БІЛІМ БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК
ӘДІСТЕРІН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Кіріспе
бөлім
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі
күні цифрландыру және ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру
жүйесіне елеулі
ықпал етуде. Алайда осы саладағы киберқауіпсіздік мәселесі
өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Оқытушылар мен
білім алушылар туралы деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, желідегі
белсенділікті бақылау және алаяқтар
әрекетінен корғау бағыттары мен
жолдары нақты қадамдарды талап
етеді.
Зерттеудің мақсаты: Білім беру
ортасындағы киберқауіпсіздік қауіптері мен олардың алдын алу
әдістерін талдау және тиімді шешімдерді
ұсыну.
Міндеттері:
-
Киберқауіпсіздіктің негізгі принциптерін
анықтау.
-
Мұғалімдер мен білім
алушылардың киберқауіпсіздік бойынша сауаттылығын арттырудың
әдістерін зерттеу.
-
Білім беру
ұйымдарында киберқауіпсіздік жүйесін
құрудың
тәсілдерін нақтылау.
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық
технологияларзаманында ғылымның әртүрлі салаларындағы өзекті
мәселелерді талқылау, зерттеу және онышешу бұрынғыдан да ерекше рөл
атқарады. АКТ тек ғылыми үрдістердіжеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа
идеялар мен әдіснамаларға жол ашады.Осы орайда ғылым мен
технологияның тоғысында ерекше орын алатын зерттеуші – Фёдор
Константинович Бойконың еңбектерін атап өту маңызды. Ол өз
зерттеулерінде заманауи ғылымның күрделі мәселелеріне жүйелі
көзқараспен қарап, технология құралдарын
тиімді пайдаланудың нақты үлгілерін көрсетті. Оның еңбектері
ғылымдағы инновацияларға негіз болып, теория мен тәжірибенің тығыз
байланысын айқындайды.
Бүгінгі конференцияның басты
мақсаты – Бойконың еңбектерін заманауи
ғылымның әртүрлі салаларындағы өзекті мәселелермен ұштастыру
арқылы, ғылым мен технологияның дамуындағы жаңа бағыттарды анықтау.
Оның зерттеулері ғылымдағы интеграция мен цифрлық трансформацияның
шексіз мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.
Сондықтан бүгінгі зерттеу
жұмыстары Фёдор Константинович Бойконың еңбектеріне сүйене
отырып, ғылымның жаңа белестеріне жол ашады деп
сенеміз.
Негізгі
бөлім.
Киберқауіпсіздік – бұл компьютерлік жүйелерді,
желілерді, деректерді рұқсатсыз қолжетімділіктен, шабуылдардан,
бұзудан немесе зиян келтіруден қорғау шараларының жиынтығы. Ол жеке
тұлғалардың, білім беру
ұйымдарының және басқа да мекемелердің
ақпараттық ресурстарын қауіпсіз ұстап тұру үшін маңызды. Оның мынадай
негізгі принциптері бар:
1. Құпиялылық.
Деректердің тек рұқсат етілген тұлғаларға қолжетімді болуын
қамтамасыз ету. Мысалы, банк клиентінің
шот деректері тек клиент пен банк қызметкеріне
көрінеді.
2. Тұтастық.
Деректердің рұқсат етілмеген өзгерістерден қорғалуын және олардың
дұрыстығын қамтамасыз ету. Мысал: Онлайн
кезінде деректерді өзгертуге жол бермеу.
3. Қолжетімділік.
Ақпараттық жүйелер мен деректердің қажетті уақытында қолжетімді
болуын қамтамасыз ету. Мысалы, аурухана
жүйелерінің кенеттен келген шабуылға
қарамастан, тұрақты жұмыс істеуі.
4. Аутентификация.
Пайдаланушылар мен жүйелердің нақты сәйкестігін тексеру үрдісі.Мысал:Жүйеге кіру үшін логин мен парольді
пайдалану.
5. Бақылау. Әрбір
пайдаланушының әрекетіне бақылау
жүргізіп, жазып отыру арқылы оның жауапкершілігін
анықтау.Мысалы, кімнің және қандай
деректерге қол жеткізгенін анықтау үшін тарихын талдау.
Киберқауіпсіздік – бұл деректер мен жүйелердің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жан-жақтыүрдіс. Оның
негізгі принциптерін түсіну және қолдану жеке тұлғалардан бастап
ірі ұйымдарға дейінгі барлық деңгейде қажет. Заманауи мысалдар бұл
қағидаттардың маңыздылығын нақты көрсетеді және киберқатерлерден
тиімді қорғанудың жолдарын ұсынады.Мысалы, WhatsApp қолданушылары
арасындағы хат алмасу шифрлау технологиясымен
қорғалады.
Киберқауіпсіздік бойынша мұғалімдер мен білім
алушылардың сауаттылығын арттырудың төмендегідейтиімді
әдістерін ұыснуға
болады:
1. Оқыту тренингтері мен семинарлары. Мысалы, арнайы мамандарды шақыру арқылы
оқу орындарында"Фишинг хаттарды қалай
анықтауға болады?" тақырыбында тренинг өткізу. Онда мұғалімдер мен білім
алушыларға электрондық хаттардағы қауіпті сілтемелерді
анықтаудың жолдары интерактивті түрде
көрсетілуі керек.
2. Интерактивті оқу материалдарын
дайындау. Оқушылар үшін "Киберқауіпсіздік
батырлары" атты онлайн-сабақ жүргізу. Онда тест пен
викториналар өткізу арқылы білім алушылардың
білімдері тексеріліп, киберқауіпсіздік
туралы бейнероликтер мен
онлайн-ойындар қамтылады. Нәтижесінде олар әр түрлі қауіптерді шешу арқылы
виртуалды желідегі қауіпсіздік туралы ақпараттарды игереді.
3. Тәжірибелік
тапсырмалар. Мұғалімдер мен білім алушыларға"Екі
факторлы аутентификация орнату бойынша қадамдық нұсқаулық" беру
және оларды өз құрылғыларында орнатуды талап ету үшін нақты өмірдегі жағдайларға
байланысты жаттығулар беру және өз
құрылғыларын қорғау жолдарын үйрету қажет.
4. Симуляциялық шабуылдар ұйымдастыру. Мектепте немесе колледжде барлық қатысушыларға
фишингтік хат жіберіп, оны қанша адамның ашқанын анықтау.
Нәтижесіне талдау жасап, барлық қатысушыларға сабақ
өткізіп, кибершабуылдарға қарсы әрекет
ету жоспарын әзірлеген
жөн.
5. Киберқауіпсіздік апталықтары. Белгілі бір уақыт аралығында тек қана
киберқауіпсіздік тақырыбын қамтитын іс-шаралар ұйымдастыру. Әр
күнге арналған жеке тақырыптар мен шеберлік сабақтарын өткізу.
Мысал, бір апта бойы әр күн сайын жаңа
тақырыпта тренинг өткізу:
- Дүйсенбі: Қауіпсіз құпиясөздерді қалай құру
керек?
- Сейсенбі: Әлеуметтік желілердегі
қауіпсіздік.
- Сәрсенбі: Вирустарды анықтау және
жою.
6. Ата-аналарды іс-шараларға тарту.
"Балаларыңыздың желіде қауіпсіз болуын қалай қамтамасыз
етер едіңіз?" тақырыбында вебинар
өткізуге болады. Онда
ата-аналарға арналған ақпараттық сессиялар мен брошюралар
таратылады. Олардың балаларға интернет
қауіпсіздігін түсіндіруіне көмектеседі.
7. Киберқауіпсіздік клубтары. Мектеп ішінде немесе колледжде киберқауіпсіздікке
қызығушылығы бар жасөспірімдерге арналған
клуб ашып, оқу орнындағы Wi-Fi желісінің
осал тұстарын анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін оларға
тапсырмалар беріп, оны қалай жақсартуға болатынын
ұсынуға болады.
Бұл әдістер мұғалімдер
мен білім алушылардың киберқауіпсіздікке қатысты сауаттылығын
арттыруда тиімді нәтиже беретіні сөзсіз.
Әр әдіс білім беру үрдісіне оңай
енгізіліп, киберқауіптерден қорғануды үйретуге септігін тигізеді.
Білім беру ұйымдарында киберқауіпсіздік жүйесін
құрудың нақты тәсілдерін анықтау үшін келесі маңызды қадамдар
орындалуы
қажет. Оқу орнындағы киберқауіпсіздік
жүйесін құру үшін алдымен ұйымның ақпараттық инфрақұрылымын талдау
қажет. Бұл білім беру ұйымының осал
тұстарын анықтауға және мүмкін болатын киберқауіптерді бағалауға
мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті күшейту үшін заманауи бағдарламалық
қамтамасыз етуді, соның ішінде антивирустық бағдарламаларды,
брандмауэрлерді және деректерді шифрлау технологияларын енгізу
маңызды. Мұғалімдер мен білім алушылардың аккаунттарына екіжақты аутентификацияны қосу олардың жеке
деректерін қорғауға көмектеседі. Соның ішінде
білім беру жүйесіндегі киберқауіптерден сақтану маңызды рөл атқаратыны бәрімізге белгілі.
Өйткені мұғалімдер мен оқушыларға цифрлық
қауіпсіздік ережелерін үйрету, фишингтік шабуылдарды тану
дағдыларын дамыту – бұл жүйелі оқыту үдерісінің негізгі бөлігі
болуы тиіс. Кибершабуылдар кезінде әрекет ету жоспарын жасау және
жүйені үнемі бақылап отыру да назардан тыс
қалмауы тиіс. Осындай кешенді тәсілдер киберқауіпсіздік
деңгейін арттырып, білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін
сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Қорытынды бөлім.
Киберқауіпсіздік жүйесін құру – бұл үздіксіз және
кешенді жұмыс. Ол техникалық шешімдерді ғана емес, сонымен қатар
білім беру саласы мен сандық мәдениетті
қалыптастыруды қамтиды. Білім беру ұйымдарының барлық педагогикалық қызметкерлері мен оқушылары
киберқауіпсіздік мәселелерінде белсенді рөл атқарады. Бұл тәсілдер заманауи қауіп-қатерлерден сенімді
қорғалуды және
үздіксіз білім беру жүйесінің сақталуын қамтамасыз
етеді.
Білім беру ұйымдарындағы киберқауіпсіздік
әдістерін талдау мәселесі қазіргі таңда ерекше орынға ие. Бұл, ең алдымен, сандық технологиялардың
қарқынды дамуы мен білім беру үрдістерінің цифрлық ортаға көшуімен байланысты. Оқу
материалдарын цифрландыру, онлайн-платформаларды қолдану және
мәліметтер базаларын басқару жүйелерін пайдалану оқушылар мен
мұғалімдердің деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажет
етеді.
Кибершабуылдар, дербес деректерге өзгелердің қол сұғуы мен жүйелердің бұзылуы білім беру сапасына ғана
емес, қоғамның ақпараттық қауіпсіздік мәдениетіне де теріс әсер
етуі мүмкін. Сондықтан, білім беру ұйымдарында тиімді
киберқауіпсіздік әдістерін енгізу – тек техникалық міндет емес,
сондай-ақ оқушылар мен
мұғалімдердің сандық сауаттылығын
арттыруға бағытталған кешенді шара. Бұл мәселенің шешімі тек
білім беру ұйымдарының деңгейінен тыс
мемлекеттік және жаһандық деңгейдегібірлесе
атқаратын шараларды талап етеді. Осылайша, білім беру
саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету – қоғамның тұрақты
дамуының және болашақ ұрпақтың ақпараттық қауіпсіздігінің негізі.