400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кескіндеме "Пейзаж"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты табиғатқа немесе мектептің айналасына топсеруен жасаудан бастағн жөн. Балаларға қоршаған табиғатты бақылап, одан алған әсерімен бөлісуді тапсырамын. Сабақта табиғат картиналарымен жұмысты әрі қарай жалғастырамын. Оқушылар бейнеленген картина қалай аталатынын еске түсіреді. Балалармен бірлесіп түрлі пейзаж кескінделген көшірмелерді көреміз. Ауылдық пейзаж ауыл өмірін және оның қоршаған ортамен байланысын көрсетеді. Қалалық пейзаж ғимарат, көше, даңғыл, алаң, жағалаулардан тұратын адам қолымен жасалған ортаны сипаттауымен ерекшеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Балалар көркемөнер мектебі

Қосымша білім беру педагогы: Салыбекова Гаухар Бектурсыновна



Сабақтың тақырыбы: «Пейзаж»

Білімділік: пейзаж түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту.

Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым – қатынастың

қалыптасуына ықпал ету.

Қажетті материалдар: Қазақстан табиғатының фотосуреттері, қағаз, қарындаш,

өшіргіш.


Сабақ барысы:

Сабақты табиғатқа немесе мектептің айналасына топсеруен жасаудан бастағн жөн. Балаларға қоршаған табиғатты бақылап, одан алған әсерімен бөлісуді тапсырамын.

Сабақта табиғат картиналарымен жұмысты әрі қарай жалғастырамын. Оқушылар бейнеленген картина қалай аталатынын еске түсіреді. Балалармен бірлесіп түрлі пейзаж кескінделген көшірмелерді көреміз.

Ауылдық пейзаж ауыл өмірін және оның қоршаған ортамен байланысын көрсетеді.

Қалалық пейзаж ғимарат, көше, даңғыл, алаң, жағалаулардан тұратын адам қолымен жасалған ортаны сипаттауымен ерекшеленеді.

Саябақ пейзажында адамдар демалуға арналған табиғат бұрыштары бейнеленеді.

Теңіз пейзажында (марина) бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығы, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылы бейнеленеді.

Сәулет пейзажы қалалық пейзажға ұқсайды. Олардың айырмашылығы – сәулет пейзажында суретші табиғат ортасында берілген сәулет ескерткіштерін бөліп көрсетеді.

Индустриялық пейзажда суретші зауыттар мен фабрикалар, бөгеттер мен электр стансаларын, вокзалдар мен көпірлер, теміржол торабын жасаған жасампаз адамның рөлін барынша көрсетуге тырысады.

Адам секілді табиғаттың да көңіл күйі әртүрлі болуы мүмкін. Ол қуанышты, мұңды, қайғылы, ашулы, жайдары болуы мүмкін. Табиғаттың сұлулығын кез келген күйінде көріп, түсіне білу керек.

Табиғаттағы заттардың барлығының өзіне тән бояуы болады, ол жарықтың кеңістіктегі орнына, ауаға байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Табиғаттың кез келген жағдайы бояулар арқылы кескіндемені бере алады.

Оқушыларға сурет беріледі. Өз суреттерінде бояу арқылы әртүрлі көңіл күйін беру ұсынылады.

  1. Оқушылармен бірлесіп өз бетінше жұмыс істеу кезінде оларға пейзаж сюжеті көңіл күйін беруі керектігін ескерту керек.

  2. Суретті салуда бірыңғай жылы немесе суық түстерді пайдалану жеткіліксіз,онда реңктер де үлкен рөл атқарады.

  3. Жұмыс барысында түстер мен реңктердің әсем үйлесіп түсуін қадағалау керек. Суреттің жалпы бояуын да естен шығармау керек. Бояулардың алуан түрін үйлестіру қиын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі