Кештің тақырыбы: «Біз өнерлі баламыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кештің тақырыбы: «Біз өнерлі баламыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық рухты ұялату, патриоттық сезімді дамыту. Балаларды өнерді сүюге, салт -санамызды қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Талдықорған қаласы

15 ОМ КММ нің

музыка пәні мұғалімі

Ералы Азим Ералықызы

87751783226

azim.eraly@mail.ru


Picture 8

Кештің тақырыбы: «Біз өнерлі баламыз»

Мақсаты: Балалардың бойына ұлттық рухты ұялату, патриоттық сезімді дамыту.
Балаларды өнерді сүюге, салт -санамызды қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Күй «Сарыарқа»

Жүргізушілер шығады:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен қадірменді қонақтар!

Бүгінгі «Біз өнерлі баламыз» атты № 15 -орта мектеп оқушыларының шығармашылық кешіне хош келдіңіздер.!!!

Күй «Сарыарқа»

1-жүргізуші:

Өздеріңмен  өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

15 –орта мектепке ақ  ниетпен,

Қош келдің, айналайын, халқым менің.

 

2-жүргізуші:

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

 

1-жүргізуші:

Армысыздар, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

Сіздер   үшін өнердің шашулары.


Құрметті ұстаздар мен оқушылар кешіміздің шымылдығын ашуға

«Қазақ қызы» биімен Медетқызы Заринаны ортаға шақырамыз.


Қарсы алыңыздар







2-жүргізуші:

Көк байрағым желбірейді елімізде

Қалықтасын қыран құсы көгімізде

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі

Әуелесін Қазақстан жерімізде


Хор:   

«Жас ұландар» балалар хорын «Көгершіндер» әнімен қарсы алыңыздар.

  Picture 1

1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеге ән салайық

Өнерпаз өнерліге тамсанайық.

Алдарында шығатын бүлдіршінді

Бәріміз қошеметпен қарсы алайық.деп ортаға кішкентай ғана әншіміз

Даулен Айзерені «Жау жау жаңбыр!» әнімен қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші:

Бүгінгі шаттыққа толы кешімізді одан әрі жалғастыралық.
Сән - салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға,
Күймен шашу шашайық - деп, Амина мен Арайлымның орындауында Қобыз аспабында«Талшын» күйін қабыл алыңыздар!

Picture 2

1-жүргізуші:

Баршамызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе, бұл өмірде жалғайтын.

кезекті жігіттер тобының орындауында «Су тасушы қыз » әнін тамашалаңыздар !



2- жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті Зарина Медетқызының орындауындағы «Перішіте бала тілегі» атты әнге кезек береміз.

Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі
кезекті « Ақбота» әнімен қыздар вокал тобын ортаға шақырайық.

2 жүргізуші:

Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Саламыз шаттық әнге бәрімізде.

Наурыз тойын тойлайық ән салайық

Аяулым мен Іңкәрді қарсы алайық


Ән «Наурыз көктем»


1-жүргізуші:


Өнер деген -таусылмайтын дария

Өнер деген -жүз жасаған қария

Өнер деген -бәрінен де биікте

Өнер деген -барлығына жария

Хор:   «Жас ұландар» хор ұжымы «Қазақтың жері киелі»


Құрметті ұстаздар қадірменді қонақтар бүгінгі «Біз өнерлі баламыз» атты есеп беру кешіміз өз мәресіне жетті.


Сөз кезегін мектебіміздің директоры Лязат Сағатбекқызына береміз.

2-жүргізуші:

Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер
Балалардың жақсылығын көріңіздер
Рахмет бүгінгі кеш қонақтары
Ұмытпай жиі - жиі келіңіздер

 Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір, көтеріңкі көңіл тіейміз.

Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.,

Жүргізушілер бірге

Қош - сау болыңыздар!












 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2019
3768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі