Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Кеш«Қазақ өлеңінің Қадыры»
Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
910
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кештің тақырыбы: «Қазақ өлеңінің Қадыры»
Кештің мақсаты: ақын Қадыр Мырзалиевтің ақындық талантыншәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге,сыршылда шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына тоқталу. Қадыр өлеңдерін нақыштап оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып,адамгершілікке тәрбиелеу.Кештің жабдығы:ақын портреті,кітап көрмесі,ақын-жазушылардың ақынға берген бағасы, буклеттер,ақын өлеңдерінен үзінділер. Кештің жоспары:
1.Бір қартың бар талмайтын(Өмірдерек)2.О, балалық! (Балалық шаққа сапар)3. «Күнім де,дінім де сен» (Ақынның туған жер, табиғат,ана тақырыбындағы жырлары)4.Исатай-Махамбет-Құрманғазы. (Ұлылардан ұлағат)5.Махаббаттың қос жанары Адалдық пен беріктік. ( махаббат, достық, қонақжайлылық туралы толғаныстары6.Қорытынды. Ана тілің-арың бұл.
Кештің барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Қадыр Мырзалиевтің 80 жылдығына арналады.
2-жүргізуші:Бұл кеш сүйікті ақынымыз Қадыр Мырзалиевтің өмірінен бастапотты жырларымен толық танысуға жол ашады деген ойдамын.
1-жүргізуші: Бір қартың бар талмайтын, Бал арманын сатпайтын. Отқа салсаң-жанбайтын, Суға салсаң-батпайтын. Сараңдығы, Мәрттігі... Кімнің қалай болғанын Танытады қарттығы.
2-жүргізуші: Есімі әдебиет пен жыр сүйер қауымға мәшһүр ақын,мемлекет жәнеқоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері әдебиетімізде қазіргі кезде шоқтығы биік туындылардың қатарына жатады.Ақын өмірдерегімен танысайық.
Ақын өмірбаянымен оқушы таныстырады. «Өмірбаяны оқылады»
1-жүргізуші: О,балалық! Естен шықпас үзігім, Өте шықты көз алдымда қызығың. Бәрі-бәрі, Бәрі кетті, Жалғыз-ақ Қалды бетте ұят деген қызылың!-деп Қадыр ағамыз жырлағандайБалалық шақ біздің ең қимас, бақытты шағымыз емес пе? Қазір біз Қадыр ағаөлеңдерімен таныса отырып, артта қалған бейкүнә, сәбидей пәк күндерімізді еске алайық!«Балалық-ай», «Балалық және үлкендік», «О,балалық! Маржан күлкі шашылған»«Бал мінезі құмарыңды қандырған» өлеңдері оқылады.
2-жүргізуші: Мекен жұртым,жыр күтіп далаң менен, Мен далаңнан нәр алып, аман келем. Екі нәрсе мәңгілік: Бірі-өзің де, Бірі-мендік махаббат саған деген.
1-жүргізуші: Пәк ауаға кешегі кім шалады?! Түтін,тұман аспанды тұмшалады. Кір шалады қанатын аққулардың, Соны ойласаң көңілді кір шалады. Бар дейсің бе өмірде азап сондай? Дүние азса ол енді азады оңбай! Адам таза болмайды ешқашанда Айналайын,табиғат таза болмай.
2-жүргізуші: Туған жер,табиғат-бұл ақынның ең басты тақырыбы.Қазір сіздерЭкология тақырыбындағы ақынның жүрекжарды сырымен бөлісесіздер.КезектіАқын өлеңдеріне берейік. «Туған жер-ай,айым да сен,күнім де сен», «Мекен жұртым,жыр күтіп далаң менен», «Табиғатқа табыну», «Табиғат тазалығы», «Қызыл кітап» шығарма-ларынан үзінді оқылады.«Ақжайық» әні орындалады. Сөзін жазған Қадыр Мырзалиев.
1-жүргізуші: Тұрғанмен ана алшақта, Ұмытпайды ұлың парызды Көңілім менің сен жақта Компастың тілі тәрізді.
2-жүргізуші: Қиын да,қысылтаяң кезде шыдамдылықпен,ақылмен,мейірімділікпенаялай мәпелеп, еркелігімізді кешірген өмірге дұрыс жол сілтеген аналарымызғабіз мәңгі қарыздармыз.Ақын өлеңдері абзал аналарға арналады. «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады», «Мәңгілік ана керегі», «Апам ауырып қалғанда», «Он баласы бар ана» өлеңдері оқылады.Қ.Мырзалиевтің «Күндер мен жылдар»әні орындалады.
1-жүргізуші:
1-жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дарқандықты қазаққа дала берген секілді. Қонақ бізге тағдырдың ұл бергені секілді, Кім болса да қазақтың бір көргені секілді.
2-жүргізуші:Жайлауың болар жеріміз Төсегің болар төріміз. Білгіңіз келсе қазақты, Қонағы болып көріңіз. Әуелден жомарт серіміз. Асылы жырдың теріңіз. Білгіңіз келсе қазақты Ән-күйін тыңдап көріңіз «Қазақ пен қонақ», «Қонақасы», «Қонақ» өлеңдері мәнерлеп оқылады.«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін оқушы домбыраменорындайды.1-жүргізуші: «Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.Бала көкірегіне ұялаған бал сөздердіңқорғасыннан құйған сақадай дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып, қиын-ды ұқтырар ойнақысы, тал бойында бір міні жоқ көркемі мен жинақысы, Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз.Оқушы қауымның ыстық ықыласы меншынайы сүйіспеншілігіне қапысыз бөленген Қадыр Мырзалиевтей ақын кемде-кем»,дейді талантты жазушы Әбіш Кекілбаев.
(Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Өз елім» әні орындалады.)
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен», «Түн кірпігін ілмеді» өлеңдерін оқиды.
2-жүргізуші: Қадыр Мырзаливтің «Қазығұрт» баспасынан 12 томдық шығармаларжинағының шығуы қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған мол мұра екенідаусыз.Қадыр Мырзалиевтің балаларға арналған шығармалары оның балалар ақыны екенін тағы да әйгілеп отыр.
1-жүргізуші: Қадыр Мырзалиев-сегіз қырлы,бір сырлы дарын.Табиғат перзенті-ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы-халқы. Халқы аманда ақын да аман,ақын дабақытты.
2-жүргізуші: Бақыт деген-досыңның табанында, Бақыт деген-домбыра шанағында. Бақыт деген-өзіңнің босағаңда, Бақыт деген-халықтың қабағында.
«Атамекен»әні хормен орындалады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Кештің тақырыбы: «Қызыл шоқтай қарыған»
Кештің мақсаты: Ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын оқушыларға тереңірек ұғындыру,шығармаларынан үлгі-өнеге,ғибрат алу. Ақынның 75 жылдық мерейтойына арналған кешті ұйымдасқан түрде өткізу.
Кештің барысы:
Құрметті ұстаздар! Оқушылар сіздерді бүгінгі ақын Қадыр ағаның 75 жылдықмерейтойына арналған мектебімізде өтіп жатқан апталыққа орай «Қызыл шоқтай қарыған» атты топтық сайыс кешімізге хош келдіңіздер!
Жұлдыз: мәнерлеп оқу 1.Қызыл шоқтай қарыған Қазаққа тіл дарыған. Бір сөзге ол семіріп, Бір сөзден ол арыған.2. Алысың бар,жақын бар, Айтысуға қақың бар. Бір сөз үшін ат мініп, Шапан киген ақындар. 3.Қайран бабам о бастан Қалжыңдасқан , дауласқан. Бір сөз үшін дос болып, Бір сөз үшін жауласқан.4.Толқындарын топтаған Тасқын сөзге жоқ тоған. Қылышқа емес Батыры, Бір-ақ сөзге тоқтаған.
Міне осылай қызыл шоқтай қарып өткен ақын Қадыр ағамыз балаларға да арнапкөптеген өлең-жырлар,ертегілер,жұмбақ, жаңылтпаштар,мысалдарын тарту еткен екен. Енді соны 6 класс оқушылары екі топ топтық сайыс түрінде өнерлерін көрсетеді.Әуелі класс екі топқа бөлінеді.
1 топ «Ноян-қоян» тобы. 2 топ «Алуан-палуан» тобы
2 топтың жарысы мынадай шарттардан тұрады.
1.Таныстыру, Топтың аты.2.Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.3.Жұмбақ ойға жетелейді. (ақынның жұмбақтарын шешу)4.Жаңылдырсаң да,жаңылмаймын. (ақын жаңылтпаштарын бір-біріне қайталау)5.Біздің арамызда мұндайлар да бар. (бір-біріне мысал көрсету,табу)6.Ұйқасын тап. (Ақын өлеңдерінің ұйқасын тауып қою)7.Ән айту
1 топ «Ноян-қоян» тобы. «Шымыр жаңғақ» кітабынан
2 топ «Алуан-палуан» тобы. «Кішкене Қожанәсірлер»кітабынан
1.Таныстыру. 2.Мәнерлеп оқу.
Жұлдыз: Класкомға лайық Бір оқушы табайық, Деп бәріміз жиналдық, Келісе алмай қиналдық.
Күләш тұрып Ұмсынды Бірінші боп ұсынды. Жатып тұрып мақтады, Жамандығын таппады.Бірі ұсынды Манапты,Бірі ұсынды Данапты.Едім мен де үміттіБірақ мені ұмытты. Бұған өзім төзбедім, -Сөз беріңдер,сөз!-дедім. Бәрі маған қарады, Көздер тесіп барады.Алдым да бір жөтеліп,Дауысымды сәл көтеріп:-Достар!-дедім,-осығанМен өзімді ұсынам!
Әділет: Бірінші «бестік» Бүгін үлкен қуаныш- Беске бесті қоса алдым. Былай қалып жаман «үш» Бірінші рет «бес» алдым.Жайда бергім келмейтінКүнделікті ұсындым.Оқытушым күлмейтінКүлді,содан қысылдым. Қояры бір «бес»еді, Оқытушым оңдырды: «Екімді» де кешегі Күнделікке қондырды.
Бекболат: Диктант.
Кеше біздер кластаДиктант жаздық отырып.Көшірдім мен Күләштан Бір парақты толтырып
Үзілісте мен іште Асыр салып ойнадым.Құрығанда бір «үшке» Жаздым-ау деп ойладым. Сөйтсем,мойны ұп-ұзын Бір алыппын, құрысын! Дәптер беті қып-қызыл Ұялған ғой мен үшін.Гүлнұр: Менің хатым
Ағам менің жырақта-Астанада тұрағы.Жазған хаты бірақтаБес күнде кеп тұрады. Менің жазған хаттарым Көп жүреді тегінде. Менің жазған хаттарым Жетеді оған он күнде.Өйткені олар жазған соң,Бес күн үйде қонады.Ал сонан соң, сонан соң Бес күн жолда болады.
Талғат: Ағамның жауабы.
Өзімше бір мақтанып,Хат жазғанмын ағама.«Аға қазір хат таныпЖарып жүрмін бағаға. Сұрақтарға кідірмей Бере аламын жауапты. Диктант болса мүдірмей Жаза аламын сауатты.Ағам жауап жолдапты,Жетіп келді бес күнде.Оқып шығып ол хатты,Көрсетпедім ешкімге!...
Жандос: «Сүйікті пән»
Түртіп қалдым Майқанды,Майқан маған қарайды.-Әй,Сен осы қай пәндіСүйесің?-деп сұрадым. –Білгендерге пән-мәннің Барлығы да тәуір-ау! Деді Майқан,-Ал менің Сүйер «пәнім» қоңырау.
Гүлім: Асып-сасып. Бүгін қатты ұйықтаппын, Бір кез шошып ояндым. Сағат сегіз боп қапты, Қар басыпты үй алдын.Татқам да жоқ тамақтан,Асып-сасып киіндім.Кешіктім деп сабақтан,Өз-өзімнен күйіндім. Біраз жер бар мектепке, Біздің одан үй алыс... Аптығыппын мен текке, Жетіп келсем-демалыс!Аяжан: «Сөздер»
Мұны жақсы ұғынарАқыл-ойы аяуларСөйлегенде құбыларӘр сөзде бір бояу бар. Көп сөйлеме құрысын!, Тыңдаушың да жалығар. Айтып берсең дұрысын, Әр сөздің бір жаны бар.Есті құлақ үғынар,Ұқпағанмен ауандарСөйлегенде құбыларӘр сөзде мың әуен бар. Бұл өнерге алайда Болсаң егер қызығар, Кейбір сөзің,абайла, Кесіп кетер жүзі бар!Орынгүл: «Өшіргіш пен Қарындаш»
-Кемшілікті сүймеймін, Ешкімге бас имеймін! Бұрысыңды өшірем, Дұрысыңа тимеймін!- Деді Өшіргіш досына,- Сен не дейсің осыма?! -Бұрысты, рас, сүймейсің, Дүрысқа, рас, тимейсің. Сол дұрысты бірақта Мақтауды да білмейсің!- Деді сонда Қарындаш, Ойлансаңдар, бұл да рас!
Жаңылдырсаң да жаңылмаймын. 3 жаңылтпаштарБекболат: Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім,- Неше кіші ішік піштім?!
Аяжан: Құрысын шу! Құрысын шу! Жетеді бір ішім су, Бетіңнің шырышын жу!
Әділет: Алма алма,бал ал! Жая алма,жал ал! Жұлдыз: Шемшкі шақсаң шақ, Шапшаң шақ. Шөбіңді шапсаң шап, Шапшаң шап.Талғат: Қаусатып Құс атып Үш жыл, Түсірдім жүз шажа,жүз шіл.Гүлнұр: Лек-лек үлек келді. Көп үлек түлеп келді.Жандос: Мыңның мұңы- Мыңның мұңы. Мұңы мыңның- Мұңы мыңның Гүлім: Қап-қап қақты Аппақ апты. Ақтық қапты Ақық апты.Орынгүл: Ардагерді жауда көр, Саудагерді дауда көр!
Жұмбақ ойға жетелейді
Бірінші топ: Жылжытады алға бізді, Жылжымайды бірақ өзі (Класс)
Теңіздей түбі терең,Сүңгіген жетер әрең (білім)
Дүниеге тұмсықсыз –ақ келеді, Дгенмене тұмсығынан өледі. (Қарындаш)
Екінші топ: Жез қораның ішінде Темір құлын кісінеп, Қайта келіп ісіне Кіріседі кісі көп. (Қоңырау)
Әрі итерсең аунайды, Бері итерсең аунайды. Түрі-түсі түгелдей Анасынан аумайды. (Глобус)
Мұрнын басса,жабыла сап,Ернін басса,ашылады.Ол жоқ жерде,бақыласақ,Жеті аспабың шашылады. (Сумка)
5-тапсырма
2 топ бір-біріне мысалдар көрсетеді,көрсетілген мысалды табу.
6-тапсырма
Ұйқасын тап
1 топ мына тұрған арғымақ, Мінем оған ................ Тістемейді, теппейді, Бос қойсам да .......... Мына тұрған тайлағым, Келмейді оған............... Сирақ, мойын көрік деп, Жүр жирафқа .............2 топ Қып-қызыл күнделігі Көр қыз....моншақ атты. Ол жайлы мен де бүгін. Айтамын сонша қатты. Ойынға үйір неме Сабақ.... оқымайды. Келмейді үйірмеге, Кесте де тоқымайды.
7-тапсырма
Ән айту.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)