқ паршаласа да, ел намысын қалды қорғап,

Сен құрметте оны, түсіндің бе қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын!

2-жүргізуші:

Кеуделерің бізге кең сарай,

Мейірменен қарайды бір тараймай

Сендер жайлы толғансам оралардай

Ойы отты жол, ұшқынды сөз алаудай


Сахнаға көңілді тапқырлар “Сәлем” тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

3-жүргізуші:

Соғыс бітті, Зарлы соғыс аяқталды

Аналар қуанғандар жылап алды

Сұм соғыс жалмап кетті көп өмірді

Сұм соғыс үзіп кетті көп өмірді.

Дүйсенбаева Мархаба “Соғыстан қайтқан солдаттар” әнімен. Көркемдейтін 9- сынып оқушылары.

4-жүргізуші:

Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

Қалды-ау талай ғұмыр тау мен таста

Өз жерін, өз Отанын қорғаймын деп,

Жастары жетпеген бар жиырмаға да.

1-жүргізуші:

Тұлғалардың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сыйып тұрар,

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың

Өсиетін шүмектеп қиып тұрар.

2-жүргізуші:

Кеуделеріміздің бізге кең сарай

Мейірменен қарады бір тарамай

Сендер жайлы толғансам оралардай

Ойы отты, жолы ұшқынды, сөзі алаудай

3-жүргізуші:

Бейбітшілік таңы атты халқымыздың… Зор қуанышқа бөледі.

4-жүргізуші:

Ибраева Жазира “Бейбітшілік” әнімен.

(Барлық қатысушылар салтанатпен сахнаға шығады.)

1-жүргізуші

Ұлы Отан соғысының дүниежүзіне тигізген кесапаты орасан, оның әділетсіз соғыс болғаны бәрімізге аян.

2-жүргізуші:

Отандастарымызбен жерлестеріміздің жанқиярлық ерліктерінесте сақтаймыз.

3-жүргізуші:

Тіршіліктің күші бірлікте, Отансүйгіштік пен елжандылықта. Еліміздің еңсесі биік, рухы жоғары болсын. Енді соғыс болмасын!!!

4-жүргізуші:

Ұлы Жеңіске -70 жыл” тақырыбында өткен айлығымыздың қорытындысын шығаруға тәрбие –ісі жөніндегі директордың орынбасары Жанписова Айжанға береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!