:«Кесені әшекейлеу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

:«Кесені әшекейлеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған ашық сабақ технологиялық картасы.Мұнда балалар қазақтың ою-өрнгегімен танысып,оны дұрыс бағытта орыналастыра біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«Балапан» тобы


Күні: 06.04.18ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлім:Аппликация

Тақырыбы:«Кесені әшекейлеу»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ою-өрнекті ажыратып,кесені әшекейлей білуді үйрету.

Дамытушылық: Дайын заттарды орналастыруда арақашықтықты сақтап,қағаз бетіне орналастыру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу белсенділігін тәрбиелеу.

Тәрбиелік:Ыдыстарды күтіп ұстауға,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Түзету жұмысы: Көру, есту арқылы қабылдауларын дамыту. Көру назарын дамыту. Ұсақ моторикаларын дамыту.

Қостілділік компонент:ою-өрнек –орнамет, қызғалдақ-тюльпан,қошқар мүйіз-рога барана, кесе-пиала.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекі.

Құрал-жабдықтар:Дайын кесе,қошқар мүйіз,гүл оюлары,дайын кесенің,оюдың үлгілері,сүрткіш, желім,тақтайша,қайшы.

Сөздік жұмысы:ою-өрнек ,қошқар мүйіз,гүл ою.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Кәне,балалар келген қонақтарға бір-бірімізге,жылы тілегімізді білдірейік.

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Ренжісуді білмейміз

Қуанамыз бірге,арайлап атққан күнге!

Қостілділік компонент:ою-өрнек –орнамет, қызғалдақ-тюльпан, қошқар мүйіз-рога барана, кесе-пиала.


Педагогпен бірге қайталайды.






Сөздерді қайталайды.

Ұйымдастыру –іздену





1.Көктемде ұлы мейрамымыз  — Наурыз тойланады. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Қазақ халқы өте қонақ жай халық.Қонақтарды күтіп алады.Адамдар үйлерінде дастархан жаяды.Әртүрлі тамақтарды үстелге қояды.

-Үстелде қандай тамақтар тұр?

-Оларды қайда салынған?

-Ал,мынау қандай ыдыс?

-Шайды немен ішеді?

-Шайды немен құяды?

2.-Балалар,біреу есік қаққан сияқты,

ашамыз ба?

-Балалар бізге «Ғажайып қоржын»беріп жіберіпті.

-Мұнда не бар екен?

-Кәне, Аружан сен қолыңды салып бір затты алып шықшы?

-Бұл зат қалай аталады?

-Бұл не үшін керек?

-Алима сенде алып көрші.

-Сен не алдың?

-Бұл қалай аталады?

-Не үшін керек?

-Бұлардың барлығын қалай атаймыз?

3.-Балалар мына суретте нені көріп отырсыңдар?

Мынау не?

-Кесемен не ішеміз?

Кесенің сыртқы өрнектері де, әр түрлі болады . Кесенің басқа ыдыстан ерекшелігі ұстайтын арнайы жері жоқ , дөңгелек пішінді.

Ертеде халқымыз тұтынған заттардың барлығын оюмен әшекейлеген . Әр оюдың өзіндік сыры бар .

Бүгін кесені ою-өрнекпен әшекейлейміз.

Қошқар мүйіз және гүл оюмен.Қошқар мүйіз оюы-неге олай аталады;өйткені қошқардың мүйізіне ұқсайды.Ал гүл оюы гүлге ұқсайды.

4.Балаларға қалай жапсыруды түсіндіру.

-Қандай оюлармен әшкейлейміз?

-Гүл оюы қандай гүлге ұқсайды?

5.Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды жанға созайық,

Қолды алға созайық,

Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Саусақтарым бірігіп,

Билеп,билеп алады.

-Балалар алдарыңда оюлар жатыр,кәне кімнің алдында қандай ою бар,түсі қандай екенін айтыңдаршы.

-Бекарыс сенің ою гүліңнің түсі қандай?

-Жансая сенде ше?

Ендіше осы оюлармен кесемізді әшекелейік.Алдымен ,қошқар мүйіз оюды ортасына қоямыз сосын гүл оюды қиып оң жаққа,ал екіншісін қиып сол жаққа қоямыз.

Жеке жұмыс қажет еткен балаларға көмектеседі.


Әңгімені тыңдайды.
















Ғажайып қоржындағы ыдыстарды атайды.
















Педагогтің айтқанын мұқият тыңдап,сұрақтарға жауап береді.


















Жаттығу жасайды.









Жұмысты орындайды

Рефлексивті-түзетушілік




-Бүгін біз не істедік?

-Алдияр саған не ұнады?

-Амир саған не ұнады?

-Сендерге не қиын болды?

-Нурали саған өз жұмысың ұнады ма?

-Адия жаңадан не білдің?

Балалардың жұмыстарын мадақтау.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: кеңістікте бағдарлай отырып,өрнектерді рет-ретімен жапсыруды.

Қандай түсініктерді игерді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жапсыру іс-әрекетінде көркемдік

талғамды.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2018
867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі